Бауырға да күтім керек

0
659
Иллюстрация: Freepik.com

Бауыр бүкіл ағзаға қанды сүзіп өткізіп тұратын үлкен зертхана десе де болады. Оған күтім қажет. Ащы, майлы, қуырған тағамдарды мөлшерден асырмай қабылдау бауырдың кінәратсыз жұмыс істеуіне септігін тигізеді.

1. Ертеде египеттіктер аскөкті (укроп) көптеген ауруларға дәрі ретінде қолданған. Бауырдың батып, түйіліп ауыруынан мазасы кеткен азамат дәрілік өсімдіктермен емделсем деген үмітпен көмектесуімді өтінді. Оған аулада өсіп тұрған аскөктің гүлдеуінен бастап белгілі мөлшерін қайнатып қойып, сусын ретінде іше беруін тапсырдым.

Таңертең 600 г суға бір уысын қайнатып қойып, әр жолы 200 грамнан күніне үш реттен іше береді. Келесі күні жаңадан әзірлейді. Осы әдісті үздіксіз екі ай бойы жалғастырғанда бауырдың бұрынғы ауруы жым-жылас жоғалды. Алғашында арнайы аппарат тексергенде бауырдың үлкейіп ісініп тұрғанын айтса, екі айдан соң оның өз қалпына келгені белгілі болды.

2. Бауырдың түрлі қабынуларына аршылған сұлы дәнінен 250 г алып, бір литр суға жартысы қалғанша қайнатады. Кейін үстіне жарты литр сүт қосып тағы да 20 минут ақырын кайнатады. Дәрі дайын. Астан 30 минут бұрын күніне үш рет қабылдайды.
Бауыр қатып ауырған кезде түймешек кәріқыздан бір ас қасықты бір кұты қайнап тұрған суға 2 сағат бұқтырады. Осыны үшке бөліп ас алдында күнде қабылдайды. Мұны ай бойы қабылдап, апта демалып қайта жалғастыруға болады.

3.Қатқан бауырға кеспе жапырақ талдың қабығын да қайнатып ішуге болады.

4.Ошаған тамырынан, шайқурай гүлі, гүлі, мыңжапырақ, түймедак гүлі, итмұрын дәні, қыр жалбызы, қарандыз тамыры, таспа жоңышқа, итшоған барлығын тең мөлшерде қосып, тамырларды жеке ұнтақтап көбірек қайнатады, үстіне шөптерді қосып тағы да 2 минут қайнатып, 40 минут бұқтырады (300 г су). Осыны 100 грамнан күніне үш рет ішеді. Емдеу мерзімі 1 ай.

5. Үйеңкі дәнінен көктей жинап, көлеңкеде кептіріп, ұнтақтап алады да бауыр ауырған кезде қайнатып ішеді. Әрине, бұл дәрілік дән машина көп жүретін жерден алынбауы керек.

6.Бауыр, ұйқы безін, ішектерді тазалау үшін бір құты қарақұмықты жақсылап жуып, жарты литр айранға араластырып, бір тәулік жабық ыдыста ұстайды. Таңертең аш қарынға сүзіп, жартысын жейді, қалған жартысын кешкі ұйқы алдында жейді.

Басқа материалдар:

  1. Аударма ісі маманын оқытатын университтер
  2. Журналистика және репортер ісін таңдаған түлек білуі қажет мәлімет
  3. Талапкер назарына: Социолог деген кім?
  4. Мұнай газ-ісі мамандығы және жұмысқа орналасу мүмкіндігі
  5. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  6. SMM маманы деген кім?
  7. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  8. Есте сақтау қабілетін арттырудың 7 құпиясы
  9. Ұстаздарға арналған тренинг: «Педагогтардың кәсіби жануы»
  10. «Көтеріңкі көңіл-күй-жанға қуат береді» сергіту тренингі
  11. «Сәттілік серік болсын» атты әлеуметтік-психологиялық тренинг бағдарламасы
  12. 11 сынып оқушыларына арналған тренинг- сабақ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ