ҰБТ-ға математикалық сауаттылықтан қалай дайындалған дұрыс?

0
2154
Иллюстрация: Freepik.com

Математикалық сауаттылық пәніне арналған тест мазмұны логикалық есептерге негізделген. Оларды шешу үшін жиі қолданылатын тәсілдерін біліп алуыңыз керек.

Сонда көп есепті жылдам әрі дұрыс шығаруға бейімделесіз. Математикалық сауаттылық өзге пәндерге қарағанда ми белсенділігін көбірек талап етеді. Сонымен, бұл пәнге қалай дайындалу керек?

1. Ми белсенділігін арттырудың негізгі қағидалары

Математикалық сауаттылыққа көбіне таңертеңгі уақытты арнаңыз. Байқаған боларсыз, мектепте бұл пән кестеде бірінші тұрады. Сабақ уақытынан бөлек, күніне 90 минутты есеп шығаруға бөліңіз. Егер осы қарқынмен еңбек етсеңіз, орташа үш ай, ең ұзақ дегенде, алты ай ішінде есепке жүйрік болып шыға келесіз.

Тестке дайындалғанда көңілді алаңдататын заттардан (телефон, теледидар, т.б.) аулақ болыңыз.

Миға қажет азықты да ескергеніңіз жөн. Адам миы глюкозаны «ұнатады». Глюкоза қант қана емес. Дұрысы, мейіз, жаңғақ, дәнді дақылдарды жиі жеп тұру керек. Алайда дәрумен ішіп ешкім ақылды болып кетпейді. Ақыл еңбекпен, тәжірибемен келеді.

2. Жиі кездесетін логикалық есептерді шешудің негізгі тәсілдері

Жиі кездесететін есептерді шығару тәсілдері:

жіктеу әдісі; соңынан бастап жазу әдісі.

Жіктеу әдісі.

Кей есеп адамды жаңылыстыратындай көрінгенімен мәтінде берілгенді дұрыс түсіне отырып, не айтылғанына байланысты жіктеп көрсеңіз, қиындық туғызбайды. Әр шартты жүйелі орындағанда жауабына бір табан жақындаймыз. Бастысы, айтылған нәрсені ретпен жазып шығу.

Соңынан бастап жазу әдісі. Осы тәсілді қажет ететін есептерді мәтіннің соңынан бастап шығару керек. Шартты есептерге теңдеу құрғанда соңында не сұрады, соны Х деп белгілейміз. Ары қарай берілген мәтінге қарап, теңдеу немесе жүйе құрамыз. Барлығы есептің формасына байланысты.

3. Логикалық есептерді шешудің мысалдары

Соңынан бастап жазу тәсіліне мысал: Әжесі немерелеріне бәліш пісіріп, үстел үстіне қалдырып кетеді. Көркем бірінші болып бәліштерді санап, өзіне тиесілі бөлігін алады. Анар Көркемнің бәліштерді алып кеткенін білмеді.

Сөйтіп барлық бәліштің үштен бірін жейді. Үшінші болып Гаухар келеді. Ол да бар бәлішті үшке бөліп, өзіне тиесілісін жейді. Осы кезде үстелде сегіз бәліш тұр еді. Бәлішті барлығы теңдей жеуі үшін қалған сегізін немерелер қалай бөліп алуы керек?

Соңынан жазуды бастаймыз. Гаухар сегіз бәлішті Анар мен Көркемге теңдей бөліп қойды. Демек, өзі де төрт бәліш жеді: 8 + 4 = 12. Анар сіңлілеріне 12 бәліш қалдырған екен (әрқайсына 6 бәліштен).

Демек, өзі де 6 бәліш жеген екен: 12 + 6 = 18. Көркем 18 бәлішті қалдырыпты, яғни ол 9 бәлішті алған. 18 + 9 = 27. Әжесі немерелеріне 27 бәліш пісіріпті. Демек, әрқайсы 9 бәліштен жеуі керек. Көркем өзінікін алды, Анар енді 3 бәліш, Гаухар 5 бәліш алуы керек.

Басқа материалдар:

  1. Математика туралы қызықты фильмдер
  2. Математиканың өмірде қандай пайдасы бар?
  3. «Қызықты математика» үйірме жоспары
  4. Натурал сандар және нөл. Математика пәнінен сабақ жоспары
  5. Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру. Математика пәнінен сабақ жоспары (тапсырмаларымен бірге)
  6. Фокустық жазықтық ребусі (8 сынып)
  7. Математика туралы қызықты деректер
  8. Математика формулаларын қалай тез есте сақтауға болады?

ПІКІР ҚАЛДЫРУ