Дененің еркін түсуі. Еркін түсу үдеуі (Сабақ жоспары)

0
2273

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Дененің еркін түсуі,  еркін түсу үдеуі туралы негізгі ұғымдармен таныстырып солар жайлы түсінік қалыптастыру.
  2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
  3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау

Әдіс-тәсілдері:  Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.

Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер,

Сабақтың барысы:

І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А) теориялық білімдерін тексеру.
Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.
Б) есептерін тексеру.

ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру./ ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.

І. Жылдамдық мына υ=5+4t  теңдеуімен берілген. Берілген теңдеу бойынша төмендегі тапсырмаларды орындаңдар.
1. Қозғалыстың түрі қандай?
А) теңүдемелі;
Ә) теңбаяулайтын;
Б) бірқалыпты.

2. Бастапқы жылдамдығы неге тең?
А) 0;
Ә) 4 м/с;
Б) 5 м/с;
В) 8 м/с;
Г) 10 м/с.

3. Үдеуі неге тең?
 А) 0;
Ә) 4 м/с2;
Б) 5 м/с2;
В) 8 м /с2;
Г) 10 м/ с2.

4. 1 с уақыттан кейінгі жылдамдық неге тең?
 А) 0;
Ә) 4 м/с;
Б) 5 м/с;
В) 9 м/с;
Г) 10 м/с.

5. Берілген қозғалыс үшін орын ауыстырудың теңдеуін жазыңдар.
 А) s=5t+2t2;
Ә) s=5t+4t2;
Б) s=4t+4t2;
В) s=4t+2t2;
Г) s=4t+5t2.

ІІ. Орын ауыстыру мына s=3t+4t2теңдеуімен берілген. Берілген теңдеу бойынша төмендегі тапсырмаларды орындаңдар.

1. Қозғалыстың түрі қандай?
А) теңүдемелі;
Ә) теңбаяулайтын;
Б) бірқалыпты.

2. Бастапқы жылдамдығы неге тең?

А) 0;
Ә) 4 м/с;
Б) 5 м/с;
В) 8 м/с;
Г) 10 м/с.

3. Үдеуі неге тең?

А) 0;
Ә) 4 м/с2;
Б) 5 м/с2;
В) 8 м /с2;
Г) 10 м/ с2.

4. 2 с уақыттан кейінгі орын ауытыру неге тең?

А) 0;
Ә) 14 м;
Б) 22 м;
В) 24 м;
Г) 26 м.

5. Берілген қозғалыс үшін жылдамдықтың теңдеуін жазыңдар.

А) υ=3+4t;
Ә) υ=3+2t;
Б) υ=3+8t;
В) υ=4+8t;
Г) υ=4+3t.

V. ДК.Жаңа материалды меңгерту:

1. Галилей еңбектерінің маңызы.
2. Денелердің еркін түсуі.
3. Денелердің еркін түсуі теңүдемелі қозғалыстың тамаша мысалы бола алады.
4. Еркін түсу үдеуінің сандық мәні.
5.  Еркін түсу үдеуінің дененің тығыздығына, массасына пішініне тәуелді болмайтындығ.
6. Еркін түсудің формулалары.

VІ. ДК. Оқытылып отырған  оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.

Деңгейлік өзіндік жұмыс.

І деңгей.

1. Дене 19,6м биітіктен ерікн құлап келеді. Еркін түсу уақытын және жерге түскен мезеттегі жылдамдығын табу керек.
2. Тасты 10 м/с бастапқы жылдамдықпен вертикаль төмен тасталды. Оның түсу уақыты 4 с болса, онда тас қандай биіктіктен тасталған? Тастың жерге түскен мезеттегі жылдамдығын табу керек.
3. Еркін құлаған дене 3с-та жерге түседі. Дене қандай биіктіктен түскен?
ІІ деңгей.
1.      Дене υ0 жылдамдықпен вертикаль жоғары лақтаралған Көтерілу уақыты мен көтерілуі биіктігін табыңдар. (Ауасы кедергісі ескерілмейді)
2.      300 м биітікке көтерілген тікұшақтан төмен қарай жүк тасталған. Тікұшақтан қозғалмай тұрғанда және төмен қарай 20 м/с жылдамдықпен қозғалған кезде тасталған жүк жерге қанша уақытта түседі?

ІІІ деңгей.
1.      Қайсы бір биіктен еркін түскен дене соңғы 200 м жолын 4 с-та өткен. Дене қанша уақытта және қандай биіктіктен түскен? Дененің жылдамдығы мен үдеуінің уақытқа тәуелділік графиктерін құрыңдар.
2.      Вертикаль жоғары лақтаралған тас 4 с ішінде 50 м биітікке жетеді. Еркін түсу үдеуі 10 м/с2 деп есептеп, тастың бастапқы жылдамдығын табыңдар.

VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.

  1. 5-жаттығу (1)
  2. Тас құдықтың түбіне 6с-та жетсе, онда оның тереңдңгң неге тең? Тастың бастапқы жылдамдығы неге тең. Құдық түбіне түскен мезеттегі тастың жылдамдығы қандай?

VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §6 , 5-жаттығу (2,3)    К., Т., №4.2, 4.9, 4.10.

Басқа материалдар:

  1. Математика формулаларын қалай тез есте сақтауға болады?
  2. Тұрақты ток. Қайда және не үшін қолданады?
  3. Өлшем бірліктерді SI жүйесіне келтіру
  4. Тербеліс түрлері
  5. «Қызықты математика» үйірме жоспары
  6. Натурал сандар және нөл. Математика пәнінен сабақ жоспары
  7. Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру. Математика пәнінен сабақ жоспары (тапсырмаларымен бірге)
  8. Фокустық жазықтық ребусі (8 сынып)
  9. Физика пәнінен кроссворд
  10. Тербеліс туралы түсінік

ПІКІР ҚАЛДЫРУ