Ертеортағасырлық қала сәулеті (сабақ жоспары)

0
1218
Иллюстрация: Freepik.com

Сабақтың мақсаты:
— 6.2.2.2 — ортағасырлық сәулет өнері ескерткіштерінің ерекшеліктерін түсіндіру.

Зерттеу сұрағы
Ұлы Жібек жолы ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуына қалай әсер етті?

Оқулық
Ертеортағасырлық қала сәулеті. 87–90 беттер.

Тірек сөздер
— Қала
— Тұрғын үйлер
— Көше
— Құбыр

Ресурстар
1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. Алматы.Атамұра. 2010.
2. Байпақов К.М., Таймағамбетов Ж.Қ. Қазақстан археологиясы. Алматы.
Қазақ университеті, 2011.
3. Ажигали С.Е. Архитектура кочевников — феномен истории и культуры
Евразии — Алматы: Ғылым, 2002. –654 с.
4. Памятники архитектуры Казахстана. А. 1998
5. Досымбаева А. Западный Тюркский каганат. Культурное наследие казахских степей. Алматы. 2006

6. Байпақов К.М. Көне Тараздың қазынасы. Алматы, 2008
7. Роль степных городов в цивилизации номадов. Астана, 2008
8. Средневековые города Казахстана. Алматы, 2006
9. Отырар. Энциклопедия. Алматы. Арыс. 2005
10. VI-VIII ғғ. Еуразиядағы түрк мұрасы (ғылыми-танымдық альбом —
Тюркское наследие Евразии VI-VIII (научно-популярный альбом). Алматы.
2012. (қазақша, орысша).

Көрнекілік
Оқушыларға ертеортағасырлық қалалалардың археологиялық қаза жұмысынан кейінгі ашылған көше орындарының, тұрғын үйлерінің, қала бекіністері мен қорғандарының, қорған мұнараларының суреттері көрсетіледі.

Сондай-ақ, Сығанақ қаласы ашық аспан асты музейі экспозициясынан қаланың қайта қалпына келтірілген суреттері.

Мақсатты айқындау
Ең бастысы,  келесідей мәселелер қамтылады: Ертеортағасырлық қала құрылысы мен сәулетінің ерекшеліктерін, соның ішінде баспана тұрғызу, көше, бекініс, қамал, қорған тұрғызу ерекшеліктері мен олардың қандай шікізаттардан жасалатындығын айтып түсіндіру.

Қала құрылысындағы көпшілік орындар, ғибадатханалар, мешіт, монша құрылыстарын айту арқылы оқушылардың ертеортағасырлық тарихқа қызығушылықтарын арттыру.

Сабақ түрі мен әдісі
Интерактивті белсенділік. Тарихи саяхат. Тарихи дискурс. Оқушылардың танымдық қабілетін дамыту мақсатында тарихи саяхат сабақ өткізудің  маңызы зор.

Сабаққа қатысты ескертпелер
Интернет желісіне қосылған интерактивті тақта арқылы http://kazmuseum. kz; http://www.madenimura.kz/ru/ сайттары кіріп, ашық астан музей ретінде сақталған Сығанақ, Отырар, Тараз қалаларының қазба жұмыстары кезінде ашылған көшелерін, тұрғын үйлер қабырғаларын, көне қала құрылысын көрсету.

Бағалау мүмкіндігі
Оқушылардың білімін бағалау мақсатында келесідей сұрақтар қоюға болады. Қазақ жеріндегі ежелгі қалалар құрылыстары қандай материалдардан салынды.

Қосымша тапсырмалар
Қазақ жеріндегі ежелгі қала құрылысы мен шығыс мемлекеттердің қала
құрылысындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды көрсет.

Білімін шыңдауға берілетін тест.
Тесттен 3 дұрыс жауап тап:

1. Ортағасырлық қала құрылымына қатысты бөліктерді анықтаңыз:
А) Кесене              Е) Егістік
В) Цитадель        F) Рабад
С) Аспалы көпір       G) Суқойма
Д) Шаруашылық аймағы  H) Шахристан

2. Шу және Талас өзендері маңайындағы қалаларды көрсетіңіз:
А) Сарайшық           Е) Құлан
В) Баласағұн        F) Сығанақ
С) Исфиджаб          G) Отырар
Д) Тараз               H) Түркістан

Дереккөз: Қазақстан тарихы (Орта ғасырлар): Әдістемелік нұсқау. Жалпы білім беретін мектептің 6-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. Т. Омарбеков, Г. Хабижанова, Т. Қартаева, М. Ноғайбаева.

Басқа материалдар:

  1. Түрiк қағанаты (552—603 жж.) тақырыбы бойынша сабақ жоспары
  2. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына жалпы шолу (сабақ жоспары)
  3. “Ұлы Жібек жолының” халықаралық қатынастардағы орны (сабақ жоспары)
  4. Наймандар, керейттер және жалайырлар ( сабақ жоспары)
  5. Қыпшақ хандығы (ХI ғасырдың басы — 1219 ж.) (сабақ жоспары)
  6. Ислам дінінің орнығуы (сабақ жоспары)
  7. Түркітілдес халықтардың миграциясының Еуразия тарихына әсері (сабақ жоспары)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ