Ертеортағасырлық сәулет ескерткіштері (сабақ жоспары)

0
1298
Гомотетия және оның қасиеттері

Сабақтың мақсаты:
— 6.2.2.5 — көшпелілердің қолданбалы өнер жетістіктерін сипаттау;
— Түркі мәдениетінің әлемдік өркениеттің дамуына қосқан үлесі.

Зерттеу сұрағы
Әлем өркениетінің дамуына түрік мәдениеті қандай үлес қосты?

Оқулық
Ертеортағасырлық сәулет ескерткіштері 91–94 беттер.

Тірек сөздер
— Кесене
— Мұнара
— Мазар
— Мешіт
— Шығыс моншасы

Ресурстар
1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. Алматы. Атамұра. 2010.
2. Байпақов К.М., Таймағамбетов Ж.Қ. Қазақстан археологиясы. Алматы.
Қазақ университеті. 2011.
3. Ажигали С.Е. Архитектура кочевников — феномен истории и культуры
Евразии — Алматы. Ғылым. 2002. 654 с.

4. Байпақов К.М. Көне Тараздың қазынасы. Алматы. 2008
5. Байпақов К.М. Алматы қаласының археологиялық мәдени мұрасы.
Алматы. 2010
6. Средневековые города Казахстана. Алматы. 2006
7. Отырар. Энциклопедия. Алматы. Арыс. 2005

Көрнекілік
Ортағасырлық қала археологиясынан фототүсірілімдерден фотослайд, музыкалы фотошоу, ескерткіштердің шартты белгісі қойылған археологиялық карта. Республикалық маңызы ескерткіштер тізімін слайдқа салынған кесте арқылы көрсету.

Мақсатты айқындау
Мақсатқа жету үшін қамтылатын мәселелер: Қазақ жеріндегі сәулет өнері
ескерткіштерінің бірегей үлгілерімен таныстыру. Сәулет өнері ескерткіштерінің
түрлері мен ерекшеліктерін білу. ЮНЕСКО бүкіләлемдік мұралар тізіміне
енген ескерткіштер мен алдын ала тізімге енген ескерткіштерді таныстыру.

Сабақтың деректік материалдары
ЮНЕСКО бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген ескерткіштер қатарына 2014 жылы “Тянь-Шань коридорындағы Ұлы Жібек жолы нысандары” атты тақырыппен алынған ескерткіш кешеніне Қойлық, Қарамерген, Талғар, Ақтөбе, Ақыртас, Құлан, Қостөбе, Өрнек қалалары енді. Ескерткіштер аумағы Қытай, Қырғыстан мемлекеттерімен бірге Алматы, Жамбыл облыстарын қамтиды.

Сабақ түрі мен әдісі
Тарихи саяхат. Тарихи дискурс. Интерактивті белсенділік.

Сабаққа қатысты ескертпелер
Интерактивті тақта көмегімен интернет желісі арқылы ЮНЕСКО-ның Қазақстанға арналған ресми парақшасына (http://whc.unesco.org/en/ statesparties/kz) өтіп, Бүлкіләлемдік мұра тізіміндегі ескерткіштермен қысқаша тынысып, толығырақ танысуды өздерінің бос уақыттарына қалдыру керек немесе қосымша сабақтарда қамту керек.

Айша бибі, Бабажа хатын, т.б. ерте ортағасырлық кесенелердің қайта қалпына келтіргенге дейінгі суреттері мен қайта қалпына келтіргеннен кейінгі суреттерін көрсету арқылы мемлекетіміздің ескерткіштерді қорғай және пайдаланудағы іс-шараларын, ескерткіштерді қорғау ісіне жасалып жатқан қамқорлықтарын көрсету.

Бағалау мүмкіндігі
Оқушылардың білімін фото сұрақ арқылы бекітіп бағалауға болады. Ескерткіш суретін көрсеткенде оқушылар ескерткіштің орналасқан жерін, атын, кезеңін, түрін айту керек. Мысалы, Ақыртас сауда кешені суреті.

Оқушылар жауабы: Ескерткіш аты: Ақыртас сауда кешені. Ескерткіш түрі — керуен сарай. Уақыты — VIII-XI ғасырлар. Орналасқан жері — Жамбыл облысы. Осылайша басқа ескерткіштер суретін көрсету арқылы нақты жауап алу керек.

Қосымша тапсырмалар
“Ертедегі ескерткіштер қалай салынды” атты тақырыпта өз ойыңнан салыну тарихын қамтитын шым-шытырық, қиял-ғажайып оқиғаға, тарихи әңгімеге негізделген 7-8 сөйлемнен тұратын эссе жаз немесе өз қиялыңдағы оқиғаны ауызша жеткіз (2 минут).

Білімін шыңдауға берілетін тест.
Тесттен 3 дұрыс жауап тап:

1. Ортағасырлық мұнаралардың мақсаттарын көрсетіңіз:
А) Қорғанның бір бөлігі          Е) Кітапхана
В) Тұрғын үйдің бір бөлігі         F) Мешітте азан шақыру орны
С) Саяхат жасау мақсатында     G) Суқойма
Д) Діни-ғұрыптық ескерткіш  H) Хан сарайы

2. X—XII ғасырларда Шу-Талас өңірінде салынған ескерткіштерді
көрсетіңіз:
А) Сарайлы                        Е) Жошы хан кесенесі
В) Айша бибі кесенесі    F) Түгіскен кесенесі
С) Сынтас ескерткіші         G) Ахмет Иасауи ескерткіші
Д) Қарахан кесенесі       H) Бабаджа қатын кесенесі

Дереккөз: Қазақстан тарихы (Орта ғасырлар): Әдістемелік нұсқау. Жалпы білім беретін мектептің 6-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. Т. Омарбеков, Г. Хабижанова, Т. Қартаева, М. Ноғайбаева.

Басқа материалдар:

  1. Түрiк қағанаты (552—603 жж.) тақырыбы бойынша сабақ жоспары
  2. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына жалпы шолу (сабақ жоспары)
  3. “Ұлы Жібек жолының” халықаралық қатынастардағы орны (сабақ жоспары)
  4. Наймандар, керейттер және жалайырлар ( сабақ жоспары)
  5. Қыпшақ хандығы (ХI ғасырдың басы — 1219 ж.) (сабақ жоспары)
  6. Ислам дінінің орнығуы (сабақ жоспары)
  7. Түркітілдес халықтардың миграциясының Еуразия тарихына әсері (сабақ жоспары)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ