Асылы, адам шамасы келетiн, өресi жететiн iспен айналысуы керек. Өлеңде бүгiнгi прозадағыдай, бүгiнгi журналистикадағыдай, не заманауи әдебиеттанудағыдай орта тұс деген болмайды. Өлең не бар, не жоқ. Осы екеуiнiң бiреуi.
***
Мен екi өлеңге түсiнiк бермеймiн. Бiрi – «Қара бауыр қасқалдақ», екiншiсi – «Әйелден ақын шықпайды».
***
Есек мiнгендi есек мiндi деу керек, оны арғымақпен жүретiн едi деп өңеш жыртудың түкке керегi жоқ.
***
Асылы, саясатта да, өнерде де ауру адамдар жүрмегенi мақұл. Жындыны, Құдай аясын, жындыханада ұстаған жөн. Бiзде кейде керiсiнше жынды көшеде, ал сау адам жындыханада отырады.
***
Бақытсыз болу деген қорқыныш емес. Ақын бақытты болудан қорқу керек шығар, бәлкім…
***
Интеллектуалды поэзия деген поэзияның сүйкімдісі емес. Әрі-беріден соң, ол скучная поэзия. Екінің бірі оқи алмайды. Шахановты оқырманы, дұрысы тыңдарманы көп ақын дедік қой. Ал бұл оқырманы ең аз, тыңдарманы одан да аз поэзия. Бірақ, ол – поэзия!..
@Есенғали РАУШАНОВ