Физикадан бақылау жұмысына арналған тапсырма (9-сынып)

0
2467
Freepik.com

Әкімшілік бақылау жұмысы

Тақырыбы:  Кинематика..Ньютон заңдары. Динамика. Математикалық және серіппелі маятниктердің тербелістері.

Мақсаты:     Оқушылардың алған білімдерін тексеру, жүйелеу, қорытындылау.

I- нұсқа

 І. Реактивті ұшақтың массасы 60т, двигателінің тарту күші 90кН болса, ол екпін алғанда қандай үдеумен қозғалған?

ІІ. Массасы 0,5кг доп 0,02 секундқа созылған соғудан кейін 10м/с жылдамдыққа ие болды. Соққының орташа күшін табыңдар.

ІІІ. Қатаңдығы 250Н/м серіппеде 16с ішінде 20 тербеліс жасайтын жүктің массасын табыңдар.

ІV. Еркін түсу үдеуі 2м/с2-қа тең, радиусы 1000км болатын планетаның массасы неге тең?

 II- нұсқа

 І. Велосипедші тыныштық күйден түзу сызықты үдемелі қозғалады. 20с өткен соң оның жылдамдығы 5м/с-қа дейін жетеді. Велосипедші қандай удеумен қозғалған.

ІІ. Массасы 1кг денеге 3с бойы 2Н күш әрекет етеді. Бастапқы мезетте дене тыныштыққа болған.Дененің жүріп өткен жолын анықтау керек.

ІІІ.Ұзындығы 80см маятник 1мин ішінде 34 тербеліс жасаса, оқушы еркін түсу үдеуінің қандай мәнін шығарып алды.

ІV. Меркурий  планетасының орташа радиусы 2420км, ал еркін түсу үдеуі 3,72м/с2. Меркурийдің массасын анықтаңдар. Гравитациялық тұрақты 6,67 10-11Н  м2/кг2

 Бағалау параметрі:

I ,ІІ есептерді толық орындаған оқушы «3» бағасымен бағаланады.

I, II және III есептерді  толық орындай алған оқушы «4» бағасымен бағаланады.

I, II, III ,ІVтолық орындаған оқушы «5» бағасымен бағаланады.

Тақырыбы: Кинематика негіздері. Динамика негіздері. Тербелістер.

Мақсаты:Оқушылардың тарау бойынша алған білімдерін тексеру, жүйелеу,

қорытындылау.

Б.Б.Д.Оқушылар үдеу,  тербеліс периоды, тербеліс жиілігі, серіппелі және математикалық маятниктердің тербеліс периоды формулаларын білуі тиіс,

Ньютонның екінші заңын, бүкіләлемдік тартылыс заңын қолдана алуы тиіс.

I нұсқа

 1. 2,5 кН жүкті көтере алатын арқан үзіліп кетпес үшін, массасы 0,2 т жүкті көтеруге болатын үдеуді тап.

2. Массасы 50000 кг ғарыш кемесі двигателінің тарту күші 105 Н. Двигательдің 6 с уақыт жұмысы кезіндегі ғарыш кемесі жылдамдығының өзгерісін тап.

3. Қатаңдығы Н/м серіппеге ілінген, массасы 0,2 кг дененің еркін тербелісінің жиілігін анықта.

4.Марстағы еркін түсу үдеуін есепте. Марстың массасы кг, радиусы 3300 км, гравитациялық тұрақты /.

II  нұсқа 

  1. Жылдамдығы 54 км/сағ автобустың 2 м/с2 үдеумен қозғалып, тоқтағанға дейінгі орын ауыстыруын тап
  2. Массасы кг пойыз 150 кН тежеуші күші әсерінен 500 м жол жүріп барып тоқтады. Оның келе жатқан жылдамдығын тап.
  3. Серіппеге ілінген жүк 2 мин ішінде 60 тербеліс жасайды. Егер серіппенің қатаңдығы 4,9 Н/м болса, онда жүктің массасын тап.
  4. Юпитер планетасының радиусы м. Бетіндегі еркін түсу үдеуі 23 м/с2 тең. Гравитациялық тұрақты /. Планетаның массасын есепте.

Бағалау критерийлері:

Орындалған тапсырмалар саны Орындау мөлшері Баға

 

Екі Толық көлемде 3
үш Күрделі қателермен 3
үш Толық көлемде 4
төрт Аздаған қателермен 4
төрт Толық көлемде 5

 

Басқа материалдар: 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ