«Үш көмек» қағидасы

0

Қазақи менталитет бала күнімізден бізді үлкендерге көмек көрсетуге, кішілерге қамқорлық жасауға, шама-шарқы кем жандарға жанашырлық етуге тәрбиелейді. Біздің көмегімізді қажет ететін кез келген жағдайда біз қол ұшын созуға дайынбыз. Тіпті, кей кездері өз шаруамызды ысырып қойып, өзгенің ісінің әлегімен мазалы боп жүреміз. Алғыс алған жақсы-ақ, дегенмен сол алғыс қаншалықты ұзаққа шыдайды?

НЕ?

Менің түсінігімде қалыптасқан «Үш көмек» қағидасы бар, әрбір мәселеде маған үлкен көмегін тигізеді. Бұл қағиданың басты мәні: «Бір адамға үш реттен артық көмек жасайтын болсаң, ол мұны міндетті зат ретінде көре бастайды». Демек, адамның бағалай алатын жақсылығының максималды көрсеткіші – үшеу. Бұдан арғы жақсылығыңда не береке, не бағалау болмайды. Адамзаттың жаратылысы сондай – жақсы нәрсеге бойы тез үйренеді.

НЕГЕ?

Менің ойым көмек жасауға даяр жандарға тіпті ерсі көрінуі мүмкін. Әрине, аузын ашса жүрегі көрінетін адамдарға үш рет, тіпті, он рет жақсылық жасау текке тұрмасы анық. Бірақ бұл қағида менің бақылауымнан өтіп, санамда нақты қалыптасқан. Адамдардың барлық өтінішін жерде қалдырмауға тырыссаң, олар саған жүгінуді әдетке айналдырады. Алғаш рет көмек көрсеткенде алғыс жаудырып, төбеңді аспанға бір-ақ жеткізері сөзсіз. Себебі, ол кезде сен олар үшін жеке индивид, көмектесуге немесе көмектеспеуге құқылы жеке тұлға боласың. Төртінші рет өтініп келсе – ойланба, қайта бұр да, қайтарып жібер! Кейін осы әрекетің үшін өзіңе деген сыйластығың арта түседі.

ҚАЛАЙ?

Көмекті міндетті зат ретінде көре бастаған мезгілді қалай дөп басып табуға болады? Сенің уақытыңды, күшіңді, энергияңды еш қайтарымсыз, қайырымсыз тартып ала бастағанды қалай танып білесің? Бар болғаны «жоқ» деп көр, нәтижесін өзі-ақ береді. Сенің көмегіңе еті үйренген адам бас тартуыңа ренжіп, бұған дейінгі жақсылықтарыңды жоққа шығарады. Иә, дәл солай! Сондықтан, қазірден бастап шектен шыққандарды шетке шығарып салуды үйрен.

Атақты философ Николло Макиавелли адамның іс-әрекетінің ең негізгі түрткісі – өз мүддесі деген тұжырым жасаған болатын. Ендеше жаратылысымыздан берілген эгоизмді дұрыс жерде қолданып, өз мүддемізді қорғай білуді неге үйренбеске? Қайткенмен Макиавеллидің:«Адамдар жайында, жалпы алғанда мынаны айтуға болады. Олар рақымсыз және тұрақсыз, алдау мен екіжүзділікке жақын, әлдебір төнген қауіптен қашады, оңай олжаға жүгіреді», – деуі бекер емес. Мен ешкімді мүлдем эгоист болуға шақырмаймын, тек өзге үшін өзіңіздің қадіріңізді жоғалтпаңыз дегім келеді.

Баспагерлік – құрметті мамандық

0

Жылдар бойғы тарих пен мәдениетті, білімді бірнеше жолмен ұрпақтан ұрпаққа жеткізуге болады. Оның ауызша және жазбаша түрлері бар. Мысалы әдебиеттегі әңгімелер, әртүрлі аңыздар, өлеңдер ұрпақтан ұрпаққа ауызша түрде жетіп, ұмытылмай сақталып келген. Соның арқасында біз қазір жүз жыл бұрын өмірден өткен тұлғалардың шығармашылығымен таныса аламыз.

Тарихты жеткізудің тағы бір жолы – жазба қалдыру. Кітаптарды жазу және шығару осы әдістің ең басты құралы болып табылады десек те болады. Кітапты жазу бұл автордың ой-өрісі, фантазиясы мен креативіне байланысты, ал сол кітапты басып шығару, оны халыққа жеткізу – тікелей баспагердің міндеті. Сол үшін де баспагерлікті ең құрметті мамандықтардың бірі десек – дәл айтқан боламыз.

Баспасөздің тарихы.

Қазақ баспасының және баспагерлік қызметінің дамуын қазақ тіліндегі баспасөз жарияланымдарымен байланыстыруға болады. «Қазақ», «Айқап», «Сарыарқа» сындылардың жұмыстары қазақ баспасөзінің алғышарттары болған. Алғашында қазақ кітаптары Қазан, Уфа сияқты баспаханалардан жарық көрген. ХІХ ғ. екінші жартысынан бастап қазақтың өзінің жазба әдебиеті, баспа мәдениеті өз ықпалымен дами бастайды. Сол кезеңдегі баспаханалар Орынбор, Троицкі, Семей, Орал, Ташкент, Алматы сияқты қалаларда орналасты.

Баспагерлік қызмет адамның қызығушылығынан туындайды. Белгілі бір нәрсені түп-тамырына дейін зерттеу тілшінің жұмысы болса, сол жұмысты өңдеп-қаптап, халыққа ұсыну – баспагердің жұмысы. Халықтың шығарманы қабылдауы автордың жаузына және осы баспагердің жұмысына тікелей байланысты.

Баспагер болу үшін не қажет?

Қиындығы мен қызығы мол осы мамандыққа қызмет етем деушілерге, ең алдымен, шыдамдылық керек дейтін едім. Себебі көлемі үлкен жұмысты тексеру, оны өңдеу, жобалау, ойластыру – өте қиын және ұзақ жұмыс. Бұл үлкен сабырлықты талап етеді. Екіншіден, қырағы көз бен кең ой-өріс керек. Әрбір жұмыстың қате-кемшілігін сараптап, оны жақсы жағынан көрсету де баспагердің жұмысы. Сондықтан да бұл мамандыққа бет бұрмас бұрын өзіңді толық сенімді сезінетініңе көз жеткізіп, бар құлшыныспен мақсат қою керек.

Егер баспагерлік қызметтің осы қиындықтарынан міз бақпай өте алсаңыз, сізді өте қызықты әрі жаңашыл жұмыс күтеді. Қызығы неде десеңіз, мынаны елестетіп көріңіз: белгілі бір автордың жан-жүрегін салып жазған жұмысы дәл сіздің қолыңыздан өтеді. Сіз осы жұмыстың ең алғашқы оқырманы боласыз, бірінші болып көзіңіз көріп, қолыңыз ұстайды. Дайын болып, басылып шыққан уақытта ең алғаш болып иісін сезініп, қолыңызға алатын да – сіз. Жүздеген, мыңдаған дана етіп халыққа жеткізетін де – сіз. Тамаша емес пе? Керемет сезім. Былайша айтқанда, жаңашылдықтың журналистен кейінгі жаршысы сіз боласыз.

Баспагерлік – сөзсіз керемет әрі құрметті мамандық. Осы мамандықтың қызметін үлгі-өнеге болып атқарып жүрген қаншама баспагерлер бар. Солардың барлығы сіз бен біз сияқты кішкентай қадамдардан бастаған. Сондықтан да арман жолында, мақсат жолында мүлдем берілмеу керек.

Балаларды қорғау күнінің шынайы мәні

0

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, балалардың денсаулығын сақтау мәслесі бұрынғыдан да өзекті болды. Сондықтан да 1949 жылы Парижде әйелдер конгресі өтті. Бұл конгресте берік бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін тынымсыз күрес туралы ант қабылданды. 1950 жылы 1 маусымда алғаш рет халықаралық дәрежеде балаларды қорғау күні аталып өтілді және сол уақыттан бері жыл сайын бұл күн әлі де тойланып келеді.

Аталып өткендей, бұл мейрам балалар денсаулығын және әл-ауқатын қорғаудың қаншалықты маңызды екенін айқын көрсетеді. Еліміздің ғана емес, әлемнің дамуында келер ұрпақтың атқаратын рөлі зор. Сондықтан оларды қорғаудың мәселесі де әрқашан өзекті болып табылады. Әр ересек үшін балаларға жанашырлық таныту және барынша қауіпсіздендіру – міндет. Бұл міндеттің қаншалықты дұрыс атқарылып жатқанын білу үшін статистикаға көз жүгіртейік.

Балаларды зорлау.

Қазақстанда 2020 жылдың алғашқы 8 айында кәмелет жасқа толмағандарды зорлау 49%-ға артқан. Таң қалдыратын көрсеткіш, солай емес пе? Бұл тек қана құқық қорғау органдарында ресми тіркелген мәліметтер. Бұл органдарға жетпеген жағдайлардың саны туралы ойлау тіпті қорқынышты. Мұндай қылмыстың құрбаны болған балалардың жағдай туралы ешкімге айтпауының бірнеше себептері бар. Оның бірі қорқыныш болса, екіншісі – білместік. Яғни, өзіне жасалып жатқан әрекеттің дұрыс еместігін немесе қылмыс екенін білмеу. Бұл жағдайларды болдырмау үшін ата-ана тарапынан балаға дұрыс және бұрыс әрекеттер туралы жеткілікті білім берілуі қажет.

Балаларды сату.

Қазақстанда балаларды сату бойынша іс қозғалмаған, бірақ тәжірибелер бар. Қазақстанда 27 мыңнан астам жетім және қамқорсыз қалған балалар бар. Бала асырап алу ісі көп уақытты және үлкен шыдамдылықты қажет ететін іс болып табылады. Себебі баланы қамқорлыққа алу үшін қағаз жұмыстарынан, басқа да мәселелерден өту керек. Сол үшін де осы процесті тездетудің түрлі амалдары қолданылады. Оның ішінде қаражатты қолдану арқылы баланы «сатып алу» да бар. Ерікті қайырымдылық қоғамының ерікті-заңгері Юрий Юриннің айтуы бойынша, бір баланың орташа құны – 5-7 мың доллар шамасында (бұл баға белгілі бір жағдайларда өзгеруі мүмкін).  Заң жүзінде бұл істер тіркелмесе де, адамдар арасында орын алып жатыр. Балаларды қорғау деген осы ма?

Статистиканы былай қойғанда, күнделікті отбасылардың өзінде-ақ балаларды сөзбен немесе физикалық кемсіту орын алатынын көріп жатамыз. Балаларды қорғау күнін атап өтпестен бұрын бұл мейрамның мәні қайда жатқанын біліп алған дұрыс болатын сияқты. Балаларды қорғауды жеткілікті дәрежеде жүргізбей тұрып, құр бос әндетіп-тойлатқанның пайдасы жоқ.

Инстаграм желісіндегі алаяқтық

0
Cyber Theft

ХХІ ғасыр – технологиялардың қарыштап дамуымен қатар жүретін таптырмас мүмкіндіктердің уақыты. Күні кеше адамзат сымсыз телефонды алғаш рет қолына алған сияқты еді. Көзді ашып-жұмғанша өзінің ерекшеліктерімен таң қалдыратын смартфондардың да заманы келіп жетті. Әлем алға жылжыды және байланыс құралдарының сапасы артты. Осының нәтижесінде әлеуметтік желілер де адам өміріндегі өз орынын нақты белгілеп келеді.

Біреу үшін әлеуметтік желі қызық пен ойын-сауықтың орталығы болса, енді біреу үшін бұл желі табыс көзі болып табылады. Үшіншілері түрлі қосымшалардың көмегімен танымал болуға ұмтылса, келесісі аңқау азаматтарды алдап, халықтың қаражатын жымқырып жүр. Бүгін алтын көрсе жолдан таятын инстаграм желісіндегі алаяқтар туралы сөз қозғамақпын.

Инстаграм – блогерлердің кішігірім Отаны. Бұл желіде қандай да болсын қызықты контент жасай алған адам уақыт өте келе есімі елге мәлім жұлдыз болып шыға келеді. Жұлдыз болған соң, контентінен қаражат шығару үшін парақшаларына жарнама және бартер тәрізді қосымшаларды енгізе бастайды. Әрине, жарнамада тұрған ештеңе жоқ – блогерлер осы арқылы өз нанын тауып жеп жүр. Дегенмен, өздері жасайтын жарнамаға аз да болса көңіл бөліп қараса екен деген тілек бар.

Онлайн жұмыс.

Қазақ блогерлерінің арасында өз Stories-терінде немесе жазбаларында оңай жолмен табыс табуға шақыратын жарнамаларды орналастыратындар бар. Көбінесе бұл жарнама «онлайн жұмыс», «онлайн табыс» сияқты кілт сөздермен беріледі. Қаражат таппай қиналып, инстаграм желісінде отырған отандастарымыз осы тәтті сөзге жиі алданып, нәтижесінде қарызға батып жатады. Бұл жұмысқа шақыру мынандай сөздер арқылы жүзеге асуы мүмкін:

Қызықты жарнамалармен алдап, онлайн табысқа адамдар жинаған соң, жұмыс берушілер сізге қосымша арқылы инстаграмдағы парақшаларға лүпіл басып, пікір жазуды үйретеді. Бұл жұмысқа күніне 12-13 сағат уақыт бөлсеңіз де, тапқан табысыңыз 500 теңгені құрайды. Күніне 5000 теңгеге дейін табысқа шығарамын деген алдамшы сөздер қайда қалды сонда?

Онлайн дүкендер.

Мәселенің мәні болып тұрған тек қана онлайн табыс тақырыбы емес, сонымен қатар, халықтың қаражатын жымқырып, қалтасына басып жатқан онлайн дүкендер де қызмет етеді. Онсыз да адамдар арасындағы сенім азайған заманда инстаграм арқылы сауда жасау тіпті қиын әрі тәуекелі жоғары іске айналды. Кейбір онлайн дүкендер инстаграм парақшаларына тауарлардың суреттерін қойып, төмен бағалармен сатып алушылардың назарын аударады. Кейін сатып алушы қаражатты картадан аударған соң, қара тізімге салып, өміріңізден де, чатыңыздан да ғайып болады. Мұндай алаяқтарға алдаубау үшін онлайн дүкеннің парақшасын мұқият зерттеген жөн.

  • Ең алдымен, міндетті түрде сол дүкеннің аты көрсетілген кері байланыстардың бар-жоғын анықтаңыз. Кейбір дүкендер жай ғана чаттың суретін енгізіп қояды, оған алданбаңыз. Міндетті түрде дүкеннің аты көрсетілген кері байланысты іздеңіз.
  • Екіншіден, төлем жасайтын уақытта сізден картаға емес, телефон нөміріне бірлік ретінде аударуды сұрайтын адамдардан сақтаныңыз. Міндетті түрде картаға аударым жасауды өтініңіз.
  • Үшіншіден, дүкен қызметкерінен жеке басын куәландыратын құжатты жіберуін талап етіңіз.

Алаяқтарға алданбаудың ең басты жолы – оңай әрі жылдам табыстың бар екеніне әрдайым күмәнмен қарау және кез-келген тауарды сатып алмастан бұрын мұқият тексеру. Оңай жолмен келген қаражат әрдайым оңай жолмен су болып ағып кетеді. Тек өзіңіздің маңдай теріңіз бен жұмыс жасайтын екі қолыңызға сенім артыңыз! Алаяқтардын алдын алу сіздің қолыңызда!

Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік

Бастаушы: Балалар бүгін бізде ерекше күн.Біз қәзір орманға саяхатқа барамыз. Жол қашық сондықтан, көлікпен баруымыз керек. Мен жұмбақ айтам, соның шешуін тапсаңдар, біз сол көлікпен саяхатқа шығамыз.

Бұл тұлпар су ішпейді, жем жемейді,

Ескеріп ешбір адам емдемейді,

Жүк емес жануарға жүз адам да,

Киіп ап төрт  дөңгелек дөңгелейді .

Бастаушы: Енді жол ережелерін есімізге түсірейік.Өйткені, жолда түрлі жол белгілері кездеседі.

(кеуделеріне белгі ілген 5 бала ортаға шығады: бағдаршам,

        ескерту, тыйым, анықтама, көрсеткіш белгілері)

 Бағдаршам: Менің атым- бағдаршам

Бар әдемі үш көзім,

Алдамаймын,аңғарсаң,

Ақылдымын тіпті өзім.

Ескерту белгісі: Қызыл шеңбер ішінде

Үшбұрыш боп тұрамын

Қателеспес үшін де,

Көз сал маған,шырағым!

Құрар үйде сауықты,

Жолдан аман келсе адам-

Жолда күткен қауыпты

Ескертемін мен оған.

Тыйым салу  Болмау үшін қиын күн,

белгісі:           Қажеті бар тыйымның.

Қызыл шеңбер ішінен

«Болмайды!» деп бұйырдым.

Тұрады әркез сапта аман-

Сол тыйымды сақтаған.

Тыйым көрсең,тұра қал-

Әрі қарай аттама!

Анықтама        Түнде,күндіз,кеште де

белгісі:              Жөн сілтеймін жолға сай-

Аңғармайсың ештеңе

Анықтама болмаса.

Ой-шұңқырды алдағы,

Қалай өту керегін,

Жылдамдықты,ал,көні

Анық айтып берейін!

Көрсеткіш          Жол созылмақ қаншаға,

белгісі:                Қайда асхана,монша бар,

Қонақүй,бар қай жерде,

Қайда музей,қай көрме…-

Көрсетемін саған дәл,

Не көрсетсем,соған бар!

Шофер біткен бүгінде.

Жол тәртібін біледі

Бағдаршамның түбінде

Ережемен жүреді.

Бастаушы: Ал балалар, қане автобусқа жайғасайық. Ал қозғалдық. Сәт сапар! Біз казір қаланың көшесімен келе жатырмыз. Көше қиылыста

бәрінде бағдаршам тұр екен. Бағдаршамның қай түсі жанған

да біздің автобусымыз жүру керек.

Ашса кезек үш көзін,

Айтты деп ұқ ,үш сөзін

-Тоқта!

-Сақтан!

-Жол ашық!

Жүрме жолға таласып.

Бастаушы: Балалар жүргізүші неғып жүрісін баяулатты?

Бала: Бұл жерде «Абайла» деген белгісі тұр.

Бастаушы: Ол белгінің ішінде неге жануардың  суреті тұр?

Бала: Бұл «Абайла!», «Жануарлар!» деген белгі.

Жүргізуші байқап жүрмесе, жануарды басып кетуі

мүмкін.

Бастаушы: Ондай белгіні қалада қай жерлереде көруге болады.

Бала:         Мектептердің  жанындағы көшеде балалардың суреті

салынған белгі тұрады. Көзі көрмейтін зағип адамдар

өтетін жерде көзілдіріктің суреті салынған белгі тұрады.

Бастаушы: Ендеше «Жануарлар» деген ескерту белгісі тұрса,біз орманға да келіп қалған болдық қой. Әне қараңдар Аю мен Қонжық кетіп жатыр.

Көрініс «Аю мен Қонжық»

Аю:     Көшеден өтерде әуелі сол жаққа, содан соң оң жағына қарау

керек.Әйтпесе, машина  басып кетеді.

Қонжық:  Жоқ, мен оңға да, солға қараймын. Апай бізге көшеден өткенде

тура бағдаршамға қараңдар деген.

Аю:        Ақымағым-ау, ормандағы жолда қандай бағдаршам болуы

мүмкін? Бағдаршам тек қала көшелерінде болады.

Бастаушы: Біз тоқтап, Қонжыққа бағдаршам жоқ жерде жолдан

қалай өту керек екенін түсіндірейік. Қонжық сен бері кел.

Бағдаршам жоқ кезде мынадай белгі салынған жерден өту

керек. Бұны «Зебра»- яғни, жолақты белгі салынған жер дейді.

Бала:  Әуелі жолдан өтерде сол жағыңа қарайсын. Жолдың

ортасын келгесін, оң жаққа қараймыз. Бұндай белгі бар жерде

машиналар жаяуға жол береді.

Қонжық: Рахмет, енді түсіндім.

Аю: Балалар,қонжығыма көмектескендерің ушін сендерге рахмет!

Жолдарың болсын!

Бастаушы: Ал біз әрі қарай кеттік жол қысқару үшін біз орман ішінде дыбыстарды тыңдап, айналамызға назар аударайық. Қараңдаршы, орман іші қандай әдемі, түрлі гүлдер өскен, құстар сайрап, көбелектер ұшып жүр.

(Жаралы түлкі мен қоянды көріп қалады.)

Түлкі: Мына қыли қоянның кесірі. Мені велигіне отырғызып, алдымыз-

дан машина шыға келгенде, рульді бура алмай, құлатып тастады.

Қоян: Ой!, суайт! Қалай өтірік айтасын. Өзін емес пе, «мен күшті тебем  мен күшті тебем» деп мақтанып, рульге отырған.

Неге маған бале жабасың?

Бастаушы: Жарайды, дауласпандар.Кел, автобусқа отыра қойыңдар.

Жолда сендерді Айболитке апарамыз. Балалар байқадыңдар ма

мына жерде қандай белгі тұр?

 Балалар: «Велосепед тебуге болмайды!» — деген белгі.

Бастаушы: Мына қасқырға не болған, бұл неге жылап келе жатыр?

Ау, қасеке, саған не болған, бетің көгеріп, аяқ-қолың жара    болыпты. біреу ренжітті ме?

Қасқыр: Жоқ мені кім ренжітуші еді. Бір машина үстіне қой мен ешкі  тиеп  кетіп бара жатыр екен. Соның біреуін  алып қалайыншы деп, машинаның артына жабысып едім, құлап түсіп, аяқ-қолымды жаралап алдым.

Бастаушы: Балалар, жүріп бара жатқан машинаға жабысу дұрыс па? Жарайды, Қасеке, автобусқа кіріп, ана түлкі мен қояның жанына отыр, Айболитке барасың.

-Балалар сендер Айболиттің кім екенін білесіңдер ғой?

Бала: Айболит атамыз, бәрін де емдейді. Ауырса адамды, аңды да емдейді. Қадірлі, мейрімді, Айболит атамыз. Айтыңдар қанекей, оған кім келмейді.

Бастаушы: Балалар, Айболит атаны қалай табуға болады?

Айболит: Мына қасқырға не болған, бұл неге жылап отыр?

Қасқыр: Айтайын мен сізге шынымды жасырмай, Жармасып малы бар машина артына домалап түстім де, шыңғырдым құлындай.

Айболит: Бір сәтке тойып жер мал үшін тәртіпті бұзыпсың    Қарынның қамы үшін міне, енді еніреп тұрғаның, ұят-ай аяқты сындырып, басынды жарыпсың?

Бала: — Айболит ата,енді «жолда жүру ережесін» үйренеміз.

-Машинаға жабыспайтын боламын.

-Рахмет,Айболит ата.

Бала: Апай, ана жерде кафе бар екен, міне, белгі тұр.

Бастаушы: Балалар, онда кафеде тамақ ішу үшін бірнеше жұмбақты  жасырайын:

Үсті тас, асты тас,

Ортасында піскен ас. (нан)

Алыстан қарасам аппақ

Татып қарасам тәтті-ақ      (қант)

 

Айдалада ақ отау,

Аузы,мұрны жоқ отау,

Отыз күнде сол отау,

Айдалада жоқ отау.  (жұмыртқа)

 

Сылдыр сүйық,су емес,

Ішсең сусын қанады,

Ақ болса да қар емес,

Шешуін кім табады? (сүт)

Бастаушы: Балалар,енді бақшаға ораламыз. Қане автобусқа отырайық.

Ән:       «Бағдаршам»

«Байқа! Балалар!» белгісі корінеді). Мынау-не белгі, балалар?

Балалар: Бұл «Байқа,бұл жермен балалар жүреді» деген белгі.

Бастаушы: Міне, біздер бақшаға да келіп қалдық. Саяхат ұнады ма, сендерге? Бүкіл саяхат барысында біз сендермен қанша жол ережесін есімізге түсірдік, білімімізді толықтырдық.

Шуақты өміріміз кундей куліп,

Жүректе бүршік атып,гүлдейді үміт,

Арманға сапар тарту мүмкін емес,

             Жол жүру ережесін білмей тұрып.

Омарова Гульдариха Амзеевна
№26«Самұрық» бөбекжай-бақшасы, Шымкент қаласы

                                      

Халықаралық балаларды қорғау күні әлем елдерінде қалай тойланады?

0

Халықаралық балаларды қорғау күні 1 маусым болып тойлануы халықаралық әйелдер демократиялық федерациясы конгресінде талқыланып, 1949(кейбір деректерде 1950) жылдан бастап аталып өтіледі. Бұл мерекенің мақсаты атауы айтып тұрғандай – балаларды қорғау, балалардың өмірін, денсаулығын, құқығын, балалық шағының алаңсыз өтуін қамтамассыз ету болып табылады. Сонымен қатар неліктен 1 маусым болып бекітілуінде де бір мән жатыр. 1 маусым оқушылардың ең ұзақ әрі зарыға күткен жазғы демалысының басталуымен тұспа-тұс келіп тұр.  Балғын балаларымызды қуанту үшін саябақтарда, парктерде мерекелік концерттер, тегін балмұздақ тарату сияқты іс-шаралар ұйымдастырылады. Әлем елдерінде бұл мереке қалай тойланатынын бір білсе, бірі біле бермейді. Мысалы кейбір елдерде бұл мереке 2-3 мәрте тойланаса, кейбір елдерде бір айға дейін тойлайтын көрінеді.

 

Африка елдері: Африка елдері халықаралық балаларды қорғау мерекесін бұрыңғы біздің ата-бабаларымыз айтпақшы отыз күн ойын қырық күн тойын жасап өткізеді екен. Бір айға созылатын «балалар карнавалы» Батыс Африка мемлекеттерінде көптеп тараған. Олар ән айтуды, би билеуді жандары сүйеді. Сондықтан да бұл мереке Африка елдеріндегі өмір сүру жағдайына қарамастан бір ай аталып өтіледі. Бұл жақтағы мерекеге қойылатын басты талап балалар қандай жағдай болмасын бақытты балалық шақтың үлгісін көруі тиіс. Шынында да барлық бала қуанышқа, бақытқа лайық өмір сүру қажет.

 

Жапония мемлекеті: Бұл мемлекетте халықаралық балаларды қорғау күні үш мәрте аталып өтіледі.

  • 3 наурыз – кішкентай ханшайымдар күні. Бұл күні жапондық ата-аналар өздерінің қыздарына ұлттық киімдері кимоно сыйлайды. Және де қуыршақтардан көрме жасап береді. Бұл дәстүр Жапония мемлекетінде үлкен құрметке ие.
  • 5 мамыр – кішкентай ханзадалар күні. Бұл күні жапондық отбасылар өздерінің қақпаларына жалау ілетін болған. Жалауда сазанның бейнесі салынған. Жапонияда сазан күш пен батылдықтың символы. Бұл мерекеде жалау ілу себебі болашақ ұлдары батыл әрі күшті болсын деген ниетте. Бір қызығы отбасында неше ер бала бар болса, сонша жалау ілінеді.
  • 15 қараша – жеті, бес, үш жастағы балалар күні. Жапондардың әдет-ғұрыптарына сәйкес, үш, бес және жеті жас — бұл балалардың ең бақытты жастары, сондықтан жыл сайын 15 қарашада осы жастағы балалар өздерінің мерекелерін көңілді атап өтіп, тәттіге қарық болады.

 

Бразилия мемлекеті: Бразилия мемлекеті халықаралық балалар күнін 15 тамызда атап өтеді. Бұл күн сонымен қатар Бразилияда ұлттық эпидемияға қарсы күрес күні деп бекітілген. Сондықтан осы мерекеде балаларды Бразилия дәрігерлері толық тексерістен өткізіп, ауру анықталса тегін емдеген. Сонымен қатар 5 жасқа дейінгі сәбилер полиомиелитке қарсы вакцинацияланады. Мұндай оқиғалар Бразилия үкіметінің балалардың денсаулығына қатты алаңдайтындығын көрсетеді.

 

Барлық балақайларды Халықаралық балаларды қорғау күнімен және көптег күткен жаздың басталуымен құттықтаймын! Барлық мектеп оқушыларына жарқын демалыс және ұмытылмас сәттер тілеймін!

Мәлік Мади Арманұлы

 

Ғажайып пішіндер

Иллюстрация: Freepik.com

Білім беру саласы: «Таным»

Білім бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.

Тақырыбы: Ғажайып пішіндер

Мақсаты: Дөңгелек, сопақша, үшбұрыш,шаршы, тіктөртбұрыш фигураларды дұрыс аттап бір-бірінен ажырата білу.

Әдіс-тәсіл: әңгімелеу,сұрақ жауап, ойындар.

Көрнекілік: Суреттер, пішіндер.

Әрекеттер кезеңі. Тәрбиешінің іс-әрекеті. Баланың іс-әрекеті.
Мотивациялық қозғаушы кезеңі.

Ұйымдастыру- іздендіру кезеңі.

Балалар шаттық шеңберін жасайды. Үш тілде сәлемдеседі. Біз бүгін сиқырлы пішіндер әлеміне саяхатқа барамыз.

Міне балалар алдарыңда қолдың бейнесі тұр бұл жай бейне емес арман тілекті орындайтын ғажайып алақан екен. Бұл алақанға қолымызды қойып, көздерінді жұмып, арман тілектеріңмізді айтып сикырлы пішіндер әлеміне апаршы деп армандасақ арманымызды орындайды екен.

Сәлеметсіңдер ме балалар! Сиқырлы пішіндер әлеміне қош келдіндер? Мен сендерді пішіндермен таныстырамын. Мынау Дөңгелек неліктен дөңгелек деп аталады? Дөңгелектің бұрышы бар ма? Үшбұрыштың неше бұрышы бар?

Мынау шаршы шаршының қабырғасы қандай? Мынау сопақша сопақшада бұрыш бола ма? Мынау тіктөртбұрыш тіктөртбұрыштың қабырғасы қандай? Жарайсыңдар балалар пішіндер туралы көп нәрсе білдім Енді мен сендердің белсенділік орталықтарындағы жұмыстарыңды тамашалаймын. Баладар енді белсенділік орталықтарды жұтыстар жасаймыз. Әдебиет орталығында: Сурет бойынша пішіндерге ұқсас заттарды атаймыз.

Шығармашылық ортасында: Балапанды жапсырамыз.

Құм-сурет орталығында: Желкенді қайық жасаймыз.

Үстел-үсті ойындар орталығында: Сәйкес пішіндерді орналастырамыз. Бұл топтарға біз шарлар арқылы бөлінеміз.

Әр орталық өз жұмысын орындайды Сергіту сәті: Енді балалар мен сендермен ойып ойнағым келеді. Блок баддис 1.Ойыншықтармен кестеге қарап құрастырамыз. 2 топ Леогомина ойыншығымен құрастыру. 3 топ Пішіндерден көлік құрастыру. .

Шеңберде тұрып үш тілде сәлемдесу

 

Дөңгелектін бұрыштары болмайды.

Үшбұрыштын үш бұрышы бар.

Шаршының төрт қабырғасы төрт бұрышы болады.

Сопақша төрт бұрышы болады қабырғасы ұзындау болады.

Шардың түсіне қарай топқа бөлінеді.

Ойынды ойнайды.

Балалар тапсырманы орындайды.

Дөңгелек, шаршы төртбұрыш, үшбұрыш, сопақша.

Рефлексиві.

коррекциялық кезеңі.

Балалар біз қайда бардық?Қандай пішіндермен таныстық.Балалар сендер бүгінгі оқу іс-әрекетке жақсы қатыса алдыңдар.Рақмет. Балалар сұақтарға жауап береді.

 

Дильбарханова Пернекул Айтбаевна
№26«Самұрық» бөбекжай-бақшасы, Шымкент қаласы

Ертегілер еліне саяхат

Иллюстрация: Freepik.com

Білім беру саласы:Қатынас.Шығармашылық.

Ұйымдастырған оқу қызметі:Сөйлеуді дамыту.Аппликация.

Тақырыбы:Ертегілер еліне саяхат.

Мақсаты:Балалардың сөздік қорын молайту.Жеке шығармашылық қабілетін дамыту.Ертегі кейіпкерлерін ажырата білуге үйрету.

Дамытушылық:Балалардың қызығушылығын арттыру .

Тәрбиелік:Баланың үлкендермен сәлемдесуге сыйлай білуге әдептілікке үйрету, тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Ертегілердің суреттері:Үй жануарлары,геометриялық пішіндермен жапсырма жұмысы.

Әдіс-тәслі:Әңгімелеу,түсіндіру сұрақ-жауап.

Әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың әрекет кезені.
Мотивациялық кезеңі.

Ұйымдастырушылық іздену.

Рефлексифті корекциялау.

Тәрбиеші:Біздің тобымызға қонақтар келіпті.Кәне барлығымыз бірге амандасайық.

Балалар біз таңертең тұрғанда даладан нені көреміз.

Күн қайда тұрады?

Күн бізге не береді?Күннің пішіні қандай? Қане,балалар шеңберге тұрып,алақандарымыз арқылы күн сияқты бір- бірімізге Жылу сыйлайық.

Шаттық шеңбері. Бала,бала балақан, Қане,қайсы алақан? Саусақтарың Әйбат Былай,былай ойнап

Топ-топ,топ-топ басайық, Жалаудан күн жасайық Жаса,жаса алтын күн! Жаса жаса жарқын күн!

Балалар,сендер ертегілер еліне барғыларың келе ме? Олай болса,қане бәріміз ертегілер еліне саяхатқа шығайық.

Тәрбиеші:балалар ,біз қандай ертегі білеміз? «Мен кішкентай қызбын.Бәрі жақсы көретін әжеме барамын,бәліш апарамын» -бұл қандай ертегіде?

Тәрбиеші:Міне,қызыл телпектің өзі де келді.(қолында кәрзеңкесі бар)топқа «қызыл телпек» кіреді.

Қызыл телпек:Сәлеметсіздер ме,балалар! Мені таныдыңдар ма? Дұрыс айтасыңдар балалар! Балалар менің қалпағымның түсі қандай?Маған осы қызыл телпекті апам сыйлағаннан мен «Қызыл телпек»атанып кеттім.Сендер менің әжеме көмектесесіңдер ме? Маған әжеме барар жолды көрсетесіңдер ме? Қызыл телпек асығып, кәрзеңкесін төгіп,шашып алады. Ой,балалар мен көкөністерім мен жемістерімді шашып алдым. Сендер маған көмектесесіңдер ме?

Тәрбиеші:Әрине көмектесеміз.Солай ма балалар?!

Қызыл телпек:рахмет сендерге балалар ! Балалар,алманың түсі қандай? Бананның түсі қандай?Қырыққабаттың түсі қандай? Жарайсыңдар балалар! Топқа әже көңілсіз кіреді.

Тәрбиеші:Әже сіз неге көңілсізсіз

Тәрбиеші: Балалар бізге кім келді.

Әже:Менің көңіл күйім болмай тұрғаны.Күшігімнің үйі бұзылып қалды. Сендерге көмек сұрағалы келдім.

Қызыл телпек:Өзім де сізге барғалы отыр едім.Әрине көмектесеміз

Тәрбиеші:Әрине,қандай көмегіміз керек?

Қане балалар көмектесеміз бе? Олай болса, геометриялық пішіндерден күшікке үйшік жасайық.

Тәрбиеші:Әже сізде күшіктен басқа үйде қандай үй жануарлары бар?

Әже:Мен олардың суреттерін алып келдім, Балалар сендер маған суретке қарап айтып беріңдерші (үй жануарларының суреттерін көрсетеді) -Сиыр қалай дыбыстайды? -Қой қалай дыбыстайды? -Үй жануарларының пайдасы жайлы әңгімелейді. Жарайсыңдар балалар!Сендер барлығын біледі екенсіңдер!Өздерің ақылды екенсіңдер! Олай болса күшікке үйшік жасайық.

Әже:Сендер ертегідегі қасқырды көрдіңдер ме?Сырттай бақылап ,қарап тұрған қасқыр топқа кіреді.

Қасқыр:балалар,мен сендердің ақылды,тәртіпті екендіктеріңді көріп өз ойымнан айнып қалдым. Сендердің шаршағандарыңды байқап,сендермен сергіту сәтін жасағып келіп тұр.

Тәрбиеші:Олай болса барлығымыз қасқырмен бірге сергіту сәтін жасайық. Топ-топ балақан(сергіту сәті) Тәрбиеші:Балалар,бүгін бізге кімдер келді?Біз нені білдік? Үй жануарларын білдік. Түстерді ажыраттық күшікке үйшік жасадық. Сендерге бүгінгі ұйымдастыру оқу іс әрекеті ұнады ма? Тәрбиеші баланың бүгінгі іс әрекетте жасаған жұмыстарын мақтап,мадақтады.

Сәлеметсіздер ме?

Күнді аспанда

Жылу,жарық береді. Дөңгелек

Шаттық шеңберін жасайды

Иә.

-Иә

Бауырсақ.Үш аю.Мақта қыз бен мысық.Қызыл телпек ертегісінде.

Сәлеметсіз бе?

Қызыл телпексіз.

Қызыл

Иа

Балалар

көрсетеді.

Балалар көмектеседі

Қызыл

Сары

Жасыл

Әже

Көмектесеміз.

Балалар үйшік жасайды геометриялық пішіндерді жапсырады..

Балалар айтады.

Сергіту сәтін жасайды.

Балалар жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртады:Ертегілерді таныды.

Түсінеді :Қызыл телпек пен әженің тапсырмаларын түсініп орындады.

Қолданады: Клейді ұқыптылықпен қолданады.

Маябасова Гулжан Жуанышбековна
№26«Самұрық» бөбекжай-бақшасы, Шымкент қаласы

Sкills Academy тіл үйрену курсы басталды

Құрметті оқырмандар, Sкills Academy онлайн тіл үйрену курсы өз жұмысын бастағанын хабарлаймыз. 

Sкills Academy ағылшын тілін үйренгісі келетіндерге арналған қолжетімді курс. Сабақ қазақ және орыс тілінде өтеді. 

Курста ағылшын тілін толық меңгеріп шығуға мүмкіндік бар.

Курс сізге не береді?

— 30 видео және мәтіндік сабақ;

— 15 тест пен аудио тапсырма;

— Сабақты оқу мүмкіндігі 45 күнге дейін жалғасады;

— Мұғалімдердің ағылшын тілін білу деңгейі — IELTS 8.0

Курстың артықшылығы:

Бағаның қолжетімділігі. Курстың орташа бағасы — 5000 теңге.

Ыңғайлы платформа. Барлық тапсырма мен қажетті ақпараттар бір жерде орналасқан.

Өзіңізге ыңғайлы уақытта қатыса аласыз. Сайт 24/7 жұмыс істейді.

— 1 сабақтың орташа ұзақтығы — 10 минут.

— Курсты аяқтағаннан кейін сізге сертификат беріледі. Онда сіздің білім деңгейіңіз көрсетіледі.

Курс тренерлерінің құрамы: ағылшын тілі пәнінің отандық және шетелдік тәжірибелі оқытушылары.

Курстың алғашқы 2 сабағына тегін қатысуға мүмкіндігіңіз бар. 
Ол үшін сайтқа тіркелу қажет. 

Толық мәліметті Skillsacademy.kz сайтынан немесе көрсетілген номерге хабарласып біле аласыз. 8 700 710 00 65

Sкills Academy  — жарқын болашаққа апаратын жол!

Тіл үйренгің келсе, бүгіннен баста!

skillsacademy.kz сайты

Инженерлік білім беру жүйесін жаңғыртудың нақты тәсілдері

Иллюстрация: Freepik.com

«Оқу – бұл әлі ештеңені мандытпайды, нені оқу керек және оқығанда көңілге қалай тоқу керек – ең үлкен шаруа, міне, осында».

К.Д.Ушинский

Елбасымыз “Қазақстан — 2050” ұзақ мерзімді стратегиясында жоғары оқу орындарында инженерлік білім беру жүйесін дамыту мақсатында халықаралық үлгідегі сертификаттарға ие болатын инженерлік және техникалық мамандықтарды даярлаумен қатар қолданбалы және ғылыми зерттеу салаларын құрып, оны одан әрі дамыту көзделген.

Инженерлік кадрлардың сапасы мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторларының бірі және технологиялық, экономикалық тәуелсіздік негізі болып табылады. Соңғы жылдары инженерлік кадрларды даярлау жүйесін жаңғыртудағы объективті сұранысқа байланысты отандық инженерлік мектепті нығайтуға бағытталған бірқатар қадамдар жасалды.

Отандық техникалық білім беру жүйесі дағдылары, біліктілігі кәсіпорындардың талаптарына, қажеттіліктеріне сай келетін инженерлерді даярлауға бағытталуы тиіс. Бұл жаңа технологиялық шешімдерге баратын басты конструкторлар мен зерттеушілер ғана емес, олар барлық мамандық қамтитын кең желілік инженерлер болғаны тиімді.

Желілік инженерлердің дағдысы, құзыреті және білімі көп жағдайда өндірістік процестің сенімділігімен, тиімділігімен, жаңа технологияларды енгізу және өнімнің сапасымен анықталады. Бүгінде отандық экономикада дәл осындай мамандар жетіспейді, кәсіпорындар сауатты мамандар үшін күресуде. Мұндай сұраныс-бәсекелестік, әрине жақсы, бірақ ол қазіргі кадр тапшылығы біздің жетекші кәсіпорындарда байқалып, жоғары оқу орындары түлектерінің біліктілігінің жеткіліксіздігі сияқты экономиканың дамуын тежеуші факторға айналуына жол бермеуміз тиіс.

Осы мәселеге байланысты туындайтын маңызды сұрақ: болашақ инженерлерді кім оқытады? Оқытушылардың бірнеше жылдық тәжірибе негізінде емес, заманауи білімге ие болуын, яғни өз салаларында оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруын және қазіргі заманғы ғылыми-педагогикалық технологиялар негіздерін меңгеруін міндеттейді.

Осыған сәйкес бүгінгі таңдағы отандық инженерлік білім беру жүйесін жаңғырту бойынша нақты тәсілдерді талқылайық.

Бірінші. Техникалық жоғары оқу орындарында білім беру процесінің құрылымына теория мен дәрістік сабаққа зиян келтірмейтіндей практикалық, зертханалық сабақтарға үлкен назар аудару қажет, яғни тәжірибе-жаттығулар жеткілікті дәрежеде болуы, студенттер мен оқытушылардың ғылыми зерттеулеріне көбірек көңіл бөлінгені тиімді.

Екіншіден, біздің инжиниринг факультетінде оқыту үшін басқа ЖОО- дан жетекші ғалымдарды, практик мамандарды белсенді түрде шақыруды қолдаймын. Осыған байланысты студенттер үшін «академиялық ұтқырлық» бағдарламасының маңызды екенін атап өткім келеді. Нәтижесінде біздің студенттеріміздің, жас оқытушылардың басқа ірі жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтарда өзара тәжірибе алмасу мүмкіндігі пайда болды.

Үшінші. Болашақ инженерлерді тек теория жүзінде ғана емес, оларды өндірістік тәжірибеге үйрету керек. Жоғары оқу орындарына нақты кәсіпорындарда жұмыс істейтін мамандарды тартуға жол бермейтін кедергілерді жоюға мүмкіндік жасау қажет. Әрине, бұл тиісті әдістемені іске асыру үшін, кез келген өндірістік іс-тәжірибелерді өткізуде қажетті критерийлерге лайықты адамдардың қатысуын қарастыру керек.

Төртінші. Тек ғалымдар мен мамандар ғана емес, сонымен қатар ауқымды жобаларды жүзеге асыруға қабілетті үлкен ұжымдардың көшбасшылары да қажет. Осыған байланысты инженерлік кадрлардың жобалық-бағдарлы білімін дамыту үшін жағдай жасау, озық шетелдік және біздің отандық тәжірибемізді пайдалана отырып, осы міндеттерге сай білім беру стандарттарын, оқу бағдарламаларын бейімдеу қажет деп санаймын.

Келесі мәселе: оқытуда шығармашылық көзқарас пен жаңашылдықты дамыту үшін болашақ мамандарды студенттік жобаларды жүзеге асыруға ынталандыру керек. Бұл командада жұмыс істеуге және конструкторлық міндеттерді шешуге, өз идеяларын іске асыруға дайын білім алушылар болғаны жөн. Студенттік ұжымдар үшін байқау, конкурс мен жарыстар ұйымдастырып, оларға қолдау көрсету керек. Байқау тапсырмалары дерексіз емес, нақты кәсіпорындар үшін жобалар жасауды көздегені маңызды.

Сондай-ақ мамандар дайындауда өндіріспен, ірі академиялық ҒЗИ және салалық орталықтармен белсенді байланысты нығайту ғана бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие мамандарды дайындауға мүмкіндік бере алады. Инженерлік кадрларды дайындау кезінде бұл шешуші рөл атқарады.

Мұндай тетіктер бүгінде инженерлік кадрларды даярлау мен кәсіптік бағдар берудің тиімді тәсіліне айналып, ЖОО мен жұмыс берушілер арасындағы өзара қарым-қатынастарды жолға қоюға, мықты командаларды жинауға, үздік, талантты, болашағы зор студенттерді анықтауға мүмкіндік береді.

Суйеуова Набат Базархановна,
Ш.Есенов атындағы КТИУ ардагері,
«Энергетика және көлік» кафедрасының аға оқытушысы