«ЖАС ӨНЕРПАЗ» республикалық өнер байқауының ережесі

0

WWW.MARTEBE.KZ республикалық ақпараттық білім порталы №514 бұйрық негізінде шығармашыл балалар арасындағы «ЖАС ӨНЕРПАЗ» республикалық өнер байқауын өткізеді.

Байқауға республикамыздағы балабақша бүлдіршіндері мен мектеп оқушылары қатыса алады. Қатысушы үміткерлердің жұмыстары наурыз айының 30 на дейін  balalar_baikauy@mail.ru электронды почтасына қабылданады.

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне Бас жүлде, І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар беріледі. Байқау шарттары туралы ақпаратты мектепке дейінгі ұйым басшылары мен әдіскерлерінің және ЖББМ мұғалімдерінің назарына жеткізуді сұраймыз.

Толық ақпаратты +7 708 440 76 93 телефоны арқылы білуіңізге болады.

 

«ЖАС ӨНЕРПАЗ» ШЫҒАРМАШЫЛ БАЛАЛАР АРАСЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӨНЕР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕСІ

  1. Жалпы ереже
    • «ЖАС ӨНЕРПАЗ» атты республикалық балабақша бүлдіршіндері мен мектеп оқушыларының өнер байқауының осы Ережесі (әрі қарай – Ереже) байқауларды ұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтайды (әрі қарай – Қашықтық байқауы);
    • Қашықтық байқауы туралы мәліметтер martebe.kz сайтында жарияланады және 2024 жылдың 01-30 наурыз аралығында өткізіледі;
    • Қашықтық байқауына қатысу – ақылы,ерікті негізде жүзеге асырылады.
  1. Республикалық байқаудың мақсаты мен міндеттері:
    • Жас бүлдіршіндерді балабақшадан бастап шығармашылық жұмысқа баулып, олардың рухани дамуына әсер ету және кіші жастан бастап республикалық масштабтағы байқауларға белсенді түрде қатыстыру.
    • Балалардың ұлттық өнерін жан-жақты ашу және қазақтың жаңа жылы Наурыз мерекесін тереңнен ұғындыру.

 

  1. Байқаудың өту тәртібі

3.1. Байқауды өткізу және ұйымдастыру ісімен ұйымдастыру алқасы айналысады.

3.2. Ұйымдастырушы қатысушыларды тіркеуді, жұмыстарды сараптауды, қорытынды шығаруды, марапаттауды жүзеге асырады.

3.3. Байқаудың жеңімпаздарын анықтау үшін мектепке дейінгі білім беру саласының өкілдерінен тұратын арнайы әділ-қазылар алқасы құрылады. Сонымен қатар ұйымдастыру алқасының өкілдерінен арнайы ғылыми-әдістемелік кеңес құрылады.

3.4. Әділ қазылар алқасының шешімі қайта қарауға жатпайды.

3.5. Байқауға жіберілген материалдар мен жұмыстар кері қайтарылмайды.

3.6. Байқаудың марапаттау рәсімі қатысушы жұмыстарын жібергеннен соң бір апта ішінде жүзеге асырылады.

  1. Байқаудың тапсырмалары

Байқауға барлық балабақша бүлдіршіндерімен мектеп оқушылары қатыса алады.

  • «22-Наурыз Ұлыстың ұлы күні мерекесі» тақырыбында эссе, мәнерлеп оқу, ән, би, аспаптық орындау жұмыстарының бірін жібереді.

 

  1. Байқаудың марапаттау рәсімі

Байқаудың қорытындысы бойынша келесідей жүлделі орындар тағайындалады:

Бас жүлде; І орын; ІІ орын; ІІІ орын

Байқауға қатысқан барлық қатысушы дипломмен марапатталады.

10 қатысушы ұйымдастырған жетекшіге ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ беріледі.

Жеңімпаздардардың таңдаулы жұмыстары сайтқа жарияланады.

Марапаттар электронды түрде жіберіледі.

Байқауға қатысу құны     жеке қатысушы үшін 1000 тг

                                         

Кез-келген төлем-терминалдары немесе KASPI GOLD карточкасына

4400 4301 9979 7181 төлем жасайды.

+7775 496 21 55 Акгуль С

  

Қатысу үшін төлем жасау жөнінде және байқауға қатысты туындаған сұрақтар бойынша қосымша ақпарат алу телефоны: +7708 440 76 93

 

ӨТІНІШ БЕРУ ҮЛГІСІ

«ЖАС ӨНЕРПАЗ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӨНЕР БАЙҚАУЫНА ӨТІНІШ

Р/С Қатысушының

аты-жөні

Жетекшісі Сыныбы/ тобы Байқау номинациясы Байланыс нөмірі/

Эл.почтасы

1 Амантай Санжар Медетұлы Мырзатаева Інжугүл Бекетқызы

 

5 сынып Эссе +77759962187

Injugul999@mail.ru

 

 

Ескерту! Байқау сұранысы MS WORD форматында (үлгіге сай) жіберу міндетті!

Өтініш үлгісі өзгертілген жағдайда жұмыстар қабылданбайды! (біз жіберген үлгі бойынша ғана жазу керек)

Байқау марапаттары сұраныс бойынша толтырылатындықтан, қатысушы, жетекші аты-жөндерін қатесіз, толық жіберулеріңізді сұраймыз! Қате кеткен жағдайда түзету енгізілмейді!

Е. Бекмаханұлы атындағы Қазақстан тарихы олимпиадасы (мұғалімдер, 2024 ж.)

0

Үздік қазақ тілді білім сайты – Qaztest.kz онлайн олимпиада ұйымдастыру комитеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-мен жасалған меморандум аясында қазақтан шыққан тұңғыш тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚазКСР ҒА-ның корреспондент-мүшесі Ермұхан Бекмаханұлының өмірі мен ғылыми мұрасын насихаттау мақсатында оқушылар мен мұғалімдер арасында  Қазақстан тарихы пәнінен дәстүрлі VI Республикалық қашықтық олимпиадасын (бұдан әрі Олимпиада) өткізеді.

Олимпиадаға жалпы білім беретін мектептерде қызмет ететін мұғалімдер мен колледж оқытушылары қатыса алады. Олимпиада тапсырмалары Қазақстан тарихы пәнінен, Е. Бекмаханұлының өмірі мен ғылыми мұрасы және тарихты оқыту әдістемесі бойынша беріледі.

Олимпиадаға 5-11 сынып оқушылары қатыса алады. Олимпиада тапсырмалары Е.Бекмаханұлының өмірі мен ғылыми мұрасы және Қазақстан тарихы пәні бойынша беріледі.

Олимпиада qaztest.kz сайтында өтеді.

ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН МАРАПАТ

Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар, Үздік ұжымдарға арнайы плакетка беріледі. Республика бойынша ең жоғары ұпай алған қатысушылар Е. Бекмаханұлы атындағы «Жас тарихшы» төсбелгісімен және 24-25 ұпай алған қатысушылар «Жас тарихшы» дипломымен марапатталады.

МҰҒАЛІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН МАРАПАТ

Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар, Үздік ұжымдарға арнайы плакетка беріледі. Республика бойынша ең жоғары ұпай алған қатысушыларға «Ноқталанған тарихшы. Ермұхан Бекмахановтың шерлі тарихы: деректі ғұмырнама» кітабы сыйға беріледі және 24-25 ұпай алған қатысушылар «Құрмет грамотасымен» марапатталады.

Олимпиада бір кезеңнен ұйымдастырылады. Олимпиада 2024 жылдың 12 ақпан мен 12 наурыз аралығында өткізіледі. Қорытындысы 14 наурыз күні жарияланады.

Олимпиада туралы толық ақпаратты +7 700 978 59 22; +7 775 998 83 87 телефондары арқылы білуіңізге болады.

«Ахмет. Ұлт ұстазы» – ең үздік телехикая!

0

Қазақ қазақ деп қасық қаны қалғанша, еліне қызмет еткен, ұлт ұстазы атанған ұлы тұлға Ахмет Байтұрсыновтың құрметіне режиссер әрі сценарист Мұрат Есжан туындысын жарыққа шығарды. Қиындыққа толы қиыр жолды басынан өткерген Ахаңның ғұмырының басты әрі маңызды оқиғаларын Мұрат Есжан осы телехикаясында түсінікті түрде көрсетуге тырысты. Телехикая Ахметтің бала кезінен басталып, өрмелеп, өмірден кеткенге дейінгі уақыт шеңберін белгілейді. Негізгі сюжеті қазақ газеті маңайында ойнатылады. Қазақ газетасы 1913-1918 жылдары Орынбор қаласында жарияланып тұрған қоғамдық-саяси және әдеби басылым. Бұл газета қараңғы халықтың санасын оятуға, халықты ілім мен білімге дәріптеген. Қазақ газетасының басылуына түрткі болған жайт ол Ахмет Байтұрсынұлының Орынборға жер аударылуы еді.

Бірінші бөлімінен бастап телехикая көрерменге түрлі эмоциялар сыйлайды. Патша үкіметінің Қазақ халқына деген сұмпайы әрі жауыздық қарым- қатынасына көз жұмып қарай алмаған

Байтұрсынның бас көтеруі әділетсіз қудалаудың алғашқы көрінісі болды. 25 жылға кесіліп, Сібірге жер аударылар алдында ұлына деген соңғы өсиеті келесідей болды «…Қандай қиыншылық көрсеңде, аш болсаң да, қанша қорлық көрсеңде оқы, айтатын тілегім осы. Біздің үйде шешеңнің жанында маған хат жазатын балам болсын…» деген екен. Бұл оқиға 12 жасар Ахаңның сезіміне ерекше қатты әсер еткен…. Кейінірек телехикаяда Ахметтің ұстаздық еткен шағы баяндалады. Осы үзіндіде Ахметтің орыс шәкірттеріне емес,2 қазақ шәкіртіне көбірек көңіл бөлінуі, өзіне жақын тартуы ерекше суреттеледі. Бұл бейнелеуде осы шәкірттері Ғазымбек пен Қаппас ретінде кейінгі сюжет өрбуінде өз орындарын алады. Олардың бейнесі Ахаңды сыйлаған шәкірт ретінде көрсетілген. Одан бөлек телехикая желісінде байқағанымыз Міржақып Дулатұлының бейнесі. Ахмет Байтұрсынұлының замандасы Міржақып Дулатұлының кейіпкер бейнесі тым әсірелеп көрсетілген бе деген ойда қалдық. Себебі тарихта ол кісінің қызба мінезді болғаны рас. Бірақ Әліби Жангелдиннің қолын қайырып, Мұхамедиярдың «басын кесіп алу керек» деп жүрген Жақаң қазақ тарихында ерекше із қалдырған кең ойлы кемеңгерге қарағанда тыз етпе , ұрда-жық қалыпта көрініп қалған. Ал Сәбит Мұқановтың » Өмір мектебі » шығармасында Жақаңның бейнесі мүлде басқаша етіп суреттелген. Бірақ Ахаңның серігі ретінде тұлғалық бейнесі жақсы ашылғанын айта кету керек. Ахаңның сабыры , байсалдылығы һәм Міржақыптың тік,өршіл келбеті бір-бірін толықтырып туындыдан көпшілік қауымның шынайылықты көруіне түрткі болды.Ахмет пен Міржақыптың бір біріне деген адалдықтары барлығымызды тәнтті етті.Ахаңды қолдаған топ әрдайым халықты жақсы жаққа жетелегісі келді.Сондада бұларға көнбей көкіректікпен өз білгендерін жасаған біраз зиялыларды байқауға болады.Шығармаларын әдебиет үшін емес,халықтың мұңына жазған.Әр еңбегі өзінен өзі ғылымға айналған Ахмет бұл тұста ғұмырының біразын осылай арпалысып өткізді.Орыстың лингвистіннің өзі Ахаңды мақтап қазаққа қызығатынын, қызғанатындығын айтқан еді.Араб әріптерін қолданып жазып жүргенде Қаппас бастаған бір топ қазақтар ендігі әріпті латынға ауыстырайық деп «өзге түркі халықтары латынға ауысып жатыр…» деп сөз қозғаған еді, бейне бір басқа тірліктері жоқтай деп қолдамаған Алаштықтар.

Ахаң сондай көрегенді кісі еді, қанша қиыншылықта да қажығаны бетіне шығып тұрсада оны жасыруға тырысты.Россияның барлық жиналыстарына барып орыс товарищтеріннен қалмай пікір таластырған.Қазақтардың құқығын қорғады.Аяққа таптаған жетесіздерді орнына қойды.Қанша айдауға ұшырап жатсада осылай «қазағымның ұлдары,қыздары» деп жастардың қорланғанына қарай алмады.50 жылдық мерей тойында тыныштық бермеген опасыздардың кесірі тимей қоймады.Неше түрлімен ауыз толтырып айтып Ахаңның репутациясына әсер етсек деп бір күндік құнға сатылғандардың жүзін көрдік.Қалың қазағымның қайғысы бір деп ой танытқан Ахаңның өзі ерекше жақсы көрген жақындарының жоғары жаққа сатылғанын естігенде жүрегіне қанжардай қадалды.»Жау жоқ деме жаға астында» демекші атам қазақ заманнан іштен шығар сұмдардың болары белгілі ақ еді.Қой терісін жамылған қасқырлардың нақ өздері болды.Сол опасыз бейнедегі Қаппастың Ахаңға қарсы жазғандары талай рет Ахметтің аяғын шалды.Тергеуге түсіп түрменіңде қорлығын көрді.Әр тергеуде қазақтан шыққан тергеуші мырза Санғытов Ахметтен жауап алуға тырысатын.Санғытовтың өз ісін сүйіп айналысатын анық көрсеткен.Мінезі тік ,жүзі сұсты, қатыгез болған Санғытовтың Ахаңмен болған тергеулерден кейін жүрегінің түкпіріннен бір нәзік сезім жылт етуші еді.Әр сөзіме жауап табады деп басында бұлығып жүрген Санғытов,Ахаңның еңбектерін оқып өзі байқамай Ахаңды жақын тартатын.Оның шын мәнінде жаман пиғылы жоқтығын түсінгендей соңғы кездері тергеу уақытында созатын еді.Ахаңның әр сөзінен өзіне жылулық сезетін.

Өмірдің қарама қайшылықтары деген осы ма екен…Тұнбас нағыз еңбек адамының өмір сүрген заманының бұндай болғаны әрине ауыр тиеді. Мүмкін сол заманның қаталдығына, әділетсіздігіне қарсы шығар тұлға керек болды. Ай, қайдам көкіректері белең алған зиялылар ғана болғанда осы заманға дейін қалай болар едік оны ойлаудың өзі қорқынышты .Қазіргі біздің жайлы өміріміз үшін қаншама тұлғаның жанының қиналуына тура келгендігі, жанбай жатып сөнгендігі көзге жас ұялатады.

 

Авторлары: Мырзаайым Тасболат

Гаухар Нұролдаева

Дана Орынбасар

Оқытушысы: Рамазан Әбілдос

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстан тарихы

кафедрасының оқытушысы, г.ғ.м.

«Ахмет. Ұлт ұстазы» телехикаясынан алған әсерім…

0

Ахмет Байтұрсынұлы «Ұлт ұстазы» деген сөз тарихта жайдан-жай қалмағаны анық, белгілі. Қазақ елін қараңғы түнектен жарыққа алып, қазақ балаларын көзін ашуға аянбай еңбек етіп, осы жолда жарты өмірін құрбан етті. Көптеген қазақ балаларының сауатын ашуға, көзі ашық, көкірегі ояу болуына ұзақ еңбек етті. Ешқандай жағдайға қарамастан мектепте сабақ оқытып, тәлім берді. Қарарайым халықты қараңғы, надан болудан арылтуға, қалың ұйқыдан оятуға әрекет жасады. «Осы замандағы жан таң қалатын нәрсенің бәрі ғылыммен табылған: Адам баласының көкте құстай ұштырған да, дүниенің о шетінен бұл шетіне дейін жеткізген де ғылым, отарба мен откемені де жүргізген де ғылым. Яғни барлығы ғылымға келіп тіреледі», – деп Ахмет Байтұрсынов айтады. Осы ғылым жолында сіңірген еңбегі зор.Қазақ әліппесін жазады, орыс тілді сөздерді қазақ тіліне аударады. Қазақ тілінің дамуына бірден-бір үлес қосады. Тек білім берумен шектелмей, өз бойындағы асыл құндылықтарды, жақсы тәлім-тәрбиені бойына сіңіруге тырысқан. Жан-жақты, парасатты адам. Көптеген үлгі алуға болады. Ұстаз дегенде ойымызға қандай адам келеді? Әрине ақылды, дана, көрікті деп айтсақ болады. Осы сипаттамаға бірден Ахмет Байтұрсынұлын жатқызсақ болады. Ахмет Байтұрсынұлы өз заманында өте әдемі адам болған. Қай жерде болмасын классикалық үлгіде қара костюм шалбар киіп жүрген. Осы тұста кинодан ұстаздар сондай интелегентный адам екенін анық көрсетті. Басқа адамдар көрген кезде тамсанатындай, сондай болуға қызығатындай болу қажет.Ахмет Байтұрсынұлыдан осы қасиеттерді көре аламыз, түртіп алуға болады. Және де ол қарапайым жұмыстарды жасаудан ешқашан тартынбаған. Оған дәлел ретінде медпунктта жұмыс жасаған кезін атап өтсек болады. Қандай жұмыс жасасада, сол арқылы табыс тауып, отбасысын асырады. Сондада кітаптар жазды, газеттің шығуына көп көңіл болды. Қандай қиын жағдай болмасын елін ойлады. Алайда Қазақтың «Ұлт ұстазы» еден жуып жүргені, қынжылтады.

«Ұлт ұстазы» киносының екінші бөлімінде «Қазақ» газетінің шығуына аянбай еңбек еткен көрініс жай табады. «Қазақ «газетінің шығуының мақсаты қазақ елінің көзін ашу болады, қазақ халқының, келер ұрпақтың болашағын ойлауы еді. Алдына келген ешқандай қиындықтарға мойынсынбай, қаржы мәселесінде ескермей, салықтан да бас тартпай, ойланбастан түрмеге түседі. «Қазақ» газеті қалай да болмасын шығу қажет деп жұмыс жасады. Түрмеге отырар кезінде М. Дулатовқа айтқаны мен түрмеге отырамын, сен сол ақшаға мақалалар жазып, газеттің басылым сандарын көбейтуін, бүкіл Қазақ халқына таратуын қажет деп айтады. «Қазақ» газеті қазақ халқының қалыптасуына үлес қосқан бірден бір газет болып табылады. «Қазақ» газетінің басты бетінде киіз үй бейнеленді, Қазақ сөзі жазылды.»Қазақ» газеті деп аталмағанда, «қырғыз»,» киргиз» деп шақырылғанда, еш қарсылықсыз жауап беретін болған.Ахмет Байтұрсыновтың еңбектерінің арқасында қазіргі таңда бүкіл жастарға өнеге, біз содан үлгі алуымыз қажет. Сол кісідей болуымызға тырысу қажет!

 

Авторы: Ұлмерей Шалқарбек

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 1-курс студенті

Оқытушысы: Рамазан Әбілдос

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы, г.ғ.м.

«Ахмет. Ұлт ұстазы» тарихи драмалық телехикаясы туралы

0

«Қазақстан» телеарнасында көрсетілген «Ахмет. Ұлт ұстазы» атты сериал көпшілік халықты өзіне баурап алғаны анық. Бұл сериал 20 ғасырдағы қазақ халқының сауатын ашып, келешек ұрпаққа «қазақ» деген атымыз, мәдениетіміз қалсын деп еңбек еткен қазақ зиялыларының бірі- А.Байтұрсынов туралы түсірілген.

Сериалда көптеген тарихи тұлғалар кездеседі. Ал олардың әрқайсысын сомдай алатын актерлерді табу өте қиын. Сондықтан ең алдымен актерлік құрам жайлы айта кету керек деп ойлаймын. Басты рөлді сомдаған Байғали Есенәлі Ақаңның мінез -құлқын, сөйлеу байыпы мен темпераментін айқын көрсете алды деп ойлаймын. Тек ол ғана емес басқада кейіпкерлерді сомдаған актерлер де өз міндетін жақсы атқарып шықты.

Ал енді тікелей сюжетке келетін болсақ, мұнда А.Байтұрсыновның 20 ғасырдағы өмірі бейнеленген. А. Байтұрсынов «қазақ» атты газет шығарудың маңыздылығын халыққа түсіндіріп, олардан қолдау көрсетуі жайлы келіссөздер жүргізіп, халықтын сауатын ашамын, келешек ұрпаққа өз мәдениетімізі қалдырамын деп жүрген кезде жанындағы досы Мұхамедияр бәрін губернаторға жеткізіп отырған болатын. Сол кезде губернатор газеттің шығарылуын тоқтату мақсатында А. Байтұрсыновқа губерниялық іс жүргізуші деген қызметті ұсынады. Бірақ Ахаң өз ұстанымында қалып, бас тартады. Тіпті оны түрмеге қамаған сәтте әйелі Бадрисафаның (Александра) ішіндегі баласы щетінеп кеткенде де өз жолынан таймай, бұл газетті шығарудан бас тартпайды. Газет жарыққа шыққан кезде де патша үкіметі оны жауып тастау үшін тірлі айла- амалдар жасаған болатын. Сол кезде де А.Байтұрсынов газетті жауып тастамау үшін өз еркімен түрмеге отырады. Бұл Ахаңның халыққа деген жанашырлығын көрсетеді. Телехикаяда тек Ахаңның халыққа жасаған қызметі ғана емес оның жеке өмірін де қысқаша бейнелейді. Сонымен қатар сериалда кейіпкерлердің өзгеруін анық байқауға болады. Мысалы, тергеуші Санғытов ең басында тек патша үкіметіне қызмет етіп, өз халқының азаматтарын талай патша үкіметіне қарсы деп ттүрмеге жапқан болатын. А.Байтұрсыновты да түрмеге жабу үшін оның өбірбаянын, өлеңдерң оқып өз ойын өзгертеді, А.Байтұрсыновты тергеуден бас тартады. Бұл оқиғаның қаншалықты тарихи шын, өтірігін білмеймін. Бірақ ол адамға деген сенімді жоғалтпауға көмектеседі. Қанша дегенмен біз пендеміз. Әркім бұл өмірде қателеседі, ал сол қателікті мойындай алу үлкен ерлік деп білемін. Ал А.Байтұрсыновты ату жазасына кесуге ат салысқан өзінің бұрынғы шәкірті Қаппас еді. Ол өзін аман алып қалу үшін Ахаңға жала жабады. Бірақ бұл оны өлімнен құтқара алмады. Өзінің қателігінің әсерінен өз өмірін сақтай алмады және басқаны өмірінен айырды. Әрине, бен оны және Тұнғаншинді істеген қателіктері үшін күнә артпаймын. Себебі мен ол заманды көрген жоқпын. Ұлт үшін күресуге де үлкен батылдық керек. Себебі ол кезде тек саған ғана қауіп төнбейді,сенің отбасың, туғвн туыс, бауыр , досыңдыда қудалайды. Сондықтан біреуді айыптамай тұрып, сол адамның орнында не істейтін едің, соны бір ойлап қойған жөн.

Сериалда көрсетілген оқиғалардың көбісі бізге тарихтан белгілі. Сондықтан бұл сериал бізге қиалымызды іске қосып , сол заманды елестетуге көмектеседі. Осы орайда «Міржақып. Оян қазақ» атты телехикая жайлы да айтқым келеді. Бұл екі сериалдың режиссері , сценаристі бір адам. Сондықтан рөлдерді де сол актерлер сомдайды. Бұл сериалда Міржақып Дулатовтың темпераментін , ашушаң мінезін Бақыт Қажыбаев мүлтіксіз ойнап шықты деп ойлаймын. Әрине, бұл екі сериал көркемдік телехикая болғаннан кейін, кейбір жерлері ойдан шығарылып, кей жерлері асыра сілтеп көрсетілген. Бірақ оны сериалдардың артықшылығы не кемшілігі деп дөп басып айту қиын. Себебі әр көрерменнің өз ойы , қалауы бар.

Мен «Қазақстан» арнасының осындай сериалдарды шығаруын құптаймын. Бұлардың арқасында қазақ зиялыларының өмірін әр қырынан байқауға болады. Сондықтан осы сериалды әлі көрмесеңіз, көруге ұсынамын. Себебі қазақ зиялыларының бұл күресін көре отырып, қазақ жастарында патриоттық сезім оянатынына күмәнім жоқ.

 

 

«Ахмет.Ұлт ұстазы» сериалының артықшылықтары

 

Басты сериал,жанрлық және сериалдың ішіндегі басты мәселе жақсы көрсетілген,яғни Ахмет Байтұрсыновтың ұлы ұстаз ретіндегі сипаты мен көрермендерге деген әділетті адам екені анық көрсетілген.Сериалдағы эмоциялық бейне жазбалар өте жақсы берілген.Яғни,Көрермендерге қазақ ретіндегі,ұлттық,патриоттық сезімі оятуға деген назар өте жақсы жасалған.Басты кейіпкерге келетін болсақ,Ахмет Байтұрсыновтың рөлін,сипатын шынайы әрі керемет жеткізген.

 

Сериалдағы,шынайылық пен,әділеттілікті айнық көрсеткен. Сериалдың бюджетіне қатысты да көп дүние айтылды. Мұны жұпыны сахна­лардан, жарық пен локациялардан, киім­дерінен, декорациядан байқауға болады.

 

Актерлардың берілген сезімдері мен сөйлеу өнерлері,шығармашылық жағынан бай деп айтса болады.Қимылдары мен жесттері,жасаған идеяларының бәрі айқын әрі нақты көрсетілген.Сатқын жасағандары,атылу кездері мен жазалау уақыттары жүрекке қатты тиіп,біраз көз жастөгуге болады

 

Бұған түсірушілер тобының да айтуға болады.Соңғы жылдары тарихи тұлғалар туралы біраз сериал түсірілді. Олардың барлығы сәтті шықты деп айта алмаймыз. Өкінетін де кездер болды. Көпшілік драматургияға сын айтып жатады. Кейбірінде актерлер дұрыс таңдал­майтын. Бұрын сериал көргенде тақпақтап сөй­лейтін театр әртістерін көретін едік. Бұл жолы эмоция бар, әр актер өз кейіпкерін дәл тапқандай. Телехикаядан мұн­дай кемшіліктер байқамадық.Актер тура өз рөлін ойнап жүр­гендей. Ахмет Байтұрсыновқа жазалған образы ерекше есте қалды.

 

Қалай десек те, «Ұлт ұстазы» өз кө¬рер¬менімен қауышты.

 

Менің көзқарасым бойынша,өте қатты сезімге берілетін бейнежазбалар көп болды және осыдан кейін мен

Қазақ сериалдарының көбірек шығуына кеңес беремін

 

«Ахмет.Ұлт ұстазы» сериалының кемшіліктері

 

 

 

Сериал көрнекті лингвист және қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен қызметінің тарихына қызықты жолдама болды. Дарынды жасаушының жетекшілігімен әр эпизод Қазақстан тарихындағы осы ұлы адамның құпиялары, трагедиялары мен жеңістерін ашатын бетке айналды.

 

Байғали Есеналиев тамаша орындаған басты рөл біздің алдымызда Байтұрсыновтың тұлғасын жандандырды. Есеналиев кейіпкердің күрделілігін, оның ұмтылысы мен ішкі жанжалдарын шебер жеткізіп, көрермендерге оның жан дүниесінің тереңіне енуге мүмкіндік берді.

 

Сериалдың күшті жақтарының бірі-тарихи контекстке назар аудару. Көрермен Байтұрсынов өмір сүрген уақыт рухын сезіне отырып, ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы атмосфераға қатысады. Макияж, костюмдер, декорациялар – бәрі жанмен жұмыс істейді, бізді өзгеріс пен бостандық үшін күрес дәуіріне батырады.

 

Сценарий оқиғалардың жеке оқиғаларын жалпы әлеуметтік қиындықтармен үйлесімді түрде үйлестіреді. Қазақ жазуы мен ұлт-азаттық қозғалысын реформалау туралы әңгіме эмоционалды құрамдас бөліктің маңыздылығын жіберіп алмай, тарихи фактілерге құрметпен ұсынылған.

 

Музыкалық сүйемелдеу шынайы және үйлесімді дыбыстық кенеп жасай отырып, сюжеттің эмоционалды реңктерін баса көрсетеді. Әр нота оқиғаны толықтыратын сияқты, оны жаңа қырынан ашады.

 

Жалпы, сериал кинематографиялық шығарма ғана емес, сонымен бірге ел тарихында әсерін асыра бағалау қиын жеке тұлғаның ескерткіші. Сериал көрермендерді таң қалдырады, бұл көрнекті адамның Қазақстанның ұлттық сипатын қалыптастыруға қосқан үлесі туралы құрмет пен терең хабардар етеді.

 

Сериал Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаянын керемет жаңғыртып қана қоймай, ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы зиялы қауымның алдында тұрған қиындықтарға баса назар аудара отырып, маңызды әлеуметтік-мәдени тақырыптарды қозғайды. Сериалдың бір адамның ғана емес, сонымен бірге тарихтың қиын кезеңдерін бастан өткерген барлық зияткерлік элитаның тағдырына қалай қарайтыны керемет.

 

Байғали Есеналиев Байтұрсыновтың бейнесін бейнелеу міндетін өте жақсы атқарады. Оның актерлік шеберлігі лингвистің құмарлықтары мен ұмтылыстарын жеткізіп қана қоймай, сериалға ерекше қуат береді. Есеналиев көрермендерді Байтұрсыновтың өмірінің барлық бұрылыстарынан оңай өткізеді, оның өзі оның бейнесіне айналады.

 

Сондай-ақ, сюжеттің жалпы үйлесімділігіне өз үлесін қосып, қосалқы кейіпкерлердің бейнелерін толықтыратын керемет актерлер ансамблін атап өтеміз. Актерлік құрамның әр мүшесі өз рөлін жарқын және сенімді түрде ойнайды, бұл сериалға қосымша тереңдік береді.

 

 

 

Сериал ерекшелендіретін маңызды сәттердің бірі – мұқият ойластырылған визуалды стиль.

Архитектуралық Бөлшектерді қайта құрудан бастап, реквизиттерді таңдауға дейін, әр кадр көрерменді өткен онжылдықтардағы атмосфераға батыра отырып, бөлшектерге деген сүйіспеншілікпен жасалған.

 

Тұтастай алғанда, бұл сериал керемет тарихи сериал ғана емес, сонымен қатар тарихқа деген терең таңданыс пен қызығушылықты оята алатын өнер туындысы. Оның нұрының астында біз көрнекті тұлғаның өмірін ғана емес, оның мәдени прогресс пен бостандық жолын жарықтандырған отын да көреміз.

 

Сериалдың сапасын бағалау субъективті және көрерменнің жеке қалауына байланысты болуы мүмкін болса да, сыни көзқарастар немесе кемшіліктер де бар:

 

Тарихи жеңілдетулер:

 

Мүмкін, сценарийді жеңілдету немесе уақытты қысу үшін тарихи оқиғаларды дәл жеткізуде белгілі бір жеңілдіктер жасалған шығар.

 

Көркемдік лицензиялар:

 

Кейбір көрермендер жазушылардың оқиғалар мен кейіпкерлерді сипаттау кезінде көркемдік лицензияларды қаншалықты қолданғаны туралы ескертулер айтуы мүмкін.

 

Қосалқы кейіпкерлердің тереңдігінің болмауы:

 

Екінші реттік кейіпкерлер жеткілікті назар мен тереңдікке ие болмады, бұл оларды Ахмет Байтұрсыновтың жарқын тұлғасы аясында аз қызықты және аз байқалды.

 

Сюжеттің қарқыны:

 

Кейбір көрермендер сериал тым баяу немесе керісінше қысылған болуы мүмкін деп есептеп, сюжеттің қарқыны туралы ескертулер айтады.

 

Оқиғалар сипатындағы өзгерістер:

 

Сюжетте тарихи оқиғалардың сипатында айтарлықтай өзгерістер бар, бұл фактілерді қатаң сақтауды күткендердің наразылығын тудырды.

 

Стандартты өмірбаяндық тақырыптар:

 

Кейбір сыншылар өмірбаяндық фильмдерге тән стандартты тақырыптар мен сюжеттік құрылғылардың қолданылуын атап өтті.

 

Драманың көптігі:

 

Жазушылар драмалық элементтерді асыра бағалайды және тым күрделі сюжеттік бұрылыстар жасайды, бұл шамадан тыс және кейбір жағдайларда шындыққа жанаспайды.

 

Авторлары: Марал Башек,

Гүлім Тлеубергенова,

 Сымбат Сейтжапарова

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 1-курс студенттері

Оқытушысы: Рамазан Әбілдос

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы,

г.ғ.м.

Құны азаймаған – «Оян қазақ»

0

Міржақып Дулатұлы – қазақ тарихындағы шоқтығы биік тұлғалардың бірі. Өмірінің соңына дейін, қазақтың болашағы мен тағдыры үшін күресіп өткен болатын. Бірақ та, «Міржақыптың образы мен шынайы бейнесі сәйкес келеді ме?», осы сұрақтың жауабын іздеп көрелік. Фильмнен біз Міржақыптың қайтпас қайсар мінезін, тайсалмай тік сөйлеуін, елі үшін шынайы жанашырлығын байқай аламыз. Расында бұл мінез Міржақыптың образын аша алды. Оған дәлел ретінде 1913 жылы құрылған «Қазақ» газетін айта аламыз. Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының басшылығымен жасалған бұл газет, сол уақытта үлкен танымалдылыққа ие болды. Оның бірден-бір себебі, Міржақыптың мақалалары болатын. Өткір мінезділігімен, өзекті тақырыптарымен және жазу ерекшелігінің арқасында, «Қазақ» газеті танылды. Түйіндей келе, Міржақыптың образы мен тарихи бейнесі сәйкес келеді, деп, дөп басып айта аламыз. Келесі мәселе, «Оян қазақ» фильмінде көтерілген мәселелер. Менің ойымша, «Оян қазақ» фильмінде, үкімет тарапынан көрсетілген қысымнан бұрын, жалпы идея қазақтың көзін ашу, яғни білім мәселесі болды. Өлеңнің өзіне мән беріп қарар болсақ, қазақтарды білім алуға, сауатты болуға шақыратындығын түсінуге болады. Сонымен қатар көркем туындыда, әлі күнге дейін жарасы жазылмаған, қазақтың-қазаққа деген сатқындығын бейнелейді. Ішіндегі көреалмаушылығының кесірінен, өзінің қазақ бауырын орыстың алдына жығып береді. Не болмаса, «жеп қалсам», «ішіп қалсам», «көріп қалсам», деген, нәпсінің қалауын қанағаттандыру үшін, бірінің атын бірі жамылып, айламен өмір сүргендерді де көрсетті. Расында бұл жағдайларды жоққа шығара алмаймыз. Себебі, сол заманда қазақтың аяғынан шалған, тек өзіміздің қазақ болды. Осынау бір үлкен мәселені «Оян қазақ» фильмінде көркем түрде көрсете алды.

Қорытындылай келе, «Оян қазақ» фильмі, қазақ кинемотографиясындағы тарихи фильмдердің көшін бастап тұр десек, артық айтпаймыз. Тарихи деректер мен ұлттық құндылықтарды ұштастыра отырып, халықтың рухын көтеріп, өз өткенімен мақтанатындай дәрежеге жеткізу – үлкен шеберлік. Сонымен қатар ХХ ғасыр басындағы ұлттық саяси элита қызметі мен өміріне қаьтысты нақты тарихи деректер негізінде Қазақстан тарихы пәнінің лекция курсында тарихи деректерді де талдадық.

 

Будайбекова Жанерке

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің

1-курс студенті

Жетекшісі: Хасанаева Л.М.

«Тәуелсіздік — тұғырым» атты ертеңгілік

1

Мақсаты:
1) Балаларға тәуелсіз мемлекет туралы түсінік беру балалардың Отанға деген сүйспеншіліктерін арттыру. Қазақстан Республикасының мемлекетік рәміздері: Елтаңба, ту, әнұран туралы білімдерін қалыптастыру. Отан туралы тақпақ, мақал-мәтелді жатқа айтуға үйрету. Патриоттық сезімге баулу.
2) Балалардың тіл байлығын ой-өрісін, сөзді байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту.
3) Елімізді, жерімізді қадірлеуге, сүюге тәрбиелеу.

Бекболат Тілеуханнның«Елім менің» әні.

Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар!

«Тәуелсіздік-тұғырым» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Барша халық таныған,
Біздің үміт тілекті.
Шырқалғанда әнұран,
Шаттық кернер жүректі.

— Әнұранды орындау

Тәрбиеші: Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?

Балалар: Қазақстан республикасы.

Жүргізуші: Қазақстан қандай мемлекет?

Балалар: Қазақстан тәуелсіз, егеменді мемлекет.

Жүргізуші: Балалар, бүгін міне осы Тәуелсіздік мерекесі күні. Еліміздің тұңғыш президенті кім?

Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Жүргізуші: Еліміздің елордасы қай қала?

Балалар: Астана.

Жақсы балалар.

Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын — қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Ал 1986 жылғы оқиға халықтың есіне мәңгі сақталады. 16 — желтоқсанда қазақ жастары орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. Бұл күн — Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкіл халықтық мереке.

— Балалар, біз осы тәуелсіздікке оңай жеткен жоқпыз. Оның бір көрінісі желтоқсан оқиғасы.
Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер өте көп, солардың бірі — Қайрат Рұсқұлбеков. Ол қыршын жасын қиды. Оған үлкен айып тағылды.
Ерлігіне қуанам да, сүйенем,
Қайрат аға рухыңа мен иілем.
Бәйшешектің солғанына ах ұрсам,
Әділ жанның қазасына күйінем.

Лаззат Асанова 1970 жылы өмірге келген. Желтоқсан оқиғасына Алматы қаласындағы музыка училищесінде оқып жүрген кезінде қатысқан еді. Ол не бәрі 16 жаста еді, және Сабира Мүхамеджанова, Ербол Спатаев деген жастарымыз желтоқсан оқиғасында ерліктерімен көзге түскендер.
Осыдан 29 жыл бұрын, яғни 1986жылы Алматының бас алаңына жастар жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан. Енді міне, осы желтоқсан котерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата — бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік
Бас алаңда ел жосқан
Жастар қаны жуған түн.
16 желтоқсан —  Тәуелсіздік туған күн!
Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз.
Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып, үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елі мен жеріңді көркейтіп Қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар. Ендеше мерекеге арнаған тартуларыңды ортаға сала қойындар.

Тәрбиеші: Мұз жастанып азаматтық жолында,
Тәуелсіздік туы тұрды қолында.
Жеңіп шықты, бас имеді, қасарып
Сойыл таяқ ойнаса да жолында
Желтоқсан-ау, ұмтылмайсың жүректе
Ұрпақ өсер айналатын тірекке
Егемендік тиді міне еншіме
Желтоқсаным, жеткіздің ақ тілекке.

1.Нұрғанат

Бақытым Республикам Қазақстан
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан
Соған жетпес құшағы әлемнің де
Қыс болса бір шетінде жаз ауысқан.
Отан туралы тақпақтарымызды айтайық.

2.Каусар

Отанның қасиетті тілін сүйем,
Отанның қасиетті күнін сүйем.
Отан, Отан, Отан!
Бәрінен де биік екен!
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.

3.Сания

Бейбіт таңдар арайлап атады,
Туған жерді аймалайды шапағы.
Байтақ елім-ұлы Қазақстаным!
Ең бақытты балалардың Отаны.

4.Айбол

Қазақстан — азат елім,
Таңғажайып туған жерім.
Тек сен үшін мақтанамын,
Қазақстан – елім менің.
Астана арман қала,
Бағы бір жанған қала
Тұрасың жап-жас болып,
Мен үлкен болғанда да

5.Искандер

Көгінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!

6.А.Әлихан

Отан деген – атамекен
Отан деген – туған жер.
Отан – ана, Отан – үлкен.
Қазақстан – туған ел

Тәрбиеші:

Рәміздерім елдігімнің белгісі
Білу керек баладағы ең кіші
Әнұран, Ту, Елтаң ба
Рәміздерді жатқа білсін әр кісі.
— Балалар рәміздерімізді кім атап береді?

Дұрыс айтасыңдар балалар!

7. С.Айару

Елтаңбасы елімнің,
Неткен әйбат әдемі.
Тұнығындай көңілдің,
Ортада аспан әлемі.

8.Елнар

Құт береке шаңырақ,
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ,
Екі жақтан көмкерген.

9.Жания

Тәуелсіздік жолында,
Талай-талай тер тамған.
Билігім өз қолымда,
Еркіндігім – Елтаңбам

10.Ерке

Мерекеге шығады,
Бүкіл халық біліп қой,
Отандастар ұғады,
Тәуелсіздік ұлы той.

11.Айгерім

Алтын дәнді даласы бар,
Ақ күмістей қаласы бар.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!

  1. Әділет

Көк аспандай тулайтын,
Желтоқсанның күні бұл.
Елім деген ұлдардың,
Елжірейтін күні бұл.

13.Нұрәли

Өзімдікі туымда,
От пен ауа суымда.
Жаса Қазақстаным,
Белді бекем буында!       

Тәрбиеші:

Кең байтақ көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің,
Бүгінде бар әлемге даңқың жеткен
Тәуелсіз Қазақстан елім менің.

Тәуелсіздік туралы тақпақтарын айтады

14.Мухаметқали

Бақыт құсы қонды ғой,
Менің туған жеріме.
Тіліміз бен дініміз,
Қайта келді еліме.

15.Нұрислам

Тәуелсіздік туымыз,
Тәуелсіздік сырымыз.
Арналады тек саған,
Ән менен күй жырымыз.

16.Н.Айару

Аялап ару ананы
Өсірген еркін баланы
Бесігін бөлеп тербеткен
Отаным Қазақстаным

17.Нұресіл

Отан менің ата-анам,
Отан досым,бауырым.
Отан өлкем,астанам,
Отан туған  ауылым.

18.Раяна

Ер еңбегі шалқып тасқан,
Ел өркендеп бақыт тапқан.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!

Тәрбиеші:

Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың, елдігің.

Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!

19.Ерхан

Теңесер көкпен төбесі
Ойының биік өресі
Емендей өзі жігерлі
Қайратты қайсар Ер осы!

Тәрбиеші: Енді міне біз тәуелсіз ел болдық.
Басқалармен терезесі тең болдық
Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай
Отан үшін болуға да құрбандық.

20.Алғыс

Тәуелсіздік-тірегім,
Тәуелсіздік –тілегім.
Ертеңі деп елімнің,
Дүрсілдейді жүрегім.

21.Ш.Алихан

Жасасын азат ерлік күн
Жасасын бейбіт елмен жер
Бостандық алған қазақтың
Мәртебесін көрсін ел.

Қазақстан – атамекен, құт қонған жер,
Кең дала, суы мөлдір, нұр тұнған жер
Көкорай белестері мақпал кілем
Қырлары қызғалдағы құлпырған жер.

Атамекен әні топ балаларының орындауында қабыл алыңыздар.

Тәрбиеші: Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз. Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып,үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар.

 

Сәрсенбі Гүлмарал Амангелдіқызы

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Тескенсу ауылы, Жамбыл атындағы орта мектеп

«ӨЗГЕРIS» МЕНТОРЛЫҚ ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

0

Алматы облысы, Талғар ауданы, «Ақ Бұлақ» демалыс орнында бастау алған «ӨзгерIS»  менторлық оқыту бағдарламасы өз мәресіне жетті. Шара ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен «Алматы студенттер Альянсы» ұйымының ұйымдастыруымен «Ules» жобасы аясында ұйымдастырылды.

Бес күнге созылған менторлық оқыту бағдарламасында жастар тұлғалық даму, кәсіпкерлік, қаржылық сауаттылық, кәсіби бағдар беру (профориентация), медиа бағыттары бойынша, сала мамандарынан тәлім алып, білімдерін шыңдады. «ӨзгерIS» менторлық оқыту бағдарламасына республиканың түкпір-түкпірінен 100 жас қатысты. Қатысушылар арасында студент, жастар қызметкерлері, ұстаздар, кәсіпкерлер және түрлі сала мамандары болды.

Әр түрлі аймақтан келген қатысушылар бір-бірімен таныстық орнатуы үшін арнайы психологиялық тренингтен өтті. Теолог, дінтанушы, психолог Нұрлан имам Байжігітұлының «Қазақ даласындағы руханият» тақырыбындағы рухани дәрісін тыңдады.

Алматы қаласы мәслихатының VIII шақырылым депутаты, Паралимпиада спортшысы Серік Есматов бағдарламамызда қонақта болып, «Қиындықтарда қалай сынбау керек?» тақырыбында жоба қатысушыларына мотивациялық дәрісін оқыды.

Педагог-тренер, Ustart жобасының жетекшісі, «Үйренуді үйрену» курсының спикері Ескендір Бестай және  медиасарапшы, блогер, саяхатшы (57 ел) Өркен Кенжебек, сонымен қатар, журналист, оратор, дауыс және дикциямен жұмыс маманы Қаракөз Амантай,  қазақ Standup негізін салушы Нұрмахан Ахметов,      «Алтын көпір», «100 LEADER» жобаларының авторы Алмас Қылыш мырза және @zhancoffee желісінің негізін қалаушы Жанбол Нұрмұханбет мырза бағдарлама қонағы ретінде, бағдарлама қатысушыларымен кездесіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Сонымен қатар қатысушылар спорттық сайыстан өтіп, шығармашылық таланттарын да паш етті. Менторлық бағдарламаның бесінші күні, дайындалған менторлар «Тұлғалық даму», «Медиа», «Қаржылық сауаттылық», «Кәсіпкерлік», «Профориентация» бағыттары бойынша жоба қорғады.

Шара соңында ментор ретінде даярланғаны үшін, оқыған бағыты бойынша арнайы сертификат табысталды. Алматы қаласында жоба қатысушыларымен «Міржақып. Оян қазақ!» кинокөрсетілімі өткізілді. Кинокөрсетілімнің қонағы ретінде, фильмнің қоюшы-режиссері Мұрат Есжан мырза шақыртылды.

Алматы студенттер Альянсы КҚ атқарушы директоры Жасұлан Бостандықұлы жоба қатысушыларын, шараның аяқталғанымен құттықтап, өзінің ізгі тілегін білдірді: «Құрметті жоба қатысушылары, бес күндік шараны өте жоғары деңгейде өткізгендеріңізді көруге болады. Бес күн ішінде, осы алған білімдеріңізді ұмытпай, әрі қарай жетілдіріп, өздеріңізден кейінгілерге үйретіп, пайдалы білім ретінде пайдаланатындарыңызға сенімім мол. Алдағы ағымдық жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін!»

Менторлық бағдарлама қатысушылары өздерінің пікірлерімен бөлісіп, бес күндік шараның қызықты өткендігі туралы ой бөлісті.

Жоба қатысушысы Қызайбай Әлібек Қайратұлының пікірінше, ӨзгеріIS менторлық бағдарламасына келіп, көптеген білім, жаңа инсайттар алдым. Сонымен қатар, ұйымдастырушылық жағына келер болсақ, ұйымдастырушылар барлығын жоғары деңгейде ұйымдастырған, өте керемет болды, жоғары дәрежеде өтті. Кездесулерден бөлек, спорттық, интелектуалдық, спартакиадалық жарыстар ұйымдастырылды. Бес күн ішінде, тек бағыт бойынша, бір ғана спикерден  білім алған жоқпыз, қонақ ретінде, күнделікті спикерлер, өз саласында жетістікке жеткен тұлғалар келіп, біздерге тәжірибесемін бөлісіп отырды.Осының барлығын ұйымдастырған, «Алматы студенттер Альянсына» үлкен алғысымызды білдіреміз! Жастар саясатына үлес қоса берейік!

Сонымен қатар, менторлық бағдарламада белсенді болып, үздік деп танылған қатысушыларға, ҚР Мәдениет және ақпарат Вице-министрі Кочетов Евгений атынан алғыс хат табысталды. Алдағы уақытта жоба аясында дайындалған менторлар өз өңірлеріне барып, кемі 50 жасты ақпараттандыруы қажет.

 

«Алматы студенттер Альянсы» ұйымының баспасөз қызметі

Дәстүрлі республикалық «Үздік педагог» қашықтық олимпиадасы басталды

0

Үздік қазақ тілді білім сайты – Qaztest.kz онлайн олимпиада ұйымдастыру комитеті Абай атындағы ҚазҰПУ-мен жасалған меморандум аясында республикамыздағы білікті педагогтарды анықтау және оларды қолдау мақсатында VІ Республикалық «Үздік педагог» қашықтық олимпиадасын (бұдан әрі Олимпиада) өткізеді.

Олимпиадаға білім беру ұйымдарында қызмет жасайтын оқытушылар, мектеп мұғалімдері және мектепке дейінгі ұйым қызметкерлері қатыса алады. Олимпиада тапсырмалары мұғалімдер мен мектепке дейінгі ұйым қызметкерлеріне жеке-жеке дайындалады.

Олимпиада qaztest.kz сайтында өтеді.

Олимпиада екі кезеңнен ұйымдастырылады. Олимпиада 2023 жылдың 25 қыркүйек пен 21 қазан аралығында өткізіледі. Екінші кезеңге іріктеу кезеңінен 17 ұпайдан жоғары жинаған қатысушылар ғана қатыса алады. Екі кезеңді де олимпиада өткізілетін уақыт аралығында тапсыруға болады.

Қорытындысы 23 қазан күні жарияланады.

Олимпиаданың екінші кезеңінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар, Үздік ұжымдарға арнайы плакетка беріледі. Республика бойынша екі кезең нәтижесін қоса алғанда ең жоғары ұпай алған қатысушылар «Үздік педагог» төсбелгісімен және 24-25 ұпай жинаған қатысушылар «Құрмет грамотасымен» марапатталады.

Олимпиада туралы толық ақпаратты +7 700 978 59 22; +7 775 998 83 87 телефондары арқылы білуіңізге болады.

 

VІ Республикалық «Үздік педагог» қашықтық олимпиадасының

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕСІ

  1. Жалпы ереже

1.1. Qaztest.kz қашықтық олимпиадасының осы Ережесі (әрі қарай – Ереже) олимпиадаларды ұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтайды (әрі қарай – Қашықтық олимпиада);

1.2. Қашықтық олимпиада жайлы мәліметтер және қорытынды нәтиже qaztest.kz сайтында жарияланады;

1.3. Олимпиада qaztest.kz сайтында 2023 жылдың 25 қыркүйек пен 21 қазан аралығында өткізіледі;

1.4. Олимпиадаға білім беру ұйымдарында қызмет жасайтын оқытушылар, мектеп мұғалімдері және мектепке дейінгі ұйым қызметкерлері қатыса алады;

1.5. Қашықтық олимпиадаға қатысу – ақылы,  ерікті негізде жүзеге асырылады.

1.6. Олимпиада марапаттарын үшінші тараптың қатысуымен бейресми негізде заңсыз алу жарамсыз боп танылады. qaztest.kz сайтындағы «Марапаттарды тексеру» батырмасы арқылы әрбір қатысушы өзінің марапаттарын тексере алады. 

 

  1. Республикалық олимпиаданың мақсаты мен міндеттері:

2.1. Мектеп мұғалімдерінің педагогика және тәрбие мен оқыту әдістемесі бойынша білім деңгейін тексеру;

2.2. Мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерінің мектепке дейінгі педагогика пәні бойынша білім деңгейін тексеру;

2.3. Педагог мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру және республикамыздың үздік білім беру саласы қызметкерлерін марапаттау.

 

  1. Республикалық олимпиаданы өткізілуі мен тәртібі:

 3.1. Олимпиада екі кезеңнен, әр кезең 25 сұрақтан, барлығы 50 сұрақтан тұрады.

3.2. Екінші кезеңге іріктеу кезеңінен 17 ұпайдан жоғары жинаған қатысушылар ғана қатыса алады. Екі кезеңді де олимпиада өткізілетін уақыт аралығында тапсыруға болады.

3.3. Әрбір тапсырманың бір ғана дұрыс жауабы бар және тест нұсқалары екінші рет қайталанбайды;

3.4. Қатысушы ең көбі 3 рет тест тапсыра алады. Ең жоғарғы нәтижесі есепке алынады;

3.5. Тестілеуден өту үшін қатысушыға 50 минут уақыт беріледі. Уақыт біткеннен кейін автоматты түрде тестілеу аяқталады және тестілеу нәтижесі экран бетіне шығарылады;

3.6. Олимпиадаға төлем жасағаннан кейін ғана қатысу мүмкіндігі ашылады;

3.7. Қатысушылардың марапаттары автоматты түрде электронды почтасына жіберіледі және жеке кабинетіндегі «Сертификат-Диплом» бөлімінде сақталады.

 

  1. Олимпиада қатысушыларына қойылатын талаптар:

4.1. Қатысушы ешкімнің көмегінсіз тапсырмаларды өзі орындауы тиіс;

4.2. Қатысушының атынан өзге біреудің қатысқандығы құрылғының IP адресі арқылы анықталады. Расталған жағдайда қатысушының нәтижесі толықтай жойылады;

4.3. Олимпиада барысында кері батырмасын басуға және басқа бетке ауысуға болмайды;

4.4. Тестілеу парақшасын жауып алған жағдайда тестілеуге берілген уақыт ішінде «Менің нәтижелерім» бөлімінде «тестті жалғастыру» батырмасын басу арқылы қайта жалғастыру мүмкіндігі қарастырылған;

4.5. Уақытында енгізілмеген тапсырмалар үшін төлемдер қайтарылмайды;

4.6. Берілген сұрақтарды белгілемей алдыға және кейін шегінуге болмайды;

4.7. Тестке қатысу жеке немесе координатордың ұйымдастыруымен жүзеге асады;

4.8. Координатор өзінің жеке парақшасы арқылы бір немесе бірнеше адамды қатыстыра алады (бір ұжымнан ғана қатыстыруы тиіс);

4.9. Тест нәтижелері қайта қарауға жатпайды және аппеляциялық комиссия құрылмайды;

4.10. Олимпиадаға байланысты сұрақтар qaztest.kz@mail.ru почтасына қабылданады.

 

ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСТЫ ҚОСЫМША АҚПАРАТТАР

Олимпиадаға қатысу бағасы: бір реттік тест 600 теңге, екі реттік мүмкіндік – 1000 теңге. Толық ақпарат сайтта жаңалықтар бөлімінде жарияланады.

ОЛИМПИАДАНЫҢ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ

Олимпиаданың іріктеу кезеңінің қорытындысы негізінде 17 ұпайдан жоғары ұпай алған қатысушылар екінші кезеңге жолдама алады, ал екінші кезең нәтижесі бойынша І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар беріледі.

Орын ұпайлары:

І орын – 25-23 ұпай

ІІ орын – 22-20 ұпай

ІІІ орын – 19-17 ұпай

Қатысушылардың марапаттары олимпиада барысында жеке парақшасында сақталады және электронды түрде почтасына жіберіледі.

Республика бойынша екі кезең нәтижесін қоса алғанда ең жоғары ұпай алған қатысушылар «Үздік педагог» төсбелгісімен және 24-25 ұпай жинаған қатысушылар «Құрмет грамотасымен» марапатталады.

Қорытынды нәтиже, яғни төсбелгі иегерлері сайтта 2023 жылдың 23 қазан күні жарияланады.

Ескерту! Қатысушылардың жинаған ұпайы тең болған жағдайда тесттен өткен уақыты есепке алынады. Қатысушылардың нәтижесі IP адресі арқылы тексеріліп, басқа адам өткізгені анықталса, нәтиже жойылады. Ұйымдастырушылар комитеті тест нәтижесі бойынша қорытынды жариялайды.

 

Онлайн олимпиадалардың жаңа маусымы басталды

1

ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының иегері, үздік қазақ тілді білім сайты – Qaztest.kz онлайн олимпиада ұйымдастыру комитеті республикамыздағы үздік педагогтарды, үздік мектепке дейінгі ұйым қызметкерлері мен озат оқушыларды анықтау және оларды қолдау мақсатында Республикалық қашықтық олимпиадаларын (бұдан әрі Олимпиада) өткізеді.

Олимпиадаға жалпы білім беретін мектептерде қызмет ететін мұғалімдер, мектеп оқушылары және мектепке дейінгі ұйым қызметкерлері қатыса алады. Аталмыш олимпиадалардың тапсырмалары кәсіби мамандармен жоғары деңгейде әзірленген. Оқушылар мен мұғалімдердің білімдерін шыңдап, пайдалы білім алатындығына сеніміміз мол. Пәндік олимпиадалардың жалпы ережесі 1-қосымшада, олимпиада пәндерінің тізімі 2-қосымшада берілген.

Олимпиада qaztest.kz сайтында өтеді.

Олимпиада бір кезеңнен ұйымдастырылады. Олимпиада өткізілетін мерзімі: 2023 жылдың 18 қыркүйегінен 25 желтоқсан аралығы.

Олимпиада қорытындысы автоматты түрде шығарылып, жоғары нәтиже көрсеткен қатысушылар жүлделі орындармен марапатталады. Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар беріледі. Олимпиада қорытындысы бойынша 24-25 ұпай алған қатысушылар: мұғалімдер – «Құрмет грамотасымен», оқушылар – «Үздік оқушы» дипломымен марапатталады.

Олимпиада туралы толық ақпаратты +7 700 978 59 22; +7 775 998 83 87 телефондары арқылы білуіңізге болады.

 

Республикалық қашықтық олимпиадаларының

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕСІ

  1. Жалпы ереже

1.1. Qaztest.kz қашықтық олимпиадаларының осы Ережесі (әрі қарай – Ереже) олимпиадаларды ұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтайды (әрі қарай – Қашықтық олимпиада);

1.2. Қашықтық олимпиадалары жайлы барлық ақпараттар qaztest.kz сайтында жарияланады;

1.3. Олимпиадалар qaztest.kz сайтында 2023 жылдың 18 қыркүйегінен 25 желтоқсан аралығындаонлайн өткізіледі;

1.4. Олимпиадаға жалпы білім беретін мектептерде қызмет ететін мұғалімдер, мектеп оқушылары және мектепке дейінгі ұйым қызметкерлері қатыса алады;

1.5. Тапсырмалар Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің білікті мамандары арқылы дайындалып, ұйымдастырушылармен бекітіледі;

1.6. Қашықтық олимпиадаға қатысу – ақылы, ерікті негізде жүзеге асырылады.

1.7. Олимпиада марапаттарын үшінші тараптың қатысуымен бейресми негізде заңсыз алу жарамсыз боп танылады. qaztest.kz сайтындағы «Марапаттарды тексеру» батырмасы арқылы әрбір қатысушы өзінің марапаттарын тексере алады.

  1. Республикалық қашықтық олимпиадаларының мақсаты мен міндеттері:

2.1. Педагогтар мен мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру;

2.2. Дарынды оқушыларды зияткерлік олимпиадаға қатыстыруға ынталандыру және оларға қолдау көрсету;

2.3. Республикамыздағы үздік педагогтар мен үздік мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерін және озат оқушыларды марапаттау.

  1. Республикалық олимпиаданы өткізілуі мен тәртібі:

3.1. Олимпиада 1 кезеңнен, барлығы 25 сұрақтан тұрады;

3.2. Әрбір тапсырманың бір ғана дұрыс жауабы бар және тест нұсқалары екінші рет қайталанбайды;

3.3. Қатысушы ең көбі 3 рет тест тапсыра алады. Ең жоғарғы нәтижесі есепке алынады;

3.4. Тестілеу уақыты біткеннен кейін автоматты түрде аяқталады;

3.5. Олимпиадаға төлем жасағаннан кейін ғана қатысу мүмкіндігі ашылады;

3.6. Тестілеудің нәтижесін қатысушы тестті орындағаннан кейін бірден біле алады;

3.7. Қатысушылардың марапаттары автоматты түрде электронды почтасына жіберіледі және жеке кабинетіндегі «Сертификат-Диплом» бөлімінде сақталады.

  1. Олимпиада қатысушыларына қойылатын талаптар:

4.1. Қатысушы ешкімнің көмегінсіз тапсырмаларды өзі орындауы тиіс;

4.2. Қатысушының атынан өзге біреудің қатысқандығы құрылғының IP адресі арқылы анықталады. Расталған жағдайда қатысушының нәтижесі толықтай жойылады;

4.3. Олимпиада барысында кері батырмасын басуға және басқа бетке ауысуға болмайды;

4.4. Тестілеу парақшасын жауып алған жағдайда тестілеуге берілген уақыт ішінде «Менің нәтижелерім» бөлімінде «тестті жалғастыру» батырмасын басу арқылы қайта жалғастыру мүмкіндігі қарастырылған;

4.5. Уақытында енгізілмеген тапсырмалар үшін төлемдер қайтарылмайды;

4.6. Берілген сұрақтарды белгілемей алдыға және кейін шегінуге болмайды;

4.7. Тестке қатысу жеке немесе координатордың ұйымдастыруымен жүзеге асады;

4.8. Координатор өзінің жеке парақшасы арқылы бір немесе бірнеше адамды қатыстыра алады (бір ұжымнан ғана қатыстыруы тиіс);

4.9. Тест нәтижелері қайта қарауға жатпайды және аппеляциялық комиссия құрылмайды;

4.10. Олимпиадаға байланысты сұрақтар qaztest.kz@mail.ru почтасына қабылданады.

 

ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСТЫ ҚОСЫМША АҚПАРАТТАР 

Олимпиадаға қатысу бағасы:

Оқушыларға: бір реттік тест 500 теңге, екі реттік мүмкіндік – 900 теңге.

Мұғалімдерге: бір реттік тест – 600 теңге, екі реттік мүмкіндік – 1000 теңге.

Толық ақпарат сайтта жаңалықтар бөлімінде жарияланады.

 

ОЛИМПИАДАНЫҢ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ

Олимпиада қорытындысы бойынша 17 ұпайдан жоғары ұпай алған қатысушылар жүлделі орындармен марапатталады. Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне  І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар беріледі.

Орын ұпайлары:

І орын – 25-23 ұпай

ІІ орын – 22-20 ұпай

ІІІ орын – 19-17 ұпай

Қатысушылардың марапаттары олимпиада барысында парақшасында сақталады және электронды түрде почтасына жіберіледі. Олимпиада қорытындысы бойынша 24-25 ұпай алған қатысушылар: мұғалімдер – «Құрмет грамотасымен», оқушылар – «Үздік оқушы» дипломымен марапатталады.

 

ТӨЛЕМ ЖАСАУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Төлемдер Kaspi.kz қосымшасы (Платежи – qaztest.kz), QIWI терминалдары арқылы  (Білім беру қызметтері → qaztest.kz → e-mail немесе ID нөмір) және кез келген банк картасымен интернет банкинг арқылы онлайн жүзеге асырылады. Төлем жасағаннан кейін қатысушы парақшасына кіріп, «Сатып алу» батырмасын басу арқылы тестті сатып алады.  Төлем жасау туралы түсіндірме сайттың «Бейне нұсқау» бөлімінде көрсетілген.

Егер қатысушылар саны көп болса, барлық қатысушыларды бір жауапты маман «Координатор»болып, барлығын жеке парақшасында тіркеп, ұйымдастыра алады. Толық нұсқаулық «Видеонұсқау» бөлімінде көрсетілген.

Жұмыс уақытында онлайн чатқа және qaztest.kz@mail.ru почтасына хат жазу арқылы жылдам жауап аласыз.

Жұмыс уақыты: таңертеңгі 9:00-ден 18:00-ге дейін. Түскі үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін.

Түскі үзіліс уақытында және жұмыс уақыты аяқталған соң телефонға және эл.почтаға жауап берілмейді.

Қосымша ақпарат алу телефоны: +7 700 978 59 22, +7 775 998 83 87

 

Мұғалімдер мен оқушыларға арналған республикалық қашықтық олимпиадаларының кестесі

Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған

Олимпиада атауы Өткізілетін мерзімі Тестілеу уақыты (минут)
Қазақ тілі 18.09.2023 ж. – 25.12.2023 ж. 50
Математика 18.09.2023 ж. – 25.12.2023 ж. 50
Дүниетану 18.09.2023 ж. – 25.12.2023 ж. 50
Жаратылыстану 18.09.2023 ж. – 25.12.2023 ж. 50
«Бастауыш білім беру педагогикасы» олимпиадасы 18.09.2023 ж. – 25.12.2023 ж. 50

 

Жоғары сынып мұғалімдеріне арналған

Олимпиада атауы Өткізілетін мерзімі Тестілеу уақыты (минут)
Қазақ тілі 18.09.2023 ж. – 25.12.2023 ж. 50
Қазақ  әдебиеті 18.09.2023 ж. – 25.12.2023 ж. 50
Ағылшын тілі 18.09.2023 ж. – 25.12.2023 ж. 50
Орыс тілі 18.09.2023 ж. – 25.12.2023 ж. 50
Орыс әдебиеті 18.09.2023 ж. – 25.12.2023 ж. 50
Биология 18.09.2023 ж. – 25.12.2023 ж. 50
География 18.09.2023 ж. – 25.12.2023 ж. 50
Математика 18.09.2023 ж. – 25.12.2023 ж. 90
Химия 18.09.2023 ж. – 25.12.2023 ж. 90
Физика 18.09.2023 ж. – 25.12.2023 ж. 90
Информатика 18.09.2023 ж. – 25.12.2023 ж. 90
Қазақстан тарихы 18.09.2023 ж. – 25.12.2023 ж. 50
Дүниежүзі тарихы 18.09.2023 ж. – 25.12.2023 ж. 50
Құқық негіздері 18.09.2023 ж. – 25.12.2023 ж. 50
Музыка 18.09.2023 ж. – 25.12.2023 ж. 50
Психология 18.09.2023 ж. – 25.12.2023 ж. 50

 

Мектепке дейінгі ұйым қызметкерлеріне арналған

Олимпиада атауы Өткізілетін мерзімі Тестілеу уақыты (минут)
«Мектепке дейінгі педагогика»олимпиадасы 18.09.2023 ж. – 25.12.2023 ж. 50

 

Бастауыш сынып оқушыларына арналған (2-4 сыныптар)

 

Олимпиада атауы Өткізілетін мерзімі Тестілеу уақыты (минут)
Қазақ тілі 18.09.2023 ж. – 25.12.2023 ж. 50
Математика 18.09.2023 ж. – 25.12.2023 ж. 50
Дүниетану 18.09.2023 ж. – 25.12.2023 ж. 50
Жаратылыстану 18.09.2023 ж. – 25.12.2023 ж. 50

 

Жоғары сынып оқушыларына арналған (5-11 сыныптар)

Олимпиада атауы Өткізілетін мерзімі Тестілеу уақыты (минут)
Қазақ тілі мен әдебиеті

(5-11 сыныптар)

18.09.2023 ж. – 25.12.2023 ж. 50
Қазақстан тарихы

(5-11 сыныптар)

18.09.2023 ж. – 25.12.2023 ж. 50
Ағылшын тілі

(5-11 сыныптар)

18.09.2023 ж. – 25.12.2023 ж. 50
Орыс тілі

(5-11 сыныптар)

18.09.2023 ж. – 25.12.2023 ж. 50
Биология

(7-11 сыныптар)

18.09.2023 ж. – 25.12.2023 ж. 50
География

(6-11 сыныптар)

18.09.2023 ж. – 25.12.2023 ж. 50
Математика

(5-11 сыныптар)

18.09.2023 ж. – 25.12.2023 ж. 90
Физика

(7-11 сыныптар)

18.09.2023 ж. – 25.12.2023 ж. 90