Маркетплейс деген не және қай кәсіпке қолайлы?

1

Онлайн-сауда дамыған сайын маркетплейс нарығы да кеңейіп келеді. Тұтынушы көбейген соң, сәйкесінше қатысушылар саны да күннен күнге артып жатыр. Бүкіл әлемде кең етек алған тенденциядан Қазақстан да құр қалып жатқан жоқ. Ендеше, маркетплейс деген не? Оның интернет-дүкеннен айырмашылығы бар ма? Қандай кемшіліктері мен артықшылықтары ма? Осы туралы талдап көрсек. 

Маркетплейстің интернет-дүкеннен айырмашылығы  алдымен «маркетплейс» түсінігіне тоқталайық. Бұл — сатушы мен сатып алушыны тоғыстыратын интернет-платформа. Осы жерде бір-бірін тауып, әрмен қарай алыс-беріс жасалады. Кәдімгі дүкенге барып, сөрелерді ақтарып зат алғандай әсер қалдырады. Айырмашылығы сол — сауданың онлайн іске асатынында. Бұл жерде де тұрмысқа қажеттінің бәрін сататын әмбебап түрі де, белгілі бір салалық түрі де болады. Маркетплейсті интернет-дүкенге ұқсатуыңыз қалыпты. Себебі расында ұқсастық бар. Дегенмен осы тұста бірнеше айырмашылықты тізіп шықсақ. Біріншіден, сатушылары мен тауарларының санында айырма бар. Әдетте, интернет-дүкенде санаулы ғана брендтің тауарлары сатылады. Ал маркетплейсте түрлі категориядағы, түрлі өндірушінің заттары орналастырылады. Былайша айтқанда, алғашқысын супермаркет десеңіз, маркетплейсті үлкен гипермаркет деп білсе болады.

Тағы бір айырмашылығы интернет-дүкендерде көбіне оффлайнда өкілдіктері болады. Ал маркетплейсте ол жоқ. Дегенмен тауарларды алуға арналған бөлімшелері бар. Ал енді аудиториясы мен таралуына келсек, қолданушы тарту үшін маркетплейс көбірек ресурс шығындайды. Сол себепті ауқымы да кеңірек. Әрі логистиканы жолға қойғандықтан, мұнда түкпір-түкпірге жеткізу де жеңілдеу.

Әлемдегі ахуал қандай?

Пандемия онлайн қызмет ұсынатын салаларды одан әрмен дамытты. Оның ішінде маркетплейс те бар. Тіпті коронавирус пандемиясына дейін уеб-сайты болмағандары да аяқ-асты жұмысын жолға қойып, нарыққа еніп кетті. Себебі дәл осы кездері онлайн-сауда қызып тұр. Ең қолайлы да, қауіпсіз де түрі болып отыр. Мысалы, 2020 жылы ірі маркетплейстердің қанша табыс тапқанына тоқталайық.

Amazon: 386 млрд доллар (+38%);

eBay: 10,3 млрд доллар (+19%);

ASOS: 4,5 млрд доллар (+20%);

Wildberries: 437 млрд рубль (+96%);

Ozon: 195 млрд рубль (+140%);

«Яндекс.Маркет»: 28,8 млрд рубль  (+50%).

 

Маркетплейске тауар қою Тауарлары үшін арнайы сайт ашып, оны дамытып, логистикасы мен сақтауын ретке келтіруге қиналғандар қызметін не тауарын осы маркетплейске орналастырса болады. Өйткені ірі сауда алаңында тұрақты трафик бар. Демек, тұтынушымен табысуға ықтимал жоғары. Тағы бір қызығы, танымал брендтер тауарларының көшірмесін жасайтын компаниялар осы жерде жап-жақсы табыс табады екен. Тұрақты әрі үлкен сұранысы бар тауарларды қойған жөн. Сондай-ақ, бағасын белгілеген кезде де бәсекелестермен шамалас бекіту керек. Себебі маркетплейске бас сұққан сатып алушыны кілтсөз ретінде белгілі бір өнімді жазады да, оған бұл жерде бар тауардың бәрі шығады. Сәйкесінше, ол көпшіліктің жағымды пікір қалдыруына, бағасына, неше күнде келетініне — бәріне мән береді. Әлбетте, сапаға да мән берген дұрыс. Себебі, айтқандай, клиенттер кейін пікір қалдырады. Жағымсызы көп болса, кәсібіңізге кері әсері тиеді.

Сұраныстағы тауарлар

Жалпы алғанда бүгінде сұранысы жоғары тауарлар қатарында ойыншықтар, телефон, планшет, азық-түлік, автокөлікке арналған тауарлар, қолдан жасалған hand-made бұйымдар бар.

Сатушылармен арадағы серіктестіктің бірнеше түрі бар. Біз өте танымал үш модельге тоқталсақ. Біріншісінде маркетплейс дүкендегі сөренің рөлін атқарады. Яғни тауарды орналастырумен ғана айналысады. Ал жеткізу, клиент сервисі сынды дүниелерге сатып алушы тікелей жауап береді. Қазіргі таңда еліміздегі банктердің мобайл қолданбаларының дүкендері осы схемамен жұмыс істейді. Екіншісі — жеткізу қызметін ұсынатыны. Бұл жерде сатушы маркетплейстің қоймасына тауарын қойып қояды. Сөйтіп әрмен қарай жеткізуді маркетплейс қолға алады. Үшінші бір түрінде әрі қойма, әрі жеткізуші рөлінде маркетплейс болады. Былайша айтқанда, фулфилмент. Сатушы бар болғаны тауарды жеткізеді. Ал клиентке жеткізу, орау, қаптау сынды жұмыстың бәрін маркетплейс қатырады. Әдетте тапсырысы үзілмейтін сатушыларға осы үшінші модель көбірек келеді.    Артықшылықтары мен кемшіліктері Бұрын-соңды интернет-дүкен ашып, жұмыс істеп көрсеңіз, өндіріс, сақтау, жеткізу жұмыстарынан бөлек онлайн-инфрақұрылым жасау керегін жақсы білесіз.  Ал маркетплейс — сатушыға да, сатып алушыға да қолайлы алаң.

Интернет-дүкен ашар болсаңыз, алдымен тартымды әрі интерфейсі түсінікті сайт жасау керек. Ол жерден клиенттер қандай тауар түрлері барын қарап, тапсырысты рәсімдейді. Негізі интернет-дүкендердің дайын шаблондарын ала салуға да болады. Бірақ баптауларын реттеу, контент толтыру сынды дүниелерден қашып құтыла алмайсыз. Яғни бәрібір шығын шығады. Сатушы болсаңыз, онлайн-касса қостырып, төлем жүйесін ретке келтіруіңіз керек. Сайт іске қосылғаннан кейін SEO-мен айналысу қажет. Яғни сайтты дамыту, іздеу жүйелерінен шығуына жағдай жасау. Егер осы жағын реттемесеңіз,сұранысқа ие болуыңыз қиындау. Себебі қазір бәрі Яндекс пен Google-дің іздеу жүйелерін пайдаланады.

Ал енді маркетплейсте мұнымен бас қатырмауға болады. Әсіресе, тәй-тәй деп енді қадам басып келе жатқандарға. Ендеше, артықшылықтарына келсек. Алаңды дамытам деп алаңдамайсыз. Себебі маркетплейсте бұл жасалып қойған. Мысалы Crosssale-дің 2020 жылы жасаған статистикасына сүйенсек, маркетплейске миллиондаған адам бас сұққан. Демек, тауарды өткізу оңайырақ. Бар болғаны қандай алаңға орналастыруды ойланасыз. Қай жерде өтімдірек, таргет аудитория сай — соны таңдауыңыз қажет. Онлайн-касса орнатып жүрмейсіз. Себебі барлық ақша аударымын делдал реттейді. Бұл жерге тауар орналастыратын болсаңыз, тауарды қайда сақтау жайлы алаңдамайсыз. Себебі мұны маркетплейс қарастырып қойған. Сондай-ақ, мұнда статистика қарап отыра аласыз. Яғни тапсырыс саны қанша, кім алмай қалды, кім кері қайтарды — бәрін сараптауға мүмкіндік бар. Соған қарап кей тауарды көбірек орналастырып, кейбірін өтімсіз болса мүлдем алып тастап не азырақ алу керегін біліп отырасыз.

Кемшіліктері де жоқ емес. Мұнда да ескеру керек біршама ньюанс бар. Алдымен, бұл жерге тіркелу күрделірек. Яғни маркетплейске тауар орналастыру үшін жеке кабинетке тіркеліп, әр платформаның сұрататын белгілі бір құжаттарын көрсету керек. Оферта-келісімшартын жасасасыз. Әр алаңның талабына сай тауардың суретін, сипаттамаларын қосуыңыз қажет. Әрине, тауарын өткізгісі келетін адам үшін бұл қиын болмауға тиіс. Десек те, біршама уақыт алатыны бар. Сондай-ақ, тауарды салған бойда платформадан көре алмайсыз. Себебі сіз жіберген барлық мағлұматты модератор шолып шығады. Содан кейін барып орналастырылады.

Толығырақ Kursiv Media сайтынан оқыңыз

Жаңа оқу жылындағы онлайн олимпиадалар басталды

1

ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының иегері, үздік қазақ тілді білім сайты – Qaztest.kz онлайн олимпиада ұйымдастыру комитеті Абай атындағы ҚазҰПУ-мен жасалған меморандум аясында республикамыздағы үздік педагогтарды, үздік мектепке дейінгі ұйым қызметкерлері мен озат оқушыларды анықтау және оларды қолдау мақсатында Республикалық қашықтық олимпиадаларын (бұдан әрі Олимпиада) өткізеді.

Олимпиадаға жалпы білім беретін мектептерде қызмет ететін мұғалімдер, мектеп оқушылары және мектепке дейінгі ұйым қызметкерлері қатыса алады. Аталмыш олимпиадалардың тапсырмалары кәсіби мамандармен жоғары деңгейде әзірленген. Оқушылар мен мұғалімдердің білімдерін шыңдап, пайдалы білім алатындығына сенім мол. Пәндік олимпиадалардың жалпы ережесі 1-қосымшада берілген.

Олимпиада qaztest.kz сайтында өтеді.

Олимпиада бір кезеңнен ұйымдастырылады. Олимпиада өткізілетін мерзімі: 2022 жылдың 5 қыркүйегінен 25 желтоқсан аралығы.

Олимпиада қорытындысы автоматты түрде шығарылып, жоғары нәтиже көрсеткен қатысушылар жүлделі орындармен марапатталады. Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар беріледі. Олимпиада қорытындысы бойынша 24-25 ұпай алған қатысушылар: мұғалімдер – «Құрмет грамотасымен», оқушылар – «Үздік оқушы» дипломымен марапатталады.

Олимпиада туралы толық ақпаратты +7 700 978 59 22; +7 775 998 83 87 телефондары арқылы білуіңізге болады.

Республикалық қашықтық олимпиадаларының

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕСІ 

  1. Жалпы ереже
    • Qaztest.kz қашықтық олимпиадаларының осы Ережесі (әрі қарай – Ереже) олимпиадаларды ұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтайды (әрі қарай – Қашықтық олимпиада);
    • Қашықтық олимпиадалары жайлы барлық ақпараттар Qaztest.kz сайтында жарияланады;
    • Олимпиадалар Qaztest.kz сайтында 2022 жылдың 5 қыркүйегінен 25 желтоқсан аралығындаонлайн өткізіледі;
    • Олимпиадаға жалпы білім беретін мектептерде қызмет ететін мұғалімдер, мектеп оқушылары және мектепке дейінгі ұйым қызметкерлері қатыса алады;
    • Тапсырмалар Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің білікті мамандары арқылы дайындалып, ұйымдастырушылармен бекітіледі;
    • Қашықтық олимпиадаға қатысу – ақылы,  ерікті негізде жүзеге асырылады.
    • Олимпиада марапаттарын үшінші тараптың қатысуымен бейресми негізде заңсыз алу жарамсыз боп танылады. Qaztest.kz сайтындағы «Марапаттарды тексеру» батырмасы арқылы әрбір қатысушы өзінің марапаттарын тексере алады.
  1. Республикалық қашықтық олимпиадаларының мақсаты мен міндеттері:
    • Педагогтар мен мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерін кәсіби біліктілігін арттыру;
    • Дарынды оқушыларды зияткерлік олимпиадаға қатыстыруға ынталандыру және оларға қолдау көрсету;
    • Республикамыздағы үздік педагогтар мен үздік мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерін және озат оқушыларды марапаттау.
  1. Республикалық олимпиаданы өткізілуі мен тәртібі:
    • Олимпиада 1 кезеңнен, барлығы 25 сұрақтан тұрады;
    • Әрбір тапсырманың бір ғана дұрыс жауабы бар және тест нұсқалары екінші рет қайталанбайды;
    • Қатысушы ең көбі 3 рет тест тапсыра алады. Ең жоғарғы нәтижесі есепке алынады;
    • Тестілеу уақыты біткеннен кейін автоматты түрде аяқталады;
    • Олимпиадаға төлем жасағаннан кейін ғана қатысу мүмкіндігі ашылады;
    • Тестілеудің нәтижесін қатысушы  тестті орындағаннан кейін бірден біле алады;
    • Қатысушылардың марапаттары автоматты түрде электронды почтасына жіберіледі және жеке кабинетіндегі «Сертификат-Диплом»бөлімінде сақталады.
  1. Олимпиада қатысушыларына қойылатын талаптар:
    • Қатысушы ешкімнің көмегінсіз тапсырмаларды өзі орындауы тиіс;
    • Қатысушының атынан өзге біреудің қатысқандығы құрылғының IP адресі арқылы анықталады. Расталған жағдайда қатысушының нәтижесі толықтай жойылады;
    • Олимпиада барысында кері батырмасын басуға және басқа бетке ауысуға болмайды;
    • Тестілеу парақшасын жауып алған жағдайда тестілеуге берілген уақыт ішінде «Менің нәтижелерім» бөлімінде «тестті жалғастыру» батырмасын басу арқылы қайта жалғастыру мүмкіндігі қарастырылған;
    • Уақытында енгізілмеген тапсырмалар үшін төлемдер қайтарылмайды;
    • Берілген сұрақтарды белгілемей алдыға және кейін шегінуге болмайды;
    • Тестке қатысу жеке немесе координатордың ұйымдастыруымен жүзеге асады;
    • Координатор өзінің жеке парақшасы арқылы бір немесе бірнеше адамды қатыстыра алады (бір ұжымнан ғана қатыстыруы тиіс);
    • Тест нәтижелері қайта қарауға жатпайды және аппеляциялық комиссия құрылмайды;
    • Олимпиадаға байланысты сұрақтар qaztest.kz@mail.ru почтасына қабылданады.

 

ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСТЫ ҚОСЫМША АҚПАРАТТАР

Олимпиадаға қатысу бағасы:  

Оқушыларға: бір реттік тест – 500 теңге, екі реттік мүмкіндік – 900 теңге.

Мұғалімдерге: бір реттік тест – 600 теңге, екі реттік мүмкіндік – 1000 теңге.

Толық ақпарат сайтта жаңалықтар бөлімінде жарияланады.

 

ОЛИМПИАДАНЫҢ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ

Олимпиада қорытындысы бойынша 17 ұпайдан жоғары ұпай алған қатысушылар жүлделі орындармен марапатталады. Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне  І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар беріледі.

Орын ұпайлары:

І орын – 25-23 ұпай

ІІ орын – 22-20 ұпай

ІІІ орын – 19-17 ұпай

Қатысушылардың марапаттары олимпиада барысында парақшасында сақталады және электронды түрде почтасына жіберіледі. Олимпиада қорытындысы бойынша 24-25 ұпай алған қатысушылар: мұғалімдер – «Құрмет грамотасымен», оқушылар – «Үздік оқушы» дипломымен марапатталады. 

ТӨЛЕМ ЖАСАУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Төлемдер Kaspi.kz қосымшасы (Платежи – qaztest.kz), QIWI терминалдары арқылы  (Білім беру қызметтері→qaztest.kz→e-mail немесе ID нөмір) және кез келген банк картасымен интернет банкинг арқылы онлайн жүзеге асырылады. Төлем жасағаннан кейін қатысушы парақшасына кіріп, «Сатып алу» батырмасын басу арқылы тестті сатып алады.  Төлем жасау туралы түсіндірме сайттың «Бейне нұсқау» бөлімінде көрсетілген.

Егер қатысушылар саны көп болса, барлық қатысушыларды бір жауапты маман «Координатор»болып, барлығын жеке парақшасында тіркеп, ұйымдастыра алады. Толық нұсқаулық «Видеонұсқау» бөлімінде көрсетілген.

Мектепке дейінгі ұйымдарда қолданылатын жаңа технологиялар

0
Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны

Мектепке дейінгі білім беруді дамытудың қазіргі кезеңі балабақшалардың жұмыс тәжірибесіне әртүрлі технологияларды енгізудің жылдам қарқынымен сипатталады.  Осыған байланысты мектеп жасына дейінгі мұғалімдердің алдында кәсіби қызметтің басымдылығын қайта қарау міндеті тұрды. Ең бастысы-қандай да бір білімді беру ғана емес, балалардың танымдық қызығушылығын дамыту және заманауи педагогикалық технологиялар арқылы мектепке дейінгі және бастауыш мектепте оқытудың сабақтастығын жүзеге асыру.

Мен елдің қалай өзгеретінін көремін, яғни адамдар мен балалар. Қазіргі қоғамды материалдық, энергетикалық және еңбек ресурстарынан кем емес ақпараттық ресурстарсыз елестету мүмкін емес. Қазіргі заманғы ақпараттық кеңістік бізден компьютерге ие болуды талап етеді, ол біздің өмірімізге белсенді еніп, ересектер өмірінің қажетті атрибуты ғана емес, сонымен қатар балаларды оқыту құралы болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасауда интерактивті технологияларды қолдану енді ғана басталады.  Бұл тақырыптың өзектілігі қазіргі қоғамының барлық салаларында болып жатқан өзгерістер білім беру жүйесіне әсер ете алмады.  Білім беру мекемелері сөзсіз инновациялық процестерге қосылады. Біз бәріміз уақытпен бірге жүруіміз керек.

Ақпараттық компьютерлік технологиялар (АКТ) — бұл өзін-өзі жетілдіру, жаңа ақпаратты тез алу немесе өңдеу, сонымен қатар өз тәжірибеңізбен бөлісу үшін тамаша құрал. Әсіресе, АКТ-ны қолдану мұғалімге балалардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасын түбегейлі әр түрлі, жоғары деңгейде және көптеген қызмет салаларында ұйымдастыруға мүмкіндік беретінін атап өткім келеді. Жаңа заманауи мүмкіндіктер біздің мекеменің мұғалімдерін білім беру мәселелерін әр түрлі жолдармен шешуге шақырады, олардың бірі АКТ — ның жаңа құралдарын қолдану. Елімізде  2012 жылдан бастап балабақшада SMART Board интерактивті тақталары қолданылады-бұл компьютер мен проектор кіретін жүйенің бөлігі ретінде жұмыс істейтін сенсорлық экран. Мастер-класста Біз мектепке дейінгі мекеменің мұғалімі балалармен жұмыс жасау үшін компьютерді қалай тиімді қолдана алатындығы, жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оның көмегімен не істей алатынымыз туралы сөйлесеміз.

Интерактивті тақта (ИД) жаңа технологияларға жатады, олар оны балалармен жұмыс істеудің ең тиімді әдістерін таңдау мүмкіндігінің кең ауқымды міндеттерін шешуге арналған қуатты құралға айналдырады. Егер мұғалім бұл құралды жақсы игерсе, оның тиімді жұмыс істеуге көбірек мүмкіндігі бар, яғни балалардың білім сапасын жақсарту туралы айтуға болады. Резистивті матрица принципіне негізделген тақтаның жұмыс технологиясы әлемдегі ең кең таралған және денсаулыққа қауіпсіз. Тақта оған электронды сиямен жазуға және сурет салуға және барлық жасалған жазбаларды сақтауға мүмкіндік береді. SMART интерактивті тақтасының ерекшелігі-оқытудың түрлі стильдерін, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмысты іске асыруға көмектесетін тактильді басқару.

 Интерактивті тақтамен жұмыс істеу кезіндегі міндеттер:

* балаларды компьютерлік технологияның мүмкіндіктерімен таныстыру;

* интерактивті тақтамен жұмыс істеу дағдыларын меңгеру;

* балалардың танымдық және шығармашылық белсенділігін, білуге құмарлығын, қиялын, бейнелі ойлауын дамыту;

* баланың мектепке дайындығын қалыптастыру;

Тақтаны пайдалану күнделікті өмірде көрінбейтін өмірлік жағдайларды модельдеуге мүмкіндік береді. Біздің балабақшада әр жас тобы үшін медиатека құрылды және ол оқу-тәрбие процесінің барлық салаларында қолданылады.  Баланың бірлескен және тәуелсіз іс-әрекетінде ID-ді қолдану оқуды ынталандыру мен дараландырудың, шығармашылық қабілеттерін дамытудың және жағымды эмоционалды фон құрудың тиімді әдістерінің бірі болды. Мектепке дейінгі білім беру іс-әрекетіндегі ақпараттық компьютерлік технологиялар Оқу ақпаратының мүмкіндіктерін кеңейтеді, қоршаған ортадан әртүрлі жағдайларды модельдеуге мүмкіндік береді және балалардың қызығушылығын тудырады, яғни олардың танымдық белсенділігін арттырады, бұл мектеп жасына дейінгі балалардың білім сапасын арттырудың кепілі болып табылады.

Мектепке дейінгі мекемелердегі тиімді қызметке көшбасшы негізгі нәтижелерге қол жеткізу үшін және ғылыми негізде негізделген педагогикалық ұжым мүшелерінің белсенділігі мен бастамасын, шығармашылығын дамытуға ықпал ететін әсер ету құралы ретінде Заманауи инновациялық технологияларды қолданған кезде ғана қол жеткізуге болады. Мектепке дейінгі оқу орнын басқаруда инновациялық технологияларды қолданудың теориялық негіздерін ғылыми негіздеу және оларды мекеме басшысының басқару қызметіне енгізу қажет болады. Сондықтан мектепке дейінгі білім беру мекемесінің педагогикалық персоналын басқаруда инновациялық технологияларды қолдану мәселесі оқу-тәрбие процесін реттеуге және оны осы кезеңде жетілдіруге бағытталған, қазіргі заманғы мектепке дейінгі білім беру мекемелері үшін өте өзекті. Инновациялық технологиялар әдістемелік жұмысты жаңғырту құралы болып табылады. Әдістемелік іс-шараларды өткізудің тиісті деңгейі интерактивті және ақпараттық технологияларды пайдалануды қамтамасыз етеді.

Мектепке дейінгі мекемедегі жобалар әдісі

Технологияның мәні: бала өзінің қоршаған ортаға деген шығармашылық көзқарасын қалыптастырады және жетілдіреді, әлемдегі қатынастардың әмбебаптығы мен күрделілігін түсінуді үйренеді, мұғалім баланың мүдделеріне, өзінің «мен» іс-әрекеті арқылы жүзеге асыру мүмкіндіктеріне негізделуі керек, жеке тұлғаның алғашқы көріністерін қастерлеп, қастерлеп қорғауы керек, оларды баланың тәуелсіздігін дамытуға бағыттайды, шығармашылық қабілеттерін қолдайды. проблемаларды жеңу жолдарын өз бетінше іздеудегі белсенділік.

Балалардың оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудағы ассоциативті карталар

Технологияның мәні:

ассоциативті ойлауды, қиялды, сөйлеуді дамыту;

нысандар мен қоршаған орта құбылыстары арасындағы байланысты орнату мүмкіндігі арқылы әлемнің тұтас бейнесін қалыптастыру;

қоршаған ортадағы өзара тәуелділікті түсінуге көмектесу-барлық нәрсенің бәрімен байланысының болуы.

Мнемоника (есте сақтау өнері)

Технологияның мәні: ақпаратты сәтті есте сақтауды, сақтауды және көбейтуді, табиғат объектілерінің ерекшеліктері туралы, әлем туралы білімді, әңгіме құрылымын тиімді есте сақтауды, сөйлеуді дамытуды қамтамасыз ететін әдістер мен әдістер жүйесі.

Құм терапиясы

Технологияның мәні: құм әдісі мазасыз балаларды жұмыспен қамту үшін жасалған. Тітіркенген және қайшылықты балалар үшін құммен қарым-қатынас көңіл-күйді жақсартуға көмектесті. Бүгінгі таңда ол психоэмоционалды шиеленісті, көркемдік және эстетикалық дамуды және т. б. жеңілдету үшін қолданылады.

Баланы ерте дамыту әдістемесі

Технологияның мәні:

бақытсыз балалардың пайда болуының алдын алу;

баланы ерте тәрбиелеуге ата-аналардың белсенді қатысуы;

өз балаларын сүюден «қорықпа». Оқу-тәрбие жұмысында педагогикалық жаңалықтарды қолданудың тиімділігі психикалық процестердің даму көрсеткіштерінің өсуімен, атап айтқанда, үлкен мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық және визуалды-бейнелі ойлауымен; логикалық — математикалық дамудың, танымдық дамудың жоғары деңгейімен, оқушылардың көркем және сөйлеу шығармашылығын жандандырумен дәлелденеді.

 

Қорытынды

Осылайша, инновациялық технологияларды қолдану оқу-тәрбие және әдістемелік жұмысты жетілдірудің тиімді құралы болып табылады, бұл балалар мен ересектерді оқыту процесін қызықты әрі тиімді етуге мүмкіндік береді.Біздің мекемеде инновациялық педагогикалық қызмет нәтижелерін таныстырудың негізгі формалары-бұл ашық іс-шаралар, мастер-кластар, ата-аналарға, мұғалімдерге арналған конференциялар, кәсіби мерзімді басылымдардағы жарияланымдар, ғылыми-практикалық конференцияларда, бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу.

 

Искакова Лаура Ескендировна

«ЖАЙДАРЛЫ ЖАЗ» республикалық балалар байқауы

0

ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының иегері, үздік қазақ тілді білім сайты –
www.martebe.kz
республикамыздағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдары
тәрбиеленушілерінің арасында өтетін «ЖАЙДАРЛЫ ЖАЗ» республикалық
балабақша балалары арасында байқау (бұдан әрі байқауын) өткізеді.

Байқауға мектепке дейінгі ұйымдардың барлық топ тәрбиленушілері қатыса
алады.

Қатысушы үміткерлердің жұмыстары 18 шілде мен 30 тамыз аралығында
balalar_baikauy@mail.ru
электронды почтасына қабылданады.
Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар
беріледі. Байқау шарттары туралы ақпаратты мектепке дейінгі ұйым басшылары
мен әдіскерлерінің назарына жеткізуді сұраймыз.


Толық ақпаратты +7 708 440 76 93 телефондары арқылы білуіңізге болады.

«ЖАЙДАРЛЫ ЖАЗ» атты республикалық балабақша балаларының
байқауының ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕСІ


1. Жалпы ереже

1.1.
«Жайдарлы жаз» атты республикалық балабақша балаларының
сурет байқауының
осы Ережесі (әрі қарай Ереже) байқауларды
ұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтайды (әрі қарай

Қашықтық
байқауы);
1.2. Қашықтық
байқауы туралы мәліметтер және қорытынды нәтиже
www.martebe.kz
сайтында жарияланады;
1.3.
Байқау www.martebe.kz сайтында 2022 жылдың 18 шілде мен 30
тамыз
аралығында өткізіледі;
1.4.
Байқауға мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілері қатыса
алады;

1.5.
Байқау тапсырмалары мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың
мемлекеттік жалпыға мін
детті стандарты мен мектепке дейінгі
ұйымдарға арналған әдістемелік нұсқаулықтардан беріледі;

1.6. Қашықтық
байқауына қатысу ақылы, ерікті негізде жүзеге
асырылады.


2. Республикалық
байқаудың мақсаты мен міндеттері:

2.1.
Еліміздің әр өңірлеріндегі балабақша бүлдіршіндерінің салауатты
өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбиелеу. Дене тәрбиесі

процестеріндегі сауықтыру міндеттерін жүйелі жүзеге асыру.

2.2.
Балабақша қызметкерлерінің республикалық масштабта
шынықтыру
сауықтыру ісшараларын жүргізудің тәжірибелерімен
бөлісу.


3. Байқаудың өту тәртібі

3.1. Байқауды өткізу және ұйымдастыру ісімен ұйымдастыру алқасы
айналысады. Ұйымдастырушы қатысушыларды тіркеуді, жұмыстарды
сараптауды, қорытынды шығаруды, марапаттауды жүзеге асырады.

3.2. Байқаудың жеңімпаздарын анықтау үшін мектепке дейінгі білім беру
саласының өкілдерінен тұратын арнайы әділқазылар алқасы құрылады.
Сонымен қатар ұйымдастыру алқасының өкілдерінен арнайы ғылыми
әдістемелік кеңес құрылады.

3.3. Әділ қазылар алқасының шешімі қайта қарауға жатпайды.

3.4. Байқауға жіберілген материалдар мен жұмыстар кері қайтарылмайды.

3.5. Байқаудың марапаттау рәсімі жеңімпаздар анықталған уақыттан кейін бір
апта ішінде жүзеге асырылады.

3.6. Байқауға кезкелген мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілері қатыса
алады.

4. Байқаудың тапсырмалары
4.1. Көңілді спорттық мереке: «Қош келдің, Жаз!» жазғы сауықтырушынықтыру
шаралары бойынша жас ерекшеліктеріне қарай спорттық шаралар материалдары
барлық топқа арналған (жоспары дәлел ретінде суретімен қоса)

4.2. «Бірлігіміз жарасқан шыныққан біз отбасы» отбасылық сайыс барлық топтарға
арналған (жоспары, суретімен қоса)

4.3.  «Жайдарлы жаз» тақырыбында сурет салу барлық топтарға

5. Байқаудың марапаттау рәсімі
Байқаудың қорытындысы бойынша келесідей жүлделі орындар тағайындалады:

Бас жүлде – диплом

І орын диплом

ІІ орын диплом

ІІІ орын диплом

Байқауға қатысқан барлық қатысушылар мақтау грамоталарымен және
балабақша меңгерушісі, әдіскері сонымен бірге топ тәрбиешілері арнайы алғыс
хаттармен марапатталады.

Байқауға қатысу құны тәрбешілер үшін — 2000 тг;
балалар үшін – 700 тг.
Байқауға келіп түскен балабақша қызметкерлерінің материалдары

www.martebe.kz
сайтында жарияланады.

Біздің реквизит
Банк атауы: «Банк Kassa Nova» АҚ;

БИК: KSNVKZKA

Төлем аударылатын мекеме атауы: «SKILLS ACADEMY» ЖШС

БИН/ИИН: 161240000269

KZ55551A127001275KZT

Кбе 17; Код 19; КНП 861

Төлем мақсаты: «Жайдарлы жаз» байқауына қатысу үшін.

Ескерту! Төлемді кез келген банк бөлімшесінен және казпочтадан жасай
аласыздар. Төлем барысында Кбе және КНП дұрыс болуын қадағалаңыз!

Каспи голд арқылы төлем жасау +77759988387 Акгуль С.

Қатысу үшін төлем жасау жөнінде және байқауға қатысты туындаған
сұрақтар бойынша қосымша ақпарат алу телефоны: +7708 440 76 93

Ақ теңіздей арда мекен

0
ҚазҰУ

Әрқайсымыздың өміріміздегі қиындықтар мен  қызықты сәттер қатар  жүретін, қанша жыл өмір сүрсек те, қандай іспен айналыссақ та ең  бір ұмытылмас кездер универистет қабырғасындағы керемет шақтарымыз. Менің Алатаудай  асқақ  арманым мені Алматы  шаһарына, Әл – Фараби  атындағы Қазақ  Ұлттық  университетіне  жетеледі. Осыдан бірнеше жыл бұрын арманыма  айналған  білім  ордасы , қазіргі  кезде  шындыққа айналды. Осындай заңғар  университеттің   студенті  атану әркімге бұйыра бермес бақ деп білемін.

Университет қабырғасында  оқып жүргеніме  екі жыл. Осы екі  жылдың  менің  өмірімдегі  естен кетпес, санада  мәңгі  қалар, жүректен  орын  алар  ең  тамаша  кездер. Университетке аяқ тірегелі бері өзімді  нағыз  телегей теңіз білім  ордасына, жалынды жастардың  қатарына енгеніме  өте  қатты  қуанамын әрі мақтанышпен айтамын. Өйткені,  Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз бен біздің жастарымыздың басты байлығы — сапалы білім екенін өзінің сөйлеген сөздерінде бірнеше рет атап көрсеткен  болатын. Осы сапалы білімнің қара шаңырағы, Қазақстандағы білім беру жүйесінің тірегі, ескінің көзін көрген, 85  жылдан асатын бай тарихы жинақталған   ұлттық  университетте еліміздің түкпір түкпірінен, алыс — жақын шет елдерден келіп, оқып жатқан студенттер жетерлік. Бүгінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ерекше мәртебесі бар Қазақстанның жетекші , нөмері бірінші   университеті,  сонымен  қатар білім мен  ғылымның  ұлттық көшбасшысы. Жақында  Қазақ  ұлттық  университеті  «QS World University Ranking by Subject 2020» пәндік рейтингісінің қорытындысы бойынша «Заманауи тіл білімі» мамандығы бойынша әлемнің ең үздік 100 ЖОО қатарына енді.

Университет қабырғасында жан – жақты, біліктілігі жоғары, қазақтың керемет ақын – жазушыларының алдын көрген, сол ұлы кісілерден дәріс алған оқытушы-профессорлар, ғылым докторлары, ғылым кандидаттары, доценттер қызмет атқарады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 180-нен астам гуманитарлық, жаратылыстану және техникалық мамандықтар бойынша бакалаврларды, магистранттарды, докторанттарды дайындайды. Университетімізде 16 факультет шоғырланған.Осы жерде білім алатын барша студенттер үшін жан-жақты даму үшін, көшбасшылық қабілетті қалыптастыру мақсатында, өз-өзін кемелдендіріп, еркін, заманауи дамыту үшін бар жағдай жасалған. Сол  бар  мүмкіншілікті  пайдалана  білу, әр  студенттің   өз  қолында. Мәселен, интернет орталығы, Ө.А. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы, мұражай, тамақтандыру комбинаты, студенттерге қызмет көрсету  орталығы  «Керемет»,  компьютерлі-техникалық жабдықтар, WI-FI сымсыз интернет желісі , ауқымы кең  спорттық кешен сынды орталықтар орналасқан. Онымен қоса ең бай кітапхана — Әл-Фараби кітапханасы орналасқан. Қойнауы кітапқа бай, зәулім сарайлы кітапханамызда әр студент  өзінің  керегіне еш  қиындықсыз  қол  жеткізе  алады.

Университеттің ерекшелігі және  ең қолайлы тұсы – студенттер үйі де, барлық факультет ғимараты да, жоғарыда аталған кешендердің барлығы бір қалашықтың ішінде  орналасқандығы. Қалашықтың табиғатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес! Айнала қоршалған жасыл  желекті ағаштар, хош иісті  гүлдер,саф, таза  ауасы,  ең бастысы шыңы аспанмен таласқан заңғар Алатау орналасқан. Сол Алатаудың шыңы әр студентті, жалпы  әр адамды биікке жетелейтіндей  көрінеді.

Мен осы университеттің ең үздік факультеттерінің  бірі – философия  және  саясаттану, педагогика және психология мамандығы  бойынша  оқып жатырмын. Мен  үшін  жаныма   ең  жақын, жылы мекенге  айналды десем артық болмас.

Бұл менің университетімді  асыра  мақтағаным  емес, бұның  барлығы  шынайылықпен, махаббатпен жазылған шынайы  дүние. Менің   осы университетте алған білімім биік шыңға жетеліп келе жатқанына және   өмірден, ғылым жолынан өз орнымды ойып  тұрып  табуға жетелейтініне үлкен  сеніммен  қараймын. Мағжан  Жұмабаев : «Арыстандай айбатты, жолбарыстай  қайратты, Мен  жастарға  сенемін!», — демекші арыстандай  айбатты, жолбарыстай  қайратты  жастардың отаны – Әл – Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық университеті!

 

Умирбаева Роза

Әл – Фараби    атындағы  Қазақ Ұлттық  университеті Философия және саясаттану факультетінің 2-курс  магистранты

Жас ұрпақтың рухани сәулеткері (эссе)

0
Jennie Kim: кәріс айдолының Голливудтық дебюты

Жас ұрпақтың рухани сәулеткері

Адамның тағдыры тәрбиемен шешіледі
В.Белинсий

Мерейлі мерекелерін күллі халық болып атап өткен ғұлама
бабаларымыздың бірі Әбу Насыр әл – Фараби: «Баланың жаны мен тәнін
тәрбиелеуді бесіктен бастаған абзал»,- десе, Ұлы Абай атамыз: «Адам ата –
анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі
жақсы – жаманды танидыдағы, сондайды білгені, көргені көп болған адам
білімді болады,» — дейді.

Демек, ұрпақ тәрбиесі, келешек қоғам мұрагерлерін тәрбиелеу ісі – өте
маңызды әрі жауапты іс.

Иә,бала жүрегі кішкентай ғана күйсандық. Ол сандықтың кілтін
тапсаң ғана ашылады. Сол кішкентай жүректерге жол тауып, бойымдағы
барымды арнап,бейкүнә, пәк жәудір көз періштелер мекендеген «Балалар
үйінде» тәрбиеші болып көп жылдар қызмет еттім. Жай ғана қызмет
етпедім,осы ортада өзімді де тәрбиеледім, өйткені жүректері жаралы,көңілдері
пәс ерекше тағдырлы балалармен жұмыс істеу ерекшелігін, оның өзіндік
ғажайыбын екінің бірі түсінуі мүмкін емес екені ақиқат.Мен олар үшін тек
тәрбиеші ғана емес,анасы,отбасы, досы, сырласы бола білдім. Күнделікті
тіршілікте кездесетін қиыншылықтарымды жасырып, ұмытуға тырыса
отырып, балалар үйінің ауласына кірген сәтте – ақ олар үшін ең керекті
мейірімге толы жүрегімді,күлімдеген көзіммен,жылы сөздеріммен,айқара
ашқан құшағыммен білдіремін.

Осы бір ерекше тағдырлы жандардың жанарына үңіліп, күнделікті
тіршіліктерін ұйымдастыру, олардың рухани дамуына, жетілуіне жауапты
екенімді сезіну, менің бойымдағы жанашырлық, кеңпейілділік, төзімділік
сияқты отбасымнан қалыптасқан қасиеттерді арттырғаны сөзсіз.Өзімді кейде
бір ғаламат күш иесіндей сезініп, балалар үйіндегі тәрбиешілік қызметіме
шүкіршілік етемін. Тәрбиеленушілерімді жақсы көретінім соншалық,менің
отбасымдай болған балаларды көруге асығып тұрамын.

Осы орайда, Ұлы педагог Ы.Алтынсариннің: «Жас кезде берген
тәрбие,оқыған оқу тасқа жазған жазудай кетпейді» дегені ойға оралады.
Расындада,23 жыл атқарған педагог қызметінің нәтижесі алған
марапаттарымнан көрінеді.

2018жылы Алматы қаласында өткен III Республикалық «Үздік
балабақша тәрбиешісі» байқауында ерекше көзге түсіп, жоғары нәтиже
көрсеткенім үшін Дипломмен марапатталдым.

2019 жылы өзім тәрбиелеп жүрген, ұлты орыс болса да қазақ
тобындағы ата – анасыз қалған Медведева Вераның өмірі жайлы монолог
жазып дайындадым. Вера ішкі жан тербенісін қазақ тілінде жеткізе айтып Нұр
– Сұлтан қаласында өткен «Сәлем Астана» атты Халықаралық фестивальда
Гран При жүлдесін жеңіп алды.

Осы Халықаралық фестивальға тәрбиеленуші Медведева Вераны
дайындағаным үшін Дипломмен марапатталдым және «Дамуында
мүмкіншілігі шектеулі балаларға арналған білім беру –тәрбиелеу орталығы»
КММ әкімшіліген Алғыс хат берілді.

2019жылы Адал еңбек етіп,балаларға сезімтал және мұқият қарағаны үшін
«Дамуында мүмкіншілігі шектеулі балаларға арналған білім беру –тәрбиелеу
орталығы» КММ әкімшіліген Мадақтама берілді.

2019жылы Көп жылғы еңбегі және Білім беру жүйесін дамыту мен өскелең
ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі мен жеткен жетістіктері үшін «Қазақстан
Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінен» Алғыс білдірді.
Балалар үйіндегі бүлдіршіндер тәрбиеші – аналарының ақылды, әділетті,
ұқыпты, аса байыпты, білімді екеніне сенетін, сезінетін болса, ол бала үшін
үлгі, өнеге.

Көрнекті чех педагогы Ян Каменскийдің «баланы ең әуелі мейірім –
шапағатқа, содан соң ақыл – парасатқа, ең ақырында нағыз пайдалы ғылымға
баулу керек» деген пікірі менің тәрбиешілік қызметіммен ұштасып жатқандай.
Отбасының кішігірім мемлекет екені адамзат қоғамында әлдеқашан
дәлелденіп, мойындалған аксиома, ал балалар үйі ше? Ол да мемлекетіміздің
бір бөлшегі, ерекше бөлшегі, сондықтанда үнемі қамқорлық көрсетіп, жағдай
жасауда.Біз қашаннан жетімін жылатпаған елміз, оған тарих куә.

Қазақстан республикасындағы педагогикалық ынтымақтастық негізінде
тәрбиелік, дамытушылық міндетін ойдағыдай атқарып жүрген мекемелер
баршылық, солардың бірі, менің екінші үйім, отбасым, мейірім мен шапағат
мекені болған – балалар үйі.

Ендеше, жас ұрпақ тәрбиесімен шұғылданып отырған менің әріптестерім,
ұстаздар қауымына адам мінезін қалыптастыруда атқарар міндет те, көтерер
жүк те, жауапкершілікте ұшан – теңіз екенін айтқым келеді.

Ұлы орыс педагогы А.С.Макаренко «Біздің балалар – біздің қарттығымыз»
десе, яғни бала – ұлыс пен ұлттың болашағы,олай болса, әр баланы, мейлі ол
қайда болсын, отбасында немесе балалар үйінде өресі биік азамат етіп
тәрбиелеу – қоғамымыздың ең өзекті мәселесі.

2019 жылдың тамыз айында балалар үйінде тәрбиеленушілердің ең соңғы
түлектерін мектепке шығарып салдым.

Қазіргі кезде біздің мекеме ««Ерекше білім беру қажеттіліктері бар
балаларға арналған оңалту орталығы» КММ деп аталады.
Тәрбие – ешқандай үзіліс дегенді білмейтін құбылыс.
Мен осындай қайнаған,жауапкершілігі өте жоғары қызмет атқарып
жүргенімді мақтаныш етемін.

IV Республикалық Е.Бекмаханұлы атындағы Қазақстан тарихы пәні олимпиадасының ережесі

0

ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының иегері, үздік қазақ тілді білім сайты – Qaztest.kz онлайн олимпиада ұйымдастыру комитеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-мен жасалған меморандум аясында қазақтан шыққан тұңғыш тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚазКСР ҒА-ның корреспондент-мүшесі Ермұхан Бекмаханұлының өмірі мен ғылыми мұрасын насихаттау мақсатында жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында Қазақстан тарихы пәнінен дәстүрлі ІV Республикалық қашықтық олимпиадасын (бұдан әрі Олимпиада) өткізеді.

Олимпиадаға 5-11 сынып оқушылары қатыса алады. Олимпиада тапсырмалары Е.Бекмаханұлының өмірі мен ғылыми мұрасы және Қазақстан тарихы пәні бойынша беріледі.

Олимпиада qaztest.kz сайтында өтеді.

Олимпиада бір кезеңнен ұйымдастырылады. Олимпиада 2022 жылдың 9 ақпан мен 12 наурыз аралығында өткізіледі. Қорытындысы 11 наурыз күні жарияланады.

Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар, Үздік ұжымдарға арнайы плакетка беріледі. Республика бойынша ең жоғары ұпай алған 45 қатысушы Е.Бекмаханұлы атындағы «Жас тарихшы» төсбелгісімен және 24-25 ұпай алған қатысушылар «Жас тарихшы» дипломымен марапатталады.

Олимпиада туралы толық ақпаратты +7 700 978 59 22; +7 775 998 83 87 телефондары арқылы білуіңізге болады.

 

Е.Б. Бекмаханов атындағы дәстүрлі ІV Республикалық  Қазақстан тарихы пәнінен қашықтық олимпиадасының ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕСІ 

  1. Жалпы ереже

1.1. Qaztest.kz қашықтық олимпиадасының осы Ережесі (әрі қарай – Ереже) олимпиадаларды ұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтайды (әрі қарай – Қашықтық олимпиада);

1.2. Қашықтық олимпиада жайлы мәліметтер және қорытынды нәтиже qaztest.kz сайтында жарияланады;

1.3. Олимпиада qaztest.kz сайтында 2022 жылдың  9 ақпан мен 9 наурыз аралығында онлайн өткізіледі;

1.4. Олимпиадаға 5-11 сынып оқушылары қатыса алады;

1.5. Олимпиада тапсырмалары Е.Бекмаханұлының өмірі мен ғылыми мұрасы және Қазақстан тарихы пәні бойынша беріледі;

1.6. Қашықтық олимпиадаға қатысу – ақылы,  ерікті негізде жүзеге асырылады.

1.7. Олимпиада марапаттарын үшінші тараптың қатысуымен бейресми негізде заңсыз алу жарамсыз боп танылады. qaztest.kz сайтындағы «Марапаттарды тексеру» батырмасы арқылы әрбір қатысушы өзінің марапаттарын тексере алады. 

  1. Республикалық олимпиаданың мақсаты мен міндеттері:

2.1. Қазақтан шыққан тұңғыш тарих ғылымдарының докторы, профессор Ермұхан Бекмаханұлының өмірі мен ғылыми мұрасын насихаттау;

2.2. Күрделі деңгейлі тапсырмаларды өздігінен орындау арқылы оқушылардың коммуникативті-ақпараттық дағдыларын дамыту;

2.3. Оқушыларды патриотизмге баулу және еліміздің тарихы мен ұлттық мәдениетіне деген құрметті дәріптеу;

2.4. Республикамыздағы үздік жас тарихшыларды анықтау, оларға қолдау көрсету және марапаттау.

  1. Республикалық олимпиаданы өткізілуі мен тәртібі:

3.1. Олимпиада бір кезеңнен, барлығы 25 тест тапсырмасынан тұрады.

3.2. Әрбір тапсырманың бір ғана дұрыс жауабы бар және тест нұсқалары екінші рет қайталанбайды;

3.3. Қатысушы ең көбі 3 рет тест тапсыра алады. Ең жоғарғы нәтижесі есепке алынады;

3.4. Тестілеуден өту үшін қатысушыға 50 минут уақыт беріледі. Уақыт біткеннен кейін автоматты түрде тестілеу аяқталады және нәтиже экран бетіне шығарылады;

3.5. Олимпиадаға төлем жасағаннан кейін ғана қатысу мүмкіндігі ашылады;

3.6. Қатысушылардың марапаттары автоматты түрде электронды почтасына жіберіледі және жеке кабинетіндегі «Сертификат-Диплом» бөлімінде сақталады.

  1. Олимпиада қатысушыларына қойылатын талаптар:

4.1. Қатысушы ешкімнің көмегінсіз тапсырмаларды өзі орындауы тиіс;

4.2. Қатысушының атынан өзге біреудің қатысқандығы құрылғының IP адресі арқылы анықталады. Расталған жағдайда қатысушының нәтижесі толықтай жойылады;

4.3. Олимпиада барысында кері батырмасын басуға және басқа бетке ауысуға болмайды;

4.4. Тестілеу парақшасын жауып алған жағдайда тестілеуге берілген уақыт ішінде «Менің нәтижелерім» бөлімінде «тестті жалғастыру» батырмасын басу арқылы қайта жалғастыру мүмкіндігі қарастырылған;

4.5. Уақытында енгізілмеген тапсырмалар үшін төлемдер қайтарылмайды;

4.6. Берілген сұрақтарды белгілемей алдыға және кейін шегінуге болмайды;

4.7. Тестке қатысу жеке немесе координатордың ұйымдастыруымен жүзеге асады;

4.8. Координатор өзінің жеке парақшасы арқылы бір немесе бірнеше адамды қатыстыра алады (бір ұжымнан ғана қатыстыруы тиіс);

4.9. Тест нәтижелері қайта қарауға жатпайды және аппеляциялық комиссия құрылмайды;

4.10. Олимпиадаға байланысты сұрақтар qaztest.kz@mail.ru почтасына қабылданады.

ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСТЫ ҚОСЫМША АҚПАРАТТАР 

Олимпиадаға қатысу бағасы:  бір реттік тест – 500 теңге, екі реттік мүмкіндік – 900 теңге. Толық ақпарат сайтта жаңалықтар бөлімінде жарияланады. 

ОЛИМПИАДАНЫҢ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ 

Олимпиада қорытындысы бойынша 17 ұпайдан жоғары жинаған қатысушыларға І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар тағайындалады.

Орын ұпайлары:

І орын – 25-23 ұпай

ІІ орын – 22-20 ұпай

ІІІ орын – 19-17 ұпай

Қатысушылардың марапаттары олимпиада барысында жеке парақшасында сақталады және электронды түрде почтасына жіберіледі.

Олимпиада қорытындысы бойынша республика бойынша ең жоғары ұпай алған 45 қатысушы Ермұхан Бекмаханұлы атындағы «Жас тарихшы» төсбелгісімен (бір ұжымнан 3 қатысушы ғана енгізіледі) және 24-25 ұпай алған қатысушылар «Жас тарихшы» дипломымен марапатталады. Қорытынды нәтиже, яғни төсбелгі иегерлері сайтта 2022 жылдың 11 наурыз күні жарияланады.

Ескерту! Қатысушылардың жинаған ұпайы тең болған жағдайда тесттен өткен уақыты есепке алынады. Қатысушылардың нәтижесі IP адресі арқылы тексеріліп, басқа адам өткізгені анықталса, нәтиже жойылады. Ұйымдастырушылар комитеті тест нәтижесі бойынша қорытынды жариялайды.

Бір ұйымнан 40 қатысушы қатысып, 20 жүлделі орын иеленген ұжымға  «Үздік ұжым» плакеткасы беріледі. Сонымен қатар, бір ұйымнан 20-дан көп қатысушы қатыстырған координаторға алғыс хат беріледі. «Үздік ұжым» плакеткасына үміткерлер қатысушылардың тізімін qaztest.kz@mail.ru почтасына олимпиаданың соңғы күніне дейін жолдауы керек.

Жұмыс уақытында онлайн чатқа және qaztest.kz@mail.ru почтасына хат жазу арқылы жылдам жауап аласыз.

Жұмыс уақыты: таңертеңгі 9:00-ден 18:00-ге дейін. Түскі үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін.

Түскі үзіліс уақытында және жұмыс уақыты аяқталған соң телефонға және эл.почтаға жауап берілмейді.

Қосымша ақпарат алу телефоны: +7 700 978 59 22, +7 775 998 83 87

V Республикалық «Үздік сынып жетекші» олимпиадасының ережесі

0
qaztest.kz

ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының иегері, үздік қазақ тілді білім сайты – Qaztest.kz онлайн олимпиада ұйымдастыру комитеті Абай атындағы ҚазҰПУ-мен жасалған меморандум аясында республика көлемінде үздік сынып жетекшілерді анықтау және оларды қолдау мақсатында V Республикалық «Үздік сынып жетекші» қашықтық олимпиадасын  (бұдан әрі Олимпиада) өткізеді.

Олимпиадаға жалпы білім беретін мектептерде қызмет ететін сынып жетекшілері қатыса алады. Олимпиада тапсырмалары сынып жетекшінің тәрбие жұмысы мен әдістемесі, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері және орта білім беру ұйымдарында сынып жетекшілігі туралы ереже бойынша беріледі.

Олимпиада qaztest.kz сайтында өтеді.

Олимпиада 2 кезеңнен ұйымдастырылады. Олимпиада өткізілетін мерзімі: 2022 жылдың 24 қаңтарынан 24  ақпан аралығы. Екінші кезеңнің тапсырмалары іріктеу кезеңінде 17 ұпайдан жоғары жинаған қатысушыларға ғана ашылады. Қорытындысы 28 ақпан күні жарияланады.

Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар, Үздік ұжымдарға арнайы плакетка беріледі.  Республика бойынша екі кезең нәтижесін қоса алғанда ең жоғары ұпай алған 30 қатысушы «Үздік сынып жетекші» төсбелгісімен және 2-кезеңде 24-25 ұпай жинаған қатысушылар «Құрмет грамотасымен» марапатталады.

Олимпиада туралы толық ақпаратты +7 700 978 59 22; +7 775 998 83 87 телефондары арқылы білуіңізге болады.

V Республикалық «Үздік сынып жетекші» қашықтық олимпиадасының

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕСІ

  1. Жалпы ереже

1.1. Qaztest.kz қашықтық олимпиадасының осы Ережесі (әрі қарай – Ереже) олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтайды (әрі қарай – Қашықтық олимпиада);

1.2. Қашықтық олимпиада жайлы барлық ақпараттар qaztest.kz сайтында жарияланады;

1.3. Олимпиада qaztest.kz сайтында 2 кезең бойынша (2022 жылдың 24 қаңтарынан 24  ақпан аралығында) онлайн өткізіледі;

1.4. Олимпиадаға жалпы білім беретін мектептерде қызмет ететін сынып жетекшілері қатыса алады;

1.5. Олимпиада тапсырмалары сынып жетекшінің тәрбие жұмысы мен әдістемесі, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері және орта білім беру ұйымдарында сынып жетекшілігі туралы ереже бойынша беріледі;

1.6. Тапсырмалар Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің білікті мамандары арқылы дайындалып, ұйымдастырушылармен бекітіледі;

1.7. Қашықтық олимпиадаға қатысу – ақылы,  ерікті негізде жүзеге асырылады.

1.8. Олимпиада марапаттарын үшінші тараптың қатысуымен бейресми негізде заңсыз алу жарамсыз боп танылады. qaztest.kz сайтындағы «Марапаттарды тексеру» батырмасы арқылы әрбір қатысушы өзінің марапаттарын тексере алады. 

  1. Республикалық қашықтық олимпиадаларының мақсаты мен міндеттері:

2.1. Жалпы білім беретін мектептерде қызмет ететін сынып жетекшілерінің кәсіби біліктілігін арттыру;

2.2. Шәкірт тәрбиесіндегі сынып жетекшілерінің алатын орны мен маңызын насихаттау;

2.3. Республика көлемінде үздік сынып жетекшілерді анықтау және оларды марапаттау.

  1. Республикалық олимпиаданы өткізілуі мен тәртібі:

3.1. Олимпиада 2 кезеңнен, әр кезең 25 сұрақтан, барлығы 50 сұрақтан тұрады;

3.2. Әрбір тапсырманың бір ғана дұрыс жауабы бар және тест нұсқалары екінші рет қайталанбайды;

3.3. 1-кезеңнен 17 ұпайдан жоғары алған қатысушылар 2-кезеңге жолдама алады;

3.4. Қатысушы ең көбі 3 рет тест тапсыра алады. Ең жоғарғы нәтижесі есепке алынады;

3.5. Тестілеуден өту үшін қатысушыға 50 минут уақыт беріледі. Уақыт біткеннен кейін автоматты түрде тестілеу аяқталады;

3.6. Олимпиадаға төлем жасағаннан кейін ғана қатысу мүмкіндігі ашылады;

3.7. Тестілеудің нәтижесі қатысушы тестті аяқтағаннан кейін экран бетіне шығарылады;

3.8. Қатысушылардың марапаттары автоматты түрде электронды почтасына жіберіледі және жеке кабинетіндегі «Сертификат-Диплом» бөлімінде сақталады.

  1. Олимпиада қатысушыларына қойылатын талаптар:

4.1. Қатысушы ешкімнің көмегінсіз тапсырмаларды өзі орындауы тиіс;

4.2. Қатысушының атынан өзге біреудің қатысқандығы құрылғының IP адресі арқылы анықталады. Расталған жағдайда қатысушының нәтижесі толықтай жойылады;

4.3. Олимпиада барысында кері батырмасын басуға және басқа бетке ауысуға болмайды;

4.4. Тестілеу парақшасын жауып алған жағдайда тестілеуге берілген уақыт ішінде «Менің нәтижелерім» бөлімінде «тестті жалғастыру» батырмасын басу арқылы қайта жалғастыру мүмкіндігі қарастырылған;

4.5. Уақытында енгізілмеген тапсырмалар үшін төлемдер қайтарылмайды;

4.6. Берілген сұрақтарды белгілемей алдыға және кейін шегінуге болмайды;

4.7. Тестке қатысу жеке немесе координатордың ұйымдастыруымен жүзеге асады;

4.8. Координатор өзінің жеке парақшасы арқылы бір немесе бірнеше адамды қатыстыра алады (бір ұжымнан ғана қатыстыруы тиіс);

4.9. Тест нәтижелері қайта қарауға жатпайды және аппеляциялық комиссия құрылмайды;

4.10. Олимпиадаға байланысты сұрақтар qaztest.kz@mail.ru почтасына қабылданады.

 

ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСТЫ ҚОСЫМША АҚПАРАТТАР

Олимпиадаға қатысу бағасы:  бір реттік тест – 600 теңге, екі реттік мүмкіндік – 1000 теңге. Толық ақпарат сайтта жаңалықтар бөлімінде жарияланады.

 

ОЛИМПИАДАНЫҢ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ

Олимпиаданың іріктеу кезеңінің қорытындысы негізінде 17 ұпайдан жоғары ұпай алған қатысушылар екінші кезеңге жолдама алады, ал екінші кезең нәтижесі бойынша             І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар беріледі.

Орын ұпайлары:

І орын – 25-23 ұпай

ІІ орын – 22-20 ұпай

ІІІ орын – 19-17 ұпай

Қатысушылардың марапаттары олимпиада барысында жеке парақшасында сақталады және электронды түрде почтасына жіберіледі.

Республика бойынша екі кезең нәтижесін қоса алғанда ең жоғары ұпай алған 30 қатысушы «Үздік сынып жетекші» төсбелгісімен және 24-25 ұпай жинаған қатысушылар «Құрмет грамотасымен» марапатталады.

Қорытынды нәтиже, яғни төсбелгі иегерлері сайтта 2022 жылдың 28 ақпан күні жарияланады.

Ескерту! Қатысушылардың жинаған ұпайы тең болған жағдайда тесттен өткен уақыты есепке алынады. Қатысушылардың нәтижесі IP адресі арқылы тексеріліп, басқа адам өткізгені анықталса, нәтиже жойылады. Ұйымдастырушылар комитеті тест нәтижесі бойынша қорытынды жариялайды.

Бір ұйымнан 40 қатысушы қатысып, 20 жүлделі орын иеленген ұжымға  «Үздік ұжым» плакеткасы беріледі. Сонымен қатар, бір ұйымнан 20 қатысушы қатыстырған координаторға алғыс хат беріледі. «Үздік ұжым» плакеткасына үміткерлер қатысушылардың тізімін qaztest.kz@mail.ru почтасына олимпиаданың соңғы күніне дейін жолдауы керек.

Жұмыс уақытында онлайн чатқа және qaztest.kz@mail.ru почтасына хат жазу арқылы жылдам жауап аласыз.

Жұмыс уақыты: таңертеңгі 9:00-ден 18:00-ге дейін. Түскі үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін.

Түскі үзіліс уақытында және жұмыс уақыты аяқталған соң телефонға және эл.почтаға жауап берілмейді.

Қосымша ақпарат алу телефоны: +7 700 978 59 22, +7 775 998 83 87

 

Жемістердегі дәрумендердің пайдасы

0
Жемістердегі дәрумендердің пайдасы

Жеміс-жидектер және көкөністерде дәрумендер көп. Дәрумендер біздің ағзамызға өте қажет. Жеміс-жидектерді күнделікті өз мөлшерінде тұтынсақ денсаулығымызға да едәуір пайдасы болады.

Мен жеміс-жидектерді жегенді жақсы көремін. Себебі, олар маған күш-қуат береді. Мен алма жемісін ұнатамын. Онда С витамині бар. Ол иммунитетті көтереді. Сонымен қатар алма жемісінен бөлек көптеген пайдасын берер жеміс-жидектерді тағам рационына ендірген жөн. Тіптен қазіргі қоғамда көптеген зиянды тағамдардан адамдар денсаулығына кері әсерін байқауда. Осындай жағдайда фаст-фуд, түрлі пайдасыз тәттілерден бас тартып, оның орнына жемістер мен жидектерді тұтыну қажет. Бұл әлдеқайда мың есе пайдасы орасан зор. Жемістердің, көкөністердің,жидектердің пайдалану нормасы болады. Мысалы, таңғы уақытта және кешкі уақытқа арнайылап жеу қажет делінетін түрлері болады. Банан және киви, апельсин, басқа да түрлі жемістерді күндізгі уақыттарда жеген абзал. Сонымен қатар үй жағдайында осы жемістерден әртүрлі сусындарды дайындауға болады. Бұл бірден-бір табиғи әрі ешқандай қоспаларсыз дайындалған сусын болып табылады.

Адамдар көбінесе жеміс пен жидектің, көкөністерді дұрыс ажырата алмайды. Осы тұстан екі бағыттың аражігін ажыратуға болады.

Жемістерге:

1.алма

2.алмұрт

3.шабдалы және тағы басқа да түрлері жатады. Ең маңыздысы көлеміне және сипатына мән берген жөн.

Ал жидектерге:

1.құлпынай

2.қара жидек

3.малина

Қорытындылай келгенде, жемістердегі дәрумендердің пайдасы барынша аса жоғары. Осыны әр адам дұрыс тамақтанудағы негіз екендігін және денсаулыққа көптеген пайдасын әкелетіндігін ұғыну қажет. Егер иммуниет төмен болса адам көп ауырады. Иммунитетті көтеру үшін дәрумендерді жеу керек. Жарқын әрі сау өмір сүру адамның ең басты міндеті.

Авторы: Алматы қаласы

Жетісу ауданы

№177 жалпы білім беретін мектептің

2«Г» сынып оқушысы

Хасен Ұлжан Талғатқызы

Бизнесте жиі кездесетін стереотиптер

0

Бизнес — бұл оңай нәрсе емес. Және бұл бірден және сіз қалағандай болмауы мүмкін. Бұл көп күш пен еңбекті қажет етеді. Сіз өзіңіздің жеке бизнесіңізбен ғана емес, өзіңізбен де жұмыс істеуге тура келеді. Ал бұл бағытта ең алдымен стереотиптерден арылу керек. Стереотиптер – бизнесменнің қас жауы. Стереотиптер дамуымызға және табысқа жетуге кедергі жасайды.

Кәсібін бастап, оны ары қарай өрге домалатқысы келетін адамдарда ең жиі кездесетін стереотиптердің бірі ол: бастапқы капитал, инвестиция және артқа ақша қалдыру. Яғни болашақта кәсібіңде келеңсіздіктер, құрдымға кетушілік орын алса қосымша артыңда қалған ақшаны пайдалану. Бұл үлкен қәтелік.

  • Бастапқы капиталға ақша жинап жатқанда, артқа ақша қалдыруды ойланып-толғанып жатқанда, инвесторлар іздестіріп жатқанда сен өз мүмкіндігіңді жіберіп аласың. Кез-келген тәжірибелі, табысты кәсіпкерлер айтады: бірнеше идеяны сынап көріп, жан-жақты қарастырған жеңіске жетеді. Ал бір ғана идеяның табысты болуын күтіп, бір ғана мүмкіндікті қолданатын адам жеңіліске ұшырайды дейді. Сондықтан көптеген кәсіпкерлер жіберетін қателік: ол керек кезде, керек уақытында шешім қабылдай алмау. Өзіңе деген сенімнің аздығы. Белсенді қадамдар жасау және алғашқы ақшаны табу сіздің бизнесіңізді одан әрі дамытуға ынталандырады, ал ұзақ жоспарлау дамудан гөрі, құрдымға кетіреді.

Келесі кездесетін стереотиптердің бірі: «Алдымен – жоғары білім, одан кейін – жұмыс және бизнес.Жоғарғы білімсіз ешнәрсе өнбейді.

  • Әрине, білім — бұл жақсы құрал, және жоғары білім алу процесі сізге өзін-өзі тәрбиелеу, көптеген ақпаратты өңдеу және қабылдау, стандартты емес шешімдерді табу, байланыс орнату сияқты дағдыларды береді — бұл бизнест өте пайдалы. Бірақ бұл қарапайым нәрсені бастауға болмайды дегенді білдірмейді. Жоғары мамандандырылған дағдыларды қажет етпейтін көптеген салалар бар. Мысалы, көтерме қоймадан тауарларды сатып алып, оларды бөлшек саудада сәтті өткізу. Кез – келген тауарды арзан бағада алып, қымбатқа өткізу деген сынды. Егер сіз санауды білсеңіз немесе кем дегенде калькуляторды қолдансаңыз, онда бәрі қарапайым түрде дами береді. Сондықтан жоғарғы білімсізде еңбегіңіз өнімді болары анық.

Тағы бір бизнестегі қадам басуды тежейтін стереотиптердің бірі: Бізге дейін ойлап табылған немесе бұндай нәрселер көп қой. Үлкен бәсекелестік болған жерде, оған араласу пайдасыз.

  • Көптеген кәсіпкерлердің жүрексінетіні осы нәрсе. Үлкен бәсекелестікке түскісі келмейді, бұған дейін бар PS5 клуб ашу немесе квест ашу деген сынды ойлап табылған нәрсеге барғысы келмеу. Бәсекелестіктің көп болуы – бұл алаңның сұранысқа ие екендігінің белгісі. Сұранысқа ие болу – бұл үлкен табыстың иісі емеспа?! Бәсекелестіктен қорқып ашпай қойғаннан гөрі, бәсекелестерден қалай асып түсетінін анықтау керек. Мүмкін қызметтің жоғары деңгейін немесе өнімнің жетілдірілген нұсқасын ұсынатыну арқылы бәсекелестеріңнен асып түсесің. Сондықтан қорқынышты жеңіп, бәсекелестіктен қорықпау керек.