Ұялы телефон, компьютер және құлаққаптың адам ағзасына тигізер әсері қандай?

Иллюстрация: Freepik.com

Ғылым мен техниканың жетістігі адамзаттың өмірін түбегейлі өзгертті. Қазіргі уақытта технологияның ықпалымен өмір сүру маңызды үрдіске айналды. Дамыған заманның артықшылығына қарамастан тигізер әсеріне байланысты адамдар қандай ауру түрлеріне шалдығуы мүмкін? Технологияның адамға берер әсері қандай? Аталған сауалға “7 қалалық клиникалық аурухананың” қызметкері жалпы тәжірибе дәрігер Әйгерім Сәбитқызы жауап берді.

 — Әйгерім Сәбитқызы, технологияның бірі — ұялы телефон, компьютер және құлаққаптың әсеріне байланысты адам ағзасында қандай ауру түрлері пайда болады?

  — Егер адам компьютерді, ұялы телефонды 2-3 сағаттан аса тапжылмай қолданса бұлшықеттер қимылдан тыс қалып, омыртқа бойындағы дискілердің салмағы бір-біріне әсер етеді. Сонымен бірге зат алмасу процессі төмендейді. Осылайша ағзада остеохондроз ауруы пайда болады. Аталған құралдардың жарығына ұзақ уақыт қараған кезде көздің жыпылықтауы төмендейді, көз бұлшықеттерінің қимыл-қозғалысы нашарлайды, көз құрғайды. Нәтижесінде көру қабілет нашарлап, көз ауруы дамиды. Келесі аурудың түрі — семіздік саналады.

Аурудың даму себебі — адамның ұзақ уақыт қозғалыссыз тапжылмай отырған уақытта ағзасында зат алмасу үрдісінің бәсеңдеуімен сипатталады. Салдарынан артық майлар, холестерин  жиналады. Әсеріне байланысты инфаркт, инсульт, атеросклероз ауруына акеп соқтыруы мүмкін. Ал құлаққаптың зияны — есту қабілетінің төмендеуі.

Құлаққаптың түрі көп. Олар вакуумды, таблетка түрдегі және жапсырмалы құлаққап. Ең зияндысы — вакумды құлаққап. Ол дыбысты 110-120  децибел  шамасында құлаққа ешқандай кедергісіз жіберетіндіктен құлақтағы ағзалардың зақымдануына алып келеді. Адам осы құралдарды айтылған уақыт мерзімінен аса пайдаланса жекешеленіп, өзін қараңғы бөлмеде отырғандай сезініп, қоршаған ортадан тыс қалады. Сонымен қатар әлеуметтік желіде өзге жаннан хабарламаны күту де адамды күйзеліске душар етеді. Осы себептерге байланысты мінез-құлықтың бұзылуы — депрессияға ұшырайды.

Дәрігердің айтуынша, медициналық зертеулерге сәйкес гаджеттердің салдарына байланысты соңғы бес жылда көз көруінің нашарлауы 80% — ға дейін өскен. Құлаққаптың әсері бойынша есту қабілет 30% — ға дейін төмендеген.

— Аталған ауру түрлерінің белгілері қандай?

  — Остеохондроз ауруы кезінде мойын аймағы ауырсынады, тартылады және спазма байқалады. Ал келесі ауру түрі — көз ауруы кезінде бұлшықеттер қызметі нашарлайды, көз құрғайды, көру қабілет төмендейді. Семіздік аруының белгілері: егер адам екі апта бойы 6 сағат мерзімі бойынша технологияларды үздіксіз пайдаланса ағзада артық салмақ пайда болады. Аяқ ісінеді, жүрек бөлігінде ыңғайсыздық сезім туындайды, тыныс алу қиындайды. Құлаққаптың әсеріне байланысты есту қабілет бәсеңдейді. Депрессия кезінде адамның мінез-құлығы өзгереді. Мәселен, тым қозғыш және ашуға бейім болу.

— Аурудың алдын алу үшін қандай сақтық шараларын сақтау қажет?

  — Ең алдымен омыртқа жотасына зиян келмес үшін арқаны тік ұстап 90° бойынша аяқты жерге тік қою қажет. Адамның компьютермен арақашықтығы 60-70 см-ден аспағаны абзал. Әр 2-3 сағат сайын 10-15 минут уақыт мөлшері бойынша сыртқа шығып, демалыңыз. Ұялы телефон немесе компьютерді қолданған уақытта мониторға тік қарап, көзді жыпылықтатып тұрыңыз. Күніне ұялы телефонды 2 сағаттан аса қолданбаңыз.

Сондай-ақ қанайналымды жақсартатын жаттығуларды орындау керек. Қолыңыздағы құлаққап әр түрлі кедергілер арқылы дыбыс жіберетін құрал болғаны жөн. Оның дыбысын 60%-дан асырмай әрі күніне 60 минуттан аса қолданбағаныңыз дұрыс. Сонымен бірге оның дыбысы сыртқа шықпау қажет жане сіз сыртқы дыбыстарды еститін дәрежеде болыңыз.

 — Сұхбатыңызға рақмет!

Сұқбаттасқан: Сахан Нағима

«Тұран» университеті Журналистика мамандығының 4 курс студенті

Жетекшісі: Рушанова Н.Б

VІІ Республикалық А.Байтұрсынұлы атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен қашықтық олимпиадасы

0

ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының иегері, үздік қазақ тілді білім сайты – Qaztest.kz онлайн олимпиада ұйымдастыру комитеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-мен жасалған меморандум аясында мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай ұлт ұстазының өмірі мен шығармашылық мұрасын насихаттау мақсатында оқушылар арасында VІІ Республикалық А.Байтұрсынұлы атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен қашықтық олимпиадасын (бұдан әрі Олимпиада) өткізеді.

Олимпиадаға 5-11 сынып оқушылары қатыса алады. Олимпиада тапсырмалары қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен және А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы бойынша беріледі.

Олимпиада qaztest.kz сайтында өтеді.

Олимпиада бір кезеңнен ұйымдастырылады. Олимпиада 2022 жылдың 11 қараша мен 11 желтоқсан аралығында өткізіледі. Қорытындысы 14 желтоқсан күні жарияланады.

Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар, Үздік ұжымдарға арнайы плакетка беріледі. Республика бойынша ең жоғары ұпай алған қатысушылар «Жас Ахметтанушы» төсбелгісімен және 24-25 ұпай алған қатысушылар «Жас Ахметтанушы» дипломымен марапатталады.

Олимпиада туралы толық ақпаратты +7 700 978 59 22; +7 775 998 83 87 телефондары арқылы білуіңізге болады.

VІІ Республикалық А.Байтұрсынұлы атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен қашықтық олимпиадасының

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕСІ

 

  1. Жалпы ереже

1.1. Qaztest.kz қашықтық олимпиадасының осы Ережесі (әрі қарай – Ереже) олимпиадаларды ұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтайды (әрі қарай – Қашықтық олимпиада);

1.2. Қашықтық олимпиада жайлы мәліметтер және қорытынды нәтиже qaztest.kz сайтында жарияланады;

1.3. Олимпиада qaztest.kz сайтында 2022 жылдың 11 қараша мен 11 желтоқсанаралығында онлайн өткізіледі;

1.4. Олимпиадаға 5-11 сынып оқушылары қатыса алады;

1.5. Олимпиада тапсырмалары қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен және А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы бойынша беріледі;

1.6. Қашықтық олимпиадаға қатысу – ақылы,  ерікті негізде жүзеге асырылады.

1.7. Олимпиада марапаттарын үшінші тараптың қатысуымен бейресми негізде заңсыз алу жарамсыз боп танылады. qaztest.kz сайтындағы «Марапаттарды тексеру» батырмасы арқылы әрбір қатысушы өзінің марапаттарын тексере алады. 

 

  1. Республикалық олимпиаданың мақсаты мен міндеттері:

2.1. Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылық мұрасын насихаттау;

2.2. Күрделі деңгейлі тапсырмаларды өздігінен орындау арқылы оқушылардың коммуникативті-ақпараттық дағдыларын дамыту;

2.3. Оқушыларды патриотизмге баулу және қазақ тілі мен әдебиетіне деген құрметті дәріптеу;

2.4. Республикамыздағы озат оқушыларды анықтау, оларға қолдау көрсету және марапаттау.

 

  1. Республикалық олимпиаданы өткізілуі мен тәртібі:

3.1. Олимпиада бір кезеңнен, барлығы 25 тест тапсырмасынан тұрады.

3.2. Әрбір тапсырманың бір ғана дұрыс жауабы бар және тест нұсқалары екінші рет қайталанбайды;

3.3. Қатысушы ең көбі 3 рет тест тапсыра алады. Ең жоғарғы нәтижесі есепке алынады;

3.4. Тестілеуден өту үшін қатысушыға 50 минут уақыт беріледі. Уақыт біткеннен кейін автоматты түрде тестілеу аяқталады және нәтиже экран бетіне шығарылады;

3.5. Олимпиадаға төлем жасағаннан кейін ғана қатысу мүмкіндігі ашылады;

3.6. Қатысушылардың марапаттары автоматты түрде электронды почтасына жіберіледі және жеке кабинетіндегі «Сертификат-Диплом» бөлімінде сақталады.

 

  1. Олимпиада қатысушыларына қойылатын талаптар:

4.1. Қатысушы ешкімнің көмегінсіз тапсырмаларды өзі орындауы тиіс;

4.2. Қатысушының атынан өзге біреудің қатысқандығы құрылғының IP адресі арқылы анықталады. Расталған жағдайда қатысушының нәтижесі толықтай жойылады;

4.3. Олимпиада барысында кері батырмасын басуға және басқа бетке ауысуға болмайды;

4.4. Тестілеу парақшасын жауып алған жағдайда тестілеуге берілген уақыт ішінде «Менің нәтижелерім» бөлімінде «тестті жалғастыру» батырмасын басу арқылы қайта жалғастыру мүмкіндігі қарастырылған;

4.5. Уақытында енгізілмеген тапсырмалар үшін төлемдер қайтарылмайды;

4.6. Берілген сұрақтарды белгілемей алдыға және кейін шегінуге болмайды;

4.7. Тестке қатысу жеке немесе координатордың ұйымдастыруымен жүзеге асады;

4.8. Координатор өзінің жеке парақшасы арқылы бір немесе бірнеше адамды қатыстыра алады (бір ұжымнан ғана қатыстыруы тиіс);

4.9. Тест нәтижелері қайта қарауға жатпайды және аппеляциялық комиссия құрылмайды;

4.10. Олимпиадаға байланысты сұрақтар qaztest.kz@mail.ru почтасына қабылданады.

 

ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСТЫ ҚОСЫМША АҚПАРАТТАР

 

Олимпиадаға қатысу бағасы:  бір реттік тест – 500 теңге, екі реттік мүмкіндік – 900 теңге. Толық ақпарат сайтта жаңалықтар бөлімінде жарияланады.

 

ОЛИМПИАДАНЫҢ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ

 

Олимпиада қорытындысы бойынша 17 ұпайдан жоғары жинаған қатысушыларға І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар тағайындалады.

Орын ұпайлары:

І орын – 25-23 ұпай

ІІ орын – 22-20 ұпай

ІІІ орын – 19-17 ұпай

Қатысушылардың марапаттары олимпиада барысында жеке парақшасында сақталады және электронды түрде почтасына жіберіледі.

Олимпиада қорытындысы бойынша ең жоғары нәтиже көрсеткен қатысушылар «Жас Ахметтанушы» төсбелгісімен (бір ұжымнан 3 қатысушы ғана енгізіледі) және 24-25 ұпай алған қатысушылар «Жас Ахметтанушы» дипломымен марапатталады. Қорытынды нәтиже, яғни төсбелгі иегерлері сайтта 2022 жылдың 14 желтоқсан күні жарияланады.

Ескерту! Қатысушылардың жинаған ұпайы тең болған жағдайда тесттен өткен уақыты есепке алынады. Қатысушылардың нәтижесі IP адресі арқылы тексеріліп, басқа адам өткізгені анықталса, нәтиже жойылады. Ұйымдастырушылар комитеті тест нәтижесі бойынша қорытынды жариялайды.

Бір ұйымнан 40 қатысушы қатысып, 20 жүлделі орын иеленген ұжымға  «Үздік ұжым» плакеткасы беріледі. Сонымен қатар, бір ұйымнан 20-дан көп қатысушы қатыстырған координаторға алғыс хат беріледі. «Үздік ұжым» плакеткасына үміткерлер қатысушылардың тізімін qaztest.kz@mail.ru почтасына олимпиаданың соңғы күніне дейін жолдауы керек.

ТӨЛЕМ ЖАСАУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

 

Төлемдер Kaspi.kz қосымшасы (Платежи – qaztest.kz), QIWI терминалдары арқылы  (Білім беру қызметтері→qaztest.kz→e-mail немесе ID нөмір) және кез келген банк картасымен интернет банкинг арқылы онлайн жүзеге асырылады. Төлем жасағаннан кейін қатысушы парақшасына кіріп, «Сатып алу» батырмасын басу арқылы тестті сатып алады.  Төлем жасау туралы түсіндірме сайттың «Бейне нұсқау» бөлімінде көрсетілген.

Егер қатысушылар саны көп болса, барлық қатысушыларды бір жауапты маман «Координатор» болып, барлығын жеке парақшасында тіркеп, ұйымдастыра алады. Толық нұсқаулық «Видеонұсқау» бөлімінде көрсетілген.

Жұмыс уақытында онлайн чатқа және qaztest.kz@mail.ru почтасына хат жазу арқылы жылдам жауап аласыз.

Жұмыс уақыты: таңертеңгі 9:00-ден 18:00-ге дейін. Түскі үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін.

Түскі үзіліс уақытында және жұмыс уақыты аяқталған соң телефонға және эл.почтаға жауап берілмейді.

Қосымша ақпарат алу телефоны: +7 700 978 59 22, +7 775 998 83 87

Ozattar – білім саласы үздіктері энциклопедиясының 5-шығарылымына қабылдау басталды

4

«Ozattar энциклопедиясы» мекемесі республикамыздағы білім саласының
дамуына зор үлес қосып жүрген педагогтар мен дарынды оқушылардың есімдерін жинап, баспа өнімі ретінде жинақтау мақсатында Ozattar – Қазақстан білім саласы үздіктерінің энциклопедиясын  жариялайды.

Энциклопедияның макеті

Энциклопедияның бірінші, екінші және үшінші басылымы 2018-2019, 2020-2021,
2021-2022 жылдары А4 форматта, түрлі түсті, алтын түстес өрнекпен өрнектелген
қалың мұқабада жарық көрді. Энциклопедияға республикамыздағы білім беру ұйымдарынан үздік деп танылған 5000-ға жуық білім саласының озаттары енгізілді.

Энциклопедияға өтініш беруші мамандардың педагогикалық еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс. Энциклопедияға халықаралық стандартты ISBN нөмері беріліп, ұлттық кітап палатасына тіркеледі. Өтінімдерді қабылдау жұмыстары үшін ақылдастар алқасы құрылады.

Қабылдау мерзімі: 2022 жылдың 03 қазан мен 30 қараша аралығы. Өтінімдер ozattar.kz@mail.ru почтасына қабылданады.

Ozattar.kz – Қазақстан білімділерінің энциклопедия сайты – 2017 жылы «Жылдың сапалы инновациялық жобасы» халықаралық байқауының жеңімпазы. 2019 жылы ҚР Тұңғыш Президенті қорының «Ең үздік білім сайты» аталымының жеңімпазы атанды. Толық ақпаратты +7 708 440 76 93; +7 700 600 63 04 телефондары арқылы білуіңізге болады.

Ozattar – Қазақстан білім саласы үздіктерінің энциклопедиясы жобасының
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ереже
1.1. Ozattar – Қазақстан білім саласы үздіктерінің энциклопедиясының осы ережесі (әрі қарай – Ереже) құжаттар қабылдау және ұйымдастыру тәртібін анықтайды (әрі қарай – энциклопедия);
1.2. Энциклопедияға ЖОО оқытушылары мен студенттері, жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері мен оқушылары, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметкерлері енгізіледі;
1.3. Энциклопедияға халықаралық стандартты ISBN нөмері беріліп, ұлттық кітап палатасына тіркеледі
1.4. Педагогтар мен оқушылар Ozattar.kz сайтына тіркеліп, тегін онлайн портфолио жинақтай алады;
1.5. Энциклопедия А4 форматта, түрлі түсті, алтын түстес өрнекпен өрнектелген қалың мұқабада жарық көреді;
1.6. Энциклопедия жайлы қосымша мәліметтер және толық ақпараттар ozattar.kz және martebe.kz республикалық білім сайттарында жарияланады;
1.7. Энциклопедияға қабылдау 2022 жылдың 03 қазан мен 30 қараша аралығында жүргізіледі;
1.8. Энциклопедия шығаруда арнайы ақылдастар алқасы құрылады. Ақылдастар алқасы құрамына білім саласына еңбегі сіңген педагогтар кіреді;
1.9. Баспа өнімін алу – ақылы, қатысу ерікті негізде жүзеге асырылады.

2. Баспа өнімін шығарудың мақсаты мен міндеттері:
2.1. Мемлекет басшысы қабылдаған «Педагог мәртебесі» туралы заң жобасының жүзеге асырылуына үлес қосу;
2.2. Білім саласы қызметкерлері мен дарынды оқушы жастардың есімін баспа және бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау;
2.3. Республикамыздағы білім беру саласы үздіктерінің есімі жинақталған сапалы баспа өнімін жинақтап шығару.

3. Энциклопедияға құжаттар қабылдау тәртібі мен өткізілуі:
3.1. Құжаттар электронды форматта ozattar.kz@mail.ru электронды почтасы арқылы қабылданады;
3.2. Өтініш пен құжаттар қазақ және орыс тілінде қабылданады және кітап мемлекеттік тілде жарық көреді;
3.3. Өтініштер толық қаралып, сараптаудан өткізіледі және кері қайтарылмайды;
3.4. Талапқа сай жіберілмеген және мерзімінен кеш жолданған материалдар қабылданбайды.

4. Энциклопедияға құжат тапсырушылар үшін қойылатын талаптар:
4.1. Өтініш берушілердің педагогикалық еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс;
4.2. Өтініш берушінің облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі байқаулардан алған жетістіктерінің жалпы саны 5-тен кем болмауы керек;
4.3. Құжаттар мекеме басшысының ұсынуымен немесе жеке қатысушылардың өтініші арқылы қабылданады;
4.4. Өтініш құжаттары мен төлем жарнасы бір файлда жіберілуі тиіс;
4.5. Қатысушылардың суреті 3*4 форматта классикалық киім үлгісінде сапалы, анық болу керек. (селфи, анық емес, алыстан түсірілген суреттер қабылданбайды)
4.6. Энциклопедия жинақтау барысында талаптарға сай келмеген өтініштер жарамсыз деп танылып, төлем жарнасы кері қайтарылады;
4.7. Энциклопедияға байланысты туындаған сұрақтар ozattar.kz@mail.ru почтасына қабылданады.

ЭНЦИКЛОПЕДИЯ ЖАЙЛЫ ҚОСЫМША АҚПАРАТТАР
Өтініште келесі мәліметтер болуы тиіс:
1. Өтініш берушінің толық аты-жөні;
(Құжат бойынша толық аты-жөні қатесіз болу міндетті)
2. Қызмет атқаратын немесе білім алатын мекемесінің толық атауы
(Облыс, аудан, қала, ауыл, мекеме атауы толық жазылу міндетті);
3. Жазбаша түрде соңғы 5 жылдағы жетістіктері (облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі рет-ретімен жазылуы міндетті);
4. Классикалық киім үлгісінде сапалы 3х4 суреттің электронды нұсқасы файлдың ішінде 3*4 JPEG форматта сапалы, анық болу керек (селфи, анық емес, алыстан түсірілген суреттер қабылданбайды);
5. Кітап жеткізілетін мекен-жайы, облыс, аудан, ауыл, көшесі, индекс, телефон нөмірі; (Міндетті)
6. Электронды почтасы мен байланыс нөмірі; (Міндетті)
7. Мәліметтер Word форматында Times New Roman 14 қаріп түрімен жіберілуі тиіс (Файлдағы символдар саны 1500, сөз саны 200-ден аспауы қажет) (Міндетті).
Маңызды! Құжаттарды бір папкаға жинақтап, папка атауын қатысушының толық аты-жөнімен (файл, сурет, төлем квитанция атауы) сақтап, жіберуіңіз шарт. Бұл жинақтау барысында сіздің өтінішіңіздің дұрыс қаралуына әсер етеді.

Энциклопедияны алу құны: педагог қызметкерлер мен оқушыларға – 10 000 KZT (он мың теңге). Егер бір ұжымнан 5 адамнан артық қатысса тегін жеткізіледі. 5 адамға дейін жеткізу қызметі үшін қосымша 2000 тг төлем жасайды (кітаптар казпочта қызметі арқылы жеткізіледі).

МАРАПАТТАУ РӘСІМІ
Энциклопедияға енген педагог мамандарға «Құрмет грамотасы», студент, оқушы жастарға «Мақтау қағазы» беріледі. Жинаққа бір мекемеден 10 адамнан көп өтінім берілсе, ұйымдастырушылар аталмыш мекемеге «Үздік ұжым» номинациясын (арнайы плакетка) тағайындайды. Егер 20 адам қатыстырса ұйымдастырушы педагогтың кітабы тегін шығарылып «Үздік ұжым» номинациясы бірге беріледі. Марапаттар кітаптармен бірге өтінімде көрсетілген мекен-жайға қабылдау аяқталғаннан кейін 30 жұмыс күнінен кешіктірілмей жеткізіледі.

«Ozattar» энциклопедиясына қатысты барлық сауалдарға жауапты келесі телефон нөмірі арқылы біле аласыз: +7 708 440 76 93; +7 700 600 63 04.

V Республикалық «Үздік педагог» қашықтық олимпиадасы басталды

0

ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының иегері, үздік қазақ тілді білім сайты – Qaztest.kz онлайн олимпиада ұйымдастыру комитеті Абай атындағы ҚазҰПУ-мен жасалған меморандум аясында республикамыздағы білікті педагогтарды анықтау және оларды қолдау мақсатында V Республикалық «Үздік педагог» қашықтық олимпиадасын (бұдан әрі Олимпиада) өткізеді.

Олимпиадаға білім беру ұйымдарында қызмет жасайтын оқытушылар, мектеп мұғалімдері және мектепке дейінгі ұйым қызметкерлері қатыса алады. Олимпиада тапсырмалары мұғалімдер мен мектепке дейінгі ұйым қызметкерлеріне жеке-жеке дайындалады.

Олимпиада qaztest.kz сайтында өтеді.

Олимпиада екі кезеңнен ұйымдастырылады. Олимпиада 2022 жылдың 19 қыркүйек пен 20 қазан аралығында өткізіледі. Екінші кезеңге іріктеу кезеңінен 17 ұпайдан жоғары жинаған қатысушылар ғана қатыса алады. Екінші кезеңнің тапсырмаларына қолжетімділік 30 қыркүйектен бастап ашылады.

Қорытындысы 24 қазан күні жарияланады.

Олимпиаданың екінші кезеңінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар, Үздік ұжымдарға арнайы плакетка беріледі. Республика бойынша екі кезең нәтижесін қоса алғанда ең жоғары ұпай алған 30 қатысушы «Үздік педагог» төсбелгісімен және 24-25 ұпай жинаған қатысушылар «Құрмет грамотасымен» марапатталады.

Олимпиада туралы толық ақпаратты +7 700 978 59 22; +7 775 998 83 87 телефондары арқылы білуіңізге болады.

V Республикалық «Үздік педагог» қашықтық олимпиадасының

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕСІ

  1. Жалпы ереже

1.1. Qaztest.kz қашықтық олимпиадасының осы Ережесі (әрі қарай – Ереже) олимпиадаларды ұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтайды (әрі қарай – Қашықтық олимпиада);

1.2. Қашықтық олимпиада жайлы мәліметтер және қорытынды нәтиже qaztest.kz сайтында жарияланады;

1.3. Олимпиада qaztest.kz сайтында 2022 жылдың 19 қыркүйек пен 20 қазан аралығында өткізіледі;

1.4. Олимпиадаға білім беру ұйымдарында қызмет жасайтын оқытушылар, мектеп мұғалімдері және мектепке дейінгі ұйым қызметкерлері қатыса алады;

1.5. Қашықтық олимпиадаға қатысу – ақылы,  ерікті негізде жүзеге асырылады.

1.6. Олимпиада марапаттарын үшінші тараптың қатысуымен бейресми негізде заңсыз алу жарамсыз боп танылады. qaztest.kz сайтындағы «Марапаттарды тексеру» батырмасы арқылы әрбір қатысушы өзінің марапаттарын тексере алады. 

 

  1. Республикалық олимпиаданың мақсаты мен міндеттері:

2.1. Мектеп мұғалімдерінің педагогика және тәрбие мен оқыту әдістемесі бойынша білім деңгейін тексеру;

2.2. Мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерінің мектепке дейінгі педагогика пәні бойынша білім деңгейін тексеру;

2.3. Педагог мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру және республикамыздың үздік білім беру саласы қызметкерлерін марапаттау.

 

  1. Республикалық олимпиаданы өткізілуі мен тәртібі:

3.1. Олимпиада екі кезеңнен, әр кезең 25 сұрақтан, барлығы 50 сұрақтан тұрады.

3.2. Екінші кезеңге іріктеу кезеңінен 17 ұпайдан жоғары жинаған қатысушылар ғана қатыса алады. Екінші кезеңнің тапсырмаларына қолжетімділік 30 қыркүйектен бастап ашылады.

3.3. Әрбір тапсырманың бір ғана дұрыс жауабы бар және тест нұсқалары екінші рет қайталанбайды;

3.4. Қатысушы ең көбі 3 рет тест тапсыра алады. Ең жоғарғы нәтижесі есепке алынады;

3.5. Тестілеуден өту үшін қатысушыға 50 минут уақыт беріледі. Уақыт біткеннен кейін автоматты түрде тестілеу аяқталады және тестілеу нәтижесі экран бетіне шығарылады;

3.6. Олимпиадаға төлем жасағаннан кейін ғана қатысу мүмкіндігі ашылады;

3.7. Қатысушылардың марапаттары автоматты түрде электронды почтасына жіберіледі және жеке кабинетіндегі «Сертификат-Диплом» бөлімінде сақталады.

 

  1. Олимпиада қатысушыларына қойылатын талаптар:

4.1. Қатысушы ешкімнің көмегінсіз тапсырмаларды өзі орындауы тиіс;

4.2. Қатысушының атынан өзге біреудің қатысқандығы құрылғының IP адресі арқылы анықталады. Расталған жағдайда қатысушының нәтижесі толықтай жойылады;

4.3. Олимпиада барысында кері батырмасын басуға және басқа бетке ауысуға болмайды;

4.4. Тестілеу парақшасын жауып алған жағдайда тестілеуге берілген уақыт ішінде «Менің нәтижелерім» бөлімінде «тестті жалғастыру» батырмасын басу арқылы қайта жалғастыру мүмкіндігі қарастырылған;

4.5. Уақытында енгізілмеген тапсырмалар үшін төлемдер қайтарылмайды;

4.6. Берілген сұрақтарды белгілемей алдыға және кейін шегінуге болмайды;

4.7. Тестке қатысу жеке немесе координатордың ұйымдастыруымен жүзеге асады;

4.8. Координатор өзінің жеке парақшасы арқылы бір немесе бірнеше адамды қатыстыра алады (бір ұжымнан ғана қатыстыруы тиіс);

4.9. Тест нәтижелері қайта қарауға жатпайды және аппеляциялық комиссия құрылмайды;

4.10. Олимпиадаға байланысты сұрақтар qaztest.kz@mail.ru почтасына қабылданады.

 

ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСТЫ ҚОСЫМША АҚПАРАТТАР

Олимпиадаға қатысу бағасы: бір реттік тест 600 теңге, екі реттік мүмкіндік – 1000 теңге. Толық ақпарат сайтта жаңалықтар бөлімінде жарияланады.

 

ОЛИМПИАДАНЫҢ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ

Олимпиаданың іріктеу кезеңінің қорытындысы негізінде 17 ұпайдан жоғары ұпай алған қатысушылар екінші кезеңге жолдама алады, ал екінші кезең нәтижесі бойынша І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар беріледі.

Орын ұпайлары:

І орын – 25-23 ұпай

ІІ орын – 22-20 ұпай

ІІІ орын – 19-17 ұпай

Қатысушылардың марапаттары олимпиада барысында жеке парақшасында сақталады және электронды түрде почтасына жіберіледі.

Республика бойынша екі кезең нәтижесін қоса алғанда ең жоғары ұпай алған 30 қатысушы «Үздік педагог» төсбелгісімен және 24-25 ұпай жинаған қатысушылар «Құрмет грамотасымен» марапатталады.

Қорытынды нәтиже, яғни төсбелгі иегерлері сайтта 2022 жылдың 24 қазан күні жарияланады.

Ескерту! Қатысушылардың жинаған ұпайы тең болған жағдайда тесттен өткен уақыты есепке алынады. Қатысушылардың нәтижесі IP адресі арқылы тексеріліп, басқа адам өткізгені анықталса, нәтиже жойылады. Ұйымдастырушылар комитеті тест нәтижесі бойынша қорытынды жариялайды.

ТӨЛЕМ ЖАСАУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Төлемдер Kaspi.kz қосымшасы (Платежи – qaztest.kz), QIWI терминалдары арқылы  (Білім беру қызметтері→qaztest.kz→e-mail немесе ID нөмір) және кез келген банк картасымен интернет банкинг арқылы онлайн жүзеге асырылады. Төлем жасағаннан кейін қатысушы парақшасына кіріп, «Сатып алу» батырмасын басу арқылы тестті сатып алады.  Төлем жасау туралы түсіндірме сайттың «Бейне нұсқау» бөлімінде көрсетілген.

Егер қатысушылар саны көп болса, барлық қатысушыларды бір жауапты маман «Координатор» болып, барлығын жеке парақшасында тіркеп, ұйымдастыра алады. Толық нұсқаулық «Видеонұсқау» бөлімінде көрсетілген.

Жұмыс уақытында онлайн чатқа және qaztest.kz@mail.ru почтасына хат жазу арқылы жылдам жауап аласыз.

Жұмыс уақыты: таңертеңгі 9:00-ден 18:00-ге дейін. Түскі үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін.

Түскі үзіліс уақытында және жұмыс уақыты аяқталған соң телефонға және эл.почтаға жауап берілмейді.

Қосымша ақпарат алу телефоны: +7 700 978 59 22, +7 775 998 83 87

Психологтың кеңесі: күйзеліс пен мазасыздықты жеңу жолдары

1
Businesswoman with a lot of work to do meditating in office

Күйзеліс пен мазасыздық адам ағзасына зиян тигізіп, өмірге қажет күш-қуатты жояды, жағымсыз сезімдерді туғызады.

 Мазасыздық пен күйзелістен айырылу үшін келесі ережелерді қолданыңыз

  • Күшіңіз жетіп, өзгерте алатын заттарды өзгертіңіз, өзгертуге болмайтын жағдайларды тағдыр ретінде қабылдаңыз;
  • Айналаңызда болып жатқан жағдайларға оң көзбен қарап, жақсылығын табуға тырысыңыз. Ең жаман жағдайлардың да пайдалы жағын көруге тырысыңыз;
  • Нақты осы күнде өмір сүруге үйреніңіз және әр күннен рахат алуға тырысыңыз;
  • Тағдырыңызға өкпелемей, бұдан да жаман жағдай болуы мүмкін екенін есте сақтаңыз;
  • Жағымсыз адамдардан алшақ болыңыз. Ондай адамдармен жұмыс істеуге мәжбүр болсаңыз, өзіңіздің оларға ұқсамайтыныңызға қуаныңыз;
  • Өзіңізді бағалаңыз, басқалардың сіз туралы не дейтінін ойламаңыз;
  •  Қызықты адамдармен көбірек араласыңыз. Адамдармен байланыс машықтарын жақсартыңыз;
  • Керек болса өз қабілеттеріңізді асыра көрсетіңіз;
  • Тұрмысыңызды уақытты зая кетірмейтіндей етіп ұйымдастырыңыз;
  • Медитация жасап, өз тәніңіз бен жаныңызды түсінуге терең үңіліңіз;
  • Өз өміріңізді жоспарлаңыз.

Оралхан Бөкейдің «Атау-кере» шығармасы

1

Оралхан Бөкей өзінің әдеби тіл байлығымен, ерекше суреттеуімен көзге түсетін xx-шы ғасырдың аса ірі майталманы, драматург, жазушы, журналист, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік және Бүкілодақтық әдеби сыйлықтың лауреаты атанған қазақ әдебитенің ең сүлей реалистік тұлғасы. Өз шығармаларына ауыл тақырыбы мен адами құндылықтарды мейлінше арқау еткен жазушының адам дүниесіне үңіле білуі бөлек бір өнер дермісің. Солардың бірі «Атау-кере» драмасы.

Атау кере — адамның ақтық демі қалғанда ішілетін суы, «қолымнан ішкен соңғы дәмін болсын»-деп бақилық болғалы жатқан адамға су немесе сұйық ас ішкізген.

Негізгі кейіпкерлер: Ерік, Айна, Таған және Еріктің анасы Нүрке. Адамзат баласының тағдыр жолын тармақтап көрсеткен шығар шыңы биік еңбектердің топ жарғаны. Адами қасиеттер белең алған драманың өмір арпалыстарын терең қамтуы, үш-төрт қана адамның бойынан өрбиді. Шығармадағы ой астарлы, көркем-әдеби, саралы, зерттер зердесі мол.

Білімді, дүниетанымы кең, танымы терең, ЖОО-да қызмет еткен Тағанның өмірін өзгерткен шайтанның ащы суы болатын. Тағдыр тәлкегіне іліккен ердің осы бір сусынды көргенде өзін-өзі басқара алмайтындай халге жетуі өзгеден бұрын, бірінші өзінің сағын сындыратын. Тағанның дәл осы мешеу халінің үстінен түскен замандасы Еріктің ойы арам, пиғылы жаман еді. Бұрынғы адамгершілігінен тайғып, дүниеқор болып кеткен. Тіпті, байлыққа құныққан бейнесі нашақордан айырма таппайды, көзің шел басып, нәпсісіне ерік бере салатын оның Тағанды құлша жұмсауға деген сұм ойы еш кедергі емес. Арақтың құлына айналғаны болмаса, Тағанның санасы сарабдал емес.

Айна — Еріктің құдай қосқан жары. Жаны таза, көңілі пәк, сезімтал келген, балиғатқа толмаған баладай аңқау. Алматыдағы оқуын бітіріп, Ерікпен тағдырын қосқанымен, көңілі қаяу, жұбайына деген сенімсіздігі басымырақ. Дүниеқор болып кеткен Еріктің сол кейпі ерлі-зайыпты ретіндегі ішкі жарасымын алыстатып жатты. Нүрке кемпір-Еріктің емес, Айнаның анасындай болып кеткен орыс ұлтты әжей. Екі аяғынан айрылғанша бес уақыт намазын қаза қылмай, күйеуінің дініне адалдығын көрсеткен тағылымы биік тұлға. Ұлты басқа болса да жастайынан қазақтың шаңырағына келін болып түсіп, ерекше мінезімен оқшауланады. Оқу орнын бітіріп, мамандықтары бойынша кәсіп етпеген олардың омарташылықпен айналысқандарына 5 жыл. Еріктің үйге келуі сирек, бар шаруа жалғыз Айнаның мойнында. Шыдамдылық Айнаның бойына басқа қасиеттерден де биік дамыған болуы керек. Тағдырына наразылығын тек жалғыз қалғанда іштей ғана ойлайтын.

Жалпы, шығарма әр кейіпкердің мінез-құлық, іс-әрекет, рухани құндылық және адами қасиеттерімен ерекшеленеді. Яғни, әр кейіпкердің өзіне тән адами қасиеттерімен ерекшеленеді.  Жүсіпбек Қорғасбек:  «Оралханның жұрттың бәрі мойындаған бірінші ерекшелігі-шығармаларындағы асқақтық немесе романтикалық сарын.Екінші ерекшелігі-шынайы өмірге етене жақындығы…Үшінші ерекшелігі-шығармаларына бейтарап,жайбарақат оқиғаларды өзек етпеуі.Ширыққан,шиыршық атқан сюжеттерді алады. Кейіпкерлерді от пен суға салып алады»-деген болатын.

Араққа салынғанымен, Тағанның ішкі дүниесі бүлінбеген, титтей де бұзылмаған. Тек, Еріктің арам пиғылына тәуелді болып, Айнаның қолдауымен ғана ащы суды аузына алмауға серттескен күйі, адам кейпіне оралады. Шөп-желкені сусын етіп, тәнін тазартып, Ерікке қарсы гармониялары оянады. Еріктің кесірі, ашкөзділіктен туындайды. «Ақшаны көп табамын» деген нәпсі жолында будандастыру үшін Американдық араларды алдыртады. Ең өкініштісі, Нүрке кемпірдің дәл осы аралардың шағуынан ажал құшуы еді. Өлер алдында ақ сүтін ақтамаған ұлы Ерікке бір ауыз сөз жылылығын да, өсиеті тұрмақ, жылы көзқарасын көрсетпеді. Өзіне дем берген келіні Айна мен Мақажан ақынның немересі Тағанға айтар ауыз сөзі қастерлі.

Ащы суға берілген Тағанның бейнесі-қоғамдағы әділетсіздікті, құрдымға кетіп бара жатқан адамзаттық қүндылықтар мәселесін көтерген. Таған түзелгенінде:«БІЗ қатыгезденіп барамыз, БІЗ имансызданып барамыз,БІЗ айналайын анамыздың ақ сүтін ақтай алмай жүрміз,бір күнгі қызды-қызды қызыққа мастанып,көзімізді шел басты,көңіліміз көр,жігеріміз құм болып,құрдым дәуреннің әләуләйін кешіп жүрміз»-деп түйіндеді.  Адамның түзелуіне қашан да жол бар, тек өзіңді басқаратын толық сана мен қолдау жеткілікті. Тәуелдімін деп тепкілену-сылтау ғана. Оралхан Бөкей ең соңында,  өзеннің арғы бетіндегі ғашығына дету үшін Ерікті араға айналдырып, қыз қамшымен бір салғанда, оның жанын үзеді. Әйеліне мазаббат, анасына қайырым көрсетпеген Еріктің жанында араққа салынған Тағанның шоқтығы да, тұлға болмысы да биік. Таған мен Айнаның тағдыры бір арнаға тоғысып, бір ұлттың, жалпы адам баласының басындағы  бар қасіретті жеңеді.  Жазушы шығармасын саралап, адами құндылықтарға қарық болуға болады. Әр кейіпкер-әр тұлғалық қасиетті қамтиды. Жер қойнауына тапсырылғанына 28 жыл толған Оралхан Бөкейдің драматургиясы-әлемдік драматургияның үздік еңбегі. Оралхан азғантай ғұмырында сондай асқарлы биікке өзін де, елін де, туған әдебиетін де шығарып үлгерді.

Ақмола облысы, Астрахань ауданы, Жамбыл ауылының жалпы ОББ мектебінің 11-сынып оқушысы Қабдұлкәкім Ақерке.

Әскери қызметін өтегендер грантқа ҰБТ-сыз түсе алады

1

Қорғаныс министрлігі  азаматтардың мерзімді әскери қызметін өтеуге ынтасын арттыру мақсатында жаңа жоба бастауды көздеп отыр.

Ол мерзімді әскери қызмет өткерген барлық азаматтарға әңгімелесу нәтижелеріне қарай Ұлттық бірыңғай тестілеуді есепке алмай, әскери борышын өтеген соң екі жыл ішінде ақылы негізде жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік береді. Демек күнтізбе бойынша күзде әскерден келген соң, олар оқуға түсе алады.

Ал бұрынғы әскери қызметшілер жоғары оқу орындарының әскери кафедрасында тегін оқи алады.

Жеке қасиеттеріне, үлгілі тәртібіне және мерзімді әскери қызметін өтеу кезеңінде жауынгерлік даярлықта қол жеткізген жоғары нәтижелеріне қарай әскери қызметшілерге жоғары оқу орнының гранты есебінен тегін жоғары білім алу мүмкіндігі берілетін болады.

Мұндай жастарға Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына емтихансыз және ҰБТ-ны есепке алмай-ақ оқуға түсу мүмкіндігі берілетін болады.

Әскери оқу орындарына емтихансыз түсу және азаматтық жоғары оқу орындарында оқу грантын алу кезінде әскери қызметшілердің Отан алдындағы борышын өтеген балаларына да басымдық беріледі деп отыр.

Жобаны іске асыру білім беру саласындағы заңнамаға өзгерістер енгізуді талап етпейді.

Еліміздің барлық өңіріндегі қырыққа жуық жоғары оқу орны әскери борышын өтеген азаматтарға білім алуға жеңілдіктер беретінін растады.

Қорғаныс министрлігі тиісті ережелерге өзгерістер енгізу жұмыстарын бастап кетті. Жобаны іске асыру 2023 жылдан басталады.  Мұндай жеңілдіктер қазіргі уақытта борышын өтеп жүрген азаматтарға және 2022 жылы әскерге шақырылуға жататын сарбаздарға берілетін болады.

 

Wildberries деген не?

0
Wildberries — ресейлік халықаралық интернет-магазин. Бұл жерде киім-кешек, үйге арналған тауарлар, электроника т.с.с жалпы адам өміріне қажетті заттардың барлығы сатылады. Ресейден басқа, Беларусь, Казақстан, Қырғызстан, Армения елдерінде де жұмыс істейді.
Бұл компанияны 2003 жылы Татьяна Бакальчук деген әйел кісі құрған. Соңғы жылдың қорытындысымен Wildberries-те 340 000 кәсіпкер тіркелген екен.
2021 жылы қазан айындағы статистикаға сәйкес, сатып алушылар 485,8 млн тапсырыс берген. Ал бұл дегеніміз орта есеппен 1 күндік заказ 2,4 млн өскен. Жылдық айналымы 844 млрд рубль құраған.
Бұдан ұғатынымыз, Wildberries платформасы жылдан- жылға дамуда. Сатып алушылары да, сатушылары да көбеюде. Алдағы уақытта Еуропа елдеріне сатуға мүмкіндік болады.
Одан бөлек Украина мен Ресей арасындағы соғысқа байланысты әлем елдерінің Ресейге шектеу жариялауы Wildberries-тің одан әрі бірнеше есе дамуына әсер етті. Қазір де Wildberries арқылы кәсіп жасап отырған көптеген қазақстандықтар бар.

Маркетплейс деген не және қай кәсіпке қолайлы?

1

Онлайн-сауда дамыған сайын маркетплейс нарығы да кеңейіп келеді. Тұтынушы көбейген соң, сәйкесінше қатысушылар саны да күннен күнге артып жатыр. Бүкіл әлемде кең етек алған тенденциядан Қазақстан да құр қалып жатқан жоқ. Ендеше, маркетплейс деген не? Оның интернет-дүкеннен айырмашылығы бар ма? Қандай кемшіліктері мен артықшылықтары ма? Осы туралы талдап көрсек. 

Маркетплейстің интернет-дүкеннен айырмашылығы  алдымен «маркетплейс» түсінігіне тоқталайық. Бұл — сатушы мен сатып алушыны тоғыстыратын интернет-платформа. Осы жерде бір-бірін тауып, әрмен қарай алыс-беріс жасалады. Кәдімгі дүкенге барып, сөрелерді ақтарып зат алғандай әсер қалдырады. Айырмашылығы сол — сауданың онлайн іске асатынында. Бұл жерде де тұрмысқа қажеттінің бәрін сататын әмбебап түрі де, белгілі бір салалық түрі де болады. Маркетплейсті интернет-дүкенге ұқсатуыңыз қалыпты. Себебі расында ұқсастық бар. Дегенмен осы тұста бірнеше айырмашылықты тізіп шықсақ. Біріншіден, сатушылары мен тауарларының санында айырма бар. Әдетте, интернет-дүкенде санаулы ғана брендтің тауарлары сатылады. Ал маркетплейсте түрлі категориядағы, түрлі өндірушінің заттары орналастырылады. Былайша айтқанда, алғашқысын супермаркет десеңіз, маркетплейсті үлкен гипермаркет деп білсе болады.

Тағы бір айырмашылығы интернет-дүкендерде көбіне оффлайнда өкілдіктері болады. Ал маркетплейсте ол жоқ. Дегенмен тауарларды алуға арналған бөлімшелері бар. Ал енді аудиториясы мен таралуына келсек, қолданушы тарту үшін маркетплейс көбірек ресурс шығындайды. Сол себепті ауқымы да кеңірек. Әрі логистиканы жолға қойғандықтан, мұнда түкпір-түкпірге жеткізу де жеңілдеу.

Әлемдегі ахуал қандай?

Пандемия онлайн қызмет ұсынатын салаларды одан әрмен дамытты. Оның ішінде маркетплейс те бар. Тіпті коронавирус пандемиясына дейін уеб-сайты болмағандары да аяқ-асты жұмысын жолға қойып, нарыққа еніп кетті. Себебі дәл осы кездері онлайн-сауда қызып тұр. Ең қолайлы да, қауіпсіз де түрі болып отыр. Мысалы, 2020 жылы ірі маркетплейстердің қанша табыс тапқанына тоқталайық.

Amazon: 386 млрд доллар (+38%);

eBay: 10,3 млрд доллар (+19%);

ASOS: 4,5 млрд доллар (+20%);

Wildberries: 437 млрд рубль (+96%);

Ozon: 195 млрд рубль (+140%);

«Яндекс.Маркет»: 28,8 млрд рубль  (+50%).

 

Маркетплейске тауар қою Тауарлары үшін арнайы сайт ашып, оны дамытып, логистикасы мен сақтауын ретке келтіруге қиналғандар қызметін не тауарын осы маркетплейске орналастырса болады. Өйткені ірі сауда алаңында тұрақты трафик бар. Демек, тұтынушымен табысуға ықтимал жоғары. Тағы бір қызығы, танымал брендтер тауарларының көшірмесін жасайтын компаниялар осы жерде жап-жақсы табыс табады екен. Тұрақты әрі үлкен сұранысы бар тауарларды қойған жөн. Сондай-ақ, бағасын белгілеген кезде де бәсекелестермен шамалас бекіту керек. Себебі маркетплейске бас сұққан сатып алушыны кілтсөз ретінде белгілі бір өнімді жазады да, оған бұл жерде бар тауардың бәрі шығады. Сәйкесінше, ол көпшіліктің жағымды пікір қалдыруына, бағасына, неше күнде келетініне — бәріне мән береді. Әлбетте, сапаға да мән берген дұрыс. Себебі, айтқандай, клиенттер кейін пікір қалдырады. Жағымсызы көп болса, кәсібіңізге кері әсері тиеді.

Сұраныстағы тауарлар

Жалпы алғанда бүгінде сұранысы жоғары тауарлар қатарында ойыншықтар, телефон, планшет, азық-түлік, автокөлікке арналған тауарлар, қолдан жасалған hand-made бұйымдар бар.

Сатушылармен арадағы серіктестіктің бірнеше түрі бар. Біз өте танымал үш модельге тоқталсақ. Біріншісінде маркетплейс дүкендегі сөренің рөлін атқарады. Яғни тауарды орналастырумен ғана айналысады. Ал жеткізу, клиент сервисі сынды дүниелерге сатып алушы тікелей жауап береді. Қазіргі таңда еліміздегі банктердің мобайл қолданбаларының дүкендері осы схемамен жұмыс істейді. Екіншісі — жеткізу қызметін ұсынатыны. Бұл жерде сатушы маркетплейстің қоймасына тауарын қойып қояды. Сөйтіп әрмен қарай жеткізуді маркетплейс қолға алады. Үшінші бір түрінде әрі қойма, әрі жеткізуші рөлінде маркетплейс болады. Былайша айтқанда, фулфилмент. Сатушы бар болғаны тауарды жеткізеді. Ал клиентке жеткізу, орау, қаптау сынды жұмыстың бәрін маркетплейс қатырады. Әдетте тапсырысы үзілмейтін сатушыларға осы үшінші модель көбірек келеді.    Артықшылықтары мен кемшіліктері Бұрын-соңды интернет-дүкен ашып, жұмыс істеп көрсеңіз, өндіріс, сақтау, жеткізу жұмыстарынан бөлек онлайн-инфрақұрылым жасау керегін жақсы білесіз.  Ал маркетплейс — сатушыға да, сатып алушыға да қолайлы алаң.

Интернет-дүкен ашар болсаңыз, алдымен тартымды әрі интерфейсі түсінікті сайт жасау керек. Ол жерден клиенттер қандай тауар түрлері барын қарап, тапсырысты рәсімдейді. Негізі интернет-дүкендердің дайын шаблондарын ала салуға да болады. Бірақ баптауларын реттеу, контент толтыру сынды дүниелерден қашып құтыла алмайсыз. Яғни бәрібір шығын шығады. Сатушы болсаңыз, онлайн-касса қостырып, төлем жүйесін ретке келтіруіңіз керек. Сайт іске қосылғаннан кейін SEO-мен айналысу қажет. Яғни сайтты дамыту, іздеу жүйелерінен шығуына жағдай жасау. Егер осы жағын реттемесеңіз,сұранысқа ие болуыңыз қиындау. Себебі қазір бәрі Яндекс пен Google-дің іздеу жүйелерін пайдаланады.

Ал енді маркетплейсте мұнымен бас қатырмауға болады. Әсіресе, тәй-тәй деп енді қадам басып келе жатқандарға. Ендеше, артықшылықтарына келсек. Алаңды дамытам деп алаңдамайсыз. Себебі маркетплейсте бұл жасалып қойған. Мысалы Crosssale-дің 2020 жылы жасаған статистикасына сүйенсек, маркетплейске миллиондаған адам бас сұққан. Демек, тауарды өткізу оңайырақ. Бар болғаны қандай алаңға орналастыруды ойланасыз. Қай жерде өтімдірек, таргет аудитория сай — соны таңдауыңыз қажет. Онлайн-касса орнатып жүрмейсіз. Себебі барлық ақша аударымын делдал реттейді. Бұл жерге тауар орналастыратын болсаңыз, тауарды қайда сақтау жайлы алаңдамайсыз. Себебі мұны маркетплейс қарастырып қойған. Сондай-ақ, мұнда статистика қарап отыра аласыз. Яғни тапсырыс саны қанша, кім алмай қалды, кім кері қайтарды — бәрін сараптауға мүмкіндік бар. Соған қарап кей тауарды көбірек орналастырып, кейбірін өтімсіз болса мүлдем алып тастап не азырақ алу керегін біліп отырасыз.

Кемшіліктері де жоқ емес. Мұнда да ескеру керек біршама ньюанс бар. Алдымен, бұл жерге тіркелу күрделірек. Яғни маркетплейске тауар орналастыру үшін жеке кабинетке тіркеліп, әр платформаның сұрататын белгілі бір құжаттарын көрсету керек. Оферта-келісімшартын жасасасыз. Әр алаңның талабына сай тауардың суретін, сипаттамаларын қосуыңыз қажет. Әрине, тауарын өткізгісі келетін адам үшін бұл қиын болмауға тиіс. Десек те, біршама уақыт алатыны бар. Сондай-ақ, тауарды салған бойда платформадан көре алмайсыз. Себебі сіз жіберген барлық мағлұматты модератор шолып шығады. Содан кейін барып орналастырылады.

Толығырақ Kursiv Media сайтынан оқыңыз

Жаңа оқу жылындағы онлайн олимпиадалар басталды

1

ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының иегері, үздік қазақ тілді білім сайты – Qaztest.kz онлайн олимпиада ұйымдастыру комитеті Абай атындағы ҚазҰПУ-мен жасалған меморандум аясында республикамыздағы үздік педагогтарды, үздік мектепке дейінгі ұйым қызметкерлері мен озат оқушыларды анықтау және оларды қолдау мақсатында Республикалық қашықтық олимпиадаларын (бұдан әрі Олимпиада) өткізеді.

Олимпиадаға жалпы білім беретін мектептерде қызмет ететін мұғалімдер, мектеп оқушылары және мектепке дейінгі ұйым қызметкерлері қатыса алады. Аталмыш олимпиадалардың тапсырмалары кәсіби мамандармен жоғары деңгейде әзірленген. Оқушылар мен мұғалімдердің білімдерін шыңдап, пайдалы білім алатындығына сенім мол. Пәндік олимпиадалардың жалпы ережесі 1-қосымшада берілген.

Олимпиада qaztest.kz сайтында өтеді.

Олимпиада бір кезеңнен ұйымдастырылады. Олимпиада өткізілетін мерзімі: 2022 жылдың 5 қыркүйегінен 25 желтоқсан аралығы.

Олимпиада қорытындысы автоматты түрде шығарылып, жоғары нәтиже көрсеткен қатысушылар жүлделі орындармен марапатталады. Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар беріледі. Олимпиада қорытындысы бойынша 24-25 ұпай алған қатысушылар: мұғалімдер – «Құрмет грамотасымен», оқушылар – «Үздік оқушы» дипломымен марапатталады.

Олимпиада туралы толық ақпаратты +7 700 978 59 22; +7 775 998 83 87 телефондары арқылы білуіңізге болады.

Республикалық қашықтық олимпиадаларының

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕСІ 

  1. Жалпы ереже
    • Qaztest.kz қашықтық олимпиадаларының осы Ережесі (әрі қарай – Ереже) олимпиадаларды ұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтайды (әрі қарай – Қашықтық олимпиада);
    • Қашықтық олимпиадалары жайлы барлық ақпараттар Qaztest.kz сайтында жарияланады;
    • Олимпиадалар Qaztest.kz сайтында 2022 жылдың 5 қыркүйегінен 25 желтоқсан аралығындаонлайн өткізіледі;
    • Олимпиадаға жалпы білім беретін мектептерде қызмет ететін мұғалімдер, мектеп оқушылары және мектепке дейінгі ұйым қызметкерлері қатыса алады;
    • Тапсырмалар Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің білікті мамандары арқылы дайындалып, ұйымдастырушылармен бекітіледі;
    • Қашықтық олимпиадаға қатысу – ақылы,  ерікті негізде жүзеге асырылады.
    • Олимпиада марапаттарын үшінші тараптың қатысуымен бейресми негізде заңсыз алу жарамсыз боп танылады. Qaztest.kz сайтындағы «Марапаттарды тексеру» батырмасы арқылы әрбір қатысушы өзінің марапаттарын тексере алады.
  1. Республикалық қашықтық олимпиадаларының мақсаты мен міндеттері:
    • Педагогтар мен мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерін кәсіби біліктілігін арттыру;
    • Дарынды оқушыларды зияткерлік олимпиадаға қатыстыруға ынталандыру және оларға қолдау көрсету;
    • Республикамыздағы үздік педагогтар мен үздік мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерін және озат оқушыларды марапаттау.
  1. Республикалық олимпиаданы өткізілуі мен тәртібі:
    • Олимпиада 1 кезеңнен, барлығы 25 сұрақтан тұрады;
    • Әрбір тапсырманың бір ғана дұрыс жауабы бар және тест нұсқалары екінші рет қайталанбайды;
    • Қатысушы ең көбі 3 рет тест тапсыра алады. Ең жоғарғы нәтижесі есепке алынады;
    • Тестілеу уақыты біткеннен кейін автоматты түрде аяқталады;
    • Олимпиадаға төлем жасағаннан кейін ғана қатысу мүмкіндігі ашылады;
    • Тестілеудің нәтижесін қатысушы  тестті орындағаннан кейін бірден біле алады;
    • Қатысушылардың марапаттары автоматты түрде электронды почтасына жіберіледі және жеке кабинетіндегі «Сертификат-Диплом»бөлімінде сақталады.
  1. Олимпиада қатысушыларына қойылатын талаптар:
    • Қатысушы ешкімнің көмегінсіз тапсырмаларды өзі орындауы тиіс;
    • Қатысушының атынан өзге біреудің қатысқандығы құрылғының IP адресі арқылы анықталады. Расталған жағдайда қатысушының нәтижесі толықтай жойылады;
    • Олимпиада барысында кері батырмасын басуға және басқа бетке ауысуға болмайды;
    • Тестілеу парақшасын жауып алған жағдайда тестілеуге берілген уақыт ішінде «Менің нәтижелерім» бөлімінде «тестті жалғастыру» батырмасын басу арқылы қайта жалғастыру мүмкіндігі қарастырылған;
    • Уақытында енгізілмеген тапсырмалар үшін төлемдер қайтарылмайды;
    • Берілген сұрақтарды белгілемей алдыға және кейін шегінуге болмайды;
    • Тестке қатысу жеке немесе координатордың ұйымдастыруымен жүзеге асады;
    • Координатор өзінің жеке парақшасы арқылы бір немесе бірнеше адамды қатыстыра алады (бір ұжымнан ғана қатыстыруы тиіс);
    • Тест нәтижелері қайта қарауға жатпайды және аппеляциялық комиссия құрылмайды;
    • Олимпиадаға байланысты сұрақтар qaztest.kz@mail.ru почтасына қабылданады.

 

ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСТЫ ҚОСЫМША АҚПАРАТТАР

Олимпиадаға қатысу бағасы:  

Оқушыларға: бір реттік тест – 500 теңге, екі реттік мүмкіндік – 900 теңге.

Мұғалімдерге: бір реттік тест – 600 теңге, екі реттік мүмкіндік – 1000 теңге.

Толық ақпарат сайтта жаңалықтар бөлімінде жарияланады.

 

ОЛИМПИАДАНЫҢ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ

Олимпиада қорытындысы бойынша 17 ұпайдан жоғары ұпай алған қатысушылар жүлделі орындармен марапатталады. Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне  І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар беріледі.

Орын ұпайлары:

І орын – 25-23 ұпай

ІІ орын – 22-20 ұпай

ІІІ орын – 19-17 ұпай

Қатысушылардың марапаттары олимпиада барысында парақшасында сақталады және электронды түрде почтасына жіберіледі. Олимпиада қорытындысы бойынша 24-25 ұпай алған қатысушылар: мұғалімдер – «Құрмет грамотасымен», оқушылар – «Үздік оқушы» дипломымен марапатталады. 

ТӨЛЕМ ЖАСАУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Төлемдер Kaspi.kz қосымшасы (Платежи – qaztest.kz), QIWI терминалдары арқылы  (Білім беру қызметтері→qaztest.kz→e-mail немесе ID нөмір) және кез келген банк картасымен интернет банкинг арқылы онлайн жүзеге асырылады. Төлем жасағаннан кейін қатысушы парақшасына кіріп, «Сатып алу» батырмасын басу арқылы тестті сатып алады.  Төлем жасау туралы түсіндірме сайттың «Бейне нұсқау» бөлімінде көрсетілген.

Егер қатысушылар саны көп болса, барлық қатысушыларды бір жауапты маман «Координатор»болып, барлығын жеке парақшасында тіркеп, ұйымдастыра алады. Толық нұсқаулық «Видеонұсқау» бөлімінде көрсетілген.