Тəрбиенің жалпы заңдылықтары мен принциптері

0

Тəрбиенің жалпы заңдылықтары мен принциптері \r\n\r\nЖоспары:\r\n\r\n1 Тəрбиенің жалпы заңдылықтары\r\n

    \r\n

  1. Тəрбие принциптері
  2. \r\n

\r\n \r\n\r\n6.1 Тəрбиенің жалпы заңдылықтары \r\n\r\nЖалпы заңдылықтардың ықпал аймағы тəрбие процесінің барша жүйесіне əсер етеді əрі оның аса маңызды бірліктері арасындағы байланыстарды танытады. Бірақ тəрбие процесі, біз білетіндей, педагогикалық процестің құрамды бөлігі болуымен осы процесс заңдылықтарына тəуелді келуі табиғи құбылыс. Бұл процесте даму жəне қалыптасу заңдылықтары əрекетке түседі. Бұдан шығатын қорытынды — тəрбие процесі аса күрделі де көп түрлі сипатқа ие. Тəрбие практикасы үшін өте қажет нəрсе: тəрбие процесінің тиімділігі (өнімділігі) мен тəрбие сапасын анықтайтын оның сипаттары жəне шарт –жағдайлары арасындағы байланыстардың қалай түзілетінін түбегейлі білу.\r\n\r\nТəрбие тиімділігі келесі жағдаяттарға тəуелді:-қалыптасқан тəрбиелік қарым-қатынастарға; балаға деген ықпал оның қоршаған ортаға, тəрбиешіге, тəрбиелік əсерлерге қатынасына орай жасалады. Егер бұл қатынастар ұнамды болса, проблема тумайды. Ал егер бұл қатынас керағар сипатта болса, тəрбие процесі тежеледі, одан келетін нəтиже болымсыз сипат алады. Сондықтан келеңсіз қатынасты əрекеттер алдымен жойылып, көзделген мақсатқа қарай қадам аттау орынды. Бастаудан тəрбиеші көзқарастары мен талаптарын оңды қабылдаған тəрбиеленуші оларға икемдесіп үйренеді əрі сенеді, орынды талап кейпінде қабылдайды. Ал егер тəрбиеленуші өз тəрбиешісінің талаптарын дұрыс деп таппай, одан күмəнданса, процесс бағытының қай арнаға түсіп, дамитыны белгісіз. Гуманистік тəрбие өсиеті: жақсы тəрбиелегіңіз келсе, баланы бауырмалдықпен өзіңізге жақындатасыз.\r\n\r\n- мақсат жəне оған жетуге бағытталған іс-əрекеттер арасындағы сəйкестік. Егер іс-əрекет, тəрбие жұмыстарының ұйымдасуы алға тартылған мақсатқа орайласпаса, тəрбие процесі табысты болмайды. Керісінше, ұйымдастырылған істер мақсатқа тура келсе, қолданылған əдістер, формалар мен құрал-жабдықтар көзделген міндеттер денгейінде болса, тəрбие процесінің тиімділігі де сəтті шығады.\r\n\r\n- практика мен тəрбиелік ықпалдар сəйкестігіне. Тəрбие процесіне тəн құбылыс: тəрбиеленуші өз тəрбиешісі айтқанының бəрін практикада тексеруге құштар. Егер осыдан бала өмір мен алған білімінің, сөзбен істің өзара сай болмағанын сезсе, түңіліске тап болады. Қалыптасқан тұрмыстық, өмір жағдайларын əсте ақырын əрі бірізділікпен бірте-бірте ауыстырып бару жөн. Жылтың, мезеттік табыс қуалау көп ұзамастан тəрбие мен өмір сəйкестігін шұғыл жойып салады.\r\n\r\n- объектив жəне субъектив жағдаяттардың бірлікті əрекетке түсуіне.\r\n\r\nСубъектив жағдаяттар құрамы: тəрбиешілер мен тəрбиенушілер, олар арасындағы ықпалдастық, қалыптасқан қарым-қатынастар, психологиялық климат жəне т.б., ал объектив жағдаяттар: тəрбиені іске асыруға қажет шаралар-экономикалық, материалды-техникалық, əлеуметтік, санитар-гигиеналық жəне т.б., əрқандай нақты тəрбиеге байланысты аталған жағдаяттардың өзара ұштаса күрделі бірігімге келуі тəрбие процесіне қайталанбас, өзіндік сипат береді. Сөйтсе де, тиімді тəрбиені қамтамасыз ету үшін оған қолайлы жағдайлар түзілуі қажет.\r\n\r\n- тəрбие мен өзіндік тəрбие қарқындылығына. Өзіндік тəрбие — өз тұлғасын жетілдіруге бағытталған оқушы іс-əрекеті. Өзіндік тəрбие процесінде бала өз тəрбие процесінің субъекті ретінде танылады. əрқандай өзіндік тəрбие нақты оқушы өмірінің мазмұнымен, оның қызығулары жəне жасына сай қатынастарымен тікелей байланысты. Өзіндік тəрбие сырттай тəрбиемен сабақтас əрі оның нəтижесі. Тəрбиеленушінің өзін өзі бағалай білуі, өзінің ұнамды қылықтары мен келеңсіздіктерін тануы, жеке өмірлік жоспарын іске асыруға кедергі болар жəйттерді ерік күшін қосып жеңе білуі — өзіндік тəрбиенің табыс кепілдері. Ал оқушының өзін жетілдіре білуінен, яғни өзіндік тəрбиеден мұндай кепілдіктер дамып, ұлғая түседі.\r\n\r\n- тəрбиеге қосарлана жүретін даму мен оқу процестерінің тиімділігіне. Белгілі болғандай, егер екі процесс өзара байланысты іске қосылса, онда олардың бірінің тиімділігі көтеріледі не кемиді де, екіншісіне өз ықпалын тигізеді. Осыдан тəрбие даму қарқындылығын асырып, ал даму ұтымды тəрбиеге жол ашады. Егер осы байланыс бұзылса, күрделі кедергілер туындайды да, олар өз кезегінде тұлғаның дамуына да, оқуына да, тəрбиесіне де жайсыз жағдайлар жасайды.\r\n\r\n- педагогтың тəрбиелік əрекеттерінің сапасына. Біліктілігі кем, көлемі тұрғысынан жетімсіз не мерзімінен кешіктірілген педагог істері тəрбие қызметінің төмен нəтижесіне себепкер болады.\r\n\r\n- тəрбиеленушінің «жан аймағына» жасалған ықпалдардың қарқындылығына. «жан аймағы» дегеніміз тұлғаның сеп-түрткілер, қажеттер, көңіл-күй, сана-сезім жүйесі. Тəрбие процесінде сыртқы ықпалдар оқушының іштей табыстарына, яғни сапа-қасиеттерінің ұнамды дамуына, ауысады. Ал, егер осы ықпалдар ойға алынғандай күшті болса, бала қажеттеріне орайлас келіп, оның белсенділігінің көтерілуіне жəрдем беретін болса, тұлғаның жеке сеп-түрткілері мен мақсаттарының идеалды күйден практикалық нəтижеге ауысуы анағұрлым жеңіл əрі жылдам өтеді.\r\n\r\n- педагогикалық ықпалдар мен тəрбиеленушілер мүмкіндіктері арасындағы үйлесімге. Тəрбие процесінде дамудың біркелкі болмау заңы көрініс береді, себебі тəрбиеленуші мүмкіндіктері тəрбиеші талаптарына əрқашан сай келе бермейді. Осыдан кейбір теориялық білімдерге байланысты мəселе, сұрақтарды еркін де жеңіл шеше білетін оқушы практикалық тапсырыстарды орындауда, қарапайым еңбек операцияларымен кезіккенде, дене шынықтыру жаттығуларын көрсетуде ебедейсіздік байқатып, едəуір қиналып қалды.\r\n\r\nСонымен, тəрбие заңдылықтары тəрбие процесінің жағдаяттары, шарттары мен нəтижелері арасындағы басты байланыстарды бейнелейді. Тəрбие тəжірибесінде нəтиженің қалыптасқан қатынастарға тəуелділігі, мақсат пен іс-əрекет, практика мен тəрбиелік ықпалдар, субъектив жəне объектив жағдаяттардың байланысы, əсері, тəрбие жəне өзіндік тəрбие қарқындылығы жəне т.б. өз дəлелін өмір барысында тауып отыр.\r\n\r\n \r\n

    \r\n

  1. 2. Тəрбие принциптері
  2. \r\n

\r\nТəрбие процесінің принциптері (тəрбие принциптері) бұл тəрбие процесінің мазмұнына, əдістеріне, ұйымдастыру жолдарына қойылатын негізгі талаптарды айғақтайтын жалпы бастау тұжырымдары. Олар тəрбие процесінің анайылығын аңдатып, педагогтарға нақты педагогикалық міндеттерді шешуде бағыт-бағдар береді.\r\n\r\nТəрбие процесіне арқау болар принциптер өз алдына жүйеге бірігеді.\r\n\r\nОсы жүйедегі гуманистік педагогика принциптері келесідей:\r\n\r\n- тұлғалық бағыт принципі;\r\n\r\n- тəрбиенің жеке тұлғалық жəне қоғамдық бағыттарының бірлігі принципі;\r\n\r\n- тəрбиенің өмір, еңбекпен байланыстылық принципі;\r\n\r\n- тəрбиеде ұнамды өнегені пайдалану принципі;\r\n\r\n- тəрбиелік ықпалдар бірлігі принципі.\r\n\r\nТұлғалық бағыт принципі. Тəрбие процесінде тұлғалық бағыт принципі тəрбиеленушілердің жас ерекшеліктері мен даралығын, əсіресе жалпы жəне жеке адами қасиет — сапалары мен мүмкіндіктерін ескеру негізінде іске асырылады. Адами қасиет сапалар мəні: тұлғаның өмірлік бағыт-бағдары, тіршілік жоспары, құндылықты бағамдары, қалыптасқан жандүниелік ұстамдары, іс-əрекеті мен мінезіндегі басымды сеп-түрткілер. Тұлғаның осы аталған жетекші сапаларынан бөлектене қарастырылатын жас не даралық ерекшеліктер (мінез, темперамент, ерік жəне.т.б.) жоғары дəрежелі кісілік қадір-қасиеттерді қалыптастыруға бағышталған тəрбиені қамтамасыз ете алмайды, жас деңгейін, даралық ерекшеліктерді білу маңызды, солай да болса, жоғарыда аталған сапалардың жетекшілік ролін тану ғана баланың жас мүмкіндіктері мен жеке ептіліктерін дұрыс пайдаланудың көзін ашады.\r\n\r\nТұлғалық бағыт принципінің тəрбиеші алдына қоятын талаптары:\r\n\r\n1) тəрбиеленушілердің жеке темпераменттік ерекшеліктерін, мінез бітістерін, көзқарастарын, талғамдарын, əдеттерін үздіксіз зерттеп, жете білу; 2) тəрбие процесін диагностикалаумен бірге баланың ойлау қабілеті, сеп-түрткілер, ұстанымдары, өмірлік бағыты, өмір мен еңбекке деген көзқарасы, құндылықты бағамдары, тіршілік жоспарлары секілді тұлғалық сапалардың нақты қалыптасу деңгейін түбегейлі тану; 3) əр оқушыны тұлғаның ілгерілей дамуын қамтамасыз етуші күш-қуатына сəйкес əрі біртіндеп күрделеніп баратын тəрбиелік істерге ұдайы қатыстырып бару; 4) мақсатты іске асыруға кедергі болар себептерді өз уақытында анықтау əрі аластау, ал егер бұл мүмкін болмаса, жаңа жағдайлар мен шарттарға тəуелді тəрбие бағытына дер мезетінде өзгерістер енгізу; 5) барынша тұлғаның өз белсенділігін арқау ету; 6) тəрбиені тұлғаның өзіндік тəрбиесімен ұштастыру, оқушыға өзіндік тəрбие мақсаттарын, əдістері мен формаларын таңдауға жəрдем беру; 7) оқушыда дербестік, ынталылық, өзіндік іс-əрекет қабілеттерін дамыту, тек басшылықпен шектелмей, табысқа жеткізер іс-əрекеттерді ұтымды ұйымдастыру жəне бағыттай білу.\r\n\r\nОсы талаптардың бірлікті орындалуы мектеп тəжірибесінде бұрыннан танымал жас ерекшеліктері мен даралық ескеру принциптерінің қарабайырлығын жояды, тəрбиешіні процестің үстірт белгілеріне шегеленбей, тереңде жатқан мəн-мағыналық байланыстарға назар аударуға бағыттайды, осы процесте көрінетін тəрбие заңдылықтары мен себеп-салдарлы қатынастарды тануға жетекшілік етеді.\r\n\r\nТəрбиенің жеке тұлғалық жəне қоғамдық бағыттарының бірлігі принципі. Озат ойлы педагогтар тəрбиені «өсиет пен өнеге, сендіру жəне зорлау жəрдемімен адамдарды нəзік шақтан іс-əрекетке қосып, игерілген ережелерді тұрмыста қолдануға үйретуші қоғамдық құрылым» (Г. Сент-Джон) ретінде таныған. əр дəуірде бұл принцип мəні ауысып барған: бірде жеке тұлғалық бағыт басымдау болып, кейде қоғамдық, мемлекеттік бағыттар жетекшілік еткен. Алайда, тəрбиенің басты міндеті — адамды белсенді қоғамдық əрі рахат жеке өмірге дайындау — қай заманда да сақталып қала береді.\r\n\r\nБұл принцип бойынша педагогтың барша қызметі өсіп келе жатқан əулет тəрбиесін мемлекеттің тəрбиелік стратегиясына сəйкес орындауға жəне əлеуметтік үйлесімге келген тұлғаны қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Мемлекет қызметіндегі тұлға ретінде тəрбиеші тəрбие саласындағы мемлекеттік тапсырысты орындайды. Егер мемлекет жəне қоғам мүдделері сəйкес келсе, азаматтардың жеке мүдделерімен үйлесімді болса, онда тəрбие принциптері де тəрбие мақсаттары мен міндеттерінің саласында өзіне тиісті орын алады. Ал бұл жағдай керісінше болса, принцип іске аспай қалады, себебі тəрбиешінің тəрбие істері қорына толыққанды тəрбие үшін қажет нақты деректер түспейді.\r\n\r\nБұл принципті іске асыру барысында əсіре ұрандаудан, желікпе үндеулерден, бөспе сөзділіктен аулақ болған абзал, себебі тəрбие ең алдымен құнды əрекет-қылық жəне қарым-қатынас тəжірибесін жинақтауға мүмкіндік беретін пайдалы іс-əрекет, қызмет процесінде жүзеге келеді. Алайда, оқушы араласқан нақты іс-əрекет (ойын, еңбек, қоғамдық істер, оқу, спорттық жəне т.б.) тəрбиелік мəнге ие болуы үшін, оның субъекті — балада сол əрекетке деген қоғамдық құнды сеп-түрткілерді қалыптастыру қажет. Егер олар жоғары ізгілікті, қоғамдық мəн-мағынасымен елеулі болып келсе, əрекет-қылықтар нəтижесінде орындалатын қызмет те үлкен тəрбиелік ықпалға ие болады. Əр тұлғаның əлеуметтік сапаларын орнықтыруда оқушылардың қоғамдық пайдалы еңбегі олардың мақсатты бағытталған сана-сезімін қалыптастыру істерімен ұштасуы қажет. Баланы қандай да іс-əрекетке ойыстыруға қолданылған сөз, ауызекі нұсқау, нақты тұрмыстық пайдалы қызмет пен ұнамды əлеуметтік тəжірибеде өз бекімін табуы тиіс.\r\n\r\nТəрбиенің өмір жəне еңбекпен байланыстық принципі. « Мектеп үшін емес — өмір үшін» — ұранымен күтіп алады екен ежелгі Рим мектептері өз оқушыларын. Адамзаттың алғашқы қадамдарының өзінде –ақ адам тəрбиесімен шұғылданған тұлғалар өмір мен тұрмыс практикасынан ажыралған тəрбиенің мағынасыз болатынын түсінген. Адам тұлғасын қалыптастыру оның іс-əрекетімен, қоғамдық жəне еңбектік қатынастарға келуімен тікелей тəуелді байланыста. Адамның ұнамды сапалары еңбекте ғана дамиды: неғұрлым ол ауқымды, мақсатқа орай болса, тұлғаның дамуы мен əлеуметтену деңгейі де жоғары келеді. Осыдан да тəрбиеленушілерді қоғамдық өмірге, əрқилы пайдалы істерге араластырумен оларға болған ұнамды көзқарас пен қарым-қатынастарын қалыптастырып бару міндетті шара. Тең құқықты мүше ретінде еңбек процесіне қатыса отырып, бала адамгершілікке баулынады, рухани жəне тəндік дамуға келеді, еңбектің қоғамдық мəнді сеп-түрткілерін ажырататын болады, өзінің моральдық сапа-қасиеттерін бекітеді, одан əрі жетілдіреді.\r\n\r\nТəрбиені өмірмен байланыстыру принципі педагогтардан екі бағытта белсенді қызмет атқаруды талап етеді: 1) тəрбиеленушілерді адамдардың қоғамдық өмірі жəне еңбегімен қолма-қол əрі кең таныстырып, жалпы тұрмыста болып жатқан əлеуметтік өзгерістерді мезетінде түсіндіріп бару; 2) тəрбиеленушілерді шынайы өмір қатынастарына тартып, араластыру, қоғамдық пайдалы іс-əрекеттердің сан-алуан түрлеріне қызығулары мен бейімділіктеріне сəйкес қосып, оның нəтижесінен рахат сезінуге баулу.\r\n\r\nАталған принципті іске асыру барысында педагог орындауы тиіс міндеттер төмендегідей:\r\n\r\n- қоғам мен адам өміріндегі еңбектің маңызын əр балаға жете түсіндіру;\r\n\r\n- материалды жəне рухани дүние өндіруші еңбек адамдарына болған құрметке баулу;\r\n\r\n- шаршап-жалықпай еңбектену қабілетін дамыту, қоғам жəне өз мүддесі үшін адал да шығармашылықпен іс қылу ниеттерін өрістете түсу;\r\n\r\n- қазіргі заман өндірісінің жалпы негіздері жөніндегі ақпараты жеткізу;\r\n\r\n- еңбек аясында өз басы мүдделері мен қоғамдық міндеттерді үйлестіре білуге, қоғам қажеттері мен өз ниеттеріне орай кəсіп таңдауға үйрету;\r\n\r\n- қоғамдық игілік жəне табиғат байлықтарына құндылықпен қатынас жасауға баулу;\r\n\r\n- қоғамдық мүлікке байланысты ысырапшылдыққа, жауапкерсіздікке, талан-тараждыққа, табиғат байлықтарына болған жыртқыштыққа төзбеушілік сезімін ояту.\r\n\r\nТəрбиені өмір жəне еңбекпен ұтымды ұштастыру мақсатында келесі ережелерді ұстанған жөн:\r\n

    \r\n

  1. Желең сөз емес, оқушылардың нақты əрі қолынан келер ісі пайдалылау. Осыған орай тəрбиеші сабақ жəне сыныптан тыс жұмыстарға қойылатын талаптар бағдарламасын түзіп, оларды бірізділік принципі негізінде іске асырып баруы шарт.
  2. \r\n

  3. Өз əрекеттерін жанұя талаптарымен үйлестіре отырып, тəрбиеші əр оқушыға оның басты міндеті оқу екенін жете түсіндіруі лазым. Бұған қосымша –үйге жəрдемдесу, əлі жететін басқа да тапсырмаларды орындау.
  4. \r\n

  5. Бала, əдетте, қандай да істі орындауға құштар; енжарлық, селқостық, іссіздік-бала табиғатына жат құбылыстар.
  6. \r\n

  7. Дəрістер мен сыныптан тыс тəрбие жұмыстарында өлкетану материалдарын пайдаланған өте тиімді.
  8. \r\n

  9. Ересектермен қатар еңбекке араласуынан балалар қолға алған жұмыстарды жауапкершілікпен бағамдауға үйренеді, ал бұл олардың азаматтық сапаларының дамуына жəрдем береді.
  10. \r\n

  11. Бала тəрбие процесінде өз еңбегінің басқа адамдарға, қоғамға қажет əрі пайдалы екенін сезінуі тиіс.
  12. \r\n

\r\nТəрбиеде өнеге-үлгіні сүйеніш ету принципі. Егер өз тəрбиеленушісінде педагог тырнақтай да жақсылық нышанын байқап, оны тəрбие процесінде пайдаланатын болса, оның шəкірт жанына жол тауып, тезірек табысқа жетуі сөзсіз. Дана педагогтар тіпті тəрбиесі жетімсіз балалар мінезінен де ұнамды бітістер тауып, оларды тəрбие мақсатына орай басқа да қасиет-сапаларды қалыптастырып, тұрақтандыруға шеберлікпен қолдана алған. Ұнамды үлгі-өнегелерді сүйеніш ету принципінің талаптары қарапайым: педагог баланың ұнамды мінез бітісін табады, оны пайдаланып, басқа, əлі қалыптаспаған не кері кеткен мінез бітістерін дамытады, қажетті деңгейге жетілдіріп, өзге əрекет-қылық сапаларымен үйлестіреді.\r\n\r\nБаланың ұнамды сапалары (жануарларға мейірім, тума қайырымдылық, ықыластылық, жомарттық жəне.т.б.) келеңсіз қасиеттермен (уəдесіздік, өтірік айту, еріншектік жəне т. б.) бірге жүреді. Бірақ түгелдей «бұзық» не тума «сүйкімді» бала болмайды. Адамдағы болымды қасиеттерді молынша көбейтіп, кері сапаларды мүмкіндігінше азайту –тұлғаны ізгілендіру жолындағы тəрбие қолынан келер маңызды міндет.\r\n\r\nТəрбиеші қызметі табысты болып, тез əрі ұнамды нəтижеге жетуі үшін, ол келесі ережелерді ұстануы қажет:\r\n

    \r\n

  1. Тəрбие процесінде дау-дамайға, тəрбиеші мен тəрбиеленуші арасындағы қайшылыққа, күш жəне көзқарас тайталасына жол бермеу міндетті. Тек қызметтестік, ымырашылдық пен шыдамдылық жəне бала тағдырына мүсіркей араласумен ғана ұнамды нəтижелерге жету мүмкін.
  2. \r\n

  3. Оқушы қылық-əрекетіндегі тек олқылықтар мен кемшіліктерге ғана назар аудара беру қателік. Əрдайым жақсы нышандарды тауып, қолдау шарт, əлбетте, келеңсіз сапаларды түзету қажет. Дегенмен, мүмкін болғанша, алдымен ұнамды қасиеттерді анықтап, қажет болса қалыптастырып, одан əрі оларды жетілдіре түсу тиімді.
  4. \r\n

  5. Педагогикалық тұрғыдан тəрбиеленушілердің ұнамды қызығулары мен бейімділіктеріне (танымдақ,эстетикалық,табиғат жəне жануарларға қайырымдылық жəне т. б) арқа сүйеген тиімділеу, олар жəрдемімен көптеген еңбек, имандылық, эстетикалық тəрбие міндеттерін шешуге болады. Ұнамды үлгі-өнегені пайдалану принципі тəрбие процесінің табиғатына берілген жетекші өзекті таба білуге байланысты. Əр нақты жағдайға орай осы өзекті табу-бала тəрбиесі жолында жанпидалыққа түскен қай педагогтың да қолынан келетін іс.
  6. \r\n

  7. Ұнамды тəрбие аясын (фон) түзу-өнеге пайдалану принципінің жəне бір шарты. Бұл ая құрамы — тəрбиеленушілердің тіршілік, іс-əрекет ауқымы мен тəрбиелік қатынастар стилі. Байыпты, іскерлік жағдай жасалып, əркім өз ісімен шұғылданып, басқаларға кедергі болмаса, еңбектену мен тынығу жоғары дəрежеде ұйымдастырылса, «қабырға да көмектесіп» дегендей сергек те сенімді алға ілгерілеу болады. Жұмыс орнының барша қолайлылықтары алдын ала ойластырылып, үйлесімді əрекеттер мен бірдің екіншіге болған қамқорлығы сезілсе, мұның бəрі қызмет бабындағы адамға ұнамды əсер етпей қоймайды.
  8. \r\n

  9. Қателіктерінен үздіксіз кері əсерге ұшыраған бала өзіне, өз күш-қуаты мен мүмкіндіктеріне сенуден қалады. Тəжірибелі педагогтар ғұлама Гомерден қалған «Мадақ бар жерде-Жаратқан мен сəби жүреді» қанатты ойды ұстанып, балаға деген жылы, қолдау лебізін бір де аямайды, болашақта қолға кіретін жетістіктері үшін де алдын ала мақтауға жомарт келеді. Олар баланың жақсы қылығын күні бұрын жобалап, оның нəтижелі боларына баланы сендіреді, өз шəкірттерін қызметтес жолдасына айналдырып, қателескен жерінде қол ұшын береді.
  10. \r\n

\r\nТəрбиелік ықпалдар бірлігі принципі. Бұл принциптен туындайтын мақсат-бала тəрбиесіне қатысты ықпалдардың баршасын (жанұя, мектеп, мектептен тыс қоғамдық мекемелер, жалпы қауым) бірлікті іске қосып, тəрбиеленушілерге өзара үйлестіріліп, келісілген талаптар қоюды жүйелеу. Егер мұндай бірлік пен үйлесім болмаса, тəрбие процесінің қатысушылары А.И.Крыловтың кейіпкерлері Шаян, Аққу жəне Шортан секілді əрекеттерін жан-жаққа шашыратып алмауына кім кепіл? Бұдан үлкен зиян көретін алдымен тəрбиеленуші: кімге сеніп, кімге еретінін білмей сарсаң болады, өзіне абырой тұтқан «пірлерінің» ішінен жөндісін айыра алмай, күйзеліске келеді. Ал мұндай жүктемеден белі қатаймаған баланы құтқару үшін тəрбиелік ықпалдардың бəрін бір арнаға келтіріп, тұлғаға бағытталған күштердің ұнамды əсерін көтеру-тəрбиелік ықпалдар бірлігі принципінің басты талабы.\r\n\r\nАталған принципті іске асырудың төменде келтірілген ережелері тəрбиешіге өз қызметінің барша саласында кезігетін жағдайларды ескеруге көмектеседі:\r\n\r\n1) Тəрбиеленуші тұлғасы отбасы, жолдас-достары, төңірегіндегі ересек адамдар, қоғамдық мекемелер мен оқушылар ұжымы жəне т.б. ықпалында қалыптасады. Осы сан қилы ықпалдар арасында біршама маңызды рөл сынып ұжымы мен тəрбиеші тұлғасына тиісті болатынын еске ұстай отырып, басқа да тəрбиелік əсер көздері болатынын ұмытпаған жөн. Сыныптағы оқушылар мен тəрбиешіден болатын талаптардың бір-біріне қайшы келмей бір бағытта болғаны аса қажет.\r\n\r\n2) Тұлға қалыптастырудағы бас жетекші – отбасы. Өз баласының даралық ерекшеліктерін тереңнен сезіну, оның тəрбиесінде қайталанбас жол таба білу мен сол тəрбиеге мейір, жүрек жылуын қосу тек ата-аналарға ғана берілген шеберлік. Бұл тұрғыдан оларды ешқандай тəрбиеші –педагог не оның істері ауыстыра алмайды. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» -деп атам қазақ бекерге айтпаған. Осыдан, талап – отбасымен қажет байланысты қолдап, қуаттау, бекіте түсу, қай тəрбиелік мəселе болса да, оны ата-аналармен бірлесе шешу.\r\n\r\n3) Тұрмыста осы тəрбиеге байланысты кейде табиғи тəрбиелеуші – жанұя ресми тəрбиеші- педагог талаптарын ұнатпай қалатын да жағдайлар кезігіп қалады. Көп жағдайда ата-аналар өз балаларын шектен тыс еркелетіп, олардың жанаярлыққа түсуіне қолқа болады да педагогтардың сол бала тəрбиесіндегі барша жетістіктерін демде желге ұшырады. Мұндай келісімсіздіктерді жоюда бала тəрбиесін оңды жолға қоялық дегендердің бəрі ортақтастық табуға ынталы болғаны жөн.\r\n\r\n4) Кейде тəрбиеші ұжым, қоғамдық ұйымдар пікірлерімен келіспей, өз əріптестерін сынға алатын жағдайлар да болып қалады. Бұл балалар көзқарастары мен нанымдарына əсер етпей қоймайды. Сондықтан бала тəрбиесі мекемелерінің мүшелері өзара келісімде, бірлікті қызмет жүргізгені жөн.\r\n\r\n5) Ұштастық пен бірізділік принциптері талаптарына орайлас дəрістерге жəне оқудан тыс тəрбие жұмыстарын бір жүйеде алып барған орынды. Тəрбие жұмысында бұрыннан орныққан ұнамды қасиет сапаларды ескерген жөн. Педагогикалық ықпалдар мен талаптар біртіндеп күрделеніп баруы керек. Бірлікті талаптардың орындалуы жолында отбасы мен ата-аналарға тікелей кеңесші – тəрбиеші-педагог.\r\n\r\n6) Тəрбиелік ықпалдары үйелестіру тəсілі – тəрбиеге қатысты адамдардың, қызмет түрлері мен əлеуметтік мекемелердің басын қосып күш біріктіру. Осыдан да тəрбиеші қоғамдық мекемелер, əлеуметтік қауымдастықтар жəне отбасымен байланыс түзуде шаршап –шалдығу білдірмегені жөн.\r\n\r\nСонымен, тəрбие принциптері – тəрбие процесінің мазмұнына, əдістеріне, ұйымдасуына қойылатын негізгі талаптарды анықтаушы жалпы бастау тұжырымдары. Бүгінгі таңдағы гуманистік педагогика ұстанған принциптері: тəрбиені нақты тұлғаға бағыттау; жеке жəне қоғамдық тəрбие бағыттарын үйлестіре, байланыстыру; тəрбиені өмір жəне еңбекпен ұштастыру; тəрбиелік ұнамды үлгі — өнегені арқау ету; тəрбиелік ықпалдарды біріктіре, пайдалану.\r\n\r\n \r\n\r\nСұрақтар мен тапсырмалар\r\n

    \r\n

  1. Тəрбиенің негізгі заңдылықтарына түсінік беріңіз.
  2. \r\n

  3. Гуманистік тəрбие принциптерін атаңыз.
  4. \r\n

  5. Гуманистік тəрбие принциптерінің негізгі салаларын атаңыз.
  6. \r\n

  7. Педагогикалық қызметтегі тəрбие принциптері мен ережелерінің маңызын ашыпберіңіз.
  8. \r\n

Тараз қаласындағы археологиялық қазба жұмысы

0

Одан әрі қала тарихына және Талас аңғарында Көне заманнан бізге жеткен бабаларымыздың бай мұраларын зерттеуге қомақты үлес қосқан, 1880-1898 жылдары Әулиеата уезінің бастығы болған, өлкетанушы В.В. Каллаур еді. Ол өзінің саналы өмірінде өлкеміздегі тарихи мәдени мұралар туралы көптеген қызықты деректер жинап, оларды  1895 жылы Ташкент қаласында ұйымдастырылған Түркістан әуесқой археологиялық үйірмесіне жазбаша жіберіп отырды. Өзінің қызметінің көптігіне қарамастан Әулиеата туралы ел арасынан ауызекі қызықты деректер жинап, 1864 жылы Көне Тараз қаласының жоспарын қағазға түсіріп тарихымызға үлкен үлес қосты. Өлкемізге алғаш қызметке келгенде дала төсіндегі ежелгі заманнан жеткен тарихи ескерткіштерге қамқорлық жасап, уақытын бөліп, олар жергілікті халықтын мұрасы екендігін ыждақаттықпен түсіндірді. Көп ғасырлар бойы тарих қойнауынан бізге жеткен мұраларды зерттеуге едәуір үлес қосқан О.Л. Иванов, П.Н. Лерх, Н.Н. Пантусовтардың есімдерін де мақтанышпен еске алуға болды.\r\n\r\nҒасырлар тереңінен бізге жеткен көне Тараз қаласына академик В.В. Бартольдтың ұсынысы бойынша 1927 жылы археолог М. Массон археологиялық қазба жұмысын жүргізіп, тарихи деректердегі қала туралы мәліметтер толық дәлелденді. Көне қаламыздың тарихын және Талас өңіріндегі ескерткіштерді зерттеуде сүбелі үлес қосқан КСРО Ғылым академиясының Н.Я. Морра атындағы тарихи және мәдени материалды институтының Қазақстан филиалы және Талас өңіріндегі ескерткіштерді зерттеуде сүбелі үлес қосқан КСРО Ғылым академиясының Н.Я. Морра атындағы тарихи және мәдени материалды институтының Қазақстан филиалының ұйымдастыруымен 1936-1939 жылдары археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді. Бұл аса жауапты істі белгілі ғалым Н.А. Бернштам басқарды. Бұған әр түрлі саладағы маман иелері мен ғалымдар, бір топ тарихшылар қатысты. Археологтар қазба жұмысын негізінен қаланың шығыс пен түстік жағында жүргізіп, араб тарихшысы Макдиси керсеткендей, қаланың Шығыс жағындағы Талас өзеніне қараған жерінде қалаға кіретін қақпаның орнын анықтады, соқпа дуалдарымен соғылған бекіністің қалдығын кездестірді. Осында жаппай жүргізілген қазба жұмыстың нәтижесі көне қала негізінен бес мәдени қабаттардан тұратынын және бірнеше рет қиратылып қайта салынғанын растады. Әсіресе, бұл қабаттарда қала тұрғындарының тұрмыстарында кең пайдаланған ыдыс-аяқтар мен су құбырларының, Түркеш кезеңінің тиын ақшаларының табылуы сөз жоқ, қала мәдениетінің едәуір дамығандығын растайды. Осы қазба барысында ғасырлар тереңінен бізге жеткен сәулет өнерінің бірі — Тараз моншасы еді. Қазба жұмысын археолог А.Н. Бернштам басқарды. Монша қазіргі көк базардағы Шахристан бөлігінің Шығыс жағынан жер астынан табылды. Ол бірнеше бөлмеден тұрады, қабырғалары көп бұрышты геометриялық ою-өрнекпен көмкерілген. Бірінші бөлмеде еденге сары және қызыл түсті шаршы тас тақта төселсе, екінші бөлмеде ішкі қабырғалар қызыл түсті жұлдыздар тәрізді өрнектермен безендірілген. Бөлмелерден кірпіш астау мен кірлендер табылған, қабырғалардағы әлі түсі кетпеген қызыл бояумен өрнектелген тақтайшалар, осы уақытқа дейін көздің майын алатын өнер туындысы іспетті еді. Бұл құрылыс Қараханид дәуіріндегі Жетісу өнерінің тамаша үлгілері пайдаланылған ғимарат. Осы монша туралы ғалым К.М. Байпаков «Бұл моншаның құрлыс техникасының ерекшеліктері жылыту жүйесі, өрнектеу мәнері мен көркем суреттері бейнелеу өнері оның ХІ-XII ғғ. қаланың экономикалық өркендеу кезеңіне куә», — деп жоғары баға берді. Ежелгі Тараз қаласының орнына 60 жылдары Қазақстан Ұлттық Академиясының археология институтының бір топ ғалымдары Т.Н. Сенигова, Е.И. Агиеева, Г.Н. Пацевич сияқты археологтар ғылыми жұмыстар жүргізіп, қомақты үлес  қосты, Олар қаланың бес мәдени қабаттарынан тоғызыншы мәдени қабатқа жетіп, тарихымыздың төркіні ілгеріден бастау алғаны жан-жақты дәлелденді. Соғыстың алдыңғы кезеңіндегі жүргізілген қазба жұмысы негізінде қаланың мәдени қабаттары тек VI ғасырға тән деп келсек, ал 60-шы жылдарда жүргізілген ғылыми жұмыстар барысында қаланың біздің эрамыздың I ғасырында өмір сүргендігін растайтын құнды деректер табылды.\r\n\r\nОсы жүргізілген кешенді ғылыми жұмыс барысында тұңғыш рет Шахристан бөлігінің ең төменгі қабатында X-XУ ғғ. Құшан патшалығының шығарған тиын ақшасы мен 73 жылы соғылған Рим императоры Веспиасонның күміс динарының табылуы, сөз жоқ, алыстағы ірі де іргелі империялармен сауда жасалғанын дәлелдейді. Одан әрі ғалым Т.Н. Сенигова Тараз қаласы біздің эрамыздың I ғасырында мекен жай орындары қорғаныс дуалдармен қоршалған бекіністі қала екенін археологиялық қазба барысында дәлелдеді. Осы зерттеу барысында төменгі қабаттан Талас өңірін сонау Неолит дәуіріндегі адам баласының мекендегенін дәлелдейтін бірнеше шақпақ тастан жасалған тас қарулардың табылуы да көп жайды ұқтырса керек.\r\n\r\nСоңғы жылдары Тараз қаласының орналасқан өңірі көп адам баласының ертеден егіншілікпен, қолөнер мәдениетімен айналысқанын, Қола мен Сақ дәуіріндегі тайпалардың құтты қонысы болғанын дәлелдейтін көптеген жәдігерлер табылды. Бұған осыдан бірнеше жыл бұрын көне қаланың терістік жағынан табылған біздің эрамызға дейінгі IX-VII ғғ. жататын Қола дәуірінің өлікпен бірге қойылған қыш ыдысы, қаладағы кірпіш зауытының маңынан табылған сақ жауынгерінің мүсіні, қола қазаны мен егіншілікпен айналысқанын растайтын дән жарғышы дәлел.\r\n\r\nЖамбыл ауданы Ақбұлым ауылының маңындағы сақтардың жеті обасы мен қала Батыс іргесіндегі Суперфос зауытының маңындағы үш обасы сөз жоқ, ежелгі Таразға қатысты орын әрі сақтар қоныс жайы болғанын  жоққа шығармаса керек. Ежелгі  көшпенділерд тарихынан тағы да бір  құнды деректер көненің көзі — Жамбыл ауданы  Ақбұлым ауылының шығыс жағындағы Қарасай шатқалындағы жарғабақ тастардағы таңбалар. Олардың бетінде алғашқы Тараз қаласына дейінгі мекендеген көшпенді тайпаның тұрмыс тіршілігін бейнелейтін көптеген төрт түлі малдың суреттері бейнеленген. Оның ішінде қос өркешті түйелер, тау ешкілер, жабайы бұғылар бар. Бір үлкен жарғабақ таста үйірлері үшін шабысып-шайнасып жатқан сәйгүлік айғырлардың суреті кімді де болса жайбарақат қалдырмайды. Жарғабақ тастар тарихында өте сирек кездесетін хайуанаттарды қолға үйреткенін айғақтайтын көгеннің суретінің салынуы да құнды мәлімет. Көне заманнан бізге жеткен сурет галлереясында қолдарын көтеріп билеп жүрген адамдардың суреттерін де кездестірдік. Тас бетіне түсірілген өнер туындылары қола дәуіріне жататынын ескерсек, бұларды Тараз өңірінде  ол қала болғанға дейін мекен етіп, тіршілік кешкен көшпенді аңшылардың қалдырған мұралары демекпіз.\r\n\r\n»Көне қаланың әр жерінді жүргізілген қазбалар «Тараз өмірінің әртүрлі кезеңдеріндегі құрылыс комплекстері мен ғимараттарын берді» — дейді көрнект ғалым К. Байпаков. Шын мәнінде қазба барысында ір қоғамдық ғимараттар мен сыртқы және ішкі қабырғаларын безендіруге пайдаланған көптеген ою-өрнегі бар бедерлі тақтайшалардың табылуы қалада сәулетті сарайлар мен қоғамдық ғимарттардың болғанын растайды. Оған сәнді сарайларда қойылатын ою-өрнегі бар бірнеше қоладан жасалған май шырағдан дәлел болады. Міне Тараздың осындай салтанатты сарайында 568 жылы Византияның елшісі Земархты Түркі қағаны Дизабул (Естими) салтанатты түрде қабылдап өзара келісім шартқа қол қойылғандығы тарихтан белгілі.\r\n\r\nҚаланың негізінен гүлденіп дамыған кезеңі Х-ХІІ ғасырлардағы Қараханидтер дәуірі. Бұл кезде сауда мен қолөнердің, ғылым мен мәдениеттің дамуымен бірге қалада еңсесі биік сәулетті ғимараттар, халыққа қызмет ететін қоғамдық жайлар бой көтере бастады. Оған Қараханидтер дәуірінде ел басқарған қала датқаларының атына арналып соғылған облыстык моншаның шығыс жағындағы тас орындықтың арасынан Тараздың бір сұлуының жоғалтып алған сақинасы табылды. Ол қазір Мұражай экспозициясына қойылды. Төбеден түскен сылақтардың қалдықтарына қарағанда ол көп күмбезді монша болған. Бұл архитектуралық ескерткіштің батыс қабырғасының жанынан екі жерден моншаның лас сулары ағатын әртүрлі диаметрдегі күйдірілген балшықтан жасалған су құбыры табылды. Бір қызығы екі құбыр жерге түсіріліп, оған арнаулы су тазартқыш сүзгі және бүйірінде тесігі бар дөңгелек құмыра орнатылған. Моншаға суды сол бөлменің ішінде айналасы таспен өрілген құдықтан алғаны көрінеді.\r\n\r\nОртағасырлық моншаларды зерттеушілердің пікірі бойынша, олар орта Азия қалаларында VIII ғасырда пайда болған. Моншалардың адам денсаулығына, көңіл сезіміне әсерін айтумен бірге, оның ішкі безендірілуінің маңызын X ғасыр авторы ал-Масуди өз шығармаларының бірінде «Моншаларда адам келбеті, бүркіт тұмсықты екі бүйрінде төрт қанаты және хайуан тырнақты екі қолы бар, құс тәріздес Ал-Анка деп аталған ғажайып жануардың бейнесін жиі кездестіруге болады…» — деп жазған.\r\n\r\nАл басқа авторларда моншаның адам денесіне әсерін сипаттай отырып, жуыну кезінде хайуан суреті рухани және табиғи күштерді әлсіретеді деп санаған. Сондықтан моншаны адамды сергітетің уайым ауыршылықтарын жеңілдететін көркем суреттермен әшекейлеуді ұсынған. Бір өкініштісі Тараз жұртынан табылған, екінші моншаны қазу ісі қаражат болмай жабылып қалғандығы.\r\n\r\n* * *\r\n\r\nӨмірдің негізгі күретамырына айналған Ұлы Жібек жолының бойындағы Тараз қаласында аты беймәлім қаншама зиялы ақыл ой иелері, абыздар, ақындар, күйшілер де болған. Көне деректер біздің туған қаламыз осындай зиялы адамдардан кем емес екенін дәлелдейді. Соның бірі арабтың тарихшы, саяхатшысы Яқұт әл-Хамади ар-Руми (1179-1229) өзінің «Мұғджанәл Булдан» (Елдер сөздігі) немесе «Елдер жайлы сөздік» атты еңбегінде Тараз туралы айта келе «Одан бір топ ғалымдар шыққан дейді», автор өз зерттеуінде Махмуд бин Әу бин ат-Тарази деген ғалымның атын айтады. «Ол білгір, салиқалы, Құранды мәнерлеп оқудың үздігі болатын, Әбу Садық Ахмал ибн Хасан аз-заңды Әл-Бұхари жайлы хадис жазған еді» — дейді. Ғалым Махмуд Қарахан мемлекетінің дәуірінде білім алған, ол уақыт ғылым мен мәдениет дамып, сәулет өнерінің шарықтау кезімен тұспа-тұс болып отыр.\r\n\r\nКөрнекті арабис ғалым Ә. Дербісалиев Махмуд туралы ойын әрі қарай жалғастырып: «Жерлесіміздің өз аты Махмуд екен. Әкесінің есімі — Әлі Бабасының аты — Әбу әлі ат Тарази деген сөз оның Тараздан екенін, Таразда туылғанын меңзейді. Махмуд алғашқы білімді туған мекені Таразда алған. Автор өз ойын: «Махмуд Тараз өлкесін ежелден мекендеген жергілікті дулат тайпасынан шыққан сияқты. Ол өте зерделі, озық ойлы, кемеңгер, білімпаз адам болған деп жалғастырады.\r\n\r\nАраб тарихшысының мәліметінде «Орта Азиялық ойшыл тарихшы Әбу соғд Абу әл-Карим ас-Саманидің (1118-1169 жж.) еңбегінде жерлесіміз жайлы: «Мен оның қолынан иджаза (диплом) алып едім дегені тілге тиек етіледі. Осы деректерді Әбекең қорыта келе: «Олай болса Махмуд Тараздағы үлкен ғылым ордасын басқарған деп батыл айтудан тартынбаймыз» -дейді.\r\n\r\nБіз үшін екінші айтарлық жаңалық Иақұттың еңбегінде Тараз қаласында туылған тағы бір жерлесіміз толық аты-жөні Әбу Таһир Мұхаммед бин Әбу Насыр Ибраһим бин Макки ат-Тарази Таразда туып, Испиджапта тұрғандығы, кейіннен Иранда ғұмырын өткізгендігі айтылады. Ол жөнінде ғалым бұған жауапты Парсы тіліндегі шежірелерге үңілгенде табамыз деп тұжырымдайды. Әрине Тараз тек өзінің тарихымен ғана емес зиялы ғалымдармен де атағы шыққан қала.\r\n\r\n* * *\r\n\r\nКөне  Тараз қаласының тарихымен тығыз байланысты әлі де жете зерттеуді қажет ететін тақырыптың бірі — ертедегі қала тұрғындарының діни нанымдары. Тарихи деректер бойынша Тараз қаласының тұрғындары зороастризм, манихеи, будда және ислам дінін қабылдаған. Көп ғасырлар бой ұсынып қабылдаған және археологиялық қазба барысында зерттеліп дәлелденген діннің бірі зороастризм. Бұл дін Иранда I-II мыңжылдықта өмір сүріп, бертін келе V ғасырда Тараз қаласының тұрғындары қабылдаған. Зороастризм жорасымен жерленген алғашқы табыттар 1904 жылы Атшабар, 1931 жылы Ленин мен Базар көшелерінде жер қазу кезінде кездейсоқ табылған.\r\n\r\n1932-1933 жылдары қаланың түстік жағындағы Тектұрмас жотасында құрылысқа тастар алып жатқанда адамның сүйегі салынған бірнеше ыдыстар кездескен Осыған орай 1939 жылы археолог Г.Н. Пацеевич қазба жұмысын жүргізіп ежелгі қала тұрғындарының жаппай жерлейтін зираты екендігі анықталды. Қазба барысында 1500-ге жуық киіз үй формалы құмыралар сияқты табыттарға жерленгені анықталды. Қала тұрғындарының жерлеу дәстүріне байланысты пайдаланған осы зиратты қамқорлыққа алып, онда ғылыми жұмыс жүргізіп, біздегі жинақталған бай материалдарға байланысты Тектұрмас жотасына мұражай ашу қажет деп ойлаймын. Себебі ол Оңтүстік Қазақстанда бірден-бір тек бізде сақталған тарихи мұра.\r\n\r\nАта-бабаларымыздың бізге мұра етіп қалдырған осы ежелгі қаланың тарихын зерттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының Ә. Марғұлан атындағы арехология институтының басшылығымен 90-шы жылдардың басында Орталық базардың бос жерлерінде шағын археологиялық қазба жұмысы жүргізілді. Қазба жұмысы негізінде Шахристанның оңтүстік Шығыс жағынан табылған Х-ХІ ғасырларға тән бояулы ыдыс-аяқтар, соқпа дуалдар мен тұрғызылған қоғамдық үйлердің қалдықтарынын ерекшеліктеріне қарағанда үйлердің тығыз орналасқанын байқауға болады.\r\n\r\n1997 жылы облыс басшылығының қолдауымен жүргізілген қазба жұмысы кезінде негізінен ішкі қамал тұрған жерінен көлем 10 х 10 м, үстіңгі қабаттан Әулие-ата кезінде қиыршық тастардан төселген алаң табылды Одан әрі 1,5 м тереңдікте кірпіштен және соқпа дуалдан қаланған бірнеше бөлмелер тіпті бір бөлмеден күшті өрт болғандығын растайтын қалыңдығы 5 см, өртенген қамыстың қалдығы және осы уақытқа дейін бүлінбей сақталған құмыра және басқа да ыдыстар шықты Осы Тараз қаласындағы қазба барысында табылған 13 соғды және Түркі дәуірінің тиын ақшалары сөз жоқ жуық арада ақша жасайтын сарай болғанын дәлелдейді. Осы жерден аузы төмен қарап төңкеріліп қалған зороастризм дінідегі адам жерлейтін құмыра табытының табылуына қарағанда осында қайтыс болған адамның өлігін табытқа салып Тектұрмас зиратына жерлеу үшін алып келген болуы керек, бірақ үлкен бір апаттың әсерінен қалып кеткенге ұқсайды.\r\n\r\nМұндай қаланың орнынан адам жерлейтін зираттың табылуы тарихта бұрын — соңды кездеспеген жағдай. Қазақстанға белгілі ірі ғалым К. Байпақов Шөженнің Талас бойында қала салғанын айта кетіп «Екі жыл ішінде салынған қала мықты бекітілген, айналасы екі қатар қабырғаларымен қоршалған сыртқы қабырғасы ағаштан, ал ішкісі саздан тұрғызылған мұнаралары бар» деп суреттейді Осыған орай біз үшін тағы бір жаңалық, қазбаның оңтүстік жағындағы қабырғасынынан 6 г тереңдіктен қап-қара саздан өріліп шыққан ұзын қабырғаларының қалдығын таптық. Кім біледі бұл құрылыс Шөженің Қытай әскеріне қарсы күрес үшін салған ежелгі Тараз қаласының бекініс орыны болар әрине оны зерттеу келешектің ісі.\r\n\r\nОсы қазба барысында тарихымыздың діңгегіне айналып отырған Тараз қаласының жұртына бүгінгі таңда тек 40 °/0 ғана археологиялық қазба жұмысы жүргізілді. Қаланың\r\n\r\nнегізі болып саналатын және қоғамдық үйлердің тығыз орналасқан терістік Батыс жағында қазба жұмысы жүргізілген жоқ. Сонымен қорыта келгенде тиісті қаражат табыла қалып, қазба жұмыстары жалғасқан жағдайда сөз жоқ қаланың негізгі орны Цитадель мен Шахристанда біз білмейтін қала тарихымен байланысты ата-бабаларымыздың жүріп өткен жолының тіршілік тынысынан көптеген құнды деректер табылатынына дау жоқ.\r\n\r\n \r\n\r\nКүзембай БАЙБОСЫНОВ, М.Х. Дулати атындағы ТарМУ доценті\r\n\r\n 

ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

0

 \r\n\r\n \r\n\r\nЗ.Н.Күдебаева, Г.Жауынбекова\r\nТараз Мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.\r\n\r\nЕліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақстанның отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғарғы оқу орындарына дейінгі орталықтарда барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды , туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу-мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы»-деген еді. Әр дәуірдің тарихи кезеңдерінде Отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік мүдделері болады. Ол ең алдымен, «ұлтжандылық», отансүйгіштік», » патриотизм», ұғымдары сол заманның ақиқаты — наным — сенімінен туындайды. Еліміз егемендік алғаннан бері жас ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы-қазақстандық патриотизм болды.\r\n»Қазақстандық патриотизм» ұғымы біздің тәуелсіздігімізбен қоса туған жаңа сөз болып, еліміздегі саяси-әлеуметтік ахуалдың ерекшелігін көрсетеді. Елімізде жүзден аса ұлттар мен ұлыстардың өкілі өмір сүруде. Қазақстан олардың көпшілігінің туған отаны және бұдан былай да мәңгі тұрақтап қалар мекені болмақ. Сондықтан олардың әрқайсысы Қазақстанды ата-жұртым деп танып, оның тәуелсіздігін қорғауға және материалдық байлығын арттыруға еңбек етуі тиіс. Сол себепті қазақстандық патриотизм ұғымы күнделікті өмірде жиі қолданылып, кеңінен қалыптасып келеді.\r\nБұл ұғымның педагогикалық жүгіне келер болсақ, ол болашақ Қазақстан азаматтарын тәрбиелеумен тығыз байланысты. Қазақстандық патриотизм — Отан-анаға деген сүйіспеншілік пен азаматтық ерлік, өнеге көрсетушілік, бойдағы білім пен білікті, ақыл-парастатты ел игілігіне жұмсау, ата-мекен мүддесіне арнау болмақ. Өз елінің өткенін, тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін құрметтей білу де осы қазақстандық патриотизм құрамына кірсе керек.\r\nПатриотизм идеясының дамуы Аристотель, Платон, Цицерон есімдерімен де байланысты.\r\nЦицерон Отанға деген қатынасты патриоттық санадан іздестіреді. “Ең мәртебелі ой- толғамдар Отанның игілігі жайында болмақ”, -дейді Цицерон “Мемлекет туралы диалогінде”. /2; 105/ .\r\nПатриотизм идеясының дамуына француз материалистерінің , неміс философтарының да қосқан үлесі мол.\r\nОрыс революционер – демократтары да көптеген құнды идеялар көтерді.\r\nЖүсіп Баласағүни, Қожа Ахмет Яссауи, Әбу Насыр Әл-Фараби, Махмуд Қашғари т.б. еңбектерінде келелі, пікірлер айтылған.\r\nАсан Қайғы, Шалкиіз, Бұхар жыраулар, Махамбет Өтемісұлы да өз шығармаларына арқау етті.\r\nПатриоттық сезімді қазақ ағартушылары Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин , Абай шығармаларынан да байқауға болады.\r\nОтаншылдық сезім – адамға туа біткен қасиет емес. Ол адамның саналы өмірімен қабаттас қалыптасатын психологиялық , саяси -әлеуметтік құбылыс. Патриоттық сезім жалпы адам баласының еліне, жеріне, өз тілі мен мәдениетіне , ұлттық құндылықтарына жеке қатынасын , өзіндік бағасын түйсінуін, қуаттап қолдауын пайымдайтын сезім көрсеткіші болып табылады. Осыған орай Н.Ә.Назарбаев, — патриотизмді «әр этностың ұлттық сезімін сыйлап, бірде-бір ұлтпен қарама-қайшылық туғызбау»- деп белгілеген.\r\nЕгемендік алған бастапқы күндерден-ақ патриотизм ұғымы, оның мазмұны төңірегінде пікірталас жүріп келді. Одан, «ұлттық патриотизм», «қазақстандық патриотизм» — деген екі ұғымның туындағаны белгілі. Бірақ, өсіп келе жатқан жас буындарды отаншылдыққа тәрбиелеуде бұл екі ұғымның қайсысын ұстанған жөн; олардың мазмұндық құрылымы қандай ой-тұжырымдар жүйесінен тұрады; бұдан былайғы кезде жастарды патриотизмге бұрыннан қалыптасқан әдіс-тәсілдері, формалары мен мазмұнын қолдануға бола ма?, — деген сияқты көптеген проблемалар туындап отыр.\r\nБүгінгідей демократиялық бағыт ұстанып отырған қоғамда, балалар мен жастардың тағдыры өздеріне, отбасының материалдық ахуалына байланысты болып отырған жағдайда патриотизмнің маңызын айқындау басты мәселелердің бірі екені даусыз.\r\nБіздің пікірімізше, өсіп келе жатқан жас буындардың бойында қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру үшін :әр ұлттар мен ұлыстар тек өз мәдениетін ғана танып білуі жеткіліксіз , сонымен қатар олар бір — бірін танып біліп, құрметтеуі тиіс. Мектеп оқушылары қазақ халқының тарихы мен мәдениетін, өз болмысында еш бұрмалаусыз танып, білуі шарт. Бастауыш сынып оқушыларының бойында патриоттық сезімді қалыптастыруда ана тілі пәндерінің алатын орны ерекше. Отанын сүйген, елін жаудан қорғау үшін қасық қаны қалғанша аянбай шайқасатын Қобыланды, Қамбар, Ер Тарғын, Алпамыс тұлғалары, ақын — жыраулардың, билердің татулыққа, адамгершілікке, елін сүюге шақырған өлең жырлары , шешендік сөздері бастауыш сынып оқушыларының бойында патриоттық сезімді қалыптастыруда маңызы өте зор. Патриоттық сезімнің объектісі мен қайнар көзі — Отан десек, оның мазмұны: туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл , дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар. Олардың адам көкірегіне жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік істердің қайнар көзіне айналуы патриотизмге тәрбиелеудің арқауы. Қасиетті сезім ананың сүтімен бірге өзінен — өзі келмейтін баланың бойында біртіндеп қалыптасатын құдіретті сезім. Бұл сезім әркімде әр кезеңде оянып, кейін кәмелетке келгенде біржола буыны қатып , тәжірибемен, уақытпен, біліммен, қоршаған ортаның ықпалымен, балабақша, отбасы, мектеп, жоғарғы оқу орындары, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар әсерімен қалыптасады. Патриоттық сезім тұлғада тәрбие арқылы өсіп жетіліп патриоттық сана түрінде қалыптасады. Сондай-ақ жеке адам өз ұлтының қасиеттерін бойына сіңіруі керек. Мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеу мәселелерін зерттеген: С.Ешімханова, Е.Жұматаева, А.К.Ахметов, Д.С.Құсайынова, т. б. ғылыми — педагогикалық, психологиялық, мектептегі іс-тәжірибелерін зерттеп бақылау нәтижесінде мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеудің бағыттары төмендегідей мәселелерді көздейді: педагогикалық практикадағы мүмкіндіктерді барынша толық қамтып біртұтас түрде оқушының жеке тұлғасына ықпал етудің жүйесін жасау; әртүрлі пәндерді оқытуда және тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыруда тірек болатындай сипатқа ие болу, бұл бағытта жас буынды патриотизмге тәрбиелеудің теориясы мен практикасына қатысты қазақстандық, ұлттық тәжірибелермен қоса шетелдік жаңа идеяларды үнемі ашып іс жүзінде қолдану жолдарына көмектесуі керек.\r\nМектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеу мәселелерін зерттеген ғалымдардың еңбектерінің қорытындылары мен тікелей мектеп практикасындағы мұғалімдердің іс-тәжірибелерінің нәтижелеріне сүйене отырып, біз мектепте патриотизмге тәрбилеу -оқушылардың нақты іс-әрекеті, мінез-құлқын ұйымдастыру, оған бағыт беруді негізге алу керек деп ұйғардық. Патриотизмге тәрбиелеу үрдісінің танымдық мәнін естен шығаруға болмайды, бірақ ол әрбір оқушыда патриоттық сана, патриоттық сезім қалыптастырудан бастау алғанда ғана тиімді болмақ . Сондықтан оқытушылар өз қызметінде біріншіден терең патриотизм – Отанға, Қазақстанға, өз халқына деген сүйіспешілік; екіншіден — халықтар достығы идеясын ұстану және насихаттау. Адамгершілікті, өркениетті патриотизм қашан да халықтар достығының идеясымен, тәжірибесімен үндесіп жатуы тиіс. Осы бағытта Тараз Мемлекеттік педагогикалық иниститутында көптеген іс шаралар жүргізілуде. Соның бір айғағы жылда өткізілетін Халықтар достығы фестивалі.\r\nДемек патриотизм – қоғамдық сананың бір формасы, ол қоғам дамуымен бірге дамып, жаңа мазмұнмен толыға түседі.\r\n“Қоғамда Қазақстан — біздің Отанымыз, бұл ұғымға өте көп нәрсе кіреді деген қарапайым ойды қалыптастыру керек” – деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзі терең ойдан туындаған пікір екенін әрқайсымыз жақсы түсінуіміз қажет.\r\nПайдаланған әдебиеттер\r\n\r\n1. «Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы». Қ.Р. Президентінің Жарлығы Астана, Ақорда, 2006 ж. қазанның 10-ы. №200\r\n2. А.Құсайынов Білім және Реформа . Алматы 2006.\r\n\r\nҚазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі\r\nТараз мемлекеттік педагогикалық институты\r\nТарМПИ “ЖАС ҒАЛЫМ — 2007”\r\nатты ІІ Республикалық ғылыми практикалық конференцияға мақала\r\n\r\nТіркеу формасы\r\n\r\n1. Тегі, аты-жөні (толығымен) Жауынбекова Гүлнүр Сейітжанқызы\r\n2. Ғылыми дәрежесі,ғылыми атағы____________________________________\r\n3. Мекеме, лауазымы ТарМПИ, магистранты\r\n4. Мекен-жайы Тараз қ. 2 мөлтек ауданы 18 үй, 14 пәтер\r\n5. Телефон (халықаралық байланыс кодымен; ұялы) 87055746026\r\n6. Мақала тақырыбы:\r\nПатриоттық тәрбие берудің педагогикалық негіздері\r\n\r\n7. Секция 3 секция Педагогика\r\n\r\nКонференцияда тындаушы ретінде қатысуды қалаймын.

Бейімбет Майлин

1

Бейімбет Майлин – поэзия, проза, драма саласында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгер. Ол «Садақ» қолжазба журналында, «Айқап» журналында, «Қазақ» газетінде жарияланған алғашқы өлеңдерінен бастап-ақ ел өмірінің сан-сала көкейкесті мәселелеріне ден қояды. Сахара жұртының мұң-мұқтажын, арман-аңсарын, әсіресе азаттық-теңдік тақырыбын тілге тиек етеді. Бейімбеттің поэзиялық шығармаларындағы Мырқымбай – типтік кейіпкер деңгейіне көтерілген жиынтық бейне. Мырқымбай бейнесі арқылы Бейімбет сол кездегі қазақ кедейлерінің болмыс-бітімін, уақыт, қоғам аясындағы тіршілік-тынысын суреткерлік шыншылдықпен бедерлей алған.

Бейімбет қазақ поэзиясында поэма жанрының өрісін ұзартып, өресін биіктетуге қомақты үлес қосқан. Оның «Байдың қызы», «Рәзия қыз», «Қашқын келіншек», «Маржан», «Өтірікке бәйге», «Кемпірдің ертегісі», «Хан күйеуі», «Мырқымбай» поэмалары тақырыбының әр алуандығымен, оқиғалық тартымдылығымен, өзіндік тіл-стилімен қазақ поэзиясының көрнекті үлгілерінің бірі болып табылады.

Бейімбет Майлин дарыны оның прозалық шығармаларында айрықша жарқырап көрінген. Әсіресе, қазақ прозасында әңгіме жанры Бейімбет шығармалары арқылы кемелдене түсті. Оның әңгімелері өмір шындығын дөп басып көрсететін реалистік тегеурінімен, көркемдік биік өресімен, тақырыбының әр алуандығымен дараланады. Ол – көркем әңгімелері арқылы өзі өмір сүрген заман тынысы мен қоғам өмірін энциклопедиялық кемелдікпен сомдай алған ұлы суреткер.

Бейімбет – он беске тарта повесть, бұған қоса «Азамат Азаматович» атты роман жазған қаламгер. Оның «Қызыл жалау», «Қоңсылар» атты романдары аяқталмай қалған. Мұның сыртында ол – ірілі-ұсақты 25 пьеса, либретто, сценарийлердің авторы.

Бейімбет Майлин шығармалары қазақ әдебиетін барлық салада байытқан рухани асыл қазына ретінде халқымен мәңгі бірге жасайтын болады.

 ***

Бейімбет Майлин (1896 ж. Қостанай обл. , Таран ауд., — 1937 ж.) — жазушы, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі. Әкесі Жармағамбет те, атасы Майлы да кедей адамдар болған. Жастай жетім қалған Бейімбет шешесі Құлғизар мен әжесі Бойдастың тәрбиесінде өседі. Әжесі Бойдас кезі келгенде өлең де шығарып жіберетін сөзге ділмар жан болған. Бұл үйде ақындар, жыршылар жиі қонақ болып, ұзақ таңға небір дастандар жырналып, суырып салма айтыстар болып, өлеңдер айтылып тұрған. Оның үстіне шығыстыңқиссаларын жақсы көретін әжесі кейіннен Бейімбет ауыл молдасынан хат таныған соң оған ұзақтаңға жыр!дастандар оқытып, тыңдайтын болған. Осының барлығы жас Бейімбеттің сөз өнерін сүйіп, әдебиет жолына түсуіне ықпал жасады. Әуелі ауыл молдасынан сауат ашқан

Бейімбет кейіннен Арғынбай қажының медресесінде екі жылдай дәріс алады. 1913 ж. Троицкідегі «Уазифа» мектебінде, оны бітірген соң Уфадағы «Ғалия» медресесінде оқиды. Медреседе оқып жүргенде татардың Ғалымжан Ибрагимов, Мәжит Ғафури сияқты белгілі жазушылармен танысады. Осында шығып тұрған «Садақ» атты қолжазба журналға белсене араласып, өзінің алғашқы прозалық туындысы, «Шұғаның белгісі» әңгімесі жариялайды. Өлеңдері «Айқап» журналында басқа да басылымдарда шыға бастайды.

Осы жылдарда ол қазақ, татар, башқұрт, орыс әдебиеттерімен кеңірек танысып, әдеби сауаты арта түседі. Денсаулығына байланысты Майлин медресені аяқтай алмай, 1916-1921 ж. ауылда бала оқыту, мұғалімдікпен айналысты. Осы кездерде 1916 ж. ұлт-азаттық қозғалысына арналған, төңкерістен кейінгі кездердегі қазақ аулының тұрмысын суреттейтін бірсыпыра өлеңдер жазды. 1922-23 ж. Орынборда шығып тұрған «Еңбекші қазақ» газетіне қызметке келеді. Газетте редактор болып істейтін белгілі революцонер ақын С.Сейфуллиннің қарамағында жұмыс жасау Майлиннің шығармашылық жолына үлкен өзгерістер әкеледі, еңбекші таптың саяси мүддесін көздеген өлеңдер жаза басатайды. «Еңбекші Қазақ» газеті бетінде өлең!әңгімелері жиі жарияланады. «Шұғаның белгісін» қайтадан өңдеп, «Кызыл Қазақстан» журналында бастырады. 1923-1925 ж. Қостанайда шығып тұрған «Ауыл» газатінде істейді. «Раушан!коммунист» повесі осы кезде жазылады. 1934-1937 ж. «Қазақ әдебиеті» газетінде редактор болды. 1937ж. халық жауы деген жаламен ұсталып, 1938ж. ақпанның 25-і күні атылып кетті.

Бейімбет Майлин аз өмірінде аса өнімді еңбек етіп, елуге тарта кітабын шығарды. Оның шығармаларында қазақ кедейінің мінез-құлқы, тұрмыс-тіршілігі, арман-мүддесі бұрын болмаған деңгейде жан!жақты да терең суреттеліп, өміршең типтік бейнелер жасалды. Майлиннің ақындық қызметі 1912ж. жазылған «Мұсылмандық белгісінен басталады». Төңкеріске дейін жазған көп өлеңдерінде («Мұқтаждық», «Мал», «Байлыққа») ауылдың ауыр тұрмысы, әлеуметтік теңсіздік жырланады. 1916ж. ұлт-азаттық қозғалысы Майлин шығармашылығындағы халықтық сыйпатты күшейте түсті. Осы кезден жазылған «Қанды тұман» өлеңінде қараңғыға қамалған қалың елдің, аянышты халі суреттеледі. Ақынның шығармашылығында ұлт-азаттық, ағартушылық, демократтық сарындар түпкілікті қалыптасып, жаңа биіктергк бет алды. «Кедей», «Жауыз кім?», «Кедейге», «Құтты болсын», «Мейрамың», «Бүгін», «Гүлденсе ауыл — гүлденеміз бәріміз», «Коллективтің жырын айт» сияқты өлеңдерінде жаңа заман әкелген ауылдағы өзгерістерді, ондағы елдін тұрмыс-тіршілігін зор шабытпен жырға қосты.

Бейімбет Майлин поэзиясындағы Мырқымбай бейнесі — жиырмасыншы жылдардағы қазақ кедейінің типік бейнесін жасау жолындағы үлкен табысы. Мырқымбай — тұтас бір қтпелі дәуірдегі ауыл кедейінің қмірінде болған қзгерістерді оның сана-сезімі, мінез-құлқы, іс-әрекеті, тұрмыс-тіршілігі арқалы шынайы суреттелген типтік бейне. Мырқымбай сияқты типтік дәрежеге көтерілген бейне қазақ әдебиетінде күні бүгінге дейін жасалына жоқ. Ол ақынның жиырма шақты өлеңінде, екі поэмасында бірде басты, бірде қосымша кейіпкер ретінде көрінеді. Майлиннің біраз өлеңдері әйел теңдігі тақырыбына арналған. «Қыздың сәлемі», «Қашқын келіншек», «Ақсуаттың жанында» сияқты өлеңдерінде ескі салтқа негізделген қазақ қыздарының аянышты тағдырлары суреттеледі. «Азат әйел», «Ғазиза», Шал мен қыз», «Ажар» сияқты өлеңдерінде  жаңа заманда теңдікке жетіп, бақытты өмір сүре бастаған жастарды жырға қосты.

***

Бейімбет Майлин (Бимағамбет) (1894-1938) — қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.

Туып-өскен жері — қазіргі Қостанай облысының Таран ауданы. Бір жасқа толмай жатып әкесінен, алтыға шығарда шешесінен айрылған. Жетімдік зардабын шегіп, байларға жалданады.

Алғаш ауыл молдасынан оқып сауат ашқан. 1911-1915 жылдар аралығында Троицк қаласындағы Уәзифа медресесінде, Қостанайдағы орысша қазақша мектепте, Уфадағы Медресе Ғалияда оқып білім алған.

1916-1919 жылдары мұғалім болады, жазушылықпен шұғылдана бастайды. «Қазақ», «Ауыл» газеттері мен «Айқап», «Садақ» журналдарына жазып тұрады.

Б.Майлин «Еңбекшіл қазаққа» «Еңбек туы» болып тұрған кезде-ақ атсалыса бастаған. Алғаш мақалаларымен қатысқан ол әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, хатшысы да болған, редакторлыққа дейін өскен. Бірақ көп істемеген.

1920-1922 жылдары газетті жасауға алғаш шығарушылар алқасы басшылық жасап, кейін жекелеген тұлғалар келе бастаған тұста басылымға Б.Майлин секілді жеті-сегіз адам жетекшілік еткені мәлім.

Содан соң, «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде қызмет істеп (1922-1923), Қостанайдағы губерниялық «Ауыл» газетінде шығарды (1925). 1925-1928 жылдары қайтадан «Еңбекші қазақ» газетінде қызмет істеп, Қазақтың пролетар жазушылары ассоцияциясын (ҚазАПП) ұйымдастыруға қатысты (1928-1932).

Мұнан кейінгі 30-шы жылдарында «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, «Ауыл тілі», «Қазақ әдебиеті» басылымдарының бас редакторы болып істейді.

1938 жылы жазықсыз тұтқындалып, қызыл қырғын саяси репрессияның құрбаны болды

Шығармалары

Бейімбет поэзия, проза, драма саласында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгер. Ол «Садақ» қолжазба журналында (1913), «Айқап» журналында (1914), «Қазақ» газетінде (1915) жарияланған алғашқы өлеңдеріне ден қояды. Сахара жұртының мұң мұқтажын, арман аңсарын, әсіресе азаттық теңдік тақырыбын тілге тиек етеді. Бейімбеттің поэзиялық шығармаларындағы Мырқымбай типтік кейіпкер деңгейіне көтерілген жиынтық бейне. Мырқымбай бейнесі арқылы Бейімбет сол кездегі қазақ кедейлерінің болмыс бітімін, уақыт, қоғам аясындағы тіршілік тынысын суреткерлік шыншылдықпен бедерлей алған.

Бейімбет Майлин қазақ поэзиясында поэма жанрының өрісін ұзартып, өресін биіктетуге қомақты үлес қосқан. Оның «Байдың қызы», «Рәзия қызы», «Қашқын келіншек», «Зайкүл», «Маржан», «Өтірікке бәйге», «Хан күйеуі» «Кемпірдің ертегісі», «Бөліс», «Мырқымбай» поэмалары тақырыбының әр алуандығымен, оқиғалық тартымдылығымен, өзіндік тіл стилімен қазақ поэзиясының көрнекті үлгілерінің бірі болып табылады.

Бейімбет Майлин дарыны оның прозалық шығармаларында айрықша жарқырап көрінген. Әсіресе, қазақ прозасында әңгіме жанры Бейімбет шығармалары арқылы кемелдене түсті. Оның әңгімелері өмір шындығын дөп басып көрсететін реалистік тегеурінімен, көркемдік биік өресімен, тақырыбының әр алуандығымен дараланады. Ол көркем әңгімелері арқылы өзі өмір сүрген заман тынысы мен қоғам өмірін энциклопедиялық кемелдікпен сомдай алған ұлы суреткер.

Бейімбет он беске тарта повесть, бұған қоса «Азамат Азаматович» атты роман жазған қаламгер. Оның «Қызыл жалау», «Қоңсылар» атты романдары аяқталмай қалған. Мұның сыртында ол ірілі ұсақты 25 пьеса, либретто, сценарийлердің авторы.

Бейімбет Майлин шығармалары қазақ әдебиетін барлық салада байытқан рухани асыл қазына ретінде халқымен мәңгі бірге жасайтын болады.

***

Жиырмасыншы ғасырдағы қазақ әдебиетінің іргелі жанрларын қалыптастыруға айтарлықтай үлес қосып, биік белеске шығарысқан аса көрнекті суреткер жазушы, ақын әрі драматург Бейімбет Майлин — өндіре жазып, сөз өнерінің алтын қорына жататын туындылар берген бірегей дарын. Замандастары: «Маңдайына түскен шашын сұқ саусағына орай ширата отырып, жазудан бас алмайтын еді», — деседі. Сондықтан да кемел қаламгердің қыршын жаста — қырықтың төртіне жетер-жетпесте — дүние салғанына қарамай, атағы да зор, артына қалдырған әдеби мұрасы да аса бай.

Болашақ қаламгер 1894 жылы бұрынғы Торғай облысы, Қостанай уезі, Дамбар болысындағы Ақтөбе деген жерде (қазіргі Қостанай облысы, Тобыл ауданы, Майлин кеңшары) туған. Екі жасында әкесі қайтыс болып, күн көріс үшін шешесі бір байға сауыншылыққа жалданады. Жетілерге келгенде Бейімбеттің өзі де әлгі байдың қозы-лағын бағьш, соңынан ат-арбасына делбеші болады. Сөйтіп, ол жоқшылық зардабын өзі де әбден біліп-танып, кәрі әжесі мен анасының зарлы кейістіктерінен, құдайға шағынуларынан тітіркене тұшынып өседі. Алуан түрлі аңыздар мен ел іші әңгімесін мол білетін, өмір тауқыметін әсерлі етіп өлеңге айналдыратын әжесі немересінің жасынан қисынды, қызық сөзге, әдебиетке зауықты больш өсуіне әсер етсе керек.

Алғашында ауыл молдасынан оқып, қара таныған зерделі де орнықты бала өзі талпынып, сол ауылдағы татар мұғалімінен  сабақ алады. Содан кейін 16—18 жастарында жақын жердегі Әбдірахман Арғынбаев деген кісінің медресесінде оқиды. Білімге құштар Бейімбет осымен тоқтап  қалмай, 1913-1914 жылдары Троицкідегі “Уазифа” (“Міндет») мектебін бітірген соң, 1914 жылы Уфа қаласындағы Медресе-Ғалияға түседі. Онда әйгілі оқымыстылар, жазушылар Мәжит Ғафури, Ғалымжан Ибрагимов (бертінде — 90-жылдардың басында қайтыс болған) дәріс беретін. Әйгілі башқұрт жазушысы Сайфи Құдаш пен Мағжан Жұмабаев та осы медреседе қатарлас оқыған. Медреседе шығьш тұрған «Садақ» атты қолжазба журналдың 1914 жылы 3-санында Бейімбеттің тұңғыш туындысы — «Шұғаның белгісі» хиқаяты жарияланады. Проза жанры қазақта енді ғана тәй-тәй тұра бастаған кезде жиырма жасар жігіттің бірден осыншалық көркем, әсерлі хикаят жазуы зиялы қауымды таң-тамаша қалдырады. Бұл хикаят өзінің барша асыл қасиеттерімен осы күнге дейін тамсандырьш келе жатқан татымды туынды болып қалып қойды. Бейімбет сол жылдары орыс тілін үйреніп, орыстың классикалық әдебиетімен танысады. Бірақ ол денсаулығына байланысты оқуын аяқтай алмайды. Емделу жағдайымен Троицкіге барады (1915 ж.), ондағы «Айқап» журналына өлеңдер бастырып, журналдың шығарушылары: Мұқамеджан Сералинмен, өте дарынды ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровпен жүздеседі. Ауылында мұғалім болып жүрген кезінде қазақ жастарын майдандағы қара жұмысқа алу туралы 1916 жылғы аты шулы патша жарлығына қарсы бүкіл ел көтерілгенде, Бейімбет Майлин ұлт-азаттық көтерілісін жақтап, азаматтарды атқа қонуға шақырған өлеңдер жазады. 1917 жылғы ақпанда патшаның тақтан түсуін, қазақ елінің азаттық алуына мүмкіндік туды деген оймен, қуана қарсы алады. Елді мал деп, мансап деп, немесе бай, кедей болып бөлініп, ала ауыз болмай, тұтас ұлттың мүддесі жолына жұмылуға шақырады.

nБұрынғыдай байың, жарлың шашылма!

Бірлікпенен жұмыс атқар, басыл да!

Азын-аулақ миың болса басыңда,

Партия, штат, дау — шарыңды қой,  қазақ! — дейді. Бұл сөздің бүгінгі күн үшін де ешбір ескірмегенін дәлелдеп жату артық. Кеңес өкіметі орнап, халықты тырп еткізбей, өз ырқына көндіргеннен кейін Бейімбет те жаңа тіршілік жағында болып, ауылдық жердегі жұмыстарға қатысады. 1922 жылдан бастап мерзімді баспасөзде жұмыс істеп, сол кездегі астана — Орынборда шығатын газеттерде әңгіме, өлең, очерктері шығып тұрады. «Шұғаның белгісі» хиқаяты журналда жарияланып, өлеңдер жинағы жарық көреді. 1923 жылы Қостанай қаласында «Ауыл» газетін шығарысады, сол кездегі қазақ прозасының айтулы табысы саналған белгілі «Раушан — коммунист» хикаяты алғаш рет сонда басылады. Үкіметтің арнайы шақыруымен 1925 жылы жаңа астана — Қызылордаға келіп, республикалық басылымдарда жауапты қызметтер атқарады. 1934-1937 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінің редакторы болады, өмірінің ақырына дейін 1934 жылы құрылған Қазақстан жазушылар одағының басшылық құрамында больш, әдеби істі ұйымдастыру, жас таланттарды тәрбиелеу жұмысына аянбай ат салысады. Жазудан жалықпайтын майталмен суреткердің ірілі-уақты талантты туындылары күн құрғатпай дерлік жарық көріп жатады. Туған елінің Қазан төнкерісіне дейінгі және одан кейінгі өмірін, ондағы өзгерістер мен олардың терең себептерін, адамдарының психологиясы мен мінезін жетік білетін сұңғыла талант иесінің қаламынан туған өлең, поэмалары, соның ішінде, әсіресе төңкерістен кейінгі қазақ кедейінің типтік бейнесін табиғи сомдаған «Мырқымбай» топтамасы, қысқа да қызықты әңгімелері, әйгілі «Шұғаның белгісі», «Раушан — коммунист» хиқаяттары, «Азамат Азаматыч» романы, «Талтаңбайдың тәртібі», «Майдан», «Неке қияр», т.б. драмалары — бәрі жиналып келіп, ауыл өмірінің біртұтас көркем күнделігі, ғажайып суреттің шежіресі іспетті. Даңқты замандастары Бейімбет шығармашылығын солай қабылдап, солай бағалады да. 1933-1936 жылдары жарық көрген төрт томдық шығармалар жинағын қоса алғанда, көзі тірісінде Б. Майлиннің елу шақты жеке кітабы шыққан. Бұл жағынан кезінде оған теңдес басқа қазақ қаламгері болған емес. Ерен талант, біртоға мінезді ерінбейтін еңбеққор жазушы 1937 жылы нақақтан қамауға алынып, 1938 жылдың ақпанында, өзінің даңқты қаламдас, түйдей құрдас-достары С. Сейфуллин, I. Жансүгіровтермен бірге тоталитарлық жүйенің құрбаны болды.

Үлкен суреткер артына тамаша туындыларын қалдырды. Ол — бүгінде де қазақ оқырмандарының ең көп оқитын, қызығып оқитын жазушыларының бірі. Қазақ прозашыларының қазіргі таңдаулы саңлақтары Бейімбет Майлинді өздеріне ұстаз санайды және оның шеберлігінен үздіксіз үйренеді.

Өлеңдері мен поэмалары. Бейімбет Майлин, қазақ қаламгерлерінің көпшілігі сияқты, жазуды ақындықтан бастаған. Оның қазақ поэзиясының тарихында өзіндік орны, үлесі бар.

Бейімбеттің қазақ поэзиясындағы орны, үлесі ала бөтен шеберлігі, мінсіз көркемдігінде емес. Оның өзіне ғана тән өзгешелігінде. Атап айтқанда, жырлаған тақырыбы мен сомдаған бейнелерінде.

Бейімбет сол замандағы қазақ ауылының тұрмысын, ауыл адамдарының мінез-құлқын қазақ поэзиясында өзіне дейін болмаған ауқымда, терең білгірлікпен және шыншылдықпен жан-жақты суреттеді. Кедейінің болсын, байы мен орташасының болсын дәл, шынайы, типтік бейнелерін жасады және соның бәрін тарихи даму, өзгеру үстінде суреттеді. Бейімбет жасаған бейнелер, оның прозасы мен драмаларындағы сияқты, оқырманға езу тартқызып, сүйіндіріп отыратын ұтымды да шуақты күлкімен — әзіл-ажуамен даралана, әсерлі де қызықты бола түседі.

Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі. Бейімбет қаймағы бұзылмаған қазақ ауылында туьш, өсті. Қазақ төңкерісіне дейінгі, Кеңес өкіметі үшін күрес аласапыранында, өзі жазықсыз жазаға үшырағанға дейінгі кеңестік кезеңде реалист суреткер басқа тақырыптарға алаңдамай, өзіне жақсы таныс, өзі қалың ортасында ғұмыр кешкен сол ауыл тіршілігін өз шығармаларының арқауы етіп алады. Өзі сияқты ауылдан шыққан және ауыл өмірін ешкімнен кем білмейтін біраз қаламдастары қаланы, зауыт пен фабриканы, жұмысшы табын шығармаларына тақырып етіп жатқанда, саясат соған үндеп жатқанда, Бейімбет еліге қойған жоқ. Мұны оның ауылдан ұзап шыға қоймағандығынан деп түсіндіруге болмайды. Бұл оның талантының өзіндік сипатына, шығармашылық бейімділігіне, өзіндік таньм-түсінігіне байланысты еді. Осы мәселе жөнінде оның өзі де 1931 жылы: «Менің бұл күнге дейін жазған тақырыбым ауыл туралы ғана болып келеді. Өндіріс өмірін суреттеуге мен әлі күнге шейін кірісе алғаным жоқ. Өйткені әлі күнге өндіріс өмірімен таныстығым жоқ» деп жазған. Ақын өлеңдерінің мазмұны мен өзіндік көркемдік сипаттары оның осы ауыл өмірінің реалистік бейнесін сомдауымен ерекшеленеді. Соған шабыттандырған күш не екенін мына шумақан анық көруге болады:

Сенің зарың — зарлайтыным өмірде,

Сенің арың — арлайтыным өмірде.

Сен жыласаң — көзден жасым тамшылар,

Сен қуансаң — қайғы, шерім аршылар.

«Кедейге» деген бұл өлең оның кедей қауымына берген серт-уәдесі іспетті.

Ал «Ұлы күн» өлеңінде жоғарыдағы ойын жалғастыра келіп, оның себебін де айтады.

Жырлағаным — кедейдің жыры,

Сырлағаным — кедейдің сыры.

Сырым да бір, жырым да бір,

Мен-дағы сол кедейдің бірі.

Көріп отырғанымыздай, ақын дала тіршілігіне, қыр елінің кейпіне өзінің шыққан тегі — кедейдің көзімен қарайды. Қоғамдық ой-сананы уысында ұстап, билеп-төстеген, көзқарас атаулыны таптық таразымен өлшеген заманда жоқтықпен көз ашқан жазушының бұра тартар жөні де жоқ болатын. Әйтсе де суреткер Бейімбет шындыққа өктемдік жасап, өңін айналдырған жоқ, оның туындыларында қоғамдағы әлеуметтік қайшылықтар, жаңа мен көненің күресі, түрлі таптар мен жіктер өкілдерінің ой-санасы, мінез-құлқы, психологиясы, даралық сипаттары көзбен көріп, қолмен ұстағандай жанды, әсерлі бейнесін тапты. Қазіргі оқырман үшін де ол типтер эстетикалық ләззатқа бөлеп, елітіп әкететіндей шынайы.

Ақын төңкеріске дейінгі де, төңкерістен кейінгі де ауылды суреттегенде кедейлерге мұраттастық, мұңдастық тұрғысынан көрсетеді.

Бейімбеттің кедейлерге іш тартуы мен жақындығы кеңестік саясат пен идеологияның ғана әсері десек, шындықтан бұра тартқандық болады. Ол сонау медреседе оқып жүрген кезінің өзінде жазған «Мұқтаждық» деген алғашқы өлеңінде-ақ:

Ай, мұқтаждық, кесел болып тұрдың ғой!

Талапкерге қарсы тұзақ құрдың ғой!

Қолды созып, бойды жазып жүргізбей,

Ауруы жоқ бір мүгедек қылдың ғой, — деп, мұқтаждықтың талапты жастың алға басқан қадамын кейін тартып, «жалыңдаған жүрегін сендіретінін» күйіне жазған.

Медресе-Ғалиядағы шығьш тұратын қолжазба журнал — «Садақта» тұңғыш жарияланған (1912) «Мұсылмандық» деген қазақтың ескі тұрмысының кейіпсіз, кесірлі, күйінішті, күлкілі көріністерін ажуа-сықақ, мысқылмен шындыққа сай суреттей келе, кейбір қазақтардың діншілдігінің жасандылығын келемеждейді. Дін парызын орындағансып, зекетке берген көтерем тай, қотыр қойының есебіне «о дүниеде» жұмақтан бір-ақ шыққысы келетіндерді кекетіп:

Барлық қазақ иемденіп жұмақты,

Басқаларға орын қылмай жүрмесін,- дейді ақын.

Бейімбеттің ақындығының алғашқы қадамынан осылайша басталған сатира мен әзіл-сықағы келе-келе поэзиясының күшті де әсерлі бір көркемдік сипатына айналады. Қарапайым өлең жолдарын бейнелі, терең мәнді қызықты етіп жібереді.

Мырқымбай бейнесі

Ақын өз талантының осы ерекшелігін сүйіне сомдаған кейіпкері — Мырқымбай бейнесін, болмыс-бітімін суреттегенде молынан пайдаланады. Мырқымбай образының сәттілігі, тартымдылығы көп жағынан ақынның нақ осы мейірбан әзіл-мысқылына байланысты.

Жазушы бұрын табан астында жаншылған қараңғы ауыл кедейінің замана үрдесіне ілесіп, еркіндікті сезініп, ел қатарына қосылу барысын шынайы, нанымды, тартымды бейнелейді. Оның атының өзінде жинақталған ұғым, астарлы мағына бар. Қазақтар елеусіз, ескерусіз біреуді Мырқымбай ғой, Мырқымбайлардың бірі ғой дейді. Мына Мырқымбай — сол жүздеген, мыңдаған Мырқымбайлардың 20-жылдардағы қат-қабат өзгерістер барысындағы тағдыр-талайының мәнді белгілері іріктеліп жасалған ортақ бейнесі. Лауға ат сұраған ауылнайға тіл тигізіп, ожарлық көрсеткен Мырқымбайға әкесі:

Мырқымбай! Мырқымбай! Мырқымбай!..

Бай, бай, бай, бай!

Жарым ес-ай!

Құның ба еді

Бір шолақ тай! — дейді. Ал Мырқымбай бұған:

Әке-ау, мұның не? Ауылнай құдай ма еді? Әкімді құдай  деп, шұлғимыз да отырамыз ба? — деп жауап береді.

Реалист жазушы шындық шеңберінен шығып отырған жоқ. Бұл кездегі, яғни 1922 жылғы Мырқымбай одан бес жыл бұрынғы байға бағынышты, болыстың сөзі, қылығы болатын Мырқымбай емес, өмірдегі жаңа өзгерістің өзіне қатысты жақсы жағын сезініп, еті тіріле бастаған. Алдына қойған мақсаты үшін күресу сезімі оянған, бірақ ол күресуді қарсы келгенмен жағаласа кету, қисық сөйлеп, қыңырлын көрсету, бет бақтырмау деп біледі. Одан арғыға білігі жетпейді.

Ал әкесі баласының әлгіндей қылығына күйіп-піседі:

Бар, шақырып кел!

Сары атты бар!

Қол қусырып, аяғына жығылсаң,

Ашуын тастадым дер! — дейді.

Бірақ тоң мойын бала әке ақылын алмайды:

—  Бара алмаймын.

Оған пенде бола алмаймын!

Тентіретіп жіберсең де,

Бұл тіліңді ала алмаймын! — деп, алған бетінен қайтпайды.

Бейімбеттің әр кезде Мырқымбайға арналған жиырма шақты өлеңі арқылы Мырқымбайдың өсу, өзгеру жолы, мінез-құлқының әр қыры дәл, нанымды, өзінше өзгеше суреттеледі. Сөйтіп, Мырқымбай бейнесі сомдалып, типтік, барша Мырқымбайларға ортақ бейнеге айналады.

Әкесі болса, әйтеуір, атқамінерлердің ашуына тап болып, бір пәлеге ұшырап қалмасақ екен дейді. Сорлы әкенің, әйтеуір, атқамінер атаулыға құлдық ұрып, қорғалаудан басқа қолынан келері жоқ, одан басқа білері жоқ.

Боқтауын да есітті, Шауып алудан тайынбас, — Түріп қойын есікті. «Малын жасырды» деп, «Егіні басылды» деп, «Налок» дей ме, «мәлок» дей ме, Әй, қатырды ғой басымды кеп, деген сөздерінен оның өрісі мен ересі, өзіндік болмысы көрініп тұрған жоқ па?!

Дүниені асты-үстіне келтіріп, «жаңа қоғам» құрамыз деп, жоғарыдан бір жарлық болса, оның мәнісіне түсінбей тұрьш, момын елдің басына әңгір таяқ ойнатуға құмар, пәтуасыз ауылнайлар бейнесі де көрінбей қалмайды. Жазушы оларды ашық алаңға шығарайын десе, заманнан аса алмағаны да байқалмай қалмайды. Олар турасында сөз арасыңда, «реті келгенде» айтып қалғандарының өзінен ауыл белсенділерінің жазушының ызасын келтіретін, тап басып айтылған сипаттары білінбей қалмайды.

Ауылда болып жатқан өзгерістер Мырқымбайды айналып өтпейді, оның мінезінен де, түснігінен де көрініс табады.

Мынандай қызық штрихқа назар аударайықшы. Еңбекті бейнет деп қана ұғатын жалқау кедейдің ескі әдетіне бағып, Мырқымбай көктемгі егіс науқанына селт ете қоймайды, жаңадан қосылған жас келіншегін айналсоқтап, үйінде қалады да, жер жыртуға әкесі кетеді. Соқаға көк шолақ ат пен көк сиырды парлап жеккен олақ та күйгелек шал үйреншікті бай-байына басып:

Айт!.. Боразда!.. Бауыздалғыр көк шолақ.

Өй! Мырқымбай… Жүгендемей, ноқталап…

Өк!.. өк.. өк.. ек!.. Арам қатқыр көк сиыр…

Әй, құдай-ай, көрсеттің-ау көрімді!..

Бүгін үйде жататұғын екенмін,

Мырқымбай мен жіберіп-ақ келінді! — дейді ісінің берекесі болмай.

Алайда ауылды үйіріп, өз арнасына тартып әкетіп бара жатқан өзгеріс-жаңалыктар Мырқымбайдың ойы мен бойын билеп, жаңа іс-әрекеттерге бастайды. Шаруаға қолайлы басқа бір өңірге отбасымен бет алған Мырқымбай мынау:

Майлаусыз сықырлаған ағаш арба,

Көк шолақ мықшыңдайды тартып зорға.

Шаңырағын таңып алып жүк үстіне,

Мырқымбай көсемсініп барады алда.

Өмірден өз орнын тауып, тұрмыс-тіршілігі оңданып, біраз жұртқа үлгі де болатын қасиет тапқан кейіпкері Мырқымбаймен ақын:

Жидың білем қоңыңды,

Көрдің бе енді жолыңды;

Ілгері көшке жетейік,

Бер, Мырқымбай, қолыңды! — деп көңілді қоштасады.

Мұнда ақынның тап болған бейтаныс өмір соқпағымен талап талқыдан өтіп, бір белеңге көтерілген ауылдың болашағына деген үміті, тілегі бар. Поэмалары дегенде, қаламгердің өзі ат қойып, айдар таққан әйел теңдігі, махаббат тақырыбындағы «Рәзия қыз», «Маржан»‘ «Зайкүл», «Қашқан келіншек» пен әлеуметтік маңызды тақырыптарды көтерген «Қанай», «Бөліс», «Өтірікке бәйге», «Хан күйеуі» тәрізді сүйікті туындыларын атаймыз. Осылардың ішіндегі көркемдік деңгейі мен жанр табиғатын сақтауы жөнінен ертеректе (1919) жазылған «Рәзия қыз» бен бертінде, Бейімбет бірыңғай прозаға ден қойған кезінде, жазылған «Маржан» (1933) поэмалары көрнекті орын алады.

«Рәзия қыз» поэмасында бай қызы (Рәзия) мен кедей жігіттің (Әлім) ғашықтық хикаясы, екі ғазиз жастың көксегендері орындалмай, ақ бандылардың қолынан қайғылы қазаға ұшырағандары суреттеледі. Ал екінші поэмасының кейіпкері Маржан қыздың көңілі түскен кедей-жалшы жігіттер (жасы жағынан бірі — сақа, екіншісі — өзі қатарлы жас) Самалық байдың кесепатына кезігіп, дүние салады да, Маржан ауыр қасіретке душар болады.

Қалған поэмалары ішінде «Хан күйеуі» шытырман оқиғалы, қиял-ғажайып ертегі түрінде келеді де, өзгелері 1916-жыл оқиғасы, азамат соғысы, жер бөлісі тақырыптарын қозғайды.

Бейімбетте қара өлең бастаған қазақ өлеңінің байырғы түрлерінің бәрі дерлік бар және Абай жасаған жаңаларының да (мысалы, «Мырқымбай» топтамасында алтыаяқ үлгісінде жазылған өлең бар) кейбірі кездеседі. Бірақ солардың бәрінен ақынның өзіндік қолтаңбасын, стильдік мәнерін айыру қиынға түспейді. Бұл ерекшелік Б. Майлин өлеңдерінде көбінесе ойға салмақ түсіріліп, сыртқы әшекей, түрлеуінен гөрі, ішкі сырына баса мән беретінінен көрінеді. Ақын поэзиясы айтайын деген ойының айқын, анықтығымен, тілінің құнарлы, суреттілігімен ерекшеленеді. Әсіресе, «Мырқымбай» топтамасынан бастап өзінше бір ұғымды стильдік сипатқа ие болған ауызекі сөйлеу мәнерін (интонациясын) бөліп атауға болады. Оған шымшыма мысқылы мен аңқаусыған әжуасы, ақжарқын күлкісі қосылғанда, шығарманы жандандырып, қызықты да тартымды етіп жібереді.

Айталық, ұжымдық шаруашылықтың, әйтеуір, «босқа өлтірмейтін», не істеп, не қоям дегізбей, екі қолға бір жұмыс тауып беретін «кереметіне» деген ауыл кедейінің көзқарасын оның өзіне тән мәнерде:

Бәрін айт та, бірін айт,

Коллективтің жырын айт, — деп қуақы көңілділік танытса, «Мырқымбайда»:

— Мырқымбай, Мырқымбай, Мырқымбай!

Бай, бай, бай, ит-ай!

Күйдіріп-ақ болдың-ау!

Әй, құдай-ай!

Жынды бала бергенше,

Мұның жүзін көргенше,

Қу бас болған көп артық қой,

Құр күйікпен өлгенше, — деп, қара дүрсін ауыл қазағы, кәрі әкенің томырық мінез баласына деген кейісті халін ауызекі сөйлеу мәнерімен қызықты етіп жеткізеді.

Бейімбет қазақ поэзиясына ой мен сезімді баяндау, суреттеусіз-ақ айтып жеткізудің өлең-диалог түрін енгізді. Сұрақ пен жауапқа ғана құрылған, екі адамның сөйлесуі түріндегі «Ыбыраймыз, Ыбыраймын» деген өлең соның мысалы. Әрқайсысы бір, екі-үш сөзден ғана тұратын тақ-тұқ үш сұрақ пен үш жауап арқылы, төңкерістен кейін қазақ аулында ғасырлар бойы қалыптасқан өмір қалпын асты-үстіне шығарған әлеуметтік топтар психологиясына әсерін тасқа басқандай етіп көрсеткен. Өлеңде бірде-бір артық элемент жоқ, әр сөз, әр сөз емес-ау, әр қосымша сөйлесушілердің мәнді әлеуметтік-психологиялық мінездемесі қызметін атқарьш тұр. Оны айтасыз, өлеңдегі маңызды әлеуметтік мазмұн оның ойнақы, қызықты болып шығуы да, сайып келгенде, сол -мыз, -мын қосымшаларының мысқыл, ажуа тудыратын мағыналарына байланысты. Өлеңнің екі бөлігін салыстырып оқыған кісі бұған оңай көз жеткізеді.

«Ыбыраймыз, Ыбыраймында»:

Кеше: —  Уа, кімсіз? ,

—   Ыбыраймыз.

—  Жаймысыз?

—  Жаймыз.

—  Уа, қайдан келесіз?

—  Сайлаудан келеміз.

—  Елге ойран сап,

—  Ойнаудан келеміз.

 Кеше: сұрақ қоюшы ізет-құрметпен: «Уа, кімсіз?» — дейді, жауап беруші: «Ыбыраймыз», — деп сызданады.

 Ал бүгінгі сөйлесудің әуені мүлде керісінше.

Бүгін: —  Уа, кімсің?

 —  Ыбыраймын.

 —  Жаймысың?

 —  Жаймын.

 —  Қайдан келесің?

 —  Соттан келемін.

 —  Соттан емес-ау,

—  Оттан келемін…

Бүгін кешегіндей мүләйім үнмен: «Кімсіз?», «Жаймысыз?», «Қайдан келесіз?» демейді, «Кімсің?», «Жаймысың», «Қайдан келесің?» дейді. Неге бұлай, мұның себебі не? Себебі бүгін кешегі етектегі — өрге, есіктегі төрге шыққан. Ақынның тапқырлығы қайран қалдырады.Қазақ әдебиетіне Бейімбет енгізген бұл өлең-диалог үлгісі кейінгі ірі ақындар шығармашылығында өзінің сәтті жалғасын тапты (мысалы, Ә. Тәжібаевтың «Сыр жырлары», М. Мақатаевтың «Нетер едің?» өлеңі, т.б.).

Қорыта келгенде, Б. Майлин поэзиясын Қазақ төңкерісіне дейінгі және одан кейінгі жылдардағы ауыл өмірінің өзінше бір көркем кестелі шежіресі деуге болады, оның өзіне тән елеулі ерекшелігі мен тарихи мәні де осында.

 

Бауыржан Момышұлы

1

Бауыржан Момышұлы (1910-1982) – екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Туған жері-Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені.Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады. Туған ауылына қайтып оралған соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді. Содан қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота, командирі болады.

Бауыржан Момышұлы
Бауыржан Момышұлының нақыл сөздері

1941 ж. Ұлы Отан соғысы басталысымен, Бауыржан Момышұлы даңқты генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады, батальон, полк командирі қызметтерін атқарады. Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарады.

1941 жылғы күзгі, қысқы кескілескен шайқастар кезінде өз батальонын 27 рет шабуылға бастап шықты. 5 рет қоршауды бұзып, негізгі жауынгерлік құрамымен аман-есен дивизиясына қосылды. Жауынгерлік іс-қимылдарға қатысты ұрыстан шығу, шегініс жасау тәсілдерінің арнайы тарау болып әскери жарғыға енуі, тактикада «ошақты» және «икемді қорғаныс» ұғымдарының қалыптасуы Бауыржан Момышұлының осындай тәжірибелерінің жиынтығы болып табылады. Оның қолбасшы, терең ойлай білетін әскери мамаң ретіндегі таланты соғыста полк, дивизия басқарған жылдары кеңінен ашылды.

Бауыржан Момышұлы жау шептеріне ішкерлей еніп ұрыс жүргізу теориясын соғыс тәжірибесінде алғаш қолданушылардың және оны дамытушылардың бірі болды.

Бауыржан Момышұлы — әкери педагогика мен әскери психологияны байытушы баға жетпес мұра қалдырған дара тұлға. Оның атақ, даңқы, батырлығы А.Бектің «Волоколамск тас жолы» атты кітабында суреттелді. Кітап неміс, чех, еврей, ағылшын, француз, т.б. шет ел тілдеріне аударылды.

Соғыстан кейін Бауыржан Момышұлы Совет Армиясы Бас штабының Жоғары әскери академиясын бітіреді. Әскери-педагогикалық жұмыспен айналасып, Совет Армиясы әскери академиясында сабақ береді. 1956 жылы полковник атағымен отставкаға шыққан Бауыржан біржола шығармашылық жұмыспен айналысады. Ол қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазып, өз өмірінде көрген-білгендерін арқау етеді. Оның қаламынан туған, өмір шындығын арқау еткен тамаша романы мен әңгіме, повестері қалың оқушының іздеп оқитын шығармаларына айналады. Олар бірнеше қайтара басылып шығады.

Бауыржан Момышұлы бірнеше орден, медальдармен наградталады, Кеңестер Одағының батыры атағын алады. Алайда халықтың өзі «батырым» деп танып, ардақтаған қаһарман ұлына бұл атақ Отан соғысы біткеннен кейін жарты ғасырдай уақыт өткенде барып берілген болатын. Ел тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың жарлығымен оған «Халық қаһарманы» деген атақ берілді.

Батыр Бауыржан Момышұлы туралы сайтымызда жарияланған өзге де материалдар

 

 

Абылай хан

0

АБЫЛАЙ, Әбілмансұр (1711 [Ресей деректеріңде 1713] — 23.5.1781, Оңтүстік Казақстан, Арыс жағасы) — ұлы мемлекет қайраткері, қолбасшы және дипломат. Арғы тегі — Жошы хан, бергі бабалары Қазақ ордасының негізін салған Әз Жәнібек, одан соң Еңсегей бойлы Ер Есім хан, Салқам Жәңгір  ханның бесінші ұрпағы. Жәңгір ханның Уәлибақы, Тәуке деген екі ұлы болады. Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке отырғанда, Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады. Уәлибақының баласы Абылай жекпе-жекке шыкқана жауы шақ келмейтін батыр болып, Канішер Абылай атаныпты. Осы Абылайдан Көркем Уәли туады. Оның баласы Әбілмансұр (кейін қазаққа хан болып Абылай атанған) «ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш-жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған «Сабалақ» деп ат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады.

Үмбетей жыраулардың, т.б. ауыз әдебиетінің ірі өкілдерінің мәліметтеріне қарағанда, Абылай 20 жасында қан майдвнда ерлігімен танылған. Бұқардың Абылайға «Сен жиырма жасқа жеткен соң, Алтын тұғыр үстінде Ақ сұңқар құстай түледің» деуі осының дәлелі.

Қай жылы туса да, 1730 — 1733 жылдар аралығында болған бір ұрыста бұрын белгісіз жас жігіт Әбілмансүр жекпе-жекке шығып, қалмақгың бас батыры, қоңтажы Қалдан Сереннің жақын туысы (кейбір деректерде: күйеу баласы) Шарышты өлтіреді.

Үлкен әкесінің аруағын шақырып, жауға Абылайлап ат қойған Әбілмансүр жеңісті ұрыстан соң, Орта жүздің сүлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің біріне айналады. Бұдан соңғы жерде Әбілмансұр есімі ұмытылып, Абылай атанады. Абылайдың 20 жасы қай жылға сәйкес келуіне байланысты, қай шайкасқа қатысқаны туралы болжам айтуға болады. Бұл, әрине, Абылай катысқан алғашқы соғыс емес.

Ел әңгімелері, тарихи жырлар Сабалақ әуелде Бөгенбай жасақтарының құрамында жорық-жортуылдарға қатысқанын айғақтайды. Аңырақай шайкасына катыспады дегеннің өзінде де, Абылайдың 1730 — 33 ж. болған бір ірі шайқаска қатысқаны дау тудырмайды. Тарихи деректерден Орта жүз жасақтары мен жоңғарлардың арасында 1930 ж. да, 1731 ж. да бірнеше үлкен ұрыстар болғаны белгілі. 1732 ж. жоңғарлардың 7 мыңнан астам әскері Орта жүздің шығыс шетіндегі ауылдарына шабуыл жасап, тегеурінді тойтарысқа тап болады (Ресей сыртқы саясатының архиві, Жоңғар істері қоры, 113/1-т., 1-іс, 95—96 парақ).

Абылайдың жиырма жасы 1733 жылға сәйкес келсе, дәл сол жылы қазақ пен қалмақ арасында үлкен майдан болғаны қытай деректерінде атап көрсетілген. Абылайдың әскери қайраткерлігі, қолбасылық қабілеті 30 — 40 жылдардағы шайқастарда ерекше көрінді. Осындай жан алысып жан беріскен соғыстардың бірін Бүқар жырау «Калданменен ұрысып, Жеті күндей сүрісіп…» деп суреттейді. Ол соғысқа Абылайдың қанды көйлек жолдастары: Каракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек, Қарақалпақ Қылышбек, Шапырашты Наурызбай, т.б. қазақгың белгілі батырлары тізе қоса катысады. Бұл да Абылайдың жауға карсы қазақ халқының басын біріктіре білгендігінің дәлелі болып табылады. Бірте-бірте ұлыстағы бар өкім Әз-Тәуке ханның немересі Әбілмәмбет ханнан (ол да Салқам Жәңгірдің әулеті) өтіп, Абылайдың қолына көшеді. Абылайдың ерлігі мен ақыл-парасатына бас үрған Әбілмәмбет ақылшы аға болып калып, кеңесші хан дәрежесімен шектеледі.

18 ғ-дың 30-жылдарының аяғында Абылай есімі бізге белгілі құжаттарда Әбілмәмбет ханмен катар аталады. Орыс тарихшысы А.И. Левшин: «1739 ж. Орта жүзде Сәмеке (Орта жүздің батысындағы аз санды руларлы билсді) ханның орнына хан сайлаудан бүрын Әбілмәмбет пен Абылай екеуі бірдіей хандық билік жүргізген», — деп жазды. Ш. Уәлиханон та осы пікірді қолдайды. 1738 — 41 ж. Абылай бастаған казак, қолы жонгар басқыншыларына бірнеше мәрте соққы берді. 1742 ж. Абылай түтқиылдан шабуьл жасаған жоңғарлардың қолына тұтқынға түседі. Сол кездегі ойрат басқыншыларына қарсы күресетін ең белеснді үйымдастырушыларының біріне айналған Абылайдың жау колына түсуі қазақ, қоғамында абыржушылық туғызып, Абылайды босатып алу үлкен саяси мәселеге айналады. Тарихи жырларда қазақ, билеушілерінің атынан Төле би мен Әбілқайыр хан Орынбор әкімшілігінен Абылайды тұтқыннан босатып алуда ара түсуге өтініш жасайды. Бұл дерктің шындық екенін осы кезенде Орынбор генерал-губернаторы И.И.Неплюев пен Әбілқайырдың өзара жазыскан хаттары да дәлелдей түседі.

Қазақтың үш жүзінен Төле би басгап 90 адам елші барып, келіссөз жүргізіп, 1743 жылы 5 қыркүйекте Абылайды тұтқыннан шығарып алады. Бұл жөнінде Неплюевтің Сыртқы істер коллегиясына жазған хатында қазақтар мен калмақтар бітімге келліп, бірігіп кете ме деген кауіп те білдірілген і (Ресейдің сыртқы саясат архиві. Жоңгарлар ісі коры, 113/1-т., 3-іс, 14-н.). Абылай билігінің күшейе түсуінің жаңа кезеңі 1744 жылы Әбілмәмбеттің Түркістанға көшіп кетуі уақытына саяды. Абылай көреген саяси қайраткер бола отырып, қалмақтармен аса ауыр соғыстардан қалжыраған елінің есін жиғызу үшін дипломат. жоддарды да тиімді пайдаланады. 1740 ж. тамызда ол Орта жүз ханы Әбілмәмбетпен тағы да баска 120 старшынмен Орынборға келіп, орыс өкіметінің «камқорына» кіруге келісімін білдірді. Сонымен бір мезгілде.қазақ халқының тұтастығын сақтау мақсатында Шың империясымен де карым-қатынасын суытпады. Петербург пен Пекинге елшіліктер аттандырды (1757-77 жылдары Пекинге 10 елшілік жіберген). Ол Ресей мен Кытай империяларының өзара қайшылықтарын қазақ хандығы мүддесіне пайдаланып отырды.

Абылай 1745 жылы Калдан Серен дүние салғаннан кейін, Жоңғарияның билеуші топтарының тақ таласынан әлсіреп, бүрынғы әскери куатынан айырыла бастауын және жоңғар-қытай соғысын Шығыс Түрікстанмен іргелес өңірдегі ойратгардың уақытша билігінде қалған қазақ жерлерін қайтаруға, елдің дербестігін толық қалпына келтіруге пайдалану үшін барынша күш салды. Абылай қазақ елінің тәуелсіздігіне нүқсан келтіретін жағдаяттармен аянбай күресіп, дербес сыртқы саясат ұстанып өтті.

1745 жылы Орта жүздегі Әбілмәмбет, Абылай және Барақ сұлтан қатар аталса, 3-4 жылдан кейін мұндағы жағдай мүлдем өзгерді. 1749 жылы тамыз айында Неплюевпен кездесуінде Жәнібек тархан: «бұрын Орта жүзде Әбілмәмбет хан болған, бірақ ол біраздан бері Ташкентте тұрып жатыр, ел басқарудан калған. Барақ сұлтан зұлымдық ісі үшін қашып жүр. Онда жалғыз Абылай сұлтан ғана билік жүргізіп отыр», — деп көрсетті. Жазба деректерде Абылайдың шетел басқыншыларына карсы табанды соғыс жүргізгендігі айқын көрсетіледі. 1752 жылы ол бастаған қазақ әскері шамасы 15-20 мың адамдай ойраттар қолының шабуылына тойтарыс берді. 1753 жылы желтоқсанда Абылай 5 мың жауынгерімен жоңғар әскерлерімен шайқасып, бірталай қазақ жерін азат етті. 1754 ж. сәуірде Абылай бастаған 1700 қазақ әскері 10 мың калмақпен соғысуға мәжбүр болса, (Қаратал өз. бойында), сол жылдың шілде-тамыз айында 4 мың әскермен Жоңғарияға жорық жасап, 3000 қалмақты түтқынға алып келген.

1756 жылы Абылайдың бастауымен казақтар кытайлар мен қалмақтардың біріккен күшімен екі рет шайқасып, оның бірінде жеңіліп (Абылай жаралы болады), екіншісінде жеңіске жетеді.

1757 жылы Абылайдың 6 мың әскері Қытайдың 40 мың әскерімен шайқасынан соң, қытайлар Абылайдан бітім сұрады.

1753 — 54 жылдардағы шайқастарға Қабанбай, Бөгенбай, Жанатай, Керей Жәнібек, Өтеген батырлар қысы-жазы үзбестен катысады. Абылай бірде Калдан Серенмен бітімге келсе, бірде Дабашыны (Давациды) шауып, бірде оны және Әмірсананы өзіне паналатты. Сөйтіп Ойрат ұлысының бөлшектене беруін көздеді. Тегеуріңді әскери қимылмен қатарластырыла жүргізілген дипломатиялық әрекеттері Абылайды өз заманының үлы қайраткерлері деңгейіне көтерді. Осының| нәтижесінде Абылай әскері 1771 жылы, Мойынты өз. бойында болған қалмақтармен ауыр шайқаста| жаңа жеңіске жетті.

Саяси ахуал тұрақталған шақта Абылай қазақ жерінің бүтіндігіне қол сұққан басқалармен ымырасыз күрес жүргізді. 1754 — 55 және 1764 жылы қырғыздар Жетісуда біраз ауылдарды шауып, Жауғаш, Көкжал Барақ| пен Шынқожа батырлар бастаған әскерлерді Ақсу, Көксу  және Шу бойында талқандайды. Осы себепті Абылай 1755, 1765  жылдары Қырғыз ұлысына карсы жорық жасап, Іленің сол жағасын, Шу бойын тазартады (қ. Жайыл ,қырғыны пен қырғыздың Ңарынқолдан Қордайға тартылған, күні бүгінге дейін сақталып отырған шекарасын анықтайды.

Өмірінің соңғы 15 жылында Орта Азия хандықтарына қарсы тынымсыз күрес жүргізді. 1765 — 67 жылдары Абылай қолының Қокан билеушісі Ерденбекпен соғысының нәтижесіңде Түркістан Сайрам, Шымкент қалалары қайтадан казақтар иелігіне өтті,| Ташкент алым төлеп болды.

Екі жүз жылға созылған халкының жоңгар шапқыншылығына қарсы азатгық күрессінің соңғы жаңғырығы алаш жұртының санасыңда «Шанды жорық» деген атпен белгілі. Бұл 1771 жылы Еділ калмақтарының (170 — 180 мың адам; 40 мыңдай әскері бар) жоңғарға қазақ жері арқылы үдере көшуі еді. Кіші жүздің ханы Нұралы асығыс әскер жиып, Жем бойында қалмақтарға алғашқы соққы береді. Балқашқа жақындаған кезде Абылай бастаған қазақтың қалың қолы калмақтарды қоршауга алды. Осы кезде қалмақ басшылары Ұбашы мен Серен бітімге келуді, бүкіл ел жұртымен бодандыққа қабылдауды сұрап, елші жібереді.

Кіріптар үсынысты талқылау үшін шақырылған әскери кеңесте Абылай тағы да көрегендік танытып, жеңілген жауды қырып-жоюдың кажеті жоқ екендігін дәлелдеуге тырысады.Еділден ауған калмакпен келіссөзге келіп, тым кұрыса олардың Жоңғарға еркін өтіп кетуіне мүмкіндік беру жөніндегі Абылай түйінінің аржағында шығыстағы ұлы көршімен болашақ тағы қарым-катынасты ойлау жатар. Жоңғардан азат етілген шығыстағы жерлерге қазақ ауылдарын апарып түпкілікті қоныстандыру да Абылай саясатының терендігін, кемеңгерлігін айқын көрсетеді. Оның әрбір іс-әрекеті қазақ халқының бүтіңдігін, елі мен жерінің тұтастығын сақтауға бағытталды.Билікке таласкан Барақ сұлтан Әбілкайыр ханды өлтіргенде де Абылай ел бірлігін ойлап қынжыльш, Төле бимен тізе қоса кимылдап, бұзық сұлтанды жазаға тарту жағыңда болады. Абылай соғыс жағдайына сай қол астындағы елде, әсіресе, әскер ішінде катаң тәртіп орнатты. Сондықтан да хан бастаған жауынгерлердің ел-жүрты мен ата мекенін қорғау рухы жоғары, ұзақ жорықгарға шыдамды, шайқас даласында тегеуріні катгы болған. Абылай сан жағынан әлдекдйда басым жаумен шайкасудан еш тайынбасган және көбіне үстем шығып отырган. Абылай казақ хандығының күшін біріктіріп, әскери жағынан куатты мемлекетке айнылдырды.

1771 жылы жасы жеткен Әбілмәмбет хан дүние салды. Қалыптасқан дәстүр бойынша Орта жүздің ханы болып не Әбілмәмбеттің інілерінің бірі, не үлкен үлы Әбілпейіз сайлануға тиіс еді. Алайда басты сұлтандардың, старшындардың, Әбілпейіздің өз калауымен үш жүздің басшы өкілдері Түркістанда Абылайды хан көтерді. Абылай іс жүзінде жалғыз Орта жүздің ғана емес, бүкіл Қазақ ордасының (хандығының) Ұлы ханы болды. Тарихи деректер, аңыз-жырлар да Абылайдың Үш жүздің әміршісі ретінде ардақталғанын көрсетеді. Қытай императоры, Жонғария хаңдығы, Орта Азия мемлекеттері Абылайды бүкіл қазақ ханы деп ресми түрде танығанымен, Абылай ханның беделінің өсіп бара жатқанынан сескенген Ресей патшасы Екатерина II Абылайға Орта жүз ханы ретінде ғана сый-сыяпат көрсетті. Бұл бір жағынан «Бөліп ал да, билей бер» саясатының көрінісі еді. И.И. Негопоевтің: «Қырғыз халқында бас ханның болуы пайдалы болмайтыны былай тұрсын, зиянды да болуы мүмкін» деген пікірі мүны айғақтай түседі.\r\n\r\nШ. Уәлиханов Абылайдай шексіз билікке ие болған бір де бір қазақ ханының болмағанын, оның мемл. билігін орталықтандырып, нығайту бағытындағы әрекеттерін, «ханның бшлігін алкалы кеңес арқылы шектеп отыратын ру басылар мен сұлтандардың өркөкірек үстемдігін» тыйғандығьш жазды. Шоұадн: «Қазақтардың аңыз-әңгімелерінде Абылай айрықша қасиеті бар киелі, керемет қүдірет иесі болып саналады.

Абылай дәуірі, қазақтардың ерлігі мен серілігінің ғасыры. Оның жорықтары және батырларының көзсіз ерлігімен каһармаңдығы жыр дастандардың арқауына айналған», — деп атап көрсетті. Бүкіл өмірін Абылайдың оң тізесін басып отырып, оған ақыл-кеңес айтумен өткізген Бұқар жырау Қалқаманүлының ханға «Алтын тақтың үстіңде, Үш жүздің басын құрадың» деуінің негізіңде тарихи шындық жатыр.

Абылай Ресей мен Қытай империяларының арасында орналасқан Казақ елінің геосаяси жағдайына икемделген саясат жүргізді. Кытай әскерлері жоңғарларды жойып, Орта Азия мен Қазақстанға ене бастаған кезде мүсылман елдерінің басын қосуға ұмтылып, Ауған шаһы Ахмад Дурранимен келіссөз жүргізді. Түркияға елшілік жіберу ниеті де болды. Қытаймен катынас жақсара бастаған кезде орыс бодандығынан бойын тартып, патша әкімшілігінің шақыруымен хандық белгілерді қабылдау үшін 1779 ж. қазан айында Петропавл бекінісіне барудан бас тартты. Пугачев соғысы кезінде 3 мың әскерімен «Қасірет белдеуі» («Горькая линия») бойындағы орыс бекіністерін шапты. Ш. Уәлиханов: «1771 жылы хан сайланғанда да, ол орыс шекарасына барып, ант бергісі келмеді. Сөйтіп ол өзін халық қалап, баяғыда-ақ бұл дәрежеге лайықты қойғанын, Көктің үлының және өкілеттік қағазы барын желеу етті», — деп жазды. 1779 ж. 4 казанда Орынбор әкімшілігіне жолданған патша жарлығыңда: «Ордадағы Абылай ықпалын әлсірету мақсатында, онымен тайталасқа түсе алатын адам табу» шаралары да қарастырылады.

Абылай каһарлы хан болуымен қатар, қазақ халқының рухани касиетінен еркін сусындаған дарынды күйші ретінде де белгілі.Ол — «Ақтолқын», «Алабайрақ», «Бүланжігіт», «Дүние қалды», «Жетімторы», «Қайран елім», «Қара жорға», «Қоржынқақпай», «Майда жел», «Садаққаққан», «Сары бура», «Шандыжорық», т.б. күйлердің авторы. Абылай өмір жолын ат үстінде жорықтарда өткізіп, Арыс өз. жағасыңда қайтыс болды. Сүйегі Түркістан қ-ндағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің ішінде Қабырхана мен Ақсарай арасындағы дәлізде жерленген. Абылайдың артында 12 әйелінен 30 ұл, 40 қызы қалды (қ. Абылай хан әулеті). Қазақ халқының жадында Абылай қажырлы мемл. қайраткері, батыл қолбасшы, дарынды дипломат ретінде сақталып келді. Оның есімі тәуелсіздік символына, жауынгерлік үранға айналды.

Азаттық күрестің жалынды басшысы Абылай ханның асқақ тұлғасы, ақыл-парасаты Бұкар, Үмбетей, Шәді төре Жәңгір ұлы жырларында, ақындар Көпбай Жамантайұлы, Мәжит Айтбаевтың дастандарында, I. Есенберлиннің, Ә. Кекілбаевтың Қ. Жұмаділовтың, т.б. туыңдыларында сомдалды. Оның ұлағатты өмірі мен ішкі, сыртқы саясаты отандық және шетел ғалымдарының (Ш. Уәлиханов, В.В. Бартольд, Н. Мыңжани, Р.Б. Сүлейменов, М. Мағауин, М.Б. Ожотт, Дж. Уилер, т.б.) назарын аударып келеді.

Абай Құнанбайұлы

0

Абай Құнанбайұлы (1845-1904) – қазақтың ұлы ақыны, композитор, философ, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы және оның алғашқы классигі. Шын аты —  Ибраһим.

Туған жері – бұрынғы Қарқаралы ауданына қарасты Шыңғыс тауының баурайы. Орта жүздің Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан билер әулетінен. Әкесі Өскенбайұлы Құнанбай өз заманындағы атақ-даңқы алысқа кеткен беделді адамдардың бірі болған.

Патша өкіметі XIX ғасырдың ортасындағы бір сайлауда оны Қарқаралы ауданының аға сұлтандығына бекіткен. Шешесі Ұлжан – Орта жүздің Арғын тайпасынан Қаракесек руының шешендікпен, тапқырлық, әзіл-әжуамен аты шыққан шаншарлардың қызы.

Осындай текті ортадан шыққан Құнанбай мен Ұлжаннан туған төрт ұлдың бірі Абай жастайынан-ақ ерекше қабілетімен, ақылдылығымен көзге түседі. Балаға сыншы әкесі осы баласынан қатты үміт етеді. Сондықтан да ол Абайды медреседе төрт жыл оқығаннан кейін, оқудан шығарып алып, қасында ұстап, ел басқару ісіне баули бастайды.

Әкесінің төңірегіндегі ел жақсыларымен аралысып, өз халқының рухани мәдениет жүйелерімен жете танысады. Өзі билер үлгісінде шешен сөйлеуге төселеді. Ұтымды сөзімен, әділ билігімен елге танылып, аты шығады. Көп ұзамай, жетпісінші жылдардың бас кезінде Қоңыр Көкше дейтін елге болыс болады.

Билікке араласып, біраз тәжірибе жинақтағаннан кейін ол халық тұрмысындағы көлеңкелі жақтарға сәуле түсіруге күш салып бағады. Бірақ онысынан пәлендей көңіл тоятындай нәтиже шығара алмайды. Сондықтан халқына пайдалы деп тапқан істерін көркем сөзбен, әсіресе, өлеңмен насихаттамақ болады. Орыс әдебиетімен танысуы көп ықпал етеді.

Абай өлең шығаруды бала кезінде-ақ бастаған. Алайда жасы қырыққа келгеннен кейін ғана көркем әдебиетке шындап ықылас қойып, көзқарасы қалыптасып, сөз өнерінің халық санасына тигізер ықпалын түсінеді.

Шығармалары үш жүйемен өрбиді: бірі — өз жанынан шығарған төл өлеңдері; екіншісі – ғақлия (немесе қара сөз) деп аталатын прозасы; үшіншісі — өзге тілдерден, әсіресе орысшадан аударған өлеңдері.

Абай өлеңдері түгел дерлік лирикадан құралады, поэма жанрына көп бой ұрмағаны байқалады. Қысқа өлеңдерінде табиғат бейнесін, адамдар портретін жасауға, ішкі-сыртқы қылық-қасиеттерін, мінез-бітімдерін айқын суреттермен көрсетуге өте шебер. Қай өлеңінен де қазақ жерінің, қазақтың ұлттық сипатының ерекшеліктері көрініп тұрады.

 

Сайтта жарияланған Абай Құнанбайұлы туралы өзге де материалдар

  1. Ұлы Абайдың даналығы
  2. Атақты «Такси» фильмінің жұлдызы Абай өлеңін жатқа оқыды
  3. Қытайлық ең бай миллиардер һакім Абай өлеңін оқыды
  4. Бала Абай
  5. Абай «Жаз» өлеңін талдау
  6. Абай Құнанбаев  өмірі мен шығармашылығын таныту (ашық сабақ)
  7. Қазақты танытқан Абай
  8. «Абай-ұлы ақын» тақырыбында сабақ жоспары
  9. Абай мұраларын ұлықтайық (сценарий)

FLEX бағдарламасы арқылы Америкада білім алу

2

Егер сіз жоғары сынып оқушысы болсаңыз, егер сіз АҚШ-та оқуды армандасаңыз, онда FLEX бағдарламасы сіз үшін.\r\n\r\nМұхиттің арғы жағында оқу бүгінгі күнде іске асырылатын арманға айналды. FLEX бағдарламасы арқылы кез-келген қазақ баласы Америкада тегін оқып, шәкіртақы алуға мүмкіндігі бар. FLEX (The Future Leaders Exchange Program) бағдарламасы толықтай АҚШ үкіметі жағынан қаржыландырылады.\r\n\r\n \r\n\r\nБұл бағдарлама 20 жылдан бері іске асырылып келе жатыр. Осы уақыт аралығында FLEX арқылы 22000 студент АҚШ елінде білім алды. Соны ішінде 2000 студент Қазақ елінен аттанған болатын.\r\n\r\nБиыл 2015-2016 жылғы оқу маусымы үшін Қазақстаннан 100 оқушыны іріктеп алады. Іріктелген студенттерге Америка үкіметі тарапынан жататын орын ақысы, жолақысы және шәкіртақы мен медициналық сақтандыру ұсынылады.\r\n\r\nІріктеуге қатысу үшін келесі талаптар орындалуы тиіс\r\n

    \r\n

  • ҚР азаматы болуы
  • \r\n

  • 1998 жылдың 1-қаңтары мен 2000 жылдың 15 шілдесі аралығында туылуы
  • \r\n

  • 8, 9, 10 немесе 9 сыныптан соң колледжге түскен 1-курс студенті болуы
  • \r\n

  • Ағылшын тілін орташа білуі
  • \r\n

  • Соңғы бес жылда АҚШ-та өмір сүрмеуі
  • \r\n

  • Америка визасының талаптарына жауап беруі
  • \r\n

  • Ата-анасының біреуінің рұқсат қағазы
  • \r\n

\r\n \r\n\r\n11 қыркүйектен бастап Қазақстанның 14 облысында FLEX бағдарламасының іріктейтін өкілдері өз жұмыстарын бастайды.\r\n\r\nТолықтай ақпаратты мына телефон нөмірлері арқылы білуге болады: +7 (727) 291-92-26, 291-92-35, 291.\r\n\r\n 

САЯСАТТАНУ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ

0

Саясаттану сөзі («политология») гректін, «политика» және «логос» деген сөздерінен шыққан, саясат туралы ғылым деген мағынаны білдіреді. Басқа қоғамдық ғылымдардың ішінде саясаттанудың орны ерекше. Себебі, адамзат тарихында саясат негізгі рөл аткарды. Оның дұрыс-бұрыстығы, сайып келгенде, адамдардын, халықтардың тағдырымен тығыз байланысты. Мысалы, мемлекет агрессиялық, яғни басқыншылық соғыс саясатын жүргізсе, оның салдары бірнеше жылдарға созылатын қайғы-қасіретке соқтыратыны даусыз. Керісінше, мемлекет ғылыми дәлелденген тиімді бейбіт саясат жүргізсе, еліне қолайлы, халқына жайлы болары да белгілі.

Адамзат саясаттың сиқырлы сырын, құбылмалы кұбылысын өте ерте заманнан түсініп-білгісі келді. Ежелгі Шығыс, антикалық дәуірдін ойшылдары мемлекеттің, саяси биліктің мән-мағынасы неде және кімге қызмет етеді, қоғамдық құрылыстық қандай түрлері бар және олардың ең жақсысы, халыққа ең қолайлысы қайсысы деген сияқты сауалдарға жауап іздеген. Бірақ ол кездегі пайымдаулар негізінен діни-мифологиялық сарында болатын. Себебі, ертедегі адамдар жер бетіндегі өмірге құдайдың құдіретінен туған жалпы әлемдік космостық тәртіптің ажырамас бөлігі ретінде қарадық. Мысалы, Мысырда (Египетте), Вавилонда (қазіргі Ирак), Үндістанда, сол кездегі мифтарға сүйенсек, басқарушының билік көзі құдайда және ол жер бетіндегі істерді реттеп, тындырып отырады. Көне Кытай мифы бойынша билік құдайдың құдіретімен жүргізіледі де, ал іске асырушы онымем байланысты император болып есептелген. Ежелгі гректерде ен алғашқы билікті жүргізуші құдайлардың өздері болыпты-мыс. Кейінірек адамзаттың іс-тәжірибесінің, ақыл-ойының, мәдениетінің дамуына байланысты саясаттың ұғымдары, түсініктері, тұжырымдамалары пайда бола бастады.

Қоғамдық — әлеуметтік және саяси құрылымы мен қатынастарының одан әрі күрделіленуі, материалдық өндірістің, халық санының өсуі оның өміріне мемлекеттің тікелей араласуына әкеліп соқтырды. Мұндай жағдайда ұлы ойшылдар саясатты ғылыми тұрғыдан түрініп, оны орынды пайдаланудың, мемлекетті тиімді басқарудың жолдарын іздестіре бастады. Бұдан келіп саяси теориялар туды. Біздің з.б. бірінші мыңжылдықтың ортасында саясаты діни-мифологиялық танудың орнына философиялық-этикалық түсіну түрі келеді. Мұнда аса зор еңбек еткендер — Конфуций, Платон, Аристотель сияқты ғұлама ғалымдар. Бұл ойшылдар саясатты теориялық тұрғыдан зерттеп, оны этикамен тығыз байланыста қарады. Олар саясатты адамдардың мақсат-мүддесіне сай келуге, адамгершілікке негізделуге тиіс деп ұқты. Әдетте, саясаттанудың негізін қалаушы деп данышпан ғалым Аристотельді атайды. Өйткені ол өз заманында лицей ашып, сонда саяси ғылымды жеке пән ретінде оқытып, өзі жүргізді. «Саясат»  деген еңбек жазып, онда ежелгі грек мемлекеттерінің (онда әрбір қала мемлекет болып есептелетін) саяси жүйесін зерттеді. Дегенмен, ұлы ғалым саясаттанудың пәнін қазіргі біздің — түсінігіміздей басын ашып бере алмады. Ол саясаттың негізі адамның өзімшіл, хайуандық табиғатында жатыр деп ұқты. Жеке адам көзсіз құмарлыққа берілгіш келеді. Сондықтан оның соқыр сезімін тежеп, жалпыға ортақ игілікке, әділеттілікке жетуді жеңілдету, адамның адамгершілік қасиетін арттыру үшін саясат жүргізу керек деп түсінді. Сонымең қатар ол саясаттану мәселелерін, фәлсафа (философия) мәселелерімен бірге қарады.

Орта ғасырда саясаттың діни-этикалық түрі қалыптасады. Оның негізін салушы Фома Аквинский саяси билікті құдай орнатады, бірақ мемлекет басшылары кұдайдың калауына қарсы шықса, халықтың оларды құлатуына болады деген байлам айтты. Саясатты қазіргідей түсінуге мол үлес қосқан Италияның XVI ғасырда өмір сүрген ойшылы Никколо Макиавелли болды. Ол саясатты теологиялық (құдайшылдық) түсіндіруден саяси ойды қоғамдағы табиғи өмірден туған мәселелерді шешуге бейімдеді. Саяси зерттеулердің өзегі етіп мемлекеттік билікті қойды және оны қалай қолға түйрудің, пайдаланудың неше түрлі әдіс-тәсілдерін керсетті. Соның арқасында саясаттануды біздің казіргідей түсінуімізге жол ашылды. Феодализмнің ыдырап, капиталистік қатынастардың қалыптасу қоғамды демократияландырып, жалпыға бірдей сайлау құқығын кіргізуге; көпшілік саяси партиялар мен қазыналардың кеңінен қанат жаюына, акпарат кұралдарының өрістеуіне, ауқымы кеңейді, саясаттың қызметтері мен міндеттері күрделігіне түсті. Сондықтан саяси құбылыстар мен процестерді арнайы зерттеуге, саясаттану теорияларын жасауға тура келді. Бұл ретте Дж. Локк, Ш.Л.Монтескье, Ж.Ж. Руссо, Т. Джефферсон, Т. Пейн, И. Кант, Гегель сынды көрнекті ғалымдар көп еңбек сіңірді.

Саясаттану XIX ғасырдың екінші жартысында өз алдына жеке пән ретінде калыптасты,.Оған бұл кезде бихевиористік, тәжірибелік (эмпирикалық) әдістердің кеңінен пайдаланыла бастауы зор ықпалын тигізді 1857 жылы АҚШ-тың Колумбия колледжінде (кейін Колумбия университетіне айналды) профессор Фрэнсис Либер «Тарих және саяси ғылым» деген кафедра ашты. Соның негізінде онда 1880 жылы саяси ғылымның жоғары мектебі құрылды. АҚШ-тағы сияқты 1872 жылыФранцияда мемлекеттік аппаратқа арнайы қызметкерлер дайындайтын саяси ғылымдар мектебі жұмыс істей бастады. 1889 жылы Американың Саяси және әлеуметтік ғылымдар академиясы, 1903 жылы Америкалық саяси ғылымдар ассоциациясы құрылды. XX ғасырдың басында саясаттану бөлек академиялық пән ретінде толық бөлініп шықты. Бұл ғылымның халықаралық мәртебе алып, толыққанды қалыптасуына ЮНЕСКО-ның басшылығымен 1949 жылы құрылған саяси ғылымдардың халықаралық ассоциациясы зор рөл атқарды. Ол саяси зерттеудің белсенділігін арттыру жолында казір де жемісті еңбек етуде.

Бүгінгі таңда АҚШ-тың, Шығыс елдерінің барлық жоғары оқу орындарында саясаттану жеке пән ретінде барлық факультеттерде міндетті түрде оқытылады, әлемнін ең ірі университеттері оған мамандар дайындайды. Мысалы, АҚШ-та саясаттанудың мамандандырылған 26 саласы бойынша білім береді. Шетелдерде, әсіресе, бұл ғылымның қолданбалы түрі кең өріс алған. Оны бітірген маман саясатшылар маңызды саяси шешімдердің жобаларын сараптауға, партиялар немесе басқа бірлестіктердің сайлау алдындағы бағдарламаларын талдауға, үкіметтік дағдарыстар мен халықаралық қатынастардағы шиеленіс жағдайларының себебін ашуға кеңінен пайдаланады. Бұрынғы Кеңес елінде бұл ғылымды партияға, халыққа қарсы, буржуазиялық ғылым деп айдар тағып, оқытлаған болатын. Себебі, Кеңес өкіметі, шын мәнінде, саяси сауалы адамдарды даярлауға мүдделі болмады. Ондай жағдайда тоталитарлық жүйе 70 жылдаи артық дәуренін құра алмаған да болар еді. Бірақ бұдан ол кезде саяси ғылымға еш көңіл бөлінбеген екен деген ой тумауға тиіс. Саясат мәселелері қаралып, зерттеліп жатты. Алайда, олар ғылыми коммунизм, тарихи материализм, Коммунистік партия тарихы сияқты коммунистік  идеологияға негізделген пәндердін шеңберінен шықпайтын және ең алдымен қандай әлеуметтік-саяси процестер социализм мен коммунизмі әкелуі мүмкін, соның жолдарын іздейтін.

Саясаттануға деген көзқарас 80 жылдардын екінші жартысында бұрынғы Кеңес Одағындағы түбегейлі реформаларға қоғамнын демократиялануына, тоталитарлық жүйенің күйреуі не байланысты өзгерді. 1989 жылдан Жоғары Аттестациялау Комиссиясында саясаттанудан эксперттік кеңес жұмыс істей бастады. 1990 жылы КСРО-ның ғылым және техника бойынша мемлекеттік комитеті «Саяси ғылымдар» деген атпен саяси ғылым қызметкерлерінің тізімін ресми түрде бекітті. 1989-І990 оқу жылдарында Балтық бойы елдеріңде, 1990 жылдан бастап ТМД-ның басқа елдерінде саясаттану оқытыла бастады. Қазір Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарында дерлік бұл ғылым жеке пән ретінде өтілуде. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университеті және Абай атындағы Алматы Мемлекеттік педагогикалық университетт бұл салада арнаулы мамандар даярлайды.

Саясаттану пәні, ұғымдары,әдіс-тәсілдері мен қызметтері. Саясаттанудың пәні жөнінде алыс, жақын шетелдік болсын, біздің елдін ғалымдарының арасында болсын бірыңғай, жалпы жұрт танып, мойындаған анықтама, тоқтам жоқ. Оның аукымы мен мазмұны, қарастыратын мәселелер шеңбері, жеке ғылыми пән ретінде ерекшелендіретін белгісі, өлшемі не болуы кере деген сауалдар төңірегінде бірталай көзқарастар бар. Кейбір ғалымдар оған қоғамда билікті жүргізетін немесе оған әсер ететін мемлекет, партиялар және басқа саяси институттар туралы ғылым ретінде қарайдық. Әлбетте, саясаттанудың бұл мәселелер мен айналысатынында дау жоқ. Дегенмен, оның өрісін тек солармен шектеуге әсте болмайды, Себебі, ол солармен қатар жалпы, саяси теориялар мен нақтылы саяси іс-әрекеттерді, саяси процестер мен жүйелерді, халықаралық қатынастарды да зерттейді, еларалық салыстырмалар да жүргізеді. Сондықтан мұнда көзқарас саясаттануға тар мағынасында қараған болып шығады.

Ғалымдардың екінші тобы саясаттануды ғылымға қатаң негізделген, әсіресе тәжірибелік (эмпирикалық) әдіс-тәсілге сүйенеген, нәтижесін тексеріп білуге болатын ілім ретінде түсінеді. Оны жақтаушыларды. бихевиористер дейді (олар туралы кейінірек сөз балады). Олар бұл ғылымды математика, кибернетика және т.с.с нақтылы ғылымдарға теңиді. Бұл бағытты жақтаушылар, түптеп келгенде, саясаттануды теориялық және практикалық жаққа бөліп, екіншісін басшылықка алып отыр. Бұлай білімнің екі түрін бір-біріне қарсы қоюшылықпен келісуге болмайды. Себебі, теория мен практиканы бөліп, карау адамзат тарихында талай рет тығырыққа тірелткен.  Әрине, аталған тәсіл сайлаудын. дауыс беру нәтижесін, оған жұмсалған қаражатты, қай партияның жақтаушылары көп не аз болғанын және т.с.с. сан жағынан нақтылы есептеп шығуға мүмкіндік береді. Бірақ, «еркіндік», «теңдік», «әділеттік», «егемендік», «демократия» және т. б. сияқты маңызды категорияларды сандық мөлшерде есептеп шығаруға келмейді.

Саясаттануды зерттейтін ғалымдардың көпшілігі (үшінші топ) бұл ғылымды саясат туралы жалпы, оның барлық көріністерін қамтып, тәртіпке келтіретін, жинақтап біріктіретін ғылым деп санайды. Бұл пікірді Біріккен Үлттар Ұйымының Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) басшылығымен 1948 жылы Парижде өткен саясаттанушылардың Халықаралық коллоквиумы да мақұлдады. Оған қатынасқан дүние жүзінің белгілі ғалымдары саясаттану пәні мына бөлімдерден тұрғанын жөн деп тапты: І) саяси теориялар (олардың пайда болуы, дамуы және қазіргі кездегі қызметі); 2) саяси институттар (конституциялар, аймақтық және жергілікті басқару; көпшілік әкімшілігі, саяси институттарды салыстырып зерттеу); 3) партиялар мен қоғамдық ұйымдар; 4) қоғамдық пікір; 5) халықаралық саясат (халықаралық ұйымдар мен халықаралық құқық)

Саясаттану пәні қоғамның саяси саласын, оның даму заңдылықтарын, қазіргі саяси өмірді ұйымдастыруды, басқаруды, оның құрылысы мен жұмыс істеуін зерттейді. Ол адамзаттың демократиялық, қоғамдағы қүқығы, еркіндігі мен міндеттері, жеке адамның саяси-құқықтық жағдайы, оның саяси өмірге қатынасу тәсілдері, саяси өзгерістердің түрлері, саяси мәдениетті қалыптастырудың мазмұны мен жолдары, қазіргі замандағы сан түрлі саяси идеялық көзқарасгар, жаңаша саяси ойлаудын мәні, казіргі дүниежүзілік дамудың козғаушы күштері туралы түсінік береді. Ол бұрынғы және қазіргі саяси жүйелерді, адамның санасындағы, көзқарасындағы, мақсат-мүддесіндегі және мінез-құлық, іс-әрекетіндегі саяси өзгерістерді қарастырады. Ол, бір жағынан, жиналған деректерді қорытады, екінші жағынан, құбылыстардың өзара ұқсастығы бойынша болашаққа болжам жасайды. Сайып келгенде, саясаттану дегеніміз саясат туралы, саясаттың адам және қоғам арасындағы қарым-қатынастары туралы жинақталған ғылым. Ол саяси биліктің қалыптасуымен даму заңдылықтарын, оның жұмыс істеуі мен пайдалануын, түрлері мен әдіс-тәсілдерін зерттейді.

Саясаттану саяси құбылыстар мен өзгерістердің мән-мағынасын түсініп-білу үшін бірталай әдістерді пайдаланады. Әдіс деп зерттеу жүргізуді ұйымдастыру тәсілін айтады. Оларға салыстырмалы, жүйелеу, социологаялық, тарихи, бихевиористік, нормативтік және т. б. әдістер жатады. Салыстырмалы әдіс  әр түрлі елдердегі саяси құбы лыстарды салыстырып, олардың жалпы жақтарын және жеке ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік береді. Ол елдегі саяси тұрақтылықпен саяси жағдайды бағалауға, соның негізінде нақтылы саяси шешімдер қабылдауға көмектеседі. Бұл әдістің әсіресе қазіргі Қазақстан Республикасында алатын орны зор. Себебі, жүргізіліп жатқан саяси реформалардың табысты болуы көбіне басқа елдердің озық тәжірибесін тиімді пайдалануға байланысты болмақ. Жүйелеу әдісі саяси құбылыстарды басқа күрделі құрылымның бір бөлігі ретінде қарап, оны құрайтын элементтердің әлеуметтік өмірдегі орнын, қызметін айналадағы ортамен, басқа құбылыстармен байланысты зерттейді. Социологиялық әдіс саясатты қоғам өмірінің, экономикалық, әлеуметтік құрылым, мәдениет және т.б. жағдайына байланысты анықтайды. Тарихи тәсіл саяси құбылыстарды мерзімі жағынан дәйекті, заманына қарай, бұрынғы, қазіргі және болашақтың байланысын айқындай отырып қарастырады. Ол әр түрлі саяси окиғаларды, процестерді, деректерді олардың болған уақыт мезгілін еске ала танып-білуді талап етеді.

Бихевиористік әдісжеке адамдар мен топтардың іс- әрекетін, белгілі бір саяси жағдайларда адамдардын өздерін өздері қалай ұстауын талдауға негізделеді. Бұл әдісті жақтаушылар саяси қызметтің барлық түрлерін адамдардың іс-әрекеттерін талдау арқылы түсініп-білуге болады дейді. Норамативтік әдіс (XIX ғасырға дейін жиі пайдаланылған) қоғамдық игілікті ең мол қамтамасыз ететін немесе адамға әуел бастан тән ажыратылмас табиғи құқықтық іске асыруға барлық мүмкіндікті жасайтын саяси құрылыстың түрін іздейді. Ал бұрынғы Кеңес Одағы кезінде ең дұрыс және мызғымас тәсіл болып есептелген диалектикалық-материалистік әдіс болатын. Ол табиғаттағы, қоғамдағы және санадағы құбылыстар мен процестерді бірімен-бірі тығыз байланыста және үздіксіз даму жағдайында болады деп санайды. Жоғарыда аттары аталған әдістермен қатар басқа да әдіс-тәсілдер бар. Бұлардың бәрі де саяси процестер мен олардың дамуы жөнінде шынайы мағлұматтар алуға тырысады. Сондықтан қазіргі демократиялық мемлекеттерде саясатқа байланысты жағдайларды зерттегенде сан түрлі әдістемелерді пайдаланады. Ғылымның басқа салаларындағы сияқты саясаттанудың да «өзіндік ұғымдары (категориялары) бар. Оған саяси құбылыстар мен процестердің мәнін білдіретін ғылыми терминдер, сөз тіркестері жатады. Мысалы: «саясат», «саяси билік», «саяси жүйе», «саяси тәртіп», «саяси партия», «саяси мәдениет», «саяси әлеуметтану», «саяси өмір», «саяси қатынастар», «қоғамдық ұйымдар», «мемлекет», «демократия», «егемендік», «құқықтық мемлекет», «азаматтық қоғам», «ішкі саясат», «сыртқы саясат» және т.б. Қоғамды бұдан басқа да ғылымдар зерттейтін болғандықтан, жоғарыда көрсетілген ұғымдарды басқа қоғамтану пәндері де (тарих, әлеуметтану, фәлсафа, құқықтану) пайдалануы мүмкін. Бірақ олар бұл категорияларды өз пәніне сәйкес қолданады. Қай ғылым болмасын белгілі бір қызметтерді (функцияларды) атқарады. Саясаттануда да ондай міндеттер бар. Оған ең алдыментанымдық (еносеологиялық) қызметтер жатады. Олай дейтініміз саяси білім қоғамдағы оқиғаларды танып білуге олардың саяси мәнін түсінуге және болашақты болжауға мүмкіндік береді. Ғасырлар бойы Рессей империясы, одан кейін кеңестік тоталитарлық тәртіп саясат пен билік сырын бүгіп келді. Қазірдің өзінде де халқымымыздың саясат лен саяси жетекшілердің іс-әрекеттері жөнінде хабарлары аз. Көбіміз саяси қайраткерлердің сөздерінің, ұранддрының, бағдарламаларының сырында не жатқанын байқамаймыз. Оларды білмей демократиялық жолмен алға басу қиын. Ондай білімді тек саясаттану ғана бере алады. Саясаттану; щқ (аксео/іогиялық) қызметін атқарадьі. Ол саяси курылысқа, институттарға; ісгәрекеггерге және ою-ігалар-ға саяси баға береді. Демократиялық мемлекеттерде саясаттану саяси әлеуметтену міндетін атқарады. Ол азаматтықты, халықтың демократиялық саяси мәдениеттілігін қалыптастырады. Саясаттану реттеушілік басқару қызметін атқарады. Оның ерекшелігі — қоғамның саяси өмірімен тығыз байланысына. Соған орай ол адамдардың саяси өмірінде өзін-өзі ұстауына, іс-әрекетіне тікелей әсер етеді.. Саяси дамудың үрдіс, бағдарын бақылай отырып, саясаттану қоғамдық оқиғаларды тиімді басқару үшін нақтылы мәлімет, мағлұматтар береді. Саяси білімдер, хаттамалар, кеңестер адамдардың күнделікті практикалық іс-әрекеттері басшылыққа алынады.

Саясаттану саяси өмірді жетілдіру міндетін атқарады. Бұл ғылым саяси институттар мен қатынастарда, басқаруда реформалар жасап, оларды қайта қарауда теориялық негіз болады. Оның көмегімен заң шығарушы және атқарушы органдар қабылдайтын құқықтық жарғылар мен саяси-басқарушылық шешімдер алдын ала сарапқа салынып, зерттеледі, қоғамда немесе оның жеке аймақтарындаа қалыптасып жатқан нақтылы жағдайлар саяси тұрғыдан талданады. Солардың негізінде ол кейбір саяси институттардың жойылып, оның орнына бүгінгі талапқа сай басқалары келу керектігін негіздейді, мемлекеттж басқарудың қолайлы үлгілерін іздестіреді, әлеуметтік-саяси шиеленістерді ауыртпалықсыз шешу жолдары мен әдістерін көрсетеді.

Ең соңында саясаттанудын болжау қызметін атаған жөн. Саяси зерттеулердің құндылығы даяси процестердің үрдісін айнытпай бейнелеумер ғана тынбайды. Ол белгілі бір саяси жағдайларда алдыңғы қатарлы, озық саяси өзгерістер жасауға бағытталған ғылыми негізделген болжаумен аяқталуы тиіс. Саяси ғылымның түпкілікті мақсаты да сонда. Саясаттанудың басқа қоғамдық ғылымдармен байланысы және оны оқып-білудің маңызы. Саясаттану басқа қоғамдық ғылымдармен тығыз байланыста дамиды. Себебі олардың бәрінің зерттеу объектісі ортақ—қоғамдық өмір. Олар бірталай ортақ ұғымдарды да пайдаланады. Бірақ та әрбір қоғамтану ғылымының өзіндік пәні бар. Сондықтан саясаттанудың басқа гуманитарлық ғылымдар арасындағы ерекшелігін, алатын орнын анықтап алған ләзім. Саясаттану ең алдымен фәлсафамен (философиямен)тығыз байланысты. Фәлсафа — табиғат, қоғам және таным дамуының неғұрлым ортақ зандылықтары туралы ғылым. Ол тіршіліктің түпкілікті себептерін, рухани-байлықтардың негізінде не жатқанын және т.с.с ашып, дүниеге тұтас көзқарас туғызады. Сондықтан ол басқа пәндер сияқты саясаттануға жалпы әдістемелік ғылым болып келеді. Ол саясатты фәлсафалық тұрғыдан дәлелдейді, саяси кұбылыстар мен процестерді талдауға дүниетанымдық бағдар береді. Бірақ ол мәселелерді, құбылыстарды, өмірдің жекелеген жақтарын қарастырғанда өзінің өресі тарлығын бай-қатады. Саясаттану қоғам өмірінің саяси саласындағы жалпы заң-дылықтарды нақгылайды, айқындайды, саяси танымды терңдетеді, саяси көзқарасты қалыптастырады. Саясаттану экономикалықикалық теориямен өзара байланысты. Сая-си экономия саяси процестерді экономикалық тұрғыдан дәлелдей отырып, ол процестердің негізінде әр түрлі әлеуметтік топтардың өз мүдделерін жүзеге асыру үшін күресіп жатқанына көз жеткізеді. Саясаттану экономикалық саясатты дайындау және іске асыру, ол процестерді мемлекеттік реттеу принцип-терін ғылыми түрде негіздейді. Саясаттану құқықтық ғылыммен тығыз байланысты. Құқық адамдардың қоғамдағы қатынастары мен тәртібін, жүріс-тұрысын реттейді. Ол саяси шешімдерді дайындап, іске асырудың құқықтық тетіктерін көрсетеді, кұкықтық және мемлекеттік нормалар мен институттардың қиысқан, түйіскен жерлерін карастырады. Құқықты К.Маркс заңға айналдырылған экономикалық үстем таптың еркі деп атаған. Саясаттану күкықтануға жалпы теория, оның теориялық- әдістемелік негізі іспеттес. Саяси екімет жүйесінсіз әлеуметтік, оның ішінде құқықтық ережелер мен қатынастар жалпыға міндетті сипат алып орындалмайды. Сонымен қатар құқықтык тұрғыда қалыптаспай саяси екімет те әдеттегі қызметін атқара алмайды. Саясаттануға жақын ғылымдардың бірі — әлеуметтапу (социология). Саясаттану саясатты белгілі бір заңдылықтарға бағынып, іс жүзінде белгілі бір принциптерді жүзеге асыратын, дамып, өзгеріп отыратын процесс ретінде қарайды әлеуметтану оған процесс ретінде емес, адамдық өлшем ретінде қарап, әлеуметтік ортаның саяси салаға етер әсерін зерттейді. Оның айналысатын мөселелері адамды және қауымдастықты дамытуға саясат не бере алады және саясатты жетілдіру үшін адамдар не істей алады. Сайып келгенде, саясаттанудың негізгі назары саясатта болса, әлеуметтанудың назары саясатты жасаушы адамда болады. Олардың арасындағы байланыс әсіресе саясаттануды сандық әдіс-тәсілдерді пайдалануға байланысты күшейе түседі. Тарих болса жүйелі, дәйекті түрде оқиғаның болған уақытына байланысты саяси институттар мен идеялардың дамуы туралы деректерді жинап, суреттейді. Аты аталған ғылымдармен қатар саясаттану баска да адамгершілік ғылымдарымен байланысты. Солай бола тұра саясаттанудың өзіне тән зерттеу объектісі бар. Оған қоғамның саяси саласы, ондағы болып жатқан барлық саяси құбылыстар мен процестер жатады.

Орыс жылнамаларындағы түркі текті есімдердің әлеуметтік мәні мен тарихи этимологиялық сипаты

0

Автор:      Есенаманова Ж.Т.\r\n\r\nБатыс Қазақстан   гуманитарлық академиясының магистранты,  Батыс Қазақстан инженерлік —  технологиялық университетінің оқытушысы\r\n\r\n \r\n\r\nКөне түркі ономастикасына қатысты маңызды материалдар  түркілер  мен славяндардың ұзақ уақыт бойы тығыз қарым-қатынаста болғанын дәлелдейтін ежелгі славян ескерткіштерінде көрініс тапқан. Бұл қарым-қатынас пен өзара тығыз байланыс Киев Русінің қалыптасу кезеңінде және оның тарихи даму кезінде Шығыс Европада мекендеген, осы территорияда бірқатар мемлекеттік билігін жүргізген түркі тайпасымен тығыз қарым-қатынас орнату кезеңінде ерекше мәнге ие болды. Н.А. Баскаков славяндар мен көне түркі тайпаларының арақатынасын былай көрсетеді: «Ежелгі орыс жазба ескерткіштерінде, оның ішінде негізінен қолжазба ескерткіштері мен көркем шығармаларда Шығыс Европадағы  көне түркілердің  топонимдері, антропонимдері мен этнонимдері сақталған. Бұл мәліметтер филологтардың, этнографтардың, тарихшылардың қызығушылығын арттырып, зерттеуге септігін тигізген». Ежелгі орыс мұраларынан табылған түркілер ономастикасына қатысты бұл құнды материалдар зерттеушілердің бірқатар еңбектерінде айқын жарық көрді. Мысалы, Н.А.Баскаковтың еңбегінде қыпшақ антропонимдері мен этнонимдеріне дәйекті талдау жасалды, Шығыс Европадағы көне түркілер этнонимдері мен антропонимдерінің моделіне типологиялық сипаттама берілді, түркілердің мифологиялық және эпикалық кісі есімдері әртүрлі аспектілерде зерттелді, т.б. Кең көлемді бұл материал ғалымның «Слово о полку Игореве» деген монографиясы мен «Русские фамилии тюркского происхождения» кітабында, бірқатар мақалаларында жан-жақты қарастырылды.\r\n\r\nЕжелгі орыс тіліндегі түркі лексикасын зерттеуші И.Г.Добродомов ежелгі орыс мұраларындағы түркі ономастикасы мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. Оның зерттеулерінде функционалды және этимологиялық тұрғыдан бірқатар қыпшақ антропонимдері талданды, ежелгі орыс этнонимдеріндегі булгаризмдер, ежелгі орыс мұраларындағы түркілік топонимдер мәселелері қарастырылды.\r\n\r\nК.Менгестің «Восточные элементы в «Слово о полку Игореве»  еңбегінде түркі ономастикасы мәселесіне қатысты бірқатар құнды ескертпелерін көрсетеді. Тіліміздегі антропонимдердің шығу, даму негізі халқымыздың өткендегі тарихымен тікелей байланысты. Қазіргі тіліміздегі кісі аттарының көбінің көне түркі есімдермен түбірлес, мағынасы ұқсас, жасалу тәсілі мен құрылысы жағынан бірдей болып келуінің сыры — есімдердің шығу тарихы жағынан көне түркі заманы мен орта ғасырларда пайда болған антрополексемалық жүйенің  жалғастығы болып саналатындығында.\r\n\r\nОсымен байланысты көне қыпшақ антропонимдерін әлеуметтік лингвистика тұрғысында зерттеу дегеніміз — бұл есімдердің пайда болу табиғатын анықтауға әлеуметтік факторларды қатыстыра отырып зерттеу. Ескі қыпшақ тілі, қазіргі кезде қолданыста жоқ, өлі тіл болғандықтан бұл тілдегі есімдер әлеуметтік лингвистиканың зерттеу объектісі болып табылады. Ескі қыпшақ тілінде сөйлеген этностардың ХІ-ХІІІ ғасырларда шығыста Ертіс, батыста Днепр өзендері аралығындағы Евразия далаларын мекендегендігі тарихшы-археолог, этнолог, шығыстанушы ғалымдардың еңбектерінен белгілі.\r\n\r\nПоловец — қыпшақтар мен кумандардың тарихын, этнографиясын зерттеген «Половцы» деген еңбегінде С.А.Плетнева оларды: ку-кумандар және половецтер дейтін екі үлкен тайпалар бірлестігіне бөледі. Бұл екі тайпалар бірлестігін, куман және половец қоғамдары деп қарауға болады. Куман жэне половец қоғамдарын, әлеуметтік терминологиямен айтқанда топтық қауымдар немесе әлеуметтік топтар құраған.\r\n\r\nПоловец қоғамындағы экономикалық мәдени-әлеуметтік өзгерістерге байланысты көптеген курен басшылары есімдерінің соңына «баспана», «тұрақ» мағыналарын білдіретін «оба» дейтін көне түркі сөзінен туындаған «опа», «епа» морфемалары қосарланып, содан Урсоба, Алтунопа, Аепа секілді кісі   атаулары пайда болған.\r\n\r\nБірнеше тайпалардың бірлестігін С.А.Плетнева «орда» дейтін терминмен атаған. Половец және куман қоғамдарының әрқайсысынан бірнеше орда құраған. Ал орданы көптеген курендер құраған. Курен дегеніміз токсоба, төртоба,  етибичи, иета секілді этнонимдердің бірлестігі. Қыпшақтану мәселесімен айналысқан зерттеушілердің барлығы дерлік токсоба этнонимінің бірінші компоненті — токс сөзін, тогуз немесе тоғыз сан есімінің ықшамдалған фонетикалық варианты. Ал, екінші компонент — оба сөзін, жоғарыда көрсетілгендей «ру – тайпа» мағынасын білдіретін көне түркі атауы деп қарайды.  Осы сияқты тортоба да, төрт сан есімі мен оба дейтін көне түркі сөзінен біріккен екі компонентті этноним.\r\n\r\nЕтибичи-иета немесе жеті сан есімі мен оба сөзінің жіңішке фонетикалық варианты, еби және чи суффиксімен құралған үш компонентті этноним. Сонда токсоба, төртоба, етибичи дегеніміз — тоғыз, төрт және жеті рудан құралған бірлестіктер болып шығады.\r\n\r\nОлай болса, жоғарыдағы түркітанушылардың, этнологтардың, шығыстанушылардың көне түркі «оба» сөзі мен оның фонетикалық варианты, «ру — тайпа» мағынасын білдіретіндігін анықтадық. Егер де оба сөзі мен оның фонетикалық вариантары «ру — тайпа» мағынасын білдірсе, онда қалай Алтунопа есімі: қымбат металл мағынасын білдіретін алтун және әке жағынан «аға», «әке» мағыналарын білдіретін аба немесе апа сөздерінен құрала алады. Егер де половецтерде Алтунопа атауымен аталған ру болған болса, онда олардағы Алтунопа есімінің екінші компоненті опа — «ру» мағынасын білдірген. Олай болса, жоғарыдағы тұжырымымызға сәйкес Алтунопа есімінің де екінші компоненті оба мен оның фонетикалық варианттары – «ру» мағынасын білдірген деп тұжырымдауға болады.\r\n\r\nОған негіз болатын дәйекті мысалы, қазақ этнонимдерінің атауларымен сабақтастыра дәлелдеуге болатын сияқты. Қазақтың Кіші жүзі, Алшын және Жетіру дейтін екі бөлікке бөлінетіндігі белгілі. X. Арғынбаев, М.С. Мұқанов, А. Востров секілді тарихшы-этнолог ғалымдардың пікірінше, Алшын бөлігінің Байұлы тармағы 13 рудан құралған, осылардың бірі – Алты. Осы зерттеушілер Байұлы тармағына жататын Байбақты руында тоқсоба дейтін атаның барлығын атап көрсетіп, бұл ру ортағасырда Дешті Қыпшақты жайлаған қыпшақтардың құрамында болған, деген пікір білдіреді.\r\n\r\nҚыпшақтану мәселесімен айналысып жүрген зерттеушілердің басым көпшілігі орта ғасыр деректемелерінде кездесетін қыппшақтардың бір тайпасы Бурджоголыны Алшынның Байұлы тармағына кіретін Беріш руымен шендестіріп, екеуін бір этнос деп есептейді. Ш-ч, дж тарихи дыбыс сәйкестігіне сай Бурджоголы этнонимінің бірінші компоненті-бурдж сөзін, Беріш этнонимімен шендестіріп, беріш қабылдап, жоғарыда көрсетілген  қыпшақтанушы зерттеушілердің Бурджоголы мен Беріш этнонимдерін бір этнос деп есептейтін пікірімен келісуге болады.\r\n\r\nСебебі Алшынның Байұлы тармағының бірнеше руы, ортағасырлардағы қыпшақ конфедерациясына кірген. Осындай тарихи-этнологиялық фактілерге және компонентті половец есімдері — этностардың, кісі атаулары ретінде берілген бейнесі, формасы екендігіне сүйене отырып, біз Байұлы бірлестігінің Алтын руы мен орыс жылнамаларындағы Алтунопа есімін шендестіріп, бұл екеуін бір этнос дей аламыз.\r\n\r\nЕгер де половецтерде Алтын руының этнонимі негізінде және осы рудың көсемінің аты ретінде пайда болған Алтунопа есімі бар болса, онда оларда Байұлы бірлестігінің Алтын руымен генезисі бір Алтын опа руы  да болған деп ойлауға болады. Егер де половецтерде Алтунопа атауымен аталған ру болған болса, онда олардағы Алтунопа есімінің екінші компоненті опа – «ру» мағынасын білдірген.  Олай болса, бұл жайлар біздің жоғарыдағы екі, үш компонентті половец есімдерінің екінші компоненті оба мен оның фонетикалық варианттары – «ру» мағынасын білдірген дейтін пікіріміздің дұрыстығын дәлелдейді.\r\n\r\nЭтнонимдердің кісі есіміне негіз болу заңдылығы — түркі тілдерінде кездесетін кұбылыс. Мысалы Арғынбай, Адай, Найманбай (Әсет Найманбаев т.б.), Қоңыратбай (Ә.Қоңыратбаев т.б.), Алшынбай, Жаппас т.б. Бұл бөлігінің этномәдени сипат ретінде қазақ тілінде ұлттық киімдердің соның ішінде бас киімнің атауларында қалыптасқанын проф. Е.Жанпейісов М.Әуезов шығармашылығы тілі негізінде нақты көрсеткен: жекей тымақ, керей тымақ, қаракесек тымақ, найман тымақ, сегіз сай уақ тымағы, төрт сай аласа төбелі тобықты тымағы.\r\n\r\nОсы тектес половец есімдерін этимологиясына жасалған талдау көрсетіп бергеніндей, бұл антропонимдердің басым көпшілігі этнонимдер мен отбасылық, рулық лақап атаулар немесе рулық отбасына біріктіретін топтық атаулар және тотем атаулары негізінде пайда болған.\r\n\r\nОсы мәселеге қатысты Н.А.Баскаков, С.А.Плетнева, Аджи т.б. зерттеушілердің еңбектеріндегі деректерге сүйеніп, половец есімдерінің төркінін анықтау барысында олардың бізге белгісіз болып келген этноәлеуметтік құрылымын мынадай рулар құрағаны анықталды: Алтын, Арыстан, Ашина, Кул, Тарголовке, Ит, Токсаба, Кайоба, Беріш-барыс, Кайдар-Айдар, Кимек-Имек, Лақ, Жағалбайлы, Қыпшақ, Басымал, Құлан т.б. Половец есімдерінің басым көпшілігі осы рулар және олардың тотем атаулары мен  рулық отбасына біріктіретің топтық атаулар негізінде пайда болған. Ашина руына қатысы бар есімдерге: Кулоба, Самогур, Чинегрепа, Колтан, Тарх — Тарг, Асен — Осен, антропонимдері немесе топтық лақап атаулар, ал оның бөрі және тотеміне қатысы бар есімдерге: Бердібек, Кобяк — Көбек, Боняк — Боріг, Итоглы, Итлар, Куртык — Құрлық, Сарчан -Сырттан, Альпар — Ольбер, Борил антропонимдері жатады. Мифтік дерекке сай қыпшақ есімді бала мен оның Құрсақ атты анасының топтық лақап атауына қатысты бар есімдер: Кончак — Қаншық, Кюнячук — Күнічүк, Балкатги — Балқатқын, Белдюз — Балдыз, Сантуз — Сандыз.\r\n\r\n \r\n\r\nПайдаланылған әдебиеттер:\r\n\r\n \r\n

    \r\n

  1. Тюркская ономастика. Алма-Ата:Наука, 1984. Баскаков Н.А.
  2. \r\n

\r\n«Имена половцев и названия половецких племен в русских\r\n\r\nлетописях» –С. 75 2. Плетнева С.А. Половцы. –Москва:Наука, 1990\r\n\r\nС. 60\r\n

    \r\n

  1. Арғынбаев Х., Мұқанов М., Востров В. Қазақ шежересі хақында.
  2. \r\n

\r\n– Алматы:Атамұра, 2000. – 372 б.\r\n

    \r\n

  1. Баскаков Н.А. Тюркизмы-энонимы в «Слове о полку Игореве».
  2. \r\n

\r\nСов., тюркология. 1982 №5\r\n

    \r\n

  1. Востров В. Муканов М. Родо-племенной состав и расселение
  2. \r\n

\r\nказахов. Алма-Ата, 1968\r\n

    \r\n

  1. Жанпеисов Е. Этнокультурная лексика казахского языка (на
  2. \r\n

\r\nматериалах произведений М.Әуезова). – Алма-Ата: Наука, 1989. –\r\n\r\n175 б.\r\n\r\n \r\n\r\n