Сүйінбай Аронұлы. Жақсы мен жаман адамның қасиеттері

0
Әбіш Кекілбаев

6-сынып. Қазақ әдебиеті

Тақырыбы: С.Аронұлы. Жақсы мен жаман адамның қасиеттері

Жалпы мақсаты: Өлеңнің мазмұнын талдау арқылы негізгі идеясын түсінуге,  жақсы мен жаман тақырыбында ой қалыптастыруға, сыни ойлауға, ойын жеткізуге, ізденуе білуге бейімдеу.

Күтілетін нәтиже: 1.Топта пікірталас жасауға әрекеттене алады;

2.Оқушылар оқу материалын меңгеру барысында жаңа сөздермен, ақпараттармен таныса алады;

3.Адам бойындағы қасиеттерді  зерделейді.

    1. Әдеби терминдер арқылы ойлану, іздену, қолдана білу дағдылары дамиды.

 

Көрнекі құралдар: Интербелсенді тақта,  слайдтар,  маркерлер, стикерлер

Әдістер:

Сабаққа қойылған критерий: 

    • Тақырыпты аша білуі,
    •   Тапсырмалармен жұмыс жасау белсенділігі.
    •   Талқылауларға белсене араласуы

 

Сабақтың барысы:

    1. Ұйымдастыру кезеңі. «Араласып кеткен шумақтар» әдісі. (7 мин) 

 

Үйге берілген  тапсырма арқылы жұпқа бөлініп орналасуға ықпал етемін.  «О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңін жатқа айтады, әрі өздерін толғандырып келген сұрақтар аясында өзара пікір алмасады.

Мыс: О, Ақтан жас, Ақтан жас,

Жетімдіктің белінен.

Сенде жетер ме екенсің?

Асып өтер ме екенсің?

Жапанға біткен жапырақ

Сұғынсаң тояр ма екенсің?

Жазғы шыққан бүлдірген,

Жамылсан тонар ма екенсің?

ІІ. Жаңа сабақ. 3 мин.  Интербелсенді тақтадан С. Аронұлы туралы мағлұмат беріледі.

ІІІ. «Топтастыру».  7 мин. Оқушылар топтастыру стратегиясы арқылы  алған ақпараттарын қорытындылап, жұптасып талқылау жұмыстарын жүргізеді. Өз жұмыстарын  бағдаршам арқылы бағалайды.  (ОүБ – 1)

ІҮ. Ой қозғау әдісі  (5  мин)

Жақсы және жаман сөзін естігенде ойларыңа не келеді?

Жеке ойлануға 1 мин, жұпта ой бөлісеміз, топта талқылаймыз, топтан бір-бір оқушыдан жауап беруіне болады. (1, 2 3, 4 сандары арқылы  төрт топқа бөлемін).

Ү. Оқулықпен жұмыс. «Жақсы мен жаман адам бойындағы қасиеттер»          (13 мин)

Жақсы деген немене, жаман деген немене? Қандай адам жақсы, қандай адам жаман? Осы сұрақтар Сүйінбай ақынды да толғандырған екен. Олай болса, ақын өлеңінен жауап іздеп көрелік. Өлеңді топта жеке-жеке оқып, бірақ бірлесіп кестені толтырады. Өзара топта  пікірлерін талқылайды.

Бұл қасиеттер маған белгілі Мен  үшін жаңаша және тың ақпараттар Мына сөз менің ойыммен сәйкес келмейді, бұрын мен басқаша ойлайтынмын Бұл тақырып бойынша мынадай сұрақ туындайды

 

ҮІ. «Ыстық орындық» әдісі.  15 мин.

Ортадағы оқушыға төмендегіше сұрақтар қойылады. Оқушылар бармақ арқылы бағалап отырады.

—  Жақсы адам туралы өз ойың;

—  Жаман адам туралы өз ойың;

—  Адам бойындағы қандай жақсы қасиеттерді бағалайсың?

— Егер жаныңдағы досыңның бойынан жаман қасиетті байқасаң, қалай көмектесер едің?

ҮІІ.  «Insert» әдісі арқылы  оқушылар шығу парағын толтырады.

 

Білем Білдім Білгім келеді
   

 

ҮІІІ. Қорытынды. 

    • Жақсы деген сөзді неге, қандай жағдайға байланысты айтсақ болады екен?
    • Жаман сөзі туралы не айта аламыз?

ІХ. Үйге тапсырма

    • «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңін мәнерлеп оқып келу.
    • «Жақсы мен жаман адамның қасиеттерін» егер сен Сүйінбай ақынның орнында болсаң қалай толғар едің?

 

Әр топтан ең жақсы деген бір-бір эссе оқылады.

Өзін-өзі бағалау парағы

Оқушының аты-жөні С.Аронұлы туралы ізденіп келген ақпараттары, Суреті,интернеттен материал Диалог (сұрақтарға нақты жауап беруі) Топтық жұмыстағы белсенділігі Эссе (өзіндік пікірі болуы) Ұпай саны

 

Ұпай саны 8-10= «5»

6-7=  «4»

5=  «3»

(Әр тапсырмаға плюс 1 ұпай болып саналады. Сабақ аяқталып, бағалайтын кезде әр оқушы жинаған балын дауыстап айтады, мұғалім соған қарап, бағалайды).

Үйге тапсырма: Сүйінбай Аронұлына хат жазу, жақсы мен жаман сөзіне байланысты мақал-мәтелдер жазып келу.

Модульдер: СТО; диалог, бағалау, АКТ; көшбасшылық, жас ерекшелігіне сай білім беру

Бағалау: Өзін-өзі бағалау парағы

Мұғалім нұсқауы: Оқи отырып, қарындашпен өздерің үшін түсінбейтін жаңа сөздердің, сөз тіркестерінің немесе өлең қатарының тұсына + белгісін қойып отырыңдар.

Жазып болған соң топта талқылайды (5мин)

Мұғалім тақтадағы кестеге ретімен әр топқа сөз бере отырып толтырып шығады.

Мұғалім нұсқауы: Ал енді тақтадағы сөздерге, сөз тіркестеріне мән беріп қарайық. Бұл сөздердің мағынасы не туралы болуы мүмкін деп ойлайсыңдар?

Өлеңді мәнерлеп оқу (әр топтан 1 оқушыға дауыстап, мәнерлеп өлеңнің 10 қатарын бөліп-бөліп оқыту)

Әр топқа үлестірме материал ретінде таратылды.

1-топ Жақсы адам туралы өз ойларыңды жазыңдар

2-топ Жаман адам туралы өз ойларыңды жазыңдар

3-топ  Адам бойындағы қандай жақсы қасиеттерді бағалайсыңдар?

4-топ Егер жаныңдағы досыңның бойынан жаман қасиетті байқасаң, қалай көмектесер едің?

 Ашық сабақты өткізген:  Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Кәукей ауылы №225 орта мектептің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Қабылов Сәкен

Дулат Бабатайұлы «О, Ақтан жас, Ақтан жас»

0
Әбіш Кекілбаев

Пәні:  Әдебиет

Пән мұғалімі:  Кабылов Сакен

Сыныбы: 6

Мақсаты: Дулат Бабатайұлының өмірбаяны және шығармасымен танысу.   Көркем шығарманы білу мақсатында  жұмыс істеу.

Күтілетін нәтиже: Шығарма мазмұнын игереді, логикалық ойын жеткізуде сөйлеу мәдениетін меңгереді. Сыни тұрғыдан ойлауға машықтанады.

Қамтылатын модульдер:  1.ОмОЖТ. 2. СТОҮ. 3.ОБжОБҮ. 4.АКТ. 5.ОБжК 6.ОЖЕсО

Көрнекіліктер: «Әдебиет» оқулығы 6-сынып, республикалық «Қазақ тілі мен әдебиет» әдістемелік журн, кеспелер, т.б.

Сабаққа қойылған критерийлер: 

    1. Тақырыпты аша білуі,
    1. Талқылауларға белсене араласуы,
    1.       Тапсырмалармен жұмыс жасау белсенділігі.

Сабақ кезеңінің мазмұны: 1-қадам.  «Мен саған… тілеймін» кіріспе ойыны (2 мин). Оқушылар шеңбер бойына тұрып, сағат тілімен қасындағы досына тілек айтады.

2-қадам.   «Топтау»  Оқушылар бояу түрлері арқылы топтасады. (ОЖЕсО) (5 мин.)

 

 

 

 

3-қадам. «Сандар да сөйлейді…» Интерактивті тақтадан сандар көрсетіліп, оқушылар сабақ тақырыбын  өздері ашады.

4-қадам. Мәтінмен жұмыс. «Аялдамамен оқыту» оқыта үйрету әдісі

Топтарға кесте таратылып, мәтінмен танысуға уақыт беріледі. (8 мин)

 

І аялдама. (СТОҮ- релеванттық ақпараттар жинақтау)
Дулат Бабатайұлы
Өмірбаяны Шығармашылығы
Оқулық,  71-бет Интернет, білімділер сайтынан

 

ІІ аялдама.   (ОмОЖТ – метатану) (10 мин) ОүБ-2

Топтарға кесте таратылып, оқушылар өлең мәтінімен танысады, кестеде берілген тірек сөздер бойынша өз пікірлерін білдіреді.

 О, Ақтан жас, Ақтан жас
Жетімдік Бозбала шақ, ғашықтық Жастық шақ Батырлық, ел қорғаны Үміт, орындалған арман

 

ІІІ аялдама. (СТОҮ- ұтқырлық) ОүБ-2. (10 мин)
Топтарға кесте таратылып, кестеде берілген тапсырмаларды орындайды.
Қолдану кезеңі Талдау  кезеңі Лексикалық тапсырма
Ақтан жасқа  тән сипаттар Өлең құрылысына  талдау жасау Көп мағыналы сөз Көнерген сөздер

 

5-қадам. Ашық-жабық сұрақтар (5 мин) Мадақтау арқылы бағалап отырамын.

    1. Дулат Бабатайұлы қай ғасырда ғұмыр кешкен? (ХІХ ғ)
    1. Өзіне кімдерді ұстаз тұтты? (Бұқар, Ақтамберді)
    1. Орхон өзені бойынан табылған қашалған көне жәдігерлер? (Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөкке қойылған құлпытастағы жазулар)
    1. Білге қаған Иолығ тегін жырау, Күлтегін қай ғасыр әдебиетінде кездеседі? (ҮІІ-ҮІІІ)
    1. Күлтегін мен ағасы ел басына келгенге дейін түркі жұрты қандай күйде болды?
    1. Өлеңдері Абайға әсер етті ме? (Иә)
    1. Қандай сауат ашқан? (Мұсылманша)
    1. Егер, сен ақынның орнында болсаң, Ақтан жастан қандай үміт күтер едің?

6-қадам. Қорытынды. Рефлексия (жазбаша). 5 мин. ОүБ-5.

Мені қызықтырған…
Бүгін мына нәрселерді талдадық…
Мен мына нәрсені түсіндім…
Маған мына нәрсе түсініксіз…
Маған қиын болғаны…

 

7-қадам. Үйге тапсырма.  «О, Ақтан жас, Ақтан жас» жаттап келу.

Сабаққа қойылатын критерийлер

    • Тақырыпты аша білуі;
    • Талқылауларға белсене араласуы;
    • Тапсырмалармен жұмыс жасау белсенділігі.

 

Сабаққа қойылатын критерийлер

 

Р/С Аты-жөні Тақырыпты аша білуі Талқылауларға белсене араласуы Тапсырмалармен жұмыс жасау белсенділігі.
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19

 

Сабаққа қойылатын критерийлер

Р/С Аты-жөні Тақырыпты аша білуі Талқылауларға белсене араласуы Тапсырмалармен жұмыс жасау белсенділігі.
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19

 

Бағалау парағы

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

 

Сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға арналған жұптық әңгіме оқушылардың бір-бірімен пікір алмасуын, идея ұсынуын, сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастырады, вербалдандыруға көмектесу мақсатында жүргізіледі.

 

«Алуан түрлі сиқырлы шарлар» ашық оқу іс-әрекеті

0
Әбіш Кекілбаев

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу іс-әркеті: «Сурет салу»

Ашық оқу іс-әрекетінің тақырыбы:  «Алуан түрлі сиқырлы шарлар»

Орындаған тәрбиеші: Сабекова С.Б.

Жұмыс орны: «ИНСАР КОМПАНИЯСЫ «АР-ДАНА» БАЛАЛАР БАҚШАСЫ» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІ

«Шығармашылық» білім беру саласы

Сурет салу

Мақсаты: Балаларға белгілі пішіндегі заттардың суретін салу тәсілдері мен өз сезімі мен көңіл күйін білдіре алуға үйрету.

Қостілділік компонент: қызыл — красный, көк – синий

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Сайқымазақ балаларға алуан түрлі шарлар алып келеді. Балалар өз қызығушылықтарын танытып, белсенділіктері арта түседі. 
Ұйымдастыру-іздестіру Шарлармен ойын ұйымдастыру. Дөңгелек пішіндерді салу тәсілдерін көрсету. Балалар ойындарға қатысып, шарлардың суретін салады.Өздерінің көңіл күйлері мен сезімдері туралы   әңгімелеп береді
Рефлексивті – түзетушілік Балалардың жасаған жұмыстарын қарап, басқаларға  көрсету. Өздері жасаған жұмыстарының нәтижесіне қуану.

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: дөңгелек пішіндес заттарды салудың тәсілдері.

Нені игереді: — қылқаламмен сурет сала білу.

Нені біледі: — бояуды пайдалана білу.

 

Түзу сызық негізіндегі қазақ өрнегі. «Бойтұмар», «Айқастырма», «Балта»

0
Әбіш Кекілбаев

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу іс-әркеті: «Сурет салу»

Ашық оқу іс-әрекетінің тақырыбы:  «Түзу сызық негізіндегі қазақ өрнегі. «Бойтұмар», «Айқастырма», «Балта»

 Орындаған тәрбиеші: Атамкулова Д.С.

Жұмыс орыны: «ИНСАР КОМПАНИЯСЫ — «АР-ДАНА» БАЛАЛАР БАҚШАСЫ» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІ

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: түзу сызық негізіндегі қазақ өрнегі. «Бойтұмар», «Айқастырма», «Балта».

Мақсаты: Қазақ ою-өрнектерінің көптүрлілігі туралы түсініктерін кеңейту.

Білімдік міндеттері: сурет салу техникасын үйрету.

Дамытушылық міндеттері: түзу сызықтар жүргізу, үйлестірулерде өрнектерді салу іскерліктерін дамыту.

Тәрбиелеушілік міндеттері: эстетикалық талғамды тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: ою-өрнек, ырғақ, жиек.

 

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Түрлі-түсті қағаздан қиылған ою-өрнек элементтерін әкеледі. Кілемді элементтермен безендіруді ұйымдастырады. Балалар қызығушылықпен қарайды, жай судың көмегімен ою-өрнек кілемді өрнектейтінін қарайды.
Ұйымдастыру-іздестіру

Ою-өрнектермен безендірілген тұрмыстық заттар туралы әңгімелеседі.

Сөздік жұмысын жүргізеді.

«Кілемді безендіреміз» ойынын ұйымдастырады.

 

Ою-өрнектермен безендірілген заттар мен киімдерді қайдан көргенін естеріне түсіреді.Жаңа сөздердің мағыналарын түсініп, есте сақтайды.Ою-өрнек элементтерін орналастыруға көмектеседі.
Рефлексивті – түзетушілік Балаларға ою-өрнектерді салып, жолақшаны безендіруді ұсынады.Балаларды мадақтайды, қызықты ойлары үшін алғысын білдіреді. Өздерінің жұмыстарын көрсетеді, олардан жиек құрастырады.

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: — түзу және сынық сызықтардан құралған ою-өрнектердің тобын; — сызықтардың көмегімен заттарды бейнелеу мен стильдеуді;

Нені игереді: — ою-өрнектермен безендірілген заттар (кілемдер, ыдыс-аяқтар және т.б.) туралы түсініктерді;

Нені біледі: — түзу сызықтар жүргізуді және олардың үйлестірулерінде элементтерді салуды; — кілемнің жиегін безендіруді.

«Күзгі бақ» ашық оқу іс-әрекеті

0
Әбіш Кекілбаев

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу іс-әркеті: Сурет салу

Ашық оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «Күзгі саябақ»

 Орындаған тәрбиеші: Адбманапова Б.К.

Жұмыс орыны:  ИНСАР КОМПАНИЯСЫ — «АР-ДАНА» БАЛАЛАР БАҚШАСЫ» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІ

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: Күзгі саябақ

Мақсаты: өз жұмыстарында күз мезгілінен алған әсерлерін бере білуге үйрету.

Білімдік міндеттері: түрлі ағаштардың (үлкен, кішкентай, биік, аласа, түзу, қисық) суреттерін сала білуге үйрету.

Дамытушылық міндеттері: сурет салу дағдысын дамыту.

Тәрбиелеушілік міндеттері: эстетикалық талғамды тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: ағаш түрлері, перспектива, пейзаж, жылы колорит.

 

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Топқа түрлі-түсті қағаздан қиылған түрлі ағаштар мен гүлдердің сұлбаларын әкеледі.«Алтын күз» композициясын қайта қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастырады. Балалар суреттің салынуын қызығушылықпен қарайды.
Ұйымдастыру-іздестіру

Балалармен перспектива заңдылықтары туралы әңгімелеседі.Ағаш түрлері туралы әңгімелейді.

Сөздік жұмысын жүргізеді. «Суретті жинастыр» ойынын ұйымдастырады.

Тәрбиешіні тыңдап, төмендегі түсініктерді еске түсіреді:алыс — жақын, үлкен — кіші, биік — аласа, семіз — арық. Жаңа сөздердің мағыналарын түсініп, есте сақтайды. Суретші болады және жақтау ішінде өздерінің ұжымдық суреттерін орналастырады.
Рефлексивті – түзетушілік

Балаларды ағаштарды бейнелеуге үйретеді.Акварельмен сурет салу қабілеттерін бақылайды.

Балаларды мадақтап, көмектеріне алғыс білдіреді.

«Күзгі саябақ» ұжымдық көрмесін ұйымдастырады.

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: — аймақта өсетін ағаштарды; — күз мезгілінің жылы түстерін.

Нені игереді: — ағаш басы мен түрінің ерекшеліктері туралы түсініктерді; — жаңа сөздердің мағыналарын.

Нені біледі: — перспектива заңдылықтарына сәйкес композиция құрастыру;

— суреттерінде күз мезгілінен алған әсерлерін бейнелеу.

«Ақылды лақ» атты ашық оқу іс-әрекеті

0

Білім беру саласы: «Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу іс-әркеті: «Көркем әдебиет»

Ашық оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Ақылды лақ

Орындаған тәрбиеші: Даманбаева Г.Р.

Жұмыс орыны: «ИНСАР КОМПАНИЯСЫ — «АР-ДАНА» БАЛАЛАР БАҚШАСЫ» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІ

«Қатынас» білім беру саласы

Тіл дамыту

Тақырып: Топпен танысу (экскурсия)

Мақсаты: Балалардың сөздік қорын айналадағы заттардың атаулары-сөздерімен байыту (тәрбиешінің таңдауы бойынша). Балаларды тәрбиешінің сұрақтарына жауап беруге, диалогке қатысуға үйрету. Дидактикалық жаттығу: «Айтшы, бұл не?»

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық

Қуыршақ Әйгерімнің пайда болуына назар аударады.«Үйде кім тұрады» ойынын ұсынады, жаңа достардың аттарын және тәрбиешінің аты-жөнін жаттап алуға көмектеседі.

Балалармен бірге ойнайды, оларды қолдайды және мадақтайды. «Әйгерімге біздің топты көрсетіп және ол туралы айтып беруді» ұсынады.

Қуыршақ Әйгерімнің пайда болуына байланысты қатынас таныту, оларды ойнауға шақыру.Ойынға қатысу (ойынның әрекеттерін және ережелерін орындайды, сөздерді және қысқа сөздерді айтады, бір-бірлерін атымен және тәрбиешінің аты-жөнімен атайды).

Қуыршақтың атымен тәрбиеші ойынды бастайды:

— Үйдің айналасында жүрмін және терезеге қараймын.

— Біреусіне Біреуіне мен келемін де жай ғана тоқылдатамын: тук-тук.

— Кім бұл? (үйде отырған бала жауап береді). — Бұл мен, Әйгерім, ал сен кімсің?- Ал мен – Марат. — Жүр тамашалап келеміз (үйдің айналасында жүреді). Ары қарай ойынды Марат жалғастырады. Тәрбиешіге «көмек қажет» екенін түсіну.

Ұйымдастыру-іздестіру

Топтың бөлмесін, жататын бөлмені, әжетхананы, киім ілетін бөлмені  қарап шығуды ұсынады.Сұрақтар қояды Бұл бөлме не үшін? Бұл бөлмеде қандай заттар бар? Олар қандай? Олар не үшін керек? (заттар әлемін меңгерудің негізі, заттардың маңызды және маңызды емес белгілерінің ерекшеліктерін біліп дамиды).

Балаларға бөлме заттарының атын атауды ұсынады, егер қиналса өзі топ бөлмесінің, жататын бөлменің, әжетхананың, киім ілетін бөлменің заттарын атайды.

Егер балалар өз беттерінше белгілерін атап көрсете алмаса, заттардың белгілерімен таныстыру.

«Бұл не?», «Нені қайда қоямыз?» ойындарын өткізу.

Бөлмелерді атау кезінде жалпылауыш сөздерді пайдалануға итермелейді.

Қарапайым ережені тудырып сақтауға ұсынады.

Балаларды қолдайды және мадақтайды.

«Қайда жүр десем, сонда барамыз» топтық жиын ойынында үй- жайды бағдарлауға үйретеді.

Топ кешеніне экскурсия: бөлмеден бөлмеге жүреді,әр бөлме заттарын зерттейді және қарайды, сұрақтарға жауап береді, заттардың атын атайды, олардың ортақ белгілерін белгілеу, заттарды белгілері бойынша және бөлмелерді қалай қолдану керегін айтады және көрсетеді, ойыншықтар және сырт киімдер, аяқ-киімдер қайда туратыны туралы талқылауға қатысады. Заттардың атауы бойынша қысқаша дәлелдемелерді тізбектейді, (мысалы, мынау сабын, онымен біз қол жуамыз) түсінік беру кезінде байқап отырады.

Ойынға қатысу: үй-жайды атайды, ондағы заттарды, олардың белгілерін, белгіленген бөлме туралы айтады, заттарды, тәртіпті жақтау және сақтау,  жалпылауыш сөздермен айтады: бөлме, біз қайда ұйықтаймыз — жататын бөлме, қайда шешінеміз — киім шешетін бөлме және т.с.с.

Заттарды жинайды (мысалы, сырт киім және аяқ-киім заттарын киім ілетін шкафтарға).

Ойыншықтарды, киімдерді, әжетхана заттарын сақтау туралы ережесін талқылау.

Топ жиыны үй-жайды бағыттай білу жаттығуларына икемденуі.

Рефлексивті-түзетушілік

Сұрақтарға жауап беруді ұсынады:«Біздің топты жақсы білу үшін, Әйгерімге біз қалай көмектестік?», «Әйгерім не білді?», «Біз бүгін қандай ережелерді ойлап таптық?».

Баланың қатысуын және әр баланың жеке қадамдарын талқылайды.

Балаларды қолдайды және мадақтайды.

Сұрақтарға жауап беру.Негізгі әрекеттерін және заттарын ерекшелеу: көрсетті, айтты, көмектесті.

Әр түрлі орындарда және жиынды топтың аймағында тәртіп сақтау ережелерін бекіту.

Ойын кейіпкерлерімен қош айтысу.

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: — таныс нәрселер мен заттарды білдіретін сөздерді (мысалы, үстел, орындықтар, терезе, есік, ойыншықтар және т.б.).

Нені игеру керек: — топтың жиын бөлмелерін белгілеуін елестетуді;

— ұжымда қарым-қатынас дағдысын.

Нені біледі:— затты қалай қолдануын атау (көрсету);

— әңгімені қолдау, тәрбиешінің қойған сұрақтарына жауап беруді.

Сүтқоректілер класы

0
Әбіш Кекілбаев

Білімділігі: Сүтқоректілер жайлы оқушылар білімін толықтай қалыптастыру.

Дамытушылығы: Тақырыпты жан-жақты түсіндіру барысында оқушылардың ойлау қабілетін арттыру.

Тәрбиелігі: Оқушыларды ұжымшылдыққа,іздемпаздыққа бағыттау.

Сабақтың типі: жаңа білім мен    білікті қалыптастыру

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Көрнекілік құралдар:Интерактивті тақта, үйлестірме парақшалары т.б.

Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

а)сәлемдесу

б)түгендеу

II.Үй тапсырмасын сұрау

III. Жаңа сабақты түсіндіру

IV.Жаңа сабақты бекіту

V.Қорытындылау

VI.Бағалау

VII.Үй тапсырмасын беру

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеп, керекті материалдарды журналға түсіріп, оқушы зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй  тапсырмасын сұрау

  • Құстардың тіршілік ортасы
  • Құстардың көбеюі мен дамуы

3.Үй құстарына қандай құстар жатады?

ІІІ.Жаңа сабақ:

Сүтқоректілер жануарлар дүниесінің жоғарғы сатыдағы тобын құрайды.  Қазіргі кезде сүтқоректілердің 5000-ға жуығы жер шарының әр түрлі аймақтарында тараған.  Түрлі орта жағдайларында: суда, ауада, жер астында, құрлықта, ағаш басында  мекендейді.Сүтқоректілерді зерттейтін зоология ғылымының  саласын “маммалогия” (кейде “териология”) деп атайды.

Қазақстанның кең байтақ табиғат аймақтарында сүтқоректілердің  8 отрядына жататын 178 түрі таралған. Оның 40 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) тіркелген. Көпшілігінің кәсіптік маңызы бар.

Аңыз әңгімелер білім әлемінде неліктен жылқыда өт жоқ, сиырда күрек тіс жоқ?

Жер әлемді жасап біткен соң құдай адамнан: -Қайсысын ұзақ жасайын жазды  ма, қысты ма?- деп сұрайды.  Адам оған: -Оны менің достарым ат пен өгізден сұра. Олар қалай десе солай болсын деп  жауап береді. Құдай алдымен аттан сұрады.—Сен  қалай болғанын қалар едің,қыстың ұзақ болғанын ба, жоқ қыстан гөрі жаздың ұзақ болғанын ба?—Мен жаздың ұзақ болғанын қалар  едім,-деді ат,-әйтпесе қыста менің тұяқтарым қатты мұздап қалады.Құдай содан кейін өгізден сұрайды:-Сен не дейсің, саған қайсысын ұзартып, қайсысын қысқартқанын қолайлы?—Қысты ұзартқан дұрыс қой,- деді өгіз,-жаздың ыстығында менің  мұрнымнан су тоқтаусыз ағады. Құдай дәл солай істеді,қысты ұзақ, жазды қысқа етті. Өгіздің жауабын естіп ашуланған ат оны дәл су-су болып тұратын тұмсықтан келіп бір тепті.Тепкенде де қатты тепті, алдыңғы тістерін қағып түсірді .Өгіз атты сүзіп, өт қабын жарып жіберді. Үлкендердің айтуынша содан бері атта өт жоқ. Сиырда алдыңғы күрек тіс жоқ.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту кезеңі

І деңгей. Венн диаграмасы

Венн диаграммасымен  жұмыс жүргізу 

Сүтқоректілер  Ұқсастығы    Құстар
     

 

ІІ деңгей. № 1 тапсырма.

  • Сүтқоректілер қандай жануарлар?\
  • Сүтқоректілер қалай көбейеді?
  • Қазіргі сүтқоректілерге сипаттама ?

 

2-тапсырма. Оқулықпен жұмыс.

 1. ҚОЯН, ҚАСҚЫР,ТҮЛКІ СҮТҚОРЕКТІЛЕРГЕ ЖАТАДЫ МА?

2.ҚАЗАҚСТАНДА СҮТҚОРЕКТІЛЕРДІҢ НЕШЕ ТҮРІ БЕЛГІЛІ?

3.СҮТҚОРЕКТІЛЕР ҚАЙ ЖЫЛЫ ҚЫЗЫЛ КІТАПҚА ТІРКЕЛДІ?

ІІІ деңгей

Биологиялық диктант

Сүтқоректілердің экологиялық топтары: __________________болып бөлінеді.

Қазір тіршілік етеін сүтқоректілер, ________________________болып бөлінеді.

Қазіргі кезде сүтқоректілердің ____________, жер шарының әр түрлі аймақтарында тараған.

Сүтқоректілерді зерттейтін зоология ғылымының  саласын __________(кейде “териология”) деп атайды.

Қазақстанның кең байтақ табиғат аймақтарында сүтқоректілердің _________________таралған.

Оның 40 түрі ____________________тіркелген. Көпшілігінің кәсіптік маңызы бар.

Ү.Сабақты қорытындылау.

ІҮ деңгейлік тапсырма. Сөзжұмбақ. «Сүтқоректілер»

ҮІ.Қорытынды. Бағалау

Үйге тапсырма: Дәптерлеріне негізгі мағлұматтарды түсіру, тақырыпты мазмұндау.

 

Жандилда Ләззат Жанболатқызы

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы №94 орта мектептің

биология пән мұғалімі  

Мектептің ата-аналармен жұмыс жасаудағы рөлі

0
Әбіш Кекілбаев

Мектеп өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын. Оның жас ұрпақты тәрбиелеудегі мәні зор. Еліміздің жастары мектеп арқылы өмірге жолдама алады.

Мектеп ешуақытта отбасынан, қоғамнан бөлініп, автономиялық мекеме болған емес. Сондықтан оның іс әрекеті отбасымен, жұртшылық, әлеуметпен, еңбек ұжымдарымен тығыз байланысты. Міне, мектептің орасан зор қызметі осында.

Мектеп тәрбиеге байланысты қоғамдық күштерді ұйымдастыру және біріктіру рөлін атқарады. Ол ішкі тәрбие процесін басқарып қана қоймайды, мөлтек аудандарда, кәсіпорындарда жүргізілетін тәрбие жұмысының мақсатқа бағыттылығын қамамасыз етеді.

Осы тұрғыдан мектеп — балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастырып, жеке адамның дамуына және қалыптасуында әр түрлі факторлардың ықпалын ұйымдастырып, үйлестіріп, біріктіретін орталық. Мектепте іс-әрекеттің ең бастысы — тәрбие түрлері: дүниетанымның, еңбек, мінез-құлық, эстетикалық дене тәрбиесінің мақсаттары мен міндеттері жүзеге асырылады.

Мектеп басшылығымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының формалары көп. Олар:

— ата-аналармен жұмыс;

— сынып жетекшілерінің және мұғалімдердің отбасымен жұмысы;

— сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстары.

Осы жұмыстарға мектеп басшылық жасайды, көмектеседі, тиісті адамдармен, ұйымдармен бірігіп іске асыруды қамтамасыз етеді.

Тәрбие жүйесінде, әсіресе жеке адамның жоғары моральдық қасиеттерін қалыптастыруда адамгершілік сезімін, эстетикалық талғамын қалыптастыруда, дамытуда қоғамдық тәрбие институттарының алатын орны ерекше.

Мектептің ұйымдастырушы тәртіп орталық ретіндегі қызметінің ең маңызды бағыттарының бірі — мектептің, отбасының және жұртшылықтың күшін біріктіру. Бұл жұмыстың мазмұны, әдістері мен түрлеріне қарай өзіндік ерекшелігі болады. Ол әрекеттің өзіндік ерекшелігі бірқатар факторларға байланысты. Олар педагогикалық процестің объективті заңдылықтарын білу; қазіргі жағдайдағы мектептің әлеуметтік қызметіне қанық болу; қазіргі отбасының ерекшеліктері мен даму тенденцияларын түсіну, мұғалімнің, ата-аналар, жұртшылық өкілдерімен жас ұрпақ тәрбиесіне байланысты жұмысқа практикалық тұрғыдан дайын болуы.

Мектеп балалар тәрбиесі мен отбасы тәрбиесін педагогикалық басқарудағы тікелей іске асыратын маңызды әлеуметтік институт болып табылады. Жас ұрпақты өмірге дайындауда жаңа сапалық белгілер қалыптасып, дербестікті дамыту, кәсіптік бағдар, білім алу және өздігінен білім алу, қабілеттерді анықтау және дамыту сияқты мәселелерге ерекше маңыз бере бастады. Мектептің, отбасының және жұртшылықтың тәрбиелік қызметінің біртұтастығы мектептің мақсатты түрде жүргізген жүйелі жұмыстарының нәтижесі. Ал бұл нәтиже қазіргі заманғы білім беру мекемесіне қойылатын басты талаптардың бірі.

Белгілі педагог В.А.Сухомлинскийдің еңбектерінде «мектептік-отбасылық тәрбие» ұғымы кең қолданылады. Оның пікірінше тәрбиені мектептік немесе отбасылық деп қарастыруға болмайды, өйткені бала тұлғасы біртұтас және оны қалыптастыру процесі де біртұтас сипат алады. Міне, осындай біртұтас тәрбие процесінде мектеп жетекші рөл атқарады.

Мектеп отбасының тәрбиелік мүмкіндіктерін кеңітеді және дамытады, осы бағыттта педагогикалық ағарту жұмыстарын жүргізеді, қоғамдық және мектептен тыс ұйымдардың мектеп пен отбасына белсенді түрде көмек көрсетуін ұйымдастырады және бағыттайды, олардың әрекеттерін үйлестіреді. Мектеп басшысының, сынып жетекшісінің жұмыс жүйесі ең тиімді түрлер мен әдістер таңдап алу арқылы ұзақ жылдар барысында қалыптасады. Ол жүйе жұмыстың нәтижелігін қамтамасыз ететіндей талаптарға жауап беруі тиіс.

Ең бірінші талап — бүкіл педагогикалық ұжым әрекетінің мақсаттылығы.

Педагогикалық проблемаларды шешу үшін ата-аналар жиналысын өткізу, лекция оқу, ата-анаға, отбасына жекелеп ықпал жасау қажет.

Екінші талап — мұғалімнің кәсіптік біліктілігін, педагогикалық мәдениетін көтеру. Оның жолдары әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы: сынып жетекшілері секциясының жұмысы, «Отбасылық педагогика» немесе «Отбасы тәрбиесін жетілдіру» сияқты тұрақты педагогикалық семинар жұмысы; мектеп тәжірибесінде анықталған формалды емес жасөспірімдер тобының ерекшеліктерін есепке алу, қолайсыз отбасылар мен педагогикалық тұрғыдан бетімен жіберілген балаларды есепке алу, ата-аналардың жүргізген жұмыстарының тиімділігін анықтау, олардың озық тәжірибелеріне педагогикалық талдау жасау.

Үшінші талап — педагогикалық ұжымның сынып жетекшісі мен мұғалімдердің ата-аналармен жүргізетін жұмыстарына бірыңғай талап жүйесін жасау. Бұл талап негізді, әдепті, заңды болуы тиіс. Асығыстық, талапты бұрмалаушылық ата-аналармен келіспеушілікке апарып соғады.

Төртінші талап — ықпалды қоғамдық ата-аналар ұйымын қалыптастыру.

Қазіргі жас өркен – мемлекетіміздің болашағы. Сондықтан да, балаға – бір отбасының ұрпағы деп емес, бар қазақтың баласы деп қарау керек сияқты. Ұлы Абай атамыз: «Баланы ең алдымен ата-анасы, сосын ұстазы, сонан кейін қоршаған ортасы тәрбиелейді» деген екен. Сіз қалай ойлайсыз?

Сонымен әрбір ата-ана өз баласының тәрбиелі де, саналы, мәдениетті, жүрген ортасында сүйкімді болу үшін алдымен тәрбиені өзінен бастағаны жөн, яғни оғаш қылықтармен баласына үлгі-өнеге көрсетпеуге тырысқаны жөн. Жас кезінде баласына дұрыс тәрбие бере алмаған ата-ана кейін бармағын тістеп өкініп қалады.  Оның түзу жолмен жүріп білімді де саналы азамат болып өсуі біздің, яғни әрбір ата-ананың қолында.

Автор: Тасым  Айзада Тобажанқызы

Қызылорда облысы, Қазалы  ауданы,

Жанқожа батыр ауылындағы

№ 94 орта мектеп 

Наурызбай батыр

0

Құттымбет (Құтпанбет) ұлы Наурызбай (1706-1781) жоңғар басқыншыларына қарсы күресте аты шыққан атақты батырлардың бірі, белгілі қолбасшы. Шыққан тегі Ұлы жүздің Шапырашты тайпасының Асыл руынан. Мекені Алматы қаласы маңындағы Жалпақтөс, Серіктас деген жерлер.

Ел басына түскен ауыртпалық өзге замандастары сияқты Наурызбайды да ерте есейтеді. Оның ересектер қатарына қосылуына нар тұлғалы алып денесі де септігін тигізген сияқты. Халық жадында оның «Торы ала тұлпарды, түйе тұрпатты» батыр бейнесінде қалуы да содан.

Наурызбайдың өмірі жоңғарларға қарсы күресте өтеді. Ол атақты Аңырақай шайқасына қатысып, жиырма үш жасында қалмақ батырлары Шамалхан мен Қаскелеңді жекпе жекте өлтіріп, батыр атанады. Батырдың ерлігіне риза болған елі: «Наурызбайдың екпіні таудан асқан тасқындай. Қалмақты қойдай қырады, оттан судан тартынбай. Тор ала тұлпар астында, шойын шоқпар қолында. Түйе тұрпатты тұтқыр ер, оңды солды ұрады» деп, оның атын жырға қосып, мақтан тұтады.

Аңырақай шайқасы қазақ қауымы біріксе, жоңғарларды жеңетінін, жау қолында қалған жерді азат етуге болатынын анық көрсетіп береді. Абылай Арқаға барғаннан кейін тұс тұсқа жаушы жіберіп, жаңа күш топтайды. Осыған Ұлы жүзден Өтеген, Райымбек, Наурызбай секілді батырларды шақырады. Райымбек бара алмай қалады, Өтеген мен Наурызбай жауынгерлерін ертіп, мерзімді уақытында жетеді. Бірақ кейін Өтеген батыр Абылайдың Қытаймен жасаған қарым қатынасының саяси мәніне түсінбей, оған қарсы болып, еліне қайтып кетеді. Ал Наурызбай Абылайдың қасында болып, оның сенім артар атақты батырлардың біріне айналды.

Қол бастап талай шайқасқа қатысқан Наурызбай батыр 1750-1752 жылдары Бәсентиін Малайсары, Қыстық Малай, Шапырашты Қасқары батырлармен бірге тізе қоса қимылдап, қазақ қолының жеңісті жолын жалғастырып, жоңғарларды Тұрпаннан асыра қуып тастайды.

Жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық соғысына Наурызбайдың өзімен бірге Құдайберген, Шолпан, Дүйсен деген бауырлары да қатысады. Бірақ олардың бәрі де жау қолынан қаза табады.

Наурызбай батыр 1822 жылы (жылқы) Бурабай баурайында дүниеге келген. Мүсіні қолмен құйғандай. Жауырыны қақпақтай, күпшек кеуде, биік бойлы, денесі тіп-тік, белі жіңішке. Сол сұлулықтың үстіне Абылай атасына тартқызып, өнерді де шексіз жомарттықпен үйіп-төгіп мол беруі тіпті қайран қалдырарлық. Өзі ақын, өзі әнші, өзі композитор-күйші. «Төрелер күйі» деп аталатын көп күйлер бар, осы төрелер күйлерінің бір өкілі – Наурызбай еді. Тума талант өнер шеберлігімен қоса, тапқыр сері мінезді болған. Соның бәрінен де Наурызбайдың батырлығы басым еді.

Кенесары жауына шабуыл саларда әрдайым Наурызбайдың ақыл-кеңесіне ден қойып отырған, қысылтаяң, қиын жерлерге көбіне соны ғана жұмсаған. Өйткені туған інісі, әрі үзеңгілесі болған.

Наурызбай орыстарға, Қоқан әскерлеріне қарсы ұлт-азаттық көтерілістің бел ортасында жүрді. Қазақ мемлекетінің мүддесін қорғауда асқан батылдық танытты және Кенесары ханның адал да абыройлы қолбасшыларының бірі еді. Наурызбайдың теңдесі жоқ батырлығын жаулары да мойындаған. Оның «оң қолында төрт жігіттің күші бар» деген сөз бекер айтылмаса керек. Ішіне қорғасын құйылған найзасы бар ол жансерігі Ақауызға мініп, «Абылай!» деп ұрандап шапқанда, дұшпандары оны алыстан таниды екен. Наурызбай жасағы қазақ әскерінің алдыңғы сапында, аса жауапты тапсырмаларды орындап отырған. Жасқану дегенді білмеген нағыз жаужүрек болған, оны кейде кереметтің күші сақтап қалатындай екен. Кенесары ханмен бірге Ақмола қамалында және полковник Бизоновтың жақсы қаруланған жасағымен шайқастарда көрсеткен батыл әрекеті оның баһадүрлігінің көрнекті үлгісі іспетті.

Бір күні Наурызбай қасына жолдастарын ертіп, көп жасаған дана қарт Абызға өзін сынатпаққа келеді. Сонда Абыз: «Е, Наурызбай, менің жасым 120 ға келіп отыр, осы жастың ішінде сенен артық ер көрмедім. Үш нәрсенің сырттаны бар еді: иттің, қасқырдың, жігіттің. Сен жігіттің сырттаны екенсің. Бірақ адам баласына мейірімің жоқ екен, бағың маңдайыңда ғана екен, ғұмырың қысқа 20-25 тен аспассың, дүниеден арманда қалма!» деген екен.

Кенесары қолы аз ғана күшпен қоршауда қалғанда, Наурызбай жанған оттай лапылдап: «Кене аға, маған Ағыбай мен Құрманды бас қылып жүз жігіт беріңіз. Мен қырғыз шебін жарып өтіп, жол ашамын. Сол жерден сіздер де шығасыздар. Бұл бірден-бір дұрыс жол болатын. Бірақ Кенесары:

— Жау шебін жарып өтіп, аты жүйріктеріміз қашып құтылармыз, ал қалғандар қайтеді? Бәрі түгел қырылмай ма? Маған сеніп соңыма ерген елімді жауға тастап, өз басымды сақтасам, сонда менің кім болғаным? Жоқ, өлсек бәріміз бірге өлеміз, құтылсақ бірге құтыламыз!» — дейді.

Көптің аты көп, топырақ шаша алмайсың. Орыс, қазақ, қырғыз манаптарының қолы үшеулеп қоршаған соң қол қырылды. Иман (Аманкелдінің әкесі), Бұғыбай, Бұқарбай, Құрман сияқты батырлар опат болды. Кенесары хан тұтқында қалады. Наурызбай, Ағыбай, Жекебатыр үшеуі тізе қосып, соңына ерген азғана топпен жау шебін бұзып өтіп кетеді. Алайда сыңарынан айрылған аққудай алысқа ұзай алмай, маңайда төңіректеп жүреді.

Қырғыз манаптары болса, Кенесарыны қайтерлерін білмей қалды. Өлтірейін десе – қорқады. Наурызбай тірі жүргенде тыныштық бермеуі хақ, қан құстырып кек алмай қоймайды. Бәрі ойласа келе ақыры Кенесарыны босатып жіберуден басқа жол таппады. Ол жайды Наурызбай қайдан білсін, кеудедегі жаны ғана бөлек жүретін аяулы ағасының жау қолында қалып, қор болған күйігі шыдатпай қайғыланып, ақыры Ағыбай батырға «- Ей, Ағеке, бұрынғының сөзі бар ғой – екі қатынның баласы екі рулы ел деген, мен Кене ағамды не жаудан арашалап алайын, не бірге өлейін, ағамнан жаным артық емес» — деп басын өлімге берік байлайды да, есіл ерлермен қоштасып, Кенесары хан тұтқынға түскен жерге бет алып, жау жатағына жалғыз барып кіреді. Асыл ер Кекілік тауындағы ұрыста қырғыздар қолынан Кенесары хан ағасы екеуі қаза болды.

Наурызбай батыр – халқының тәуелсіздігі, бостандығы мен болашағы үшін, ұрпақтардың бақыты үшін құрбан болған батырлардың бірі еді.

Ерлігі Наурызбайдың ерек еді,

Хан Кене ақылы асқақ зерек еді.

Біреуі оба болған ағаштай терек еді,

Біреуі намыс десе өлер еді,

Екеуі қапылыста қаза тапты,

Қазақтың баласына керек еді…

 

Әдебиеттер:

Құттымбетұлы Наурызбай (1706-1781) // Елтұтқа: Ел тарихының әйгілі тұлғалары.- Астана,2001.- Б.161-162

Наурызбай батыр // Қазақтар: Көпшілікке арналған тоғыз томдық анықтамалық.- Алматы, 1998.- Т.2. Тарихи тұлғалар.- Б.110

Наурызбай Құтпанбетұлы, Шапырашты Наурызбай // Түркістан: Халықаралық энциклопедия.- Алматы, 2000.- Б.503

Байғазыұлы Ш.Ә. Шапырашты Наурызбай // Алдаспан.- 2000.- №9-10.- Б.5-7

Байжан К. Ала ат мінген Наурызбай // Жетісу.- 2003.- 15 қараша.- Б.20

Бекмаханов Е. Кенесары-Наурызбай немесе Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтерілісіне қатысқан оның туысқандары жайлы кейбір деректер // Қазақстан әйелдері.- 1998.- №4.- Б.4-6

Бірімқұлов Т. Шапырашты Наурызбай // Қазақ батырлары.- 2003.- наурыз (№3).- Б.5

Дәдебаев Ж. Халқымыздың хас батыры // Егемен Қазақстан.- 2003.- 14 қараша.- Б.3

Қойгелді М. «Асылы еді асылдың…» // Жас алаш.- 2003.- 15 қараша.- Б.4

Мәуленов С. Наурызбай атты сұр перен // Қазақ әдебиеті.- 1992.- 5 маусым (№23).- Б.7

Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Наурызбай мен Ағыбай // Халық кеңесі.- 1992.- 11 маусым.- Б.3

Мұқанов С. Кенесары – Наурызбай туралы // Жұлдыз.- 1991.- №6.- Б.146-163

Мырзахметов Е. Хан кененің оң қолы // Қазақ әдебиеті.- 1992.- 5 маусым (№23).- Б.7

Нысанбай, Кенесары, Наурызбай: Жыр шежіре // Қазақ әдебиеті.- 1991.- 18 қаңтар.- Б.8-9

Сәрсенбайұлы М. Кенесары-Наурызбайдың қысқаша тарихы // Қазақ әдебиеті.- 1999.- 3 желтоқ. (№49).- Б.2-3

Тұрлыбайұлы Ж. Наурызбай батыр // Ұлан.- 1993.- 24 ақпан (№8).- Б.6

Ақпараттық мәдениет түсінігі

0
Әбіш Кекілбаев

Адамның  өмір  бойы  ақпараттық  мәдениетін   қалыптастыруы,  ол  болашақ  маман  үшін  олардың  кәсіби  білімалу  аралығында  қаланады.  Мамандар  даярлаудағы  алғашқы  сатысына  олардың  өздігінен  білімалуына  бағытталған  шараларды  ұйымдастыру  ісі  пайда  болады.  Қазіргі  ақпараттық  технологияларды  жоғары  білім  беру  жүйесіне  енгізгенде,  оқыту  материалдарының    педагогикалық  мазмұндылығы  мен  әркімнің  өздігінен   оқып  үйренуіне  жағдай  жасаудың  маңызы  зор.

Ақпараттық  орта  —  жаңа  ақпараттық  өнімді  өндірумен  байланысты    адамзат  әрекетінің  үнемі  кеңейіп  отыратын  аумағы,  технология  мен  қызметі,  себебі,  қазіргі  ақпараттық  ортаға  ғылыми – ақпараттық  орталық  байланысты  емес,  ақпараттық  желі,  кітапхана  мен  архивтер,  кеңселік  жүйелер,  бұқаралық  ақпараттық  құралдар,  яғни  түгелдей  индустрия  құру,  сақтау,  өңдеу  және  адамзат  әрекетінің  барлық  аумағында  ақпаратты  тарату.  Бұл  «ақпараттық  қоғам»  тенденциясын  көрсетеді – бұл  ақпараттық  технология  негізінде  байланыс  каналдары  мен  өзара  әрекет  ететін  мүшелер  арқылы  іске  асырылады.

Қазіргі  кездегі  қоғам  индустриялдық   кезеңнен  кейінгі  дамудың  ақпараттық  кезеңіне  аяқ  басты.  Ақпараттандыру  жағдайында    оқушылар  мен  студеттер  меңгеруге  тиісті  білім,  білік,  дағдының  көлемі  күннен – күнге  артып,  мазмұны  өзгеріп  отыр.  Оның  басты  сипаттарына  —  ақпараттық  технологияларды  кеңінен  пайдалану  адамдардың  көптеген  қызмет  түрлерін  компьютерлендіру,  коммуникациялардың  бірыңғай  халықаралық  жүйелерін  жасау  істері  жатады.  Қазіргі  кездегі  адамдар  үшін  «компьютерлік  сауаттылық»  дегеніміз  кешегі  жай  сауаттылық   (оқып  жаза  білу)  тәрізді  міндетті  түрде  іске  асырылатын  шара  болып  саналуы  тиіс.

Ақпараттық  қоғам  қалыптасуының  басты  механизмі – қоғамның  барлық  саласында  ақпараттық  технологияны    тиімді  қолдану  негізінде  ақпараттық  ресурстарды өндіру  индустриясын  құрайды  және  өңдеуді  қажет  ететін  ақпараттандыру  болып  табылады  [1].

Ақпараттылық  сауаттылық  түсінігі  1990 ж  ақпараттық  мәдениетті   үйретуге  екі  жақты  амалдың  нәтижесінде  қалыптасты:  бір  жағынан  — кітапхананы  жүргізу  және  ғылыми – ақпараттық  әрекет  позициясымен,  ал  екінші  жағынан  компьютерлік  технологияны   меңгеру  позициясымен.

Ақпараттық   мәдениет  дегеніміз  тек  компьютермен   дұрыс  жұмыс  істей  білу  ғана   емес,  кез  келген  ақпарат  көзін  —  анықтамаларды,  сөздіктерді,  энциклопедияларды,  теледидар  бағдарламаларын  т.б.  дұрыс  пайдалана  білу,   алынған  мәліметтерді  ой  елегінен  өткізіп,  талдай  білу  деген  сөз.  Қазіргі  Интернет  желісінде  жұмыс  істеу  білімгерлерімізге   әлемдік  білім,  ғылым  жетістігінен  хабардар  болып ,  оны  игеруге  шексіз  мүмкіндіктер  ашатыны  сөзсіз.

Ақпараттық  мәдениет  түсінігін  анықтауда  ғалымдар  мәдениеттің  коммуникативті  және  әлемтану    аспектілерін  енгізумен  бастайды.

Коммуникативті  «диалогтық»  аспектіні  түсіну,  яғни  кең  мағынада  « адам-адам»  диалогы  сияқты  қарастырылады  және  «адам-компьютер»  диалогы,  яғни  мынаны  игеруге:  басқаның  көзқарасын  тыңдау,  ойына  араласу,  ақпаратты  кез-келген  түрде  көру,  өзінің  ойын  жеткізу  және  өзінің  ақиқатын  дәлелдеу,  жалпы  шешім  табу  мен  жалпы  мақсатқа  жету  үшін  бірігіп  бағдарлама  құру  әрекеті .   Коммуникацияны   әртүрлі  авторлар    компьютер  және  адам  диалогы  деп  қарастырған  (В.А.Каймин,  Н.Угринович,  Н.М.Розенберг,  А.В. Соловев т.б)  адам-компьютер-адам  немесе  компьютерлік  коммуникация  деп  атайды.

Компьютерлік  коммуникация  желілік  бағдарламалық – ақпараттық  құралдармен  қорланады,  сөйлеудің  ауызша  және  жазбаша  жаңа  үлгісі  қалыптасады,  бұл  ақпараттық  және  телекоммуникациялық  технологиялармен  жүзеге  асырылады.

Біздің  көзқарасымызда,  студенттердің  тұлғалық  ақпараттық  мәдениетінде  интеллектуалдық  сапасы,  таным  үрдісін  өзіндік  ұйымдастыру  қабілеті,  критикалық  ойлау  қабілетін  енгізуге  болады.  Студенттердің  ғылыми-ақпараттық  іздеу  контекстінде  өзіндік  интеллектуалдық  әрекеті  тәжірибесі  пайда  болады,  өзгереді,  оларда  ғылыми  ойлау  дамиды.

Ақпараттық  қоғам  жағдайында  студенттердің  ақпараттық —  коммуникациялық  мәдениетін  қалыптастыру  көрсеткіштері  төмендегідей:

    • білім беру  жүйесінің  әлемдік  ақпараттық  кеңістікке  саналы  түрде  енуін  қамтамасыз  ету;
    • ақпараттардың шексіз  көлемі  мен  осы  ақпараттарды  аналитикалық  түрде  өңдеуді  қамтамасыз  етуге  даярлау;
    • ақпараттық ортада  жеке  тұлғаның  шығармашылық  сапасын  дамыту  мен  қалыптастыру  және  өзіндік  ақпараттық  ортаны  құру  дағдыларын  қалыптастыру;
    • Ақпараттық ортада  коммуникативті  мәдениетті  қалыптастыру;
    • Ақпараттық ортада  өзара  байланыс  қызметтерін  қалыптастыру;
    • Ақпараттық ортада  ақпаратты  алу,  таңдау,  сақтау,  қабылдау,  түрлендіру,  жіберу  және  бір-бірімен  сабақтастыру  мәдениеттерін  қалыптастыру;
    • Интерактивтік телекоммуникациялық  технологияларды  (Интернет,  қашықтықтан  оқыту  және т.б.)  қолдануға  даярлау
    • Ақпараттық-білімдік ортаны  модельдеу  мен  жобалау  қабілетін   қалыптастыру  және  осы  дағдыны  өзіндік  кәсіби  қызметтеріне  қолдануға  даярлау.

Сонымен,  болашақ  мамандарды  даярлауда   ақпараттық-коммуникациялық  мәдениетін  қалыптастыру  тәсілдеріне    мыналар  жатады:\r\n

    • Ақпараттарды өңдеудің  компьютерлік  технологияларын  теориялық  және  практикалық  тұрғыда  оқып  үйрену;
    • Әр түрлі  қолданыстағы  бағдарламалық  қамтамасыздандыруды  оқып – үйрену  және  оны  оқыту  үрдісінде  қолдану  мүмкіндіктеріне  талдау  жасау;

Ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  жеке  пәндерді  оқытуда   қолданудың  тиімділігін  негіздеу  жіне  дәлелдей  білу.

Студенттердің  ақпараттық  мәдениеті  компоненттері  келесідей    көрсеткіштермен  ерекшеленеді:

Осыларды  жеке-жеке  талдасақ:

    1. Әлемді түсіну:  әлемнің  қазіргі  ғылыми  бейнесін  түсінумен  білімін  сипаттайды,ақпараттың  ролі  туралы,  информатика  мен  ақпараттық   технология,   қазіргі  дамыған  қоғамда  ауқымды  ақпараттық  кеңістікті,  олардың  өзара  әрекеті,  қазіргі  ауқымды  үрдістерді    түсіну,   қоғамның  ақпараттық  инфрақұрылым  туралы  құқықтық,  этикалық,  қоғам  мен  жеке  тұлғаның  ақпараттық  қауіпсіздігі,  ақпараттық  қоғамда  құбылыстар  мен  үрдістерді   болжау  қажеттілігі  туралы  ауқымды  ақпараттық  кеңістікті  ұғыну;
    1. Рефлекс. Өзін  сезіну,  өзіндік  дамуға  ынталандыру,  өзін-өзі  басқару  мен  оқу  арқылы өзін-өзі  игеру  рефлексі,  сондай-ақ  өзінің  оқу  танымдық  қабілеттілігіне  талдау  жасау  арқылы  субъектінің  өзінің  әрекетін  түзетуші  ретінде  өзін-өзі  тәрбиелеу.
    1. Компьютерлік сауаттылық.  Сандық  мәліметтерді  өңдеу  принципі  компьютер  құрылғылары  және  қазіргі  сыртқы  құрылғылар,  Windows ОЖ –сін  білу  және  олармен  жұмыс  істеуді  меңгерту,  бумалармен  жұмыс  істеу  дағдысы,  стандартты  бағдарламалар,  мәтіндік  және  кестелік  редакторлармен  жұмыс  жасай  білу,  компьютерлік  желі  ұғымы,  Интернет  желісі  мен  жергілікті  желіде  жұмыс  істей  білу,  қарапайым  ақпараттық —  іздеуді  білу,   мәліметтер  қоры  туралы  түсінік,  оларды  ақпараттық  сақтау  тәсілдері  мен  ақпарат  алу  мүмкіндігін  білу,  сұраны  құра  білу,  жаңа  бағдарламалар  құралдарын  еркін  игеру.
    • Ақпараттылық сауаттылық.  Ақпарат  түрлері  мен  үлгілерін,  ақпараттық  жүйе  мен  ресурстар  түсінігі,  ақпараттар  легі,  ақпараттық  іздеу  тілімен  танысу  жіне  ДК-де  ақпарат  іздеудің  қарапайым  түрін  білу,  Интернет  желісінде  ақпарат – іздеу  сұранысын  құру,  ақпаратты  жинау,  сақтау,жеткізу,  ақпаратты  талдау  мен  синтездеу.
    • Коммуникативтік.  Адам – компьютер  диалогын  іске  асыруды  білу,  электрондық  поштамен  жұмыс  істеу,  интернет  сайттарымен,  гипермәтінмен  жұмыс,  адрестер  мен  сайттардан  ақпарат  сақтау  тәсілдерін  игеру,  желіде  қызмет  көрсету  бағдарламалары  туралы  ұғымды  білу,  қарым-қатынас  ережелері    мен  нормалары,  таныс  емес  жағдайда  адам-компьютер  диалогын  жүргізу.
    • Ақылмен әрекет  ету.  Объектілермен,  жағдайлармен,  түсінік,  белгі,  түсіну,  түсіндіру  қабілетін  сипаттайды.  Түсінікті  анықтауда  талдау  мен  синтездеудің  қабілеттілігінің  болуы,  мәселеге  қатысты  сұрақтар  қою,  баға  беру т.б.
    • Интелелектуалды шешімді  іске  асыруды  игеру.    Шешімді  тексеру  мен  түзету,   эвристикалық  әдістердің  логикалық  шешімі  мен  оны  іске  асыру,  мәселені  талдау,  жаңа  объектімен  өзіндік  жұмыс  жасау.
    • Ақпаратты қайта  өңдеуді  игеру.  Мәтіннің  мағыналы  элементін  ерекшелеу,  негізгі  идеяны  бейнелеу,  негізгі  жағдайды,  байланыстыалу,  мәтінді  өзгертуді  орындау  (жоспар,  конспект).  Мәтін  құрылымын  сызба  түрінде   құру,  мәтін  бойынша  сұрақтар  мен  жауаптар  құрастыру,  реферат,  резюме  құруды  меңгеру.

Қорытындылай  келе,  болашақ  мамандардың  ақпараттық  мәдениетін  дамыту  келесідей  талаптарға  сай  анықталады:\r\n

    • Қазіргі білім  беру  жүйесіндегі  ақпараттық  кеңістік  туралы  біртұтас  түсінікті  қалыптастыру;
    • Ақпараттық (дербес  жағдайда,  компьютерлік)  сауаттылық:  ақпараттық  технологияларды  қолдану  әдістерін  меңгеру,   қолданбалы  бағдарламалық  құралдарды  меңгеру.
    • Өз қызметтеріне  жаңа  ақпараттық  технологияның  мүмкіндіктерін  пайдалану:  жаңа  ақпараттық  технологияның  мүмкіндіктері   туралы  білім;    коммуникациялық  қызметтерді  пайдалану  дағдысы;  білім  беру  үрдісінің  ерекшеліктерін   ескере  отырып  оларды  өз  қызметтеріне  сәйкес  бейімдеп  пайдалану.

 

Қолданылған  әдебиеттер:

    1. К.М. Беркімбаев  Болашақ  экология  мамандарын  кәсіби  даярлаудағы  информатикалық  пәндерді  оқыту  үдерісінің  педагогикалық  жүйесі.  Пед.ғыл.докт.дисс…..13.00.08. – алматы,  2006,89- б.
    1. К.М . Беркімбаев, Н.И.  Байтерекова.   Ағылшын  тілін  оқытуда  компьютерлік    телекоммуникация  технологияларын  пайдалану. //зерттеуші-Исследователь, №11-12(31-32),33-35 б. 2008 ж

 

Автор:   Ж.Бимырза.

Қызылорда  облысы, Қазалы ауданы, 

Жанқожа ауылы №94 орта мектептің 

информатика пәнінің мұғалімі