ХV ғасырдағы қазақ хандығы және қазақ әдебиеті. Асан қайғы Сәбитұлы шығармашылығы

0
1226

Авторлығы жоғалмаған шығарма әманда туынды иесінің қай кезде өмір сүргендігін, ол кездегі жыраудың немесе ақынның елінің хәл-ахуалын,   билеушісі кім екендігін анықтауға жәрдемін тигізетіндігінде дау жоқ.

Бұл тұрғыдан келгенде халқының тағдырын өзінен  бұрын өмір кешкен Қорқыт атасы секілді көп ойлап, уайым жегендіктен Асанқайғы атанған. (Халидұлы Қ. Тауарих хамса. Қазан, 1910. 222 б; Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар. Алматы: 1985. 146 б). Тек бір ғана қазақ халқы ғана емес,  көршілес  қырғыз жұртында белгілі: Әз-Жәнібек, Керей хандармен бірге Әбілқайырға қарсы күрестің басында болған қарт жыраудың орны айырықша.

Бүкіл саналы тірлігі, кейінгі қалдырған әдеби мұрасы қазақ жұртының өмірінен ажыратып алғысыз болып келетін оны қазақ жырауы емес еді деуге ауыз бапрмайды. Сондықтан да Құрбанғали Халидұлының Құдабай ақыннан жазып алған: “-Асанның асыл түбі Ноғай деймін, үлкендердің айтуы солай деймін. Бұл сөзге анық қанық емес едім, естігенім тақсыр-ау былай деймін. Тегінде ноғай,  қазақ түбіміз бір, Алтай, Ертіс, Оралды қылған дүбір.

Орманбет хан ордадан шыққан күнде, Асан ата қайғырып айтыпты мұң,”- дейтін туындыдағы оны Ноғай етіп көтсетіп, бірақ қазақпен ноғайдың арғы жағы бір дейтін деректеме де пәлендей қайшылық жоқ деп білген орынды. Өткені, ол тұста қазіргі қазақ ұлтын құрайтын, кезінде Жәнібек пен Керейдің Әбілқайырдан бөлінуіне себепкер болыпты дейтін Дайырқожа мен Қобыландының аталастары Арғын мен Қыпшақ рулары әлі де болса Дешті-Қыпшақ ұлысының қарамағынан толық шығып кете қойған жоқ-ты.

М.Әуезов сөзімен айтқанда бұл- ХІІІ-ХІV ғасырлардағы  қазақ руларының “Алтын Орда, қазан хандығы, ноғайлы,өзбек бірлігі сияқты хандықлтардың бәріне де кірген, солармен бірге ыстығына күйіп,суығына тоңып ірі тарихи оқиғаларды бастарынан бірге кешіріскен тұстары болатын-ды. Сондықтан ХІV- ХV ғасырларда өмір кешкен, Тоқтамыс ханның атынан 1393 жылы Ягайлаға елші болып барған Асанқайғы туралы халық аңыздары мен сол аңыздармен мазмұндас келетін оның жырлары бізге Қазақ қауымының жеке елдік мәртебеге ие болған заманының көркем сөзбен өрнектелген жәдігерлігі секілді болып қабылданады.

Тегінде мұндай атышулы бедел иелерін өзім деп, өзге деп бағамдауда халық өте принципшіл. Ол көсемім, ақылгөй азаматым аз еді деп, жат елдің әруағы асқан абыройлы перзентін өзінікі етуге тіптен де тырыспайды. Өткені, қабырғалы халыққа өлермен даңғойлық жат. Жаттан жақын жасауға оның елдік ар-намысы жібермейді. “Құйрығы жоқ, жалы жоқ, Құлан қайтіп күн көрер? Аяғы жоқ, қолы жоқ, Жылан қайтып күн көрер?”

Міне, осы жырды қазақ халқы Асанқайғынікі дейді. Қазақта жырау аз ба? Ақылман аз ба? Солардың кез-келген біреуіне осы туындыны қия салуға болар еді ғой. Жоқ, мұнда да сол кеңнен ойлайтын, кемел ақыл, үлкен адамның сөзі еді деп, оның пікірін, әруағын сыйлап,елдік тұрғыдан принциптілік көрсетеді.

Бүгінгі заман адамның түсінігімен алғанда қоршаған ортаның фауна, флорасының қамын толғаған, толғаудың бір үзігіне солай қарағанда халық оның қамын толғаған,толғаудың бір үзігіне солай қарағанда халық оның ел басы Жәнібек ханға арнап айтқан туындысын одан әрмен қоршаған аялап бағатындығы да содан. Бұл сабақта осы мәселелер жайы сондай-ақ, жыраудың дін, ғылым, адамгершілік, ел бірлігін жырлаған шығармаларының ғибадаттылық мәні мен мазмұны  тереңнен қозғалып айтылады.

Дереккөз: ҚазҰУ, филология факультетінің дәрісі

Ұқсас материал: 

  1. Сыпыра жырау туралы мәлімет
  2. ХІV–ХVІІІ ғасырлардағы ұлттық әдебиетіміздің жыраулары мен ақындары шығармашылығының негізгі ерекшеліктері
  3. Көркем троптар, олардың түрлері
  4. Әдебиет – сөз өнері.  Әдебиет туралы ғылым, оның салалары.
  5. Өнерінің эстетикалық табиғаты
  6. Сөз өнерінің образдық табиғаты. Образ, жасалу жолдары және оның түрлері
  7. Көркем туынды – әсемдік әлемі. Тақырып пен идея бірлігі
  8. Ғылыми стильдің тілдік амал-тәсілдері
  9. Қазақ әдебиеті бойынша тақырыптық тест жинағы
  10. Көркем шығарма тілі туралы ақпарат
  11. «Бесатар» повесі немесе қызыл империяға қарсы атылған оқ
  12. Өлең сөздің табиғаты. Өлең жүйелері туралы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ