І.Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасындағы «Бай-бай, Құлагерім!..» жақтауындағы ақын мен тұлпар өмірі ажырамас тұтастық па?

0
2563
Иллюстрация: Freepik.com

Жаңа әдебиеттің негізгі идеясын қабылдап, оны жырлауға құлшыныс білдірген ақынның бірі – Ілияс Жансүгіров еді.

Төңкерістен бұрын демократиялық бағытта өлеңдер жазған ақынды идеясына тартқан да өкіметтің кедейлерге деген қолдауы болды. 20-жылдардың аяғына қарай Ілияс эпикалық поэзияға бет бұрды. Оның ұзын сарынды эпикалық поэмалары қазақ тарихындағы елеулі кезеңдерді, ел басындағы қуаныш пен ауыр күндерді, әр заманда өмір сүрген адамдар өмірін жырлауға арналған.

Осындай өнер тақырыбына жазылған туындыларының бірі – атақты «Құлагер» поэмасы. Бұл поэманы ақын қазақ халқының ардагер ұлы Ақан сері арнаған.

«Құлагер» поэмасы – ақынның эпикалық жырларының ең соңғысы және поэзиясының ең биік шыңы. Поэмаға арқау болған оқиға – тараудың басындағы тұсында сері болсын, пері болсын, өмірімен ұнаған Ақан және тұлпар ат Құлагер. Поэма сюжетін құрайтын оқиғалар асты бейнелеген тарауларда ат жарысын, Құлагердің мерт болуын, сонымен байланыста Ақанның қайғы-шерге көмілуін суреттеген тарауларда баяндалған.

Құлагердің өлімі асыл Ақан үшін өте ауыр болады. Ол айдалада Құлагердің басын құшақтап көзінен қанды жас ағады. Құлагер – Ақан серінің сұлулығы, идеалы. Менің ойымша, ақын мен тұлпар өмірі ажырамас тұтастық. Себебі, оның түсінігінде ондай тұлпар енді келмесі анық. Сол тұлпармен жүрек түкпіріне ұялаған әсемдік, көркемдік бәрі жоғалған. Оның бұрынғыдай ән айтуы да, ел арасында жайраңдап жүруі де екі талай. Құлагерге жұмсалған айбалта, Ақанның өзіне тиген, ол енді тірі өлік.

«Құлагер» поэмасындағы ақынның көркемдік шеберлігі, тілінің аса шұрайлығы жайлы М. Қаратаев «Қазақ поэзиясының Құлагері» деген ғылыми зерттеуінде: «Мұндағы ұмытылмас сұлу картиналар, айқын, әдемі образдар, шындықтан туған романтикалық леп, бұлақша сылдыраған нәзік лирикалық сезім, серпінде, кең эпикалық құлаш, балы сорғалаған құнарлы бай тіл, ұйқасы сыңғыраған кәдімгі он бір буынды қара өлеңнің мінсіз-мүлтіксіз үлгілері «Құлагер» поэмасын шын мәнінде поэзияның «сұлу сарайы», Жансүгіров творчествосының биік шыңы деуге толық дәлел бола алады» — деп түйген болатын.

Тілінің байлығы, тазалығы, мөлдірлігі мен бейнелілігі жағынан «Құлагер» — қазақ поэзиясындағы ең үздік поэмалардың бірі.

Қысқасы, «Құлагер» дастаны ақын туралы, оның тағдыры десек те, оның негізгі өзегі – Ақан трагедиясы арқылы әлеуметтік орта және замана лебі, қуанышы мен қайғысы кең көлемде жырланған ірі лиро-эпикалық поэма.

Ұқсас материал: 

  1. С.Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңіндегі нағыз досқа тән қасиеттерге өз көзқарасыңызды танытып, сыни талдау жасаңыз
  2. «Абай жо­лы» ро­ман-эпо­пея­сы туралы түсінік (І том)
  3. Мәди Бәпиұлының «Қарқаралы»,«Қаракесек» өлеңдері арқылы ақын өмірінің көрінісін талдап жазыңыз
  4. Ақан серінің «Құлагер» өлеңіндегі Құлагердің сипатын талдап жазыңыз
  5. Әсет Найманбайұлының «Салиха-Сәмен» поэмасы мен ғашықтық жырларындағы жігіт сипатын талдап жазыңыз
  6. А. Байтұрсыновтың «Қазақ салты» өлеңіндегі қазақ халқының психологиясын талдап жазыңыз
  7. М.Дулатов автор ретінде «Бақытсыз Жамал» романындағы үстем тап өкілдерін жақтаушы ма, әлде даттаушы ма?
  8. М.Жұмабаевтың «Толқын» өлеңін адам өмірімен байланыста қарауға бола ма? Көзқарасыңызды дəлелдеңіз
  9. Үкілі Ыбырайдың «Қалдырған» өлеңіндегі астарлы ойды талдап жазыңыз
  10. Сал-серілердің (әнші-ақындар) өлеңдеріндегі қыз сипатын жазыңыз
  11. Жаяу Мұсаның қиянатқа жазылған “Ақ сиса” өлеңіндегі оптимистік ой-толғамдарға дәлелдер келтіре жазыңдар
  12. Әнші-ақындардың өлеңдеріндегі серілік табиғатын талдап жазыңыз
  13. Ш.Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасындағы Еңліктің қазақ қызына кереғар мінездерін талдап жазыңыз
  14. Асқар Сүлейменовтың өмірі мен қызметі
  15. «Қаһар» романы туралы. Шығарманың тілдік ерекшелігі

ПІКІР ҚАЛДЫРУ