«Ілік септік» (сабақ жоспары)

0
3226
Гомотетия және оның қасиеттері

Мақсаты:

Білімділік: Зат есімнің септелуі туралы білімдерін толықтыру; Ілік септігі және оның сұрақтары мен жалғаулары туралы білімдерін қалыптастыру;

Дамытушылық: Сөздік қорын байыту, сөйлем ішінен ілік септігінде тұрған сөздерді табуға үйрету

Тәрбиелік: Ұжыммен жұмыс жасауға, айналасындағыларды тыңдай білуге, қорытынды жасауға, ойын жинақтауға машықтандыру.

Сабақтың көрнекілігі : Кесте, қима қағаздар, суреттер.

  1. Сабақ жоспары: Есептік және реттік сан есімді бекіту
  2. Есімдіктің сөйлемдегі қызметі (сабақ жоспары)

Сабақтың өту барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.

— оқушылар назарын сабаққа аудару;
— оқушыларды сабақ мақсатымен таныстыру.

Психологиялық дайындық

Қайырлы күн деп айтамыз
Бір болып кешке қайтамыз
Отбасының гүліміз
Көңілді өтер күніміз
Терең ғылым сананың
Тегі деп ой саламын
Маңыз беріп оқимыз
Қазақ тілі сабағын

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
«Көршіңді тексер» (Үй тапсырмасын тексеру)
Әр оқушы көршісінің үй тапсырмасын тексереді, бағалайды.

ІІІ.Өткенді қайталау. «Зат есімнің септелуі»
«Септіктің жеті ұлы»ертегі . Ерте, ерте, ертеде, ешкі құйрығы келтеде, қазақ тілі жерінде, зат есімнің елінде, Септік деген шал болыпты. Оның Атау, Ілік, Барыс, Табыс, Жатыс, Шығыс, Көмектес атты жеті ұлы бар екен. Күндердің күнінде Септік шал балаларын жиып ап:

– Қарақтарым, менің төрімнен көрім жақын. Талапты азамат ертеңгі күнін бүгін ойлар. Бір апта мұрсат беремін. Жан-жақты шарлап, әрқайсысың жаныңа сүйеніш, өміріңе азық болар зат әкеліңдер депті. Ұлдары әке сөзін құп алып, жол жүріп кетіпті. Уәделі күні сапардан балаларының бәрі оралыпты.

– Қане, олжаларыңды көрсетіңдер,-дейді сонда шал. Алдымен үлкен ұлы Атау кім ? не? деген затты. Бәрі заттарын алға тартады. Сонда қара.

– Халық деген алып бар. Халықпен сыйласу үшін бұларың аздық етеді. Сондықтан сендерге 1 апта мұрсат берейін. Мыналарыңа сүйеніш, тірек тауып келіңдер,- деп шығарып салады. Уақыт зымырап өте шығады. Белгіленген күні шал келіп қараса, үлкен баласынан басқасы түгел екен.
– Әкелгендеріңді мұнда қаз-қатар қойыңдар, оған дейін Атау да келіп қалар, — дейді шал.

Ілік: -ның,-нің,-дың,-дің,-тың-тің.

Барыс: -ға,-ге,-қа,-ке,-на,-не,-а,-е.

Табыс: —ны,-ні,-ды,-ді,-ты,-ті,-н.

Жатыс: -да,-де,-та,-те,-нда,-нде.

Шығыс: -дан,-ден,-тан,-тен,-нан,-нен.

Көмектес: -мен,-бен,-пен,-менен,-пенен,-бенен, деген жалғауларды қаз-қатар қойған кезде Атау кіріп келеді. Басы салбырап кеткен.
– Неге кешіктің?- дейді әкесі.
— Ештеңе таппадым… Сонда қарт алты баласына қарап: – Балаларым, сендер сыннан жақсы өттіңдер. Мына Атаудың кінәсін кешіріңдер. Қанша дегенмен ағаларың ғой. Тұңғышым болған сон еркелетіңкіреп өсіріп едім. Бірлік бар жерде тірлік бар деген. Біріңді-бірің сыйлап, барды қанағат тұта біліңдер. Тағы да өтінем, мен үшін кешіріңдер,-деп сөзін аяқтады. Балалары өзара ақылдаса келіп, әкесінің қасынан Атаудан бастап кезегімен үй салады.

Жұрт та әрқайсысына әкесінің атын қосып, оларды Атау септік, Ілік септік, Барыс септік, Табыс септік, Жатыс септік, Шығыс септік, Көмектес септік деп атауды үрдіске айналдырыпты. Сол ел адамдардың айтуына қарағанда, өздеріне ісі түсіп келген кісіні Атау септігінен баста, кішілері Көмектес септікке дейін көмектесіп, бір-бірін толықтыра отырып, риза қылып, шығарып салатын көрінеді.

Атау септіктегі зат есімдер Кім? Не? Кімдер? Нелер? деген сұрақтарға жауап береді, сөйлемде  бастауыш болады. Қар қалың жауды.

ІҮ. Жаңа сабақты хабарлау.
Ереже: Ілік септіктің сұрақтары: кімнің? ненің? кімдердің? нелердің?

Ілік септіктің жалғаулары: -ның, -нің, -дың, -дің, тың, -тің.

Үлгі: Шыршаның түсі, жұлдыздың бұрышы, …
V. «Демалыс» (Сергіту сәті)
ҮІ. «Оқулықпен жұмыс

1-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойып, сөз тіркестерін көшіріп жаз.
Қайың…,қабығы, тақта….алдында, ешкі… сүті, тауық… балапаны, күн… сәулесі, от… қызуы.

3-жаттығу. Көп нүктенің орнына ілік септік жалғауларын қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

1.Жағымсыз қылықтардан сақтану – әдептілік… белгісі.
2.Үлкенді сыйлау-кіші… парызы, өзінен кішілерге білгенін үйрету – ересек…. парызы. 3. Ең алдымен, бастар іс…. нәтижесі қандай болады, соны ойланып ал.
4. Қар жауғаннан кейін аңдар…. ізі анық көрінеді.

VІ. «Білгеніңді пайдалан» (Сабақты бекіту)
А) Мақалдарды ілік септікте тұрған қажет сөзді қойып көшіріп жазу:
Туған … түтіні де ыстық.
… өзегі талмас.
Ас — … арқауы.
… шиесін шын шығарады.

Қажетті сөздер: Өнерлінің, адамның, жердің, өтіріктің

VІІ. «Не үйрендік? Не білдік?» (Сабақты қорытындылау)

VІІІ.Бағалау: Сабаққа жақсы қатысқандарды бағалаймын.

ІХ. Үйге тапсырма 6-жаттығу: Көп нүктенің орнына ілік септіктегі сөздерді тауып жаз. Ілік септіктегі сөздерге сұрақ қой.

Дереккөз: «Ұстаз» ғылыми әдістемелік журналы

Ұқсас материал:

  1. Қазақ тілі пәні бойынша бөлімді қорытындылауға арналған тест тапсырмалары
  2. Қазақ тілі пәні бойынша бөлімді қорытындылауға арналған тест тапсырмалары
  3. Қашаған Күржіманұлының өміріне байланысты тест сұрақтары
  4. Қазақ әдебиеті бойынша тақырыптық тест жинағы
  5. Тест: Ақиық ақынның өлеңдерін қаншалықты жақсы білесіз?
  6. Эс­се жә­не оның түр­ле­рі
  7. Қазақ тілі бойынша тақырыптық тест сұрақтары
  8. Ғылыми стильдің тілдік амал-тәсілдері
  9. Шешендік өнер тарихы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ