Арнайы пәндерде деңгейлік тапсырмаларды қолдану тиімділігі (сабақ жоспары)

0
720
Гомотетия және оның қасиеттері

«Кәсіптік білім беру» сөздігінде: «Кәсіби құзыреттілік competenens –қабілетті, белгілі бір саланың тҧлғаларының білімінің, білігінің, тәжірибесінің сәйкестігінің мөлшері»,- деген анықтама берілген.

С.М.Вешниякова

Түйіндеме: Техникалық және кәсіптік білім беретін колледждерде студенттерді оқытудың басты мақсаты – олардың жеке қабілеті мен қызығушылығына қарай
қабілеттерін аша отырып, сапалы бастауыш кәсіптік білім беру болып табылады.

Білім берудің қазіргі заман талабы – тҧлғаның жан-жақты іс-әрекеттерін кеңейтіп, өздігінен шешім қабылдай білу және өз ойын ашық жеткізе білу қабілетін жетілдіру, олардың тіл байлығының қалыптасуына басты көңіл аудара отырып, жалпы өмірлік, кәсіби мүмкіндіктерін дамыту. Осы мақсаттарды жҥзеге асыру үшін оқытудың әдістемелік жҥйесін дамытып, оқутәрбие ҥрдісін жаңа педагогикалық технологиялар негізінде ұйымдастыру қажет деп білемін.

Студенттердің пәнге қызығушылығын арттыруға, білім сапасын көтеруге, оларды
шығармашылыққа баулып, ізденушілік қасиеттерін жетілдіруге және уақытты үнемді
пайдалануға мүмкіндік туғызатын әдіс ретінде деңгейлеп – саралап оқыту әдісін таңдадым.

Тірек сөздер: заман талабы, кәсіптік білім беру.

Сабақтың тақырыбы : «Автомобильдің жетектеуші белдігіндегі (мостыдағы)
дифференциалдың түрлері және жұмыс істеу принципі»

Сабақтың мақсаты :
а) Білімділік : Автомобильдің жетектеуші белдігіндегі ( мостыдағы) дифференциалдың түрлері және жұмыс істеу принципі ;

ә) Тәрбиелік : Студенттерді белсенділікке, жауапкершілікке, іскерлікке , тапқырлыққа тәрбиелеу;

б) Дамытушылық : Студенттердің ой-өрісін кеңейту, жалпы тақырыптар бойынша алған теориялық білімді практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыру;

Сабақ түрі : аралас сабақ

Сабақтың өту әдісі : деңгейлеп оқыту

Көрнекі құралдар : плакаттар, макеттер, сөзжұмбақтар, тесттік карточкалар

Пәнаралық байланыс : физика, материалтану

Деңгейлік тест тапсырмалары :
I-нұсқа (III деңгей )

1. Доңғалақ формуласы 4х2 болған автомобильдің жетектеуші белдігі қанша?
а) екеу ә) үшеу б) біреу в) жоқ

2. Автомобиль белдіктерінің түрлері?
а)жетектеуші ә)жетектеуші, жетектелуші б) ұстап тұрушы в) барлығы дұрыс

3. Жетектеуші белдіктің жалпы агрегаттары қай жерінде орналасады?
а) белдіктің жарты осьінде ә) доңғалақта б) белдіктің картерінде в) дифференциалда

(II деңгей)

1. Бір сатылы бас берілістің қандай түрлері бар?
а) конусты ә) гипиодты б) цилиндрлі, гипиодты в) конусты, гипиодты

2. ЗИЛ-130 автомобилінің бас берілісі неше сатылы?
а) 2 сатылы ә) 1 сатылы б) 2 сатылы в) бәрі дұрыс

( I деңгей)
1. КамАЗ автомобилі бас берілісінің таулық жерлерде өткізу саны нешеу?
а) 5 ә) 4,5 б) 6 в) 7,22

2. КамАЗ автомобилінің жетектеуші белдігіндегі доңғалақ арасын блокирлеуші
дифференциалды муфта қандай жүйені қолданумен іске қосылады?
а) гидравликалық жүйені ә)механикалық жүйені б) пневматикалық жүйені
в) механикалық және гидравликалық

II-нұсқа (III деңгей )

1. Доңғалақ формуласы 4х4 болған автомобильдің жетектеуші белдігі қанша?
а) 1 ә) 3 б) 2 в) 4

2. Жетектеуші белдік жалпы қандай агрегаттарды құрайды?
а) бас беріліс ә) бас беріліс дифференциал б) жарты осьтер в) барлығы кіреді

3. Бір пар конусты шестернядан тұратын қарапайым беріліс қандай автомобильдерде
қолданылады?
а) жеңіл автомобильдерде ә)төменгі жүк көтергішті жүк автомобильдерде
б) орташа жүк автомобильдерде в) барлығы дұрыс

(II деңгей)

1. Қандай тетік дифференциал деп аталады?
а) конусты тісті шестерня ә) бір білекті екі дөңгелектің екі түрлі шапшаңдығын басқаратын тетік б) бір білекті екі дөңгелектің бір түрлі шапшаңдығын басқаратын тетік в) барлығы дұрыс.

( I деңгей)
1. КамАЗ автомобиліндегі жетектеуші белдіктің доңғалақ арасын блокирлеуші
дифференциалдың муфтасын қандай жағдайда қосамыз?
а) балшық тайғақ, құмды жолдарға жақын келгенде қосамыз;
ә) автомобиль балшықты немесе тайғақ жолда тайғанап тұрған кезде;
б) тегіс жолдарда да қосып жүреміз в) барлығы дұрыс

2. Бір сатылы қисық тісті конусты берілісте ең жоғарғы өткізу саны нешеге дейін болады?
а) 5-6 ә) 4-5 б) 3-4 в) 6-7

Сабақты бекіту :
1. Екі сатылы бас берілістер қандай автомобильде қолданылады?
2. Бір сатылы мен екі сатылы берілістердің бір-бірінен айырмашылығы қандай?
3. Дифференциал деп неге аталады?

Сабақты қорытындылау : Сөзжұмбақ құрастыру
1. Двигательдегі бөлшектер
2. Двигательдің газ тарату механизміндегі деталь бөлшектің аты
3. Дизель двигателіндегі қоректендіруші жүйесіндегі деталь
4. Автомобиль жарық беруші жүйесінің бір бөлігіне тиісті электр жабдығы

5. ГТМ-дегі детальдің аты
6. Салқындату жүйесіне тиісті деталь
7. ГТМ-дегі детальдің аты
8. Электр жабдықтарына тиісті тоқ беруші аппараттың аты
9.Газ таратушы механизмнің отынды жеткізіп беретін деталь аты
10. КШМ-нің деталь бөлшегі
11. КШМ-нің деталь бөлшегінің аты

Үйге тапсырма беру :

1. Дифференциалдың құрылысы, түрлері, жұмыс істеу принципі туралы толық мәліметтер жинау.

2. Әр түрлі маркалы ГАЗ-53, КамАЗ, ЗИЛ-130, ГАЗ-24 автомобильдеріндегі дифференциалдық бас берілістің орналасуын зерттеп, ұқсастықтары мен ерекшеліктеріне «Венн диаграммасын» құру.

Қорытынды: Студенттердің пәнге деген қызығушылығы артып, айналасында болып жатқан өзгерістерге ойлы көзқараспен қарауға, пайымдауға дағдыланады.Сондай-ақ үлгерімі мен білім сапасы бұрынғы деңгейінен айтарлықтай жоғарылайды.Оқытуды топтық, жұптық, ұжымдық, ойын, сайыс, бәсеке түрінде ұйымдастыру студенттердің өз-өзіне деген сенімін нығайтады. Әр студент жеке басының мүмкіндігі мен қабілетін сезінеді де үздіксіз ізденіп, мақсатқа жетуге тырысады. Деңгейлеп оқыту оқушы білімін жетілдіре отырып, тәрбиеге зор мән беруді талап етеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Автомобильдің құрылысы және пайдаланылуы П.Ж.Жүнісбеков.
2. Автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет П.Ж.Жҥнісбеков, М.Т.Жетпейісов.
3. Автомобильдер мен қозғалтқыштар теориясы Б.Алиев.

Дереккөз: «Ұстаз» ғылыми әдістемелік журналы

Басқа материалдар:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ