Абай жолы романындағы Абайдың азаматтық келбеті (сабақ жоспары)

0
2540

Түйіндеме: Қазақ халқының өткенін білгісі келетін адамның бірде-бірі «Абай
жолы» романын жанап өте алмайды. Романның әр бөлімі ғылыми –
этнографиялық еңбектерге пара-пар.

Абайдың адам, азамат, ақын ретінде қалыптасуы сол жарты ғасыр ішіндегі қазақ қоғамының барлық саласындағы өмірдің барлық ойы-қыры, қия-қалтарысымен өріле суреттеледі. Абай арқылы өткен ғасырдың екінші жартысындағы және осы ғасырдың басындағы бҥкіл халық тіршілігін, оның көп бұралаң тағдырын,ой-арманын, мақсат-мҥддесін, күрес-тартысын… бәрі-бәрін түгел шарлап өтеміз. Романдағы Абайдың азаматтық келбеті туралы өткізілген сабақ үлгісі.

Тірек сөздер: жеке тұлға, өмірлік ұстаным, азаматтық қасиет, мәңгілік мұра.

Сабақтың мақсаты:

а) білімділігі: жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, романдағы Абай бейнесін ашу.

ә ) дамытушылық: ақынның азаматтық қасиеттеріне баға бере білу, жеке тұлға ретінде
шығармашылық жұмысқа баулу, ойларын нақты жеткізе білуге дағдыландыру.

б) тәрбиелік: Абай бейнесін үлгі ете отырып, ізгілік , адамгершілік, инабаттылық, өмірлік ізет кағидаларын өмірлік ұстаным ете білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: сыни тұрғыдан жаңа білімді талдау.

Түрі: дәстүрлі

Сабақтың көрнекілігі: портреттер, тірек сызбалар, интерактивті тақта, оқулықтар, баспа өз материалдары

Мазмұны : 

Ұйымдастыру кезеңі
1 Жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған ұяшықтарды ашу арқылы М.Әуезов туралы білімдерін тексеру.

Жаңа сабақ: Ой шақыру. «Абай жолы» романын оқығаннан кейін Абай барар жол қандай деп топшылар едіңдер. (Интерактивті тақтада жаздырту.)

1.Оқушының тәжірибесін өзектілеу кезеңі. Біз танысқан бөлімдерден Абай қалай танылды.

1.Тарау. «Қайтқанда» Бала Абай
2.Тарау. «Жолда» Ер жеткен Абай
3.Тарау. «Шытырманда» Бозбала Абай
4.Тарау «Өрде» Азамат Абай
Интерактивті тақтадан дұрыс жауапты көрсету, оқушылардың өз жазғандарымен салыстыру.

2. «Екі түрлі түсініктеме күнделігі» стратегиясы.Дәптердің оң жағына өздеріңе әсер еткен оқиғаларды жазу.

3.Оқулықпен жұмыс.
Барластың батасы :
Шырағым, ер жетерсің,
Ер жетсең, сірә не етерсің
Алысқа шырқап кетерсің,
Шыңдасаң шыңға жетерсің!
Бөжейдің Абайға берген батасы:
— Ендігінің жүгі сенде қалар,балам!

Жолың болсын! Әкеңнің қаталдығын бермесін.Абайдың азамат болып өсуіне осы баталардың әсері тиді ме?

4. Сөздік жұмысы: «Отамалы,сәуір,Өліара,Өкіл күйеу» сөздеріне тоқталу

5. «Кейіпкерлер әлеміне саяхат» (слайдтан картаны ашу арқылы кейіпкерлердің есімін табу)

1. Бойы өскен,бойшаң ғана өсімдік бейнелес кім? (Абай)
2. «Барып тұрып былтырғыдай кеудеге қақтырам ба»? Кімнің сөзі? (Құнанбай)
3. «Арыз -құразды ұмытпаңдар адам болсаң» ( Зере)
4. «Сендер келгелі жақсы сөздеріңмен ем әкелгендей болдыңдар!» (Ұлжан)
5. Орташа келген сұлу мұрынды кім? (Тоғжан)

6. «Кім білгір»? Сұрақтар.

Романның алғашқы атауы?

Ондағы Барлас ақын кім?

Роман қанша тілге аударылған?

Абайға мін таққан кім?

7. «Автор орындығы» стратегиясы.
— Балалар ,Абай болып ұрпаққа хат жазыңдар

Қорытынды:
— «Абай жолы» романынан Абай ақынның қандай келбетін таныдық.?
Интерактивтік тақтадан жаздырту. Туған халқының мәңгілік мұра болғандай ғасырлық туынды сыйлау  тек қадау-қадау ұлдардың ғана үлесіне тиген.Солардың бірі -М.Әуезов» ( З.Қабдолов)

Бағалау:
Рефлексия кезеңі: — Бүгінгі сабақтан алған әсерің қандай?
Үй тапсырмасы.

Дереккөз: «Ұстаз» ғылыми әдістемелік журналы

Басқа материалдар:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ