Іскерлік қарым-қатынастың тиімді болуына қажетті алғышарты

0
22915

Тіл арқылы қарым-қатынас жасау – адамдар арысындағы байланысты орнату мен дамытудағы, ақпараттар алмасудағы күрделі де сан қырлы үрдіс. Басқаша айтқанда, қарым-қатынас жасау немесе коммуникация – бұл бір адамның екінші адамға ақпаратты беру үрдісі. Кейбір жағдайларда ақпаратты жіберуші бір ғана адам болса, оны алушының орнында бірнеше адам болады, кейде керісінше болуы да мүмкін. Мәселен, кез келген ұжымның, мекеменің іскери қарым-қатынас жасаудағы коммуникациялық құралы – жазбаша жүзеге асырылатын іскери хаттар. Іскери хаттың жазылу құрылымына қарап, оны жазған адамның деңгейіне, шұғылданатын ісіне баға беруге болады. Сондықтан іскери хаттар жазу барысында ондағы ақпараттың қысқа да нұсқа болуы, сөздердің қатаң, ресми, іскери құжаттарға қойылатын талаптарға сай, әрі орынды қолданылуы аса маңызды фактор болып табылады. Дегенмен бұл тек іскери хаттар жазу кезінде ғана емес, сонымен бірге сұхбаттар мен пікірталастар өткізуде, конференцияларда сөйлеуде, басқа да түрлі ресми кездесулерде аса маңызды. Осындай сәттерде сөйлеушінің тілді, ресми-стильді меңгеру деңгейі байқалады. Осы жерде ресми стиль дегеніміз не деген сұрақ туындайды. Ғалымдардың айтуынша, сөйлеудің функционалдық стилі – ол қандай да бір қоғамның саласына сәйкес тілдің нормасын, стилистикалық жақтарының функционалдық ерекшеліктерін тиісті тұрғыда көрсете отырып, сөйлемнің дұрыс құрастырылғанын, жеңіл оқылатынын, тиімді қабылданатынын анықтайтын көптеген факторлар. Оларға: оның құрылымы, сыртқы түрі, стилі, екпіні, тілі, сөйлемнің ұзындығы, пунктуациясы және тағы басқа жайттарды жатқызуға болады. Қазіргі замандағы техниканың дамуына қарамастан (электронды хат, internet, e-mail), іскери және әлеуметтік этикет ережелері өзінің маңыздылығын жоғалтқан емес. Қазіргі кезде ресми-іскери стильдің қарқынды дамып келе жатқаны тіліміздің лексикалық қорының өсе түсуінен семантикалық жүйедегі өзгерістерінен, сондай-ақ түрлі сала бойынша арнайы терминдердің қолданылуынан көрінеді. Қазақ тіліндегі ресми-іскери құжаттар стилінің қалыптасуы соңғы жылдары мемлекеттік тіл ретінде кең тұрғыда қолданылуына байланысты болып отыр. Іскери тіл мен әдеби сөйлеу стилінің қолданылуында кейбір ұқсастықтар мен айырмашылықтар болады. Қазіргі кездің өзінде қазақ тіліндегі жаңа стилистикалық нормалар ежелгі кірме сөздердің, сөз тіркестері мен термин сөздердің кең тұрғыда қолданылу үрдісімен байланысты болып отыр. Ресми-іскери сөйлеу қорының күннен-күнге толыға түсуіне тілдің ішкі ресурстары, орыс тілі арқылы кірген сөздер, халықаралық терминдер мен диалект сөздер, сөз тіркестері туып семантикалық өзгерістер пайда болып жатуына тікелей байланысты. Осы күнгі әдеби тілдердің көпшілігінде: күнделікті-әдеби, публицистикалық, ресми-іскерлік, өндірістік-техникалық, көркем әдебиет және ғылыми функционалдық стильдер қалыптасқан. -күнделікті-әдеби стиль – күнделікті бейресми қарым-қатынаста кең қолданылатын және әдеби тілдің «бейтарап» түрі болып табылатын сөз қолданыс қызметін; -публицистикалық стиль – қоғамдық, саяси өмірмен байланысты адамдардың санасына ықпал ету мақсатындағы сөз қолданыс қызметін; -ресми-іскерлік стиль – құжаттар мен экономика, құқық, дипломатия салаларындағы, мемлекеттік орындардағы қарым-қатынас қызметін; -өндірістік-техникалық стиль – өндіріс, техника саласындағы сөз қолданыс қызметін; -көркем әдебиет стилі – көркем әдебиетте (проза, поэзия, драмматургия) сөз қолданыс қызметін; -ғылыми стиль – ғылым салаларында сөз қолданыс қызметін атқарады …»

Кез келген тілдің кәсіби, ресми тілінің лексикасы, оның даму жолдары, қалыптасуы жан-жақты зерттеуді талап етеді. Өткен ғасырлардан бастап қазіргі заманға дейінгі аталмыш лексикалық топ атаулары қалыптасуының ерекшеліктерін зерттеу тіл дамуындағы сыртқы және ішкі факторларының өзара әрекеттестігінің нәтижесінде туындайтын аталым тетігінің жалпы заңдылықтарын айқындауға мүмкіндік береді. Тіл білімі ғылымында қалыптасқан көзқарас бойынша қай тілдің болсын лексикасының дамуы сыртқы факторлардың әрекеттерімен бірге тілдің ішкі үрдістерімен анықталады. Бұл үрдістер тілдің дамуының екі қырын сипаттайды: бір жағынан, тұрақтылық үрдісі, екінші жағынан, экспрессивтілік үрдісі. Осы аталған үрдістер тілдік жүйенің түрлі деңгейлерінде бір-бірімен күрделі өзара әрекеттестікте болып, басқа да категориялармен өзара байланысқа түседі. Мысалы, мұндай категориялар қатарына мыналарды жатқызуға болады: дәстүр, тілдік бедел, әдеби норма, әдеби стандарт. Жалпы алғанда, ресми-іскерлік стиль – бұл түрлі құжаттардың стилі: халықаралық келісімшарттар, мемлекеттік актілер, заңдар, үкімдер, жарғылар, нұсқаулықтар, қызметтік хаттар, іскери қағаздар және т.б. Ресми-

іскерлік стиль өзінің түрлі жанрлары мен мазмұндарына қарамастан, барлығына бірдей бірнеше ортақ белгілермен сипатталады. Олар: -тілдік құралдардың үнемді пайдаланылуы, ықшамдылық, шағындылық; -материалдың стандартты орналастырылуы, белгілі бір форма болуының міндеттілігі (жеке куәлігі, түрлі дипломдар, туу және неке туралы куәліктері, ақшаға байланысты құжаттар және т.б.); -терминологияның, атаулардың (заң, дипломатия, әскери, әкімшілік және т.б. терминология) кеңінен қолданылуы, ерекше лексика мен фразеология (ресми, кеңселік) қорының болуы, қысқарған сөздер мен аббревиатуралардың мәтінге алынуы; -ерекше грамматикалық құрылысын, түрлі тұрақты сөз тіркестерінің қолданылуы; -түрлі аталымдық сөйлемдердің санамалау негізінде пайдаланылуы; -бір фактілердің басқаларға қисынды тәуелділігін айқындайтын күрделі сөйлемдерді қолдану үрдісі; -эмоционалды-экспрессивті сөйлеу тәсілдерінің толық немесе мүлдем болмауы; -стильдің төмен индивидуалдануы. Күнделікті-іскерлік стильге мазмұны мен жанрларына, тілдік тәсілдерді қолдану сипатына қатысты мекемелер мен ұйымдардың арасындағы қызметтік хаттар түрлері және жеке іскерлік қағаздары жатқызылады. Осы тұрғыдан алғанда, әкімшілік-кеңселік кішігірім тіл негіздерін қарастыру өте маңызды, себебі әрбір азамат үшін бұл тіл ерекшелігімен жете таныс болу аса қажет. Сондықтан да бұл саланың тілдік тұрғыдан жан-жақты зерттелуі сөйлеу жағдаяты, айтылым мақсаты мен мазмұнын, оның адрестілігін есепке алатын тілдік амал-тәсілдерді тиімді пайдалану үшін аса қажет.

Біздің заманымыз-іскер, белсенді, өздігінен жол таба білуге бейім адамдар заманы. Белсенділік, қиыннан жол таба білетін іскерлік-адамды көздеген мақсатына жеткізеді.Бұл орайда адамның өз қабілет деңгейін жан-жақты көрсете алуының бір негізі-оның білімділігімен қатар ортамен іскерлік қарым-қатынас жасау сырын, ондағы өзін ұстай білу, сөйлеу этикасын меңгеруіне де байланысты.Сөз адамның ойын, көзқарасын білдіреді, оның қоғамдағы өзіндік орнын табуына ықпал етеді.Іскерлік қарым-қатынастағы негізгі түйіндердің бірі-ондағы тілдік ерекшеліктерді білу, сауаттылық, сөйлеу этикасын меңгеру. Ø Іскерлік қарым-қатынас-мекеме, кәсіпорын, өнеркәсіп саласында қызмет істейтін кісілердің өзара және басқа да қызмет барысындағы адамдардың бір-

бірімен пікірлесуі, келіссөз жүргізуі, келісімшарт жасауы, құжаттар алмасуы нәтижесінде болатын әрекет. Іскерлік қарым-қатынас әдебі сөйлеушінің өз ісіне жауапкершілікпен қарауынан,өзін-өзі ұстауынан, сыпайылығынан,өжеттігінен,батылдығынан,тартымды сөйлеу мәнерінен көрінеді. Ø Ортаға, пікірлесетін адамға құрметпен қарау мен сәлемдесуде, өзін, жұмыс орнын таныстыруда, ондағы ұлттық дәстүрді сақтау әрекеттерінің белгілі бір қалыптасқан нормалары болады. Ø Тақырыпқа байланысты тілдік терминдерді дұрыс, біліктілікпен қолдану, тапқырлықпен нақты,жүйелі сөйлеу де іскерлік әдебін танытады. Ø Іскерлік қарым-қатынаста тіл табысуға кері әсерін тигізетін нәрселер: пікір алысқалы отырған мәселенің тақырыбын жетік білмеу, сөз мағынасын түсінбеу, мәнсіз көп сөзділік, өз айтқанынан қайтпау, дәлелсіз қайшы пікірге келу, жігерсіздік, ұялшақтық.

• Іскерлік әңгіменің нәтижесі жеке адамның іскер топ ортасында немесе іскер адаммен бетпе-бет сөйлескенде өз пікірін өтімді айта білу, пікірін қорғай алу, сөзін дәлелді жеткізу дағдыларын меңгергенде оң болады. Сондықтан субъект көздеген мақсатына жету үшін іскерлік әңгіме тақырыбын, оның негізгі жүйесін алдын ала жоспарлауы тиіс. Адам іскерлік әңгімеде өзінің жұмысқа қабілетті екенін, бұл мәселені жан-жақты білетінін таныту үшін артық сөз, артық мақтануға бой алдырмауы керек. Дайындықтың бірінші қадамы кімге баратыныңды зерттеуден басталады. Қызметке қабылдайтын жауапты адамның жалпы болмысы қандай, онымен қалай тіл табысуға болады деген мәселені анықтап алған ұтымды. Екінші мәселе-сөзді бастау,ойды негіздеу, басты тұжырым қандай болу керек дегенді жоспарлау. Ол үшін мына жайттарға баса назар аударылады:

1. Фактінің, деректің мол болуы.

2. Себептер мен тұжырымның сәйкес келуі.

3. Басты мәселенің шешілуінің тиістілігіне деген сенім.

4. Мәселенің екі жаққа да пайдалылығының дәлелділігі.

5. Мәселені шешудің бірнеше жолын қатар ұсыну.

• Іскерлік әңгіме барысында қолданылатын сөз орамдары

• Іскерлік әңгіменің басталуы

• Іскрлік әңгіменің барысы

• Іскерлік әңгіменің қорытындысы

Іскерлік келіссөздер, мәні мен тілдік ерекшеліктері. Іскерлік қарым-қатынастың тиімділігінің басты шарттары. Келіссөз-іскер адамның қызмет барысындағы ең жауапты кезең. Келіссөздің нәтижесі іскер адмның алдағы болатын келіссөзге, онда талқыланатын мәселеге, екінші жақпен болатын әңгімеге деген дайындығына байланысты. Іскер адам келіссөзге келетін екінші жақ уәкілінің қоятын мәселесі, ол мәселені екі жаққа тиімді дәрежеде шешудің нақты шараларын белгілейтін үлкен дайындық жұмыстарын жүргізуі керек. Ø Келіссөзге дайындық талқыланатын мәселені талдаудан басталады. Біріншіден, келіссөздің мәнін анықтап алу қажет. Екіншіден, әріптесің жайлы, оның қаржылық тұрақтылығы, іскерлік өмірдегі беделі мен тәжірибесі туралы мәліметтерді білуің керек.

 Келіссөз, негізінен, үш кезеңнен тұрады.

 Мәліметтер алмасу; екі жақтың ұстанған бағыты мен тұжырымдамасы, өзара іскерлік қызығушылығын анықтау.

 Мәселені талқылау; негізгі ұсыныстар мен көзқарастар, дәлелдер мен қарсы дәлелдер.

 Ұстаған бағыттардағы келісім, келіссөзде талқыланатын мәселеге деген өз қызығушылығың қандай дәрежеде, әріптесіңнің қызығушылығы қандай, қандай мәселелерде мүлде келісімге келуге болмайтынын анықтап алу керек.

Келіссөзде күнделікті қолданып жүрген сөз тіркестерін қолдануға болмайды. Сондықтан іскерлік ортада қолданылатын, олардың сөйлеу мәнерінде қалыптасқан сөз орамдарын қолдану орынды. Сонда іскерлік келіссөздің тиімді болуының басты шарттары: — Тіл табыса білу; — Оның небір қырларын меңгеру; — Айтқан сөзде, уәдеде тұра білу; — Екінші адамның не топтың сеніміне кіру.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ