Істімі (Естеми) туралы мәліметтер

0
2742

Бумыннан кейін қаған болған, яғни Бірінші Шығыс Түрік қағанатының екінші қағаны-Істімі таққа отырады.

Ең алдымен, Бумын қайтыс болғаннан кейін інісі Істемінің қаған болғаны шындық болса, онда қазіргі тарихшылардың Естеми, Істеми, Истеми есімдерін әркім өз қалауынша құбылтып алып жүрген адамы — Істімі.

Егер шынымен қазіргі тарихшылар айтқандай, Істімі 572 жылы қайтқан болса, онда атақты ағасынан кейін жиырма жыл өмір сүріп, бүкіл батыс өңірді билеген, әйгілі Жібек жолын қолында ұстаған, Иран мен Византия империясының іргесін солқылдатқан атақты қаған туралы қытай тарихшылары, сөз жоқ, бұлайша үнсіз қалмас еді.

Истемиді Парсы деректерінде «Дизавул» десе ал, Қытай жазба деректерінде бұл есім мүлде кездеспейді. Истеми сол кезде ағасына көмекші болып, бел шешпей еңбек етті. Бумынның тапсырмасымен екі рет Батыс Вей империясына түрік елшілігінін бастап барып, ел арасын ептестіре білер бітімгершілік, мемлекет мүддесін ұтысқа шығарар саясаткерлік қабілетімен көзге түсті.

Телы тайпаларын бағындыруда адам шығынына жол бермей, қолбасшылық шеберлігін танытса, Хуэй-хуаң шайқасында ұрысты ұтымды ұйымдастырып, қарсыластарының қайрат көрсетуіне мүмкіндік қалдырмай, ел тағдырын шешетін ірі жеңіске жетті.

Інісінің ақылы мен қайратына, ел мүддесіне адалдығына риза болған Бумын қаған қалыптасқан «әке өлсе, таққа бала мұра» дәстүрін бұзып, қағанат тағына осы Істіміні ие етті. Білге қағанның Түрік қағанатының атақты қағандарының ішінен Бумын қағанның қасына Істімінің атын қосып, оны мақтаныш тұта айтуы да тегін болмаса керек.

Істімі қаған да билік тізгінін ұзақ ұстап отыра алмаған. Ағасы өлгеннен кейін 5–6 айдан соң, «бұл да ауырып қайтыс болады».

Істімі қаған 576 жылы қайтыс болып, оның орнына таққа Түрсанаф отырады. Батыс бөлігі және жоғарғы бөлікті басқарушы Қара-Шырын. Қағанда әрі қарай ұзақ жаугершілік жасаған билік иелері болған жоқ.

Дереккөз: Тarih.spring.kz

  1. Тарих пәні бойынша басқа да ақпараттар: 
  2. Зарина (Сара) деген кім?
  3. Бумын қағанның өмірі мен қызметі
  4. Аттила (Еділ) патшаның өмірі туралы деректер
  5. Анақарыс немесе Анахарсис туралы мәлімет
  6. «Ежелгі Қазақстан» тақырыбы бойынша тест сұрақтары жауабымен
  7. Тас ғасырының тарихи хроникасы
  8. Сақтар. Олардың қоғамдық құрылымы мен мәдениеті
  9. Ежелгі Египеттің тұрмыс-тіршілігі

ПІКІР ҚАЛДЫРУ