Электромагнетизм тарауы бойынша ҰБТ-да кездесетін сұрақтар жауабымен

0
1517
Иллюстрация: Freepik.com

Магнит өрісінің күш сызықтары:
еш жерде үзілмейтін тұйық сызықтар

Магнит өрісі — құйынды өріс

Магнит өрісінің бағытын анықтайды:
оң қол ережесі

Магнит өрісінің тогы бар өткізгішке әрекет ететін күші:
Ампер күші

Ампер күшінің шамасы өте үлкен болады:
егер тогы бар өткізгіш магнит өрісі индукция сызықтарына перпендикуляр орналасса

Ампер күші нольге тең болады:
егер тогы бар өткізгіш магнит өрісі индукция сызықтарына параллель орналасса

Ампер күшінің математикалық өрнегі:
F=B*I*L*sina

Ампер күшінің бағытын анықтайды:
сол қол ережесі

Бойынан бірлік ток өтетін бірлік ұзындықтағы өткізгішке әрекет ететін магнит өрісінің максимал күшін анықтайтын физикалық шама:
магнит индукциясы

Магнит индукциясының SI жүйесі бойынша өлшем бірлігі:
1 Тл — 1 Тесла

Егер токтар қарама-қарсы бағытта болса:
өткізгіштер тебіледі

Ток күшінің өлшем бірлігі: 1 А — 1 Ампер

Бет арқылы өтетін магнит индукциясының математикалық өрнегі:
Ф=В*S*cosa=B(n)

Халықаралық SI жүйесінде магнит ағынының өлшем бірлігі:
1 Вб — 1 Вебер = 1 Тл*1 м^2=1 Гн*1 А

Максимал магнит моменті формуласы:
M=I*B*S

Егер электростатикалық өріс біртекті болса, онда бөлшектің қозғалысы сыртқы күштер жоқ кезде:
бірқалыпты үдемелі

Магнит өрісі әрекет етпейді:
тыныштықтағы зарядталған бөлшектер

Зарядталған бөлшектер магнит өрісіне оның күш сызықтарына:
параллель және перпендикуляр бағытта ұшып кіреді

Магнит өрісіндегі зарядталған бөлшектерге әсер ететін күш:
Лоренц күші

Лоренц күші бөлшекке әрекет етпейді:
егер зарядталған бөлшек магнит өрісі күш сызықтарына параллель бағытта кірсе

Лоренц күші бөлшекке әрекет етеді:
егер зарядталған бөлшек магнит өрісі күш сызықтарына перпендикуляр бағытта кірсе

Магнит өтімділігі μ≠1 болатын заттар:
магнетиктер

Парамагнетиктер үшін дұрыс шарт:
μ>1

Диамагнетиктер үшін дұрыс шарт:
μ<1

Парамагнетиктерге жатады:
алюминий, платина, азот, оттек, вольфрам

Диамагнетиктерге жатады:
мыс, мырыш, висмут, шыны, инертті газдар, сутек, органикалық қосылыстар

Диамагнетиктер сыртқы өріске:
қарсы әрекет етеді

Диамагнетизм құбылысы тікелей байланысты:
Лоренц күшіне

Диамагнетизм эффектісін ашты:
Майкл Фарадей

Магнит өрісінде күшті магниттелетін заттар:
ферромагнетиктер

Ферромагнетиктерге жатады:
темір, никель, кобальт, гадолиний

Осы температурадан жоғары температурада заттың ферромагниттік қасиеті жойылып, парамагнетикке айналады:
Кюри температурасы

Басқа материалдар:

  1. Математика формулаларын қалай тез есте сақтауға болады?
  2. Тұрақты ток. Қайда және не үшін қолданады?
  3. Өлшем бірліктерді SI жүйесіне келтіру
  4. Тербеліс түрлері
  5. «Қызықты математика» үйірме жоспары
  6. Натурал сандар және нөл. Математика пәнінен сабақ жоспары
  7. Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру. Математика пәнінен сабақ жоспары (тапсырмаларымен бірге)
  8. Фокустық жазықтық ребусі (8 сынып)
  9. Физика пәнінен кроссворд
  10. Тербеліс туралы түсінік

ПІКІР ҚАЛДЫРУ