Энергия. Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы (Сабақ жоспары)

0
1565
Иллюстрация: Freepik.com

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңымен таныстырып солар жайлы түсінік қалыптастыру.
  2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
  3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.

Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау
Әдіс-тәсілдері:  Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер,

Сабақтың барысы:

І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А) теориялық білімдерін тексеру.
Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.
Б) есептерін тексеру.

ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру./ ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.  
Бүгінгі негізгі мақсатымыз оқулық бойынша Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңымен танысамыз.

  1. Зымыран қалай қозғалады?
  2. Реактивті қозғалыс дегеніміз не?
  3. Қандай мақсатпен зымырандар көпсатылы болып жасалады?
  4. Реактивті қозғалыс жылдамдығы қандай шамаларға байланысты?
  5. Ғарышты зерттеудегі қандай жетістіктерді білесіңдер?

V. ДК.Жаңа материалды меңгерту:
1. Энергия-скалярлық, механикалық жұмыс жасай алу қабілеті бар физикалық шама.
2. Кинетикалық энергия-қозғалып келе жатқан дене энергиясы.
3. Потенциялық энергия-денелердің өзара әрекеттесуіне немесе дене бөлшектерінің  өзара орналасуына байланысты болатын энергия.
4. Жұмыс пен энергия арасындағы байланыс.
5. Дененің толық механикалық энергиясы.
6. Толық механикалық энергияның сақталу заңы.
7. Энергияның сақталу және айналу заңына сүйеніп жұмыстың физикалық мәнін түсіну.

VІ. ДК. Оқытылып отырған  оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.
§22,23  дайындық сұрақтарын талдау.

  1. Механикалық энергия дегеніміз не?
  2. Механикалық энергияның өлшем бірлігі қандай?
  3. Кинетикалық энергия дегеніміз не?
  4. Потенциялық энергия дегеніміз не?
  5. Дененің толық механикалық энергиясы дегеніміз не?
  6. Толық механикалық энергияның сақталу заңы қалай тұжырымдалады?

VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.

  1. 19-жаттығу 1,2; 20-жаттығу 1,2.
  2. Деңгейлік тапсырмалар.

І деңгей.
1. Автомобиль тау жолымен 2000 м биіктіктен 500 м-ге дейін төмендеді. Егер автомобильдің массасы 3 т болса, оның потенциалдық энергиясы қаншаға өзгереді.
2. Серіппенің қатаңдығы 2500 Н/м. Серіппе 10см-ге сығылса, оның энергиясының шамасы қандай болады?
3. Массасы 1000 т, жылдамдығы 54 км/сағ пойыздың кинетикалық энергиясын есептеңдер.

ІІ деңгей.

  1. 7м биіктіктен еркін түсіп келе жатқан, массасы 500 г доптың Жер бетінен 5 м биіктіктегі кинетикалық энергиясын анықтаңдар.
  2. Массасы 20г, тік жоғары қарай 20м/с жылдамдықпен атылған жебенің 15м биіктіктегі потенциялық энергиясы мен кинетикалық энергиясының мәндері қандай болады?
  3. Үстел бетімен үйкеліссіз қозғала алатын массасы 160г арбаша горизонталь серіппеге бекітілген. Егер арбашаның ең үлкен жылдамдығы 5 м/с, серіппенің ең үлкен деформациясы 4 см болса, оның қатаңдығы қандай?

ІІІ деңгей.

  1. Массасы 60 кг цирк артисі 4м биіктіктен керілген тордың үстіне секіреді. Егер тордың иілуі 1м-ге тең болса, ол артистке қандай күшпен әсер етеді?
  2. Массасы 2т автомобиль авриялық тежелуде 50м жүріп барып тоқтады. Егер үйкеліс коэффициенті 0,4-ке тең болса, үйкеліс күшінің жұмысын және автомобильдің кинетикалық энергиясының өзгерісін табыңдар.

VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §22,23  19-жаттығу (3), 20-жаттығу.

Басқа материалдар:

  1. Математика формулаларын қалай тез есте сақтауға болады?
  2. Тұрақты ток. Қайда және не үшін қолданады?
  3. Өлшем бірліктерді SI жүйесіне келтіру
  4. Тербеліс түрлері
  5. «Қызықты математика» үйірме жоспары
  6. Натурал сандар және нөл. Математика пәнінен сабақ жоспары
  7. Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру. Математика пәнінен сабақ жоспары (тапсырмаларымен бірге)
  8. Фокустық жазықтық ребусі (8 сынып)
  9. Физика пәнінен кроссворд
  10. Тербеліс туралы түсінік

ПІКІР ҚАЛДЫРУ