ҰБТ-ға дайындық барысында энергияны қалай үнемдеуге болады?

0
892
Иллюстрация: Freepik.com

Энергия – бұл адамзат тіршілігінің дамуына жағдай жасаушы және ынталандырушы бірден-бір табиғи қайнар көз.

Таңғы уақытта барлығымызда энергия тасып тұрады, өзімізді сергек сезінеміз. Ал, кеш бата шаршаңқылық пайда болып, өнімділігіміз төмендейді. Кейбір кездері уақытымыз бола тұра, еш нәрсеге зауқымыз соқпай, өзімізді шаршаңқы сеземіз, басты себеп — энергияны дұрыс пайдаланбау.

Уақытты тиімді пайдалану = энергияны дұрыс жұмсау.
Энергия ұралаушылардың қатарына уайым, күнделікті маңызсыз шешімдер , дұрыс тамақтанбау, тұрақсыз ұйқы режимі, үстеліміздегі артық заттар жатады.

1.Уайым. Мектеп бітіріуші түлектердің көбі ҰБТ-ға дайындалмаса да, құр уайымға салынып, байбалам жасайды.

— «Осы жылы сұрақтардың 70% өзгереді» -, дейді,
— «былтыр біздің ауданда да бәрі төмен ұпай жинады» -, дейді,
— «Осы жылы ҰБТ онлайн тапсырады екенбіз немесе ата-анамның үмітін ақтай алмасам не болады?» -, деген сұрақ та көбісін мазалайтыны анық.
— «Көршінің баласынан жоғары ала алмасам біткен жерім осы…» т.с.с. артық ойлар сені мазаламауы тиіс.

Сендік міндет тек дайындық, соны естен шығарма! Негативті ақпаратты тыңдамауға тырыс. Уайымның зиянынан басқа пайдасы жоқ, құр энергия жейді, сабырлы болуға тырыс. Позитивті ойла, көңіл күйің әрқашан көтеріңкі болсын. Босқа байбалам салудан, негативті ақпараттардан ұйқы режимі де бұзылатыны айдан анық, ұйқы режимі бұзылса, дайындығыңа әсері тиеді. Уайымдаудың орнына, дайындығыңды қарқынды қыла түскенің жөн. Әрі, шектен тыс уайымның ҰБТ-да төмен балл алуыңа себепкер болуы мүмкін.

2. Маңызсыз шешімдер. Біз күнделікті өмірде мыңдаған шешімдер қабылдаймыз, мысалы:

— таңертең тұра сала таңғы асқа не ішетініңізді ойланасыз,
— «сабаққа қай жейдемді киемін?» деген ішкі ойымыз,
Не болмаса бүгін қай пәнге дайындаламын деген сұрақ та мазалуы мүмкін, мыс: тарихқа даындалғаным дұрыс па әлде математикалық сауаттылыққа ма? Қарапайым күнделікті шешімдер болғанымен өз энергиямызды жоғалтып аламыз.

Мәселенің шешімі- жоспар құру, әдеттену:
Ертең не істейтініңді, не киетініңді бәрін кешкісін жоспарлап қойсаң жеткілікті. Мысалы, кешкісін киетін киімдеріңді үтіктеп, дайындап қойсаң, таңертең оянғанда не киемін, жейдені үтіктеу керек деген ойлар мазаламайды. Таңғы асты да кешке ланчбокс қылып немесе азанда кішкене уақыт аралығында әзірлейтіндей қылып, дайындап қойсаң, артық ойлар мазаламайтын болады. Бір пәнге 2 сағат арнап, күнделікті дайындалуды әдетке айналдырсаң, алдағы уақытта бұл туралы ойлап, бас қатырмайтын боласың.

Екіншісі әдетке айналдыру, біз күнделікті әдетке айналдырған істерімізге энергия шығындамаймыз, өйткені, таңдау жасамаймыз. Мәселен, таңертең тұра сала жуынатын бөлмеге барып тіс жуу, шашымызды ретке келтіру, т.б. Сол сияқты ҰБТ-ға дайындықты да әдетке айналдыру, күнде бір уақытта дайындықты бастап бір уақытта аяқтау. Сабақ оқуға күнделікті бір уақытта отырсаң, уақыт өте келе үйреніп кетесің.

3. Дайындық үстеліндегі артық заттар
Бір сәт дайындық жасайтын үстеліңізге мән беріңіз. Сабақ оқылмаса да, үстел үстінде бірнеше оқулық, әр пәнге дайындыққа бастаған қалың дәптерлер, сынақ кітапшалары, қаламсаптар, маркерлер, керек болып қалар деген анықтамалықтар жатыр, тіпті талданбаса да, керек болып қалар, не уақытым болғанда талдаймын деп үстелдің бір шетіне қойып қойған тест кітапшалары жатыр?

Дәл таптым ба?

Кейде үстел үстінде үйіліп тұрған оқулықтарды көріп, шаршаңқылық сезімі пайда болады. Көбіміз байқамасақ та, үстел үстіндегі артық заттар энергияны ұрлайды. Дайындық барысында үстел үстінде мейлінше аз заттың болғаны жөн, сондықтан, қай пәнге дайындалсаңыз, сол пәнге қажетті құралдармен ғана жұмыс істеңіз, дайындықты аяқтаған соң кітаптарды сөресіне салып қойыңыз. Әйтеуір бір күні талдаймын деген тесттерден арылыңыз, не кейінге қалдырмай барлығын шешіп тастаңыз, кейінге қалдырған істер де энергияның ұрлаушылары. Кейінге қалдырылған ісіміз кейін де міз бақпай сол қалпында тұра бермек. Сондықтан, тезірек оларды тезірек шешіп тас
тағаның жөн.

4.Ұйқы.

Кейбір кездері таңертең ұйқымыздан оятқышымыздың шырылдаған даусынан оянып кетіп, шаршаңқылық сезімін сезінеміз. Басты себеп – ұйқының қанбауы немесе ұйқы циклерінен толық өтпеу.

Адам ағзасы ұйықтағанда бірінші баяу ұйқыға кетеді, ол 5-10 минутты құрайды; 2-кезең 20 минутты құрайды; 3-4 кезең шамамен 30-40 миунутты құрайды. Осы кезеңдер бірігіп циклді құрайды. Әр циклдің орташа ұзақтығы 90-100 минут, циклдер саны- 5-еу. Сәйкесінше циклдер қайталанып, уақыт мөлшері азаяды. Соңғы айналымда ағза қайтадан баяу ұйқыға көшеді, соңғы эпизод кейбір жағдайларда 10 минуттан 1 сағатқа дейін жалғасуы мүмкін, осы циклдерден өткенен кейін ғана біздің ұйқымыз қанады.

Мысалы, тас ғасырында өмір сүрген адамдарға келесі күні аң аулауға ояну үшін оятқыштың қажеті болмады, себебі олар өз ағзасына қажетті ұйқыны мөлшерін орындады, барлық циклді сақтады. Тым көп ұйықтау да күні бойы шаршаңқылықтың негізін қалайды. Күніне 7-8 сағат ұйықтау да жеткілікті.

Ұйқымыздандан сергек ояну үшін не істеуіміз керек?
Бірінші оятқыштың көмегінсіз қашан оянатыныңызды бақылып көр, кейін барлық циклдің орындалу уақытын ескер.
Осы сәтте sleepy.me сайтының көмегімен ұйқы уақытын есептей аласың.

Күні бойы сергек жүремін десеңіз:
-негативті ақпараттан аулақ жүр;
-маңызссыз шешімдерге энергия үнемде;
-артық заттардан арыл;
-ұйқы циклін қадағала;
-күн сәулесінде серуенде;
-жеткілікті су іш;
— Физикалық жаттығу жаса.

Қорытынды: Алдағы уақытта энергия ұрлаушылардан аулақ боласың деген үміттемін. Кеңестерімізді орындап, өміріңе енгізе бастасаң, сенен сергек адам болмас деген ойдамын. ҰБТ-ға санаулы күндер қалды, осы уақыт ішінде бар күшіңді салып дайындалатыныңа сенімдімін. Кеңестеріміз кәдеңе жарасын!

Басқа материалдар:

  1. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  2. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  3. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  4. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  5. SMM маманы деген кім?
  6. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  7. Есте сақтау қабілетін арттырудың 7 құпиясы
  8. Зейгарник эффектісі. Есте сақтауды қалай арттыруға болады?
  9. Математика формулаларын қалай тез есте сақтауға болады?
  10. Физика пәнінен формулаларды қалай есте сақтауға болады?
  11. ҰБТ-ға дайындалуға арналған тәсілдер


ПІКІР ҚАЛДЫРУ