Ньютонның бірінші заңы. Инерциялық санақ жүйелері (Сабақ жоспары)

0
2037
Freepik.com

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Ньютонның бірінші заңымен  таныстырып,  инерциялық санақ жүйелері жайлы түсінік қалыптастыру.
  2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
  3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.

Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау
Әдіс-тәсілдері:  Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер,

Сабақтың барысы:

І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А) теориялық білімдерін тексеру.
Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.
Б) есептерін тексеру.
ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру./ ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.
Бүгінгі негізгі мақсатымыз оқулық бойынша Ньютонның бірінші заңымен  танысамыз.

  1. Центге тартқыш үдеу деп қандай үдеуді айтады?
  2. Неліктен центрге тарқыш үдеуді нормаль үдеу деп те атайды?
  3. Центрге тартқыш үдеудің формуласы?
  4. Қисықсызықты қозғалыс деп қандай  қозғалысты айтады?
  5. Айналу периоды дегеніміз қандай физикалық шама?
  6. Жиілік деп қандай шаманы айтады?

V. ДК.Жаңа материалды меңгерту:
1. Динамика-денелердің өзара әрекеттесу заңдарын зерттейтін механиканың бөлімі.
2. Инерциялық санақ жүйесі-салыстырмалы тыныштығын немесе түзусызықты және бірқалыпты қозғалысын сақтайтын жүйе.
3. Инерциялық емес санақ жүйесі –үдеумен қозғалып келе жатқан жүйе.
4. Проблемалық эксперимент:
А) Жазық әйнектің үстіне кішкентай болат шар қоямыз. Неге ол тыныштықта болады?
Ә) Ақырын түрту арқылы шарикті бірқалыпты түзусызықты қозғалысқа келтіреміз. Шариктің бірқалыпты  және түзусызықты қозғалысы басқа денелердің әрекеті теңгерілгенде болады.
5. Тарихи деректер. (Аристотель, Галилей және Ньютонның қозғалыс жөніндегі еңбектері)
6. Ньютонның бірінші заңы, оны дәлелдейтін мысалдар.
VІ. ДК. Оқытылып отырған  оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.

§10 дайындық сұрақтарын талдау.

  1. Қандай санақ жүйесі инерциялық деп аталады?
  2. Жермен байланысқан санақ жүйесі инерциялық санақ жүйеге жата ма?
  3. Ньютонның бірінші заңын дәлелдейтін мысалдар келтіріңдер.
  4. Электромагниттік және серпімді толқындардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары қандай?

VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.
Деңгейлік тапсырмалар.
І деңгей.
1. Мына жағдайларда қайсы денелердің әсерлері теңгерілетінін түсіндіріңдер.
А) сүңгуір қайық судың ішінде тыныштық қалыпта тұрғанда;
Ә) сүңгуір қайық су түбінде тұрғанда.
2. Парашютші бірқалыпты және түзусызықты қозғалыс жасап, төмендеп келеді. Қандай денелердің әсерлері теңгерілетінін түсіндіріңдер.
3. Автомобиль жазық горизонталь жолмен моторын сөндіріп, бірқалыпты қозғала ала ма?
4. Бетірген жағдайлардың қайсысында санақ жүйесін инерциялық деп қарастыруға болады? Егер лифт:
А) еркін түссе;
Ә) жоғары қарай бірқалыпты қозғалса;
Б) жоғары қарай үдемелі қозғалса;
В) төмен қарай үдемелі қозғалса;
Д) төмен  қарай бірқалыпты қозғалса;
Е) жоғары қарай баяу қозғалса;
ІІ деңгей.

  1. Санақ жүйесі автомобильмен байланысқан, жүйе инерциялық бола ма? Егер автомобиль:

А) горизонталь тас жолмен бірқалыпты және түзусызықты қозғалса;
Ә) горизонталь тас жолмен үдемелі   қозғалса.
Б) тік бұрыш жасай орналасқан көшеге бұрыла отырып, бірқалыпты қозғалса;
В) тауға бірқалыпты шықса;
Г) таудан төмен бірқалыпты қозғалса;
Д) таудан төмен үдемелі қозғалса;

  1. Егер үстел үстінен түсіп кеткен алма «вагон» санақ жүйесінде:

А) вертикаль бойымен қозғалса;
Ә) түсіп келе жатып, алға қарай ауытқыса;
Б) кейін қарай ауытқыса
В) оң жаққа немесе сол жаққа ауытқыса онда поезд қалай қарай қозғалып бара жатыр?
ІІІ деңгей.
1. Станциядан шыққан ройыз жылдамдығын үдетті. Осы кезде ауыр қолсандықты еден бойымен қай бағытта жылжыту оңайырақ: пойыздың жүру бағытымен бе, әлде қарама-қарсы бағытты ма?
VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §10 , 8-жаттығу (2,3)

Басқа материалдар:

  1. Математика формулаларын қалай тез есте сақтауға болады?
  2. Тұрақты ток. Қайда және не үшін қолданады?
  3. Өлшем бірліктерді SI жүйесіне келтіру
  4. Тербеліс түрлері
  5. «Қызықты математика» үйірме жоспары
  6. Натурал сандар және нөл. Математика пәнінен сабақ жоспары
  7. Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру. Математика пәнінен сабақ жоспары (тапсырмаларымен бірге)
  8. Фокустық жазықтық ребусі (8 сынып)
  9. Физика пәнінен кроссворд
  10. Тербеліс туралы түсінік

ПІКІР ҚАЛДЫРУ