Көмірсутектердің табиғи көздері. Табиғи газдың, мұнайдың, көмірдің Қазақстандағы кен орындары, оларды өндіру және өңдеу

0
1589
Иллюстрация: Freepik.com

 

№24 Сабақ Химия 11 сынып
Сабақ тақырыбы: Көмірсутектердің табиғи көздері. Табиғи газдың, мұнайдың, көмірдің Қазақстандағы кен орындары, оларды өндіру және өңдеу.
Жалпы мақсаттар: оқушыларға Қазақстандағы көмірсутектердің табиғи көздері,мұнай, мұнайға серік газдар,олардан алынатын өнімдер,отынның түрлері,газ,мұнай,тас көмір өндірілетін орындар,олардың республикадағы экономика және энергетика саласындағы проблемаларды шешудегі маңызы туралы білімдерін қалыптастыру;
Күтілетін  нәтиже Оқушыларды оқулық пен тақырыптық карталарды, статистикалық материалдарды талдау, диаграмма, кесте, карта-сызбанұсқа құру және ақпарат құралдарымен жұмыс істей алу біліктіліктерін қалыптастыру. Жаңа технологияны меңгерту және қосымша тапсырмалар беру негізінде, логикалық ой-өрісті қамтылды
Сабақтың әдісі «Ойлан/жұптас/талқыла» ,түрткі сұрақ, кері бағыттау, сұрақ-жауап әдісі, топтық әңгіме, рөлдік, диалогтік оқыту, Қарлы кесек, Венн диаграммасы
Сабақтың түрі Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың көрнекілігі Элементтер қасиеттерінің периодты өзгеруі туралы жасалған кесте. Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі,еріткіш таблицасы,стикер,маркер,смайлик,желім, видео,слайд, үлестірмелі материалдар,
Пәнаралық байланыс Математика,биология, экология, медицина
   Мұғалімнің іс-әрекеті                            Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі       Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

Оқушыларды  топқа бөлу.

Оқушыларға бағалау парақшалары

таратылады.

Жаңа топ құрып алу.

Сәлемдесу.Оқушыларды  таратылған  түрлі түсті  фигуралар арқылы 2 топқа бөліп отырғызу.Топ басшысын сайлайтындарын айтамын.Топ басшыларына бағалау парағын беріп түсіндіру.

 

Мұғаліммен сәлемдеседі.

Оқушылар 2 топқа  бөлінеді :

1 топ -Химиктер

2 топ-Географтар

3 топ- Экологтар

 

Үй  тапсырмасын  сұрау    ҰБТ-ке дайындық мақсатында тест түріндегі тапсырмалар орындату.

Тест сұрақтары.

1.Этиленнің молекулалық массасы қанша?

а)56 ә)492 б)28 в)46 г)23

2.Этиленнің жану реакциясының теңдеуін жаз.

3.Мына заттардың ішінен изомерлерді табыңдар.

а)CH3-CH= CH-CH3

ә)CH2=C- CH2- CH3

CH3

б) CH3-CH= CH3

в) CH2-CH=CH- CH3

CH3

г) CH3-CH= CH-CH2- CH3

4.nC2H4 (-CH2-CH2-)n теңдеуі не деп аталады?

а)ыдырау ә)алмасу б)полимерлену в)орынбасуг)тотығу

ҰБТ-ке дайындық тест түріндегі тапсырмалар орындайды.

 

 

Жаңа сабақ

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар,біздің  Мерей ауылымызға газ құбырларын тартып,қазіргі кезде тұрмысымызға пайдаланудамыз.Сонымен қоса таскөмірді де пайдаланудамыз.Автомобильдеріміз бензинмен жүруде.Осы пайдалы қазбаларымыздың географиялық орны,химиялық қасиеттері,экономикалық тиімділігі, тағы да басқа қасиеттері туралы түсіндіру үшін мамандар келіп отыр.Соларға сөз берейік.

Оқушылар оқулықтан және ғаламтор жүйесіне қосылып,өздерінің мамандықтарына сәйкес мағлұмат іздеп,постер арқылы суреттейді.

1 топ-географтар

2 топ-химиктер

3 топ-экологтар

Оқушылар оқулықпен танысып, топта талдайды, сосын бір оқушы шығып топтың жұмысын қорғайды

 

Жұппен, сосын топпен талқылайды.

 

Қорытындылау Кітаптан тапсырмаларды орындау. «Бұлттар көшкіні»  арқылы қорытындылайды.  3 топта берілген тапсырмаларды орындайды
Бағалау Топтық бағалау,Критерий арқылы бағалау

А- 1-7 ұпай.-3    Б- 8-11 ұпай-4

С- 12-15ұпай -5

 Өзін –өзі бағалайды

Топ басшысы критерий арқылы бағалайды.

 

Кері байланыс Рефлексия.  сабақ соңында оқушылар

Блоб ағашы

Сабақтағы көңіл күйін блоб ағашына белгілеп, тақтаға іліп қояды.
Үйге тапсырма Тапсырма: §2,16 оқу 7-8 жаттығу Үйге тапсырма: § 2,16 оқып келу ,7-8 жаттығу

 

Дереккөз: «Ұстаз» ғылыми әдістемелік журналы

Басқа материалдар:

  1. Біліктілік тестілеу. Химия пәнінен тест тапсырмасы жауабымен
  2. Химиядан ҰБТ сұрақтары жауабымен (Б, В, Г, Д әрпі бойынша)
  3. Химиядан ҰБТ сұрақтары жауабымен (А, Ә әрпі бойынша)
  4. «Химияның алғашқы ұғымдары» тақырыбына тест сұрақтары жауабымен (І нұсқа)
  5. «Химияның алғашқы ұғымдары» тақырыбына тест сұрақтары жауабымен (ІІ нұсқа)
  6. Балықтың биологиялық классификациясы. Балықтың химиялық құрамы
  7. Белоктардың физикалық және химиялық қасиеттері. Амин қышқылының классификациясы мен құрылымы
  8. Көмірсуларды жіктеу: моносахаридтер, дисахаридтер, полисахаридтер.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ