Көмірсуларды жіктеу: моносахаридтер, дисахаридтер, полисахаридтер.

0
3844

Көмірсуларды жіктеу: моносахаридтер, дисахаридтер, полисахаридтер. Химиялық құрылымы. Көмірсулардың қасиеті және қызметтері.

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

10.1А Молекулалық биология және биохимия

Мектеп: 157 ЖББМ
Күні: Мұғалім: Иманкулова Ботакоз Жумабековна
Сынып: 10 А Қатысқандар

24 оқушы

            Қатыспағандар:                           
Сабақтың тақырыбы Көмірсуларды жіктеу: моносахаридтер, дисахаридтер, полисахаридтер. Химиялық құрылымы. Көмірсулардың қасиеті және қызметтері.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 10.4.1.2 көмірсулардың  құрылымы, құрамы және қызметтері бойынша жіктеу
Сабақтың мақсаты Оқушылардың  барлығы: Көмірсуларды топтарға жіктеп, айырмашылығын ажыратып, мысалдар келтіреді.

Кейбірі: Моносахаридтердің (фруктоза), дисахаридтердің (сахароза), полисахаридтердің (целлюлоза) модельдерін құрастырады.

Оқушылардың  кейбіреулері: Көмірсулардың табиғаттағы маңызын ашады.

Ойлау дағдылары-ның деңгейі Талдау
Бағалау критерийі Көмірсуларды жіктейді. Көмірсулардың модельдерін құрастырады. Көмірсулардың тірі ағзалардың тіршілігі үшін маңызын сипаттайды.
Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар орындай алады: Көмірсулардың түрлерін жіктеп, құрылымы мен қызметін ауызша сипаттай алады. Көмірсулар туралы алған білімін өмірде түрлі мақсаттар үшін пайдаланады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология: Моносахарид, дисахарид, полисахарид, көмірсу, глюкоза, сахароза, крахмал, гликоген, жасұнық, хитин, энергия көзі.

Диалог/жазу үшін пайдалы сөз тіркестерінің топтамасы:

Көмірсулардың жалпы формуласы …

Құрылымы бойынша көмірсулар … болып жіктеледі. Қасиеті бойынша көмірсулар … болып жіктеледі. Өсімдіктің негізгі көмірсу қоры……

….глюкозаның қалдықтарынан түзілетін полисахарид. Молекуладағы көмірсу атомының саны бойынша моносахаридтер … болып жіктеледі.  Крахмал мен гликоген  …, …жасушаларында қорға жиналады.

Құндылықтарға баулу

 

 

«Мәңгілік  Ел» қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім. Оқушылар топпен жұмыс жасағанда өзара сыйласуды, бірін-бірі құрметтеуді, тыңдауды үйренеді. Ойлау дағдылары артады. Салауатты өмір салтын ұстанады.
Пәнаралық байланыс Көмірсулардың  құрылысы және түрлерін қарастырғанда химиямен пәнаралық байланыс жүзеге асады. Химия- органикалық заттардың ерекшеліктері (9-сынып).
Алдыңғы білім

 

7.4.1.3 Азық-түліктердегі органикалық заттар: нәруыздар, майлар, көмірсулар.

8.4.1.2 Көмірсулардың қасиеті және қызметі.

Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

 

Ресурстар
Сабақтың басы

0-5 мин

Ұйымдастыру: амандасу.

Психологиялық  ахуал  туғызу: шаттық шеңбер  құру, сыныпты  3 топқа (түрлі түсті стакандар арқылы) бөлу. Жіктеу арқылы саралау

1-топ Моносахаридтер

2-топ Дисахаридтер

3-топ Полисахаридтер

Құпия зат – мына зат бойынша 5 сұрақ құрастырыңыз: Бұл не? деп сұрамаңыз

Сабақтың тақырыбын анықтап, оқу мақсаттарын оқушылармен бірге қоямыз.

БББ кестесі

Білемін Білгім келеді Білдім
     
Қолданатын ұғымдар мен  тірек сөздер:

А

Б

Дереккөздер

1.      

2.      

БББ кестесі бойынша оқушылар Білемін және Білгім келеді деген бөлімдерін толтырады.
Түрлі-түсті стакандар

 

 

 

 

 

БББ кестесі бар парақшалар

 

Сабақтың ортасы

6-20 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

21-27 мин

 

 

 

 

 

 

 

28-38

Тапсырма №1

Түрі: Топпен жұмыс

Әдіс түрі: визуалды әдіс

Оқушылар бейнематериалды тамашалайды. Оқушылар топпен бірігіп бейнематериалды талқылайды, мысалдар келтіріп ментальді карта құрастырады. Әр топтан бір адам шығып қорғайды.

Дескриптор: Көмірсуларды жіктейді. Айырма-шылығын айтады. Мысал келтіреді.

Қалыптастырушы бағалау Топтар өзін-өзі  бағалайды бағалау критерийі арқылы бірін- бірі  бағалайды «Екі жұлдыз бір тілек» әдісі арқылы.

Тапсырма № 2. Түрі: Жұптық жұмыс

Әдіс түрі: Модельдеу.

Әр жұп көмірсулардың бір моделін  таңдап алып құрастырады

Дескриптор:Көмірсулардың моделін құрастырады.

Қалыптастырушы бағалау. «Басбармақ» әдісі арқылы оқушылар бірін-бірі бағалайды.

Тапсырма № 3. Түрі: Жеке жұмыс

Әдіс түрі: Конверттегі сұрақ.

1.     Қант құрағы және қант қызылшасының құрамында көмірсудің қай түрі кездеседі? Ол көмірсу өнеркәсіптің қандай өндіріс саласында қолданылады?

2.     Алмадағы қантты заттар мөлшерінің адам ағзасына әсері. Егер әсері оң болса, себебі неде? Егер әсер кері болса, себебі неде?

3.     Ақ нанның бір үзіндісін ұзақ шайнаған кезде, нанның дәмі тәтті болып кетеді. Себебін түсіндіріңіз.

Дескриптор: Қант құрағы және қант қызылшасының құрамындағы көмірсуды анықтайды. Қандай өнеркәсіп саласында қолданатынын табады.Қантты заттар мөлшерінің адам ағзасына әсерінің себебін нақтылайды. Көмірсудың ауыз қуысындағы өзгерісін анықтайды.

Қалыптастырушы бағалау. «Шапалақ» әдісі арқылы оқушылар бірін-бірі бағалайды.

Мұғалім бағалау критерийлері арқылы оқушыларды бағалайды.

 

https://www.youtube.com/watch?v=DQr1sKDrYQw

 

 

Мәтін, А3, маркер

 

 

 

 

 

 

 

Оқушыларға молекулалардың коллекциясы беріледі.

 

 

 

Конверт, А4ге жазылған сұрақтар, стикерлер.

 

 

 

 

Сабақтың соңы

39-40 мин

Кері  байланыс,  кесте  толтыру:

БББ кестесі

Білемін Білгім келеді Білдім
     
Қолданатын ұғымдар мен  тірек сөздер:

А

Б

Дереккөздер

1.      

2.      

БББ кестесі
СаралауСіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқа-ларға қарағанда қабілет-ті оқушыларға қандай тапсыр-малар бересіз?   БағалауСіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Менің жоспарымда саралау оқу мақсатын сабақ мақсатына айналдырған кезде қойылып тұр.Соған байланысты тапсырмаларды да  саралап беремін.

Мен саралау тәсілдерінің ішінен тапсырма, дерек-көздер, жіктеу тәсілдері арқылы саралауды қолдана-мын. Мысалы, саралаудың тапсырма деген түрін мен №3 тапсырмада қолдана-мын. Бұл саралау тәсілін алу себебім: Тапсырманың құрамына білім деңгейі әртүрлі оқушыларға арнал-ған сұрақтар  кіреді.

—         Оқушылардың қажеттілік-теріне қарай (көмек керек пе, әлде күрделі тапсырма-лар беру керек пе) тапсырмаларды жасау.

Критериалды бағалау.

Дескрипторлар арқылы бағалау.

Критериалды бағалауды алуымның себебі: оқушылардың танымдық қабілеті мен ойлау деңгейін арттырады.

Өзін және өзгелерді бағалау арқылы кері байланысқа түсе алады.

Сыни ойлауына, еркін ойын айтуына, өзінің білімін көрсетуге жетелейді. Мен әрбір тапсырмадан кейін оқу-шыларды, оқушылар бірін-бірі қалап-тастырушы бағалау арқылы бағалайды.

Қалыптастырушы бағалау үздіксіз

жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді, балл не баға қоймастан-ақ оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді.

Қалыптастырушы бағалау арқылы

уәждеу – оқушылардың бойында оқуға және нәтижеге қол жеткізуге деген ынтаны ояту.

 

 Денсаулық сақтау  технологиясы

Топ  ережесін  сақтау

Жас ерекшелігі

Сыныптағы қауіпсіздік ережелерін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.
Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?

Дереккөз: bilimainasy.kz

Басқа материалдар:

  1. Біліктілік тестілеу. Химия пәнінен тест тапсырмасы жауабымен
  2. Химиядан ҰБТ сұрақтары жауабымен (Б, В, Г, Д әрпі бойынша)
  3. Химиядан ҰБТ сұрақтары жауабымен (А, Ә әрпі бойынша)
  4. «Химияның алғашқы ұғымдары» тақырыбына тест сұрақтары жауабымен (І нұсқа)
  5. «Химияның алғашқы ұғымдары» тақырыбына тест сұрақтары жауабымен (ІІ нұсқа)
  6. Балықтың биологиялық классификациясы. Балықтың химиялық құрамы
  7. Белоктардың физикалық және химиялық қасиеттері. Амин қышқылының классификациясы мен құрылымы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ