С. Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңі (Сабақ жоспары)

0
2755
Иллюстрация: Freepik.com

 

Сынып:11

Пәні: Қазақ әдебиеті

БӨЛІМ. Тарихтың шертіп пернесін

Күні:

Мектеп:

гимназиясы

Мұғалімнің есімі: 

Қатысқаны:                    Қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы С. Сейфуллиннің «Сыр сандық » өлеңі
Оқу мақсаттары 11.1.2.1 әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді қазіргі өмірмен байланыстырып, ұлттық мүдде тұрғысынан ашу
Сабақ мақсаттары С.Сейфулиннің «Сыр сандық» өлеңінде көтерілген мәселелерді қазіргі өмірмен байланыстырып,   ұлттық мүдде тұрғысынан талдау
Ойлау деңгейі қолдану
Бағалау критерийлері —  «Сыр сандық» өлеңінде көтерілетін мәселелерді анықтайды;

—  анықталған  мәселені қазіргі өмірмен байланыстырады;

—  ұлттық мүдде тұрғысынан талдайды

Тілдік мақсат Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: сыр сандық, сым перне, ұлттық мүдде, қалың зеңгір, тіршілім  т.б.

Диологқа арналған пайдалы тіркестер: Менің ойымша, себебі, мен оны былай түсінемін…, Оған дәлел…

Талқылауға арналған сұрақтар:

1.Өлеңнің «Сыр сандық» аталуына дәлелдер табыңдар, басқаша қалай атауға болады?

2. «Нағыз достар бір-ақ қалып» дегенді қалай түсінесіңдер?

Құндылықтарға баулу Өмір құндылықтары: көтерілген мәселелерді қазіргі өмірмен байланыстырады.

Табыс пен жетістік: ұлттық мүддені жоғары қою арқылы жетістікке жету жолдары  туралы айтады.

Пәнаралық  байланыс Қазақ тілі,  қазақстан тарихы, өзін-өзі тану
Алдыңғы оқу С. Сейфуллиннің өмірі мен  шығармашылығы жайлы біледі
Жоспар
Жоспарлан ған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар Ресурстар

 

Басталуы

 

5 мин

 

 

 

 

 

 

3  минут

 

Жағымды атмосфера құру кезеңі.

«Ән шырқау» әдісімен  Қ.Ыдырысовтың сөзіне жазылған  «Достар, достар» әні бойынша  шумақ санына қарай топқа бөлінеді. М.Жүнісованың орындауындағы әннің орындалу клипі бейнетаспадан көрсетіледі. Әннің әр шумағы айтылғанда, сол шумақты ұстап тұрған оқушылар ортаға әнге қосыла отырып, билеп шығады. Сондағы жиналған оқушылар 1-топқа, келесі жиналғандары  2-топқа, келесісі 3-топқа отырғызылады.

«Адасқан сөздер» әдісі  бойынша оқушылар адасқан сөздерді орындарына орналастырып, сабақтың тақырыбы мен мақсатын шығарыңдар.

Бағалау парақшасын тарқатып,  түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.

 

Ән шумақтары бойынша түрлі-түсті кеспе

 

 

 

 

Қағаз — қалам

 

Ортасы

 

6 минут

 

 

 

 

 

 

5 минут

 

 

 

 

 

 

 

8 минут

 

 

 

 

 

                 

 

 

 

 

 

 

8 минут

1. Оқушыларға бейнетаспадан С.Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңін тыңдату.

«Ой қозғау» әдісімен  жаңа тақырып бойынша төменде көрсетілген сұрақтарға жауап бересіңдер.

1. Өлең не себепті «Сыр сандық» деп аталған?

2.«Нағыз достар бір-ақ қалып» дегенді қалай түсінесіңдер?

3. Ақын достықтың қасиетін қалай көрсеткен?

4. Не себепті ақын сыр сандықты өлеңіне арқау еткен? т.б

1-тапсырма:  «Радиоға қоңырау шалу» әдісімен   «Төрт қонақ» рөлдік ойынында «Сыр сандық» өлеңін оқып, өлеңде көтерілген мәселелерді анықтаңдар.

Қатысушылар: ақын, жүргізуші, психолог және лирикалық кейіпкер.

Дискриптор: өлеңді оқиды; өлеңде көтерілген  мәселені анықтайды;

ҚБ: Лайк. Пікір. Репост

2-тапсырма: «Үш түрлі әңгіме»  әдісі  арқылы  төмендегі ұсынылған әңгіменің 3 түрінің бірін таңдап, көтерілген мәселені дәлелдей отырып, қазіргі өмірмен байланыстырыңдар.

1.     Әңгіме-дебат: Автор нағыз достың бейнесін бере алды ма?

1.     Келісімшілік әңгіме: Нағыз дос қиындықта қасыңнан табылады

2.     Зерттеушілік әңгіме: Негізгі ойды қоғаммен  байланыс-тырып ой қозғау.

Дискриптор: тапсырманы таңдайды; өз ойын дәлелдейді;

—         қазіргі өмірмен байланыстырады.

ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша бағалау

3-тапсырма. Топтық жұмыс. «Сәйкестендіру» әдісі бойынша берілген сөздерді мағынасына қарай сәйкестендіріп, шыққан сөз тіркестері бойынша өлеңдегі ақын жырлаған сұлу сезім жайында ой толғап, ұлттық мүдде тұрғысынан қарастырыңдар.

адалдық   қастық
мансап   сарай
достық   таза
алтын   ар -ұждан
жаны   қоймаға
шыңдағы   достық
адал   арамдық
құнды   байлық
жаны   таза

Дискриптор: көтерілген мәселені  ұлттық мүдде тұрғы-сынан талдайды

ҚБ: Топтық бағалау

Топтар өзара бағалауды  жүзеге асырады.

Бағалау парақшасының қорытындысын көрсету.

Н.Тілендиев

тің «Ата толғауы» күйімен әрленген С.Сейфуллин

нің «Сыр сандық»өлеңі

 

телефон

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Интерактивті тақта

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кеспе

Қағаз

қалам

Аяқталуы

3 минут

 

 

 

 

1 минут

Кері байланыс.  «Плюс,  минус — қызықты»

Плюс Минус Қызықты
     

1.Сабақта барлығы ұнады: сабақ мазмұны, жұмыс түрлері

2.     Ұнамады, түсініксіз болып қалды

3.     Барлық деректер мен әдістер қызықты

Үй тапсырмасын беру. «Достықты бұзатын не нәрсе?», «Сыр сақтау маңызды ма?», «Менің досым» тақырып-тары—ның біріне эссе жазу.

 

Қима қағаздар

 

 

 

Қосымша ақпарат
Саралау.

Қосымша критерийлер

арқылы бағалау

 

 

 

 

Рефлексия

Қабілетті оқушы. Тапсырма бойынша жетекші сұрақтар дайындайды. Шығармада көтерілген мәселені қазіргі өмірмен байланыстырады, ұлттық мүдде тұрғысынан ашады.

Қолдауды қажет ететін оқушы топтық жұмыстарда «достық» туралы  өз ойларын білдіреді, негізгі сұрақ дайындайды,  кері байланыс береді.

Бүгінгі оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуалы қандай болады?

Мен жоспарланған саралау шаралары тиімді бола ма?

Берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Қорытынды бағамдау.

Қандай екі нәрсе табысты болды ?

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады?

Тапсырмаларды уақыт мөлшеріне қарай таңдау, топтағы қарым-қатынасты бақылау. Жекелеген білім алушыларды топтық жұмыстарға тарту.

 

Дереккөз: bilimainasy.kz

Басқа материалдар:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ