Жібек жолының пайда болуы жəне оның қызметі, керуен жолдары

0
1247
Иллюстрация: Freepik.com

Пәні: Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Жібек жолының пайда болуы жəне оның қызметі, керуен жолдары

Сабақтың мақсаты: Қазақстан аумағындағы Ұлы жібек жолының тармақтары туралы айта келіп, Жетісу жерінің Шығысқа шығатын басты қақпа екендігіне тоқталу. Жібек жолының Қазақстан жеріндегі қалалардың өсіп өркендеп, қала мәдениетінің дамуындағы рөлін аша отырып, Қазақстандағы әлеуметтік экономикалық маңызын түсіндіру.

  • Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихымен таныстыра отырып,Ұлы Жібек жолының сауданы. Шаруашылық пен мәдениетті, халықаралық қарым-қатынасты дамытудағы рөлі туралы түсінікті қалыптастыру;
  • Оқушылардың Ұлы Жібек жолы кезіндегі сауданы қазірі Қазақстанның және өзге мемлекеттердің сауда дамуымен салыстыра білу, баға беру қабілеттерін дамыту.Өзіндік жұмыстар жасай білуге дағдыландыру.
  • Заман талабын сай оқушыларды еңбексүйгіштікке, білім болуға, адамгершілікке тәрбиелеу

Күтілетін нәтиже:

  1. Ұлы жібек жолының пайда болу тарихын, географиялық орналасуын зерттеп, анықтап талқылайды.
  2. Жібек жолының шаруашылықтың дамуына тигізген әсерін анықтап, салыстырып зерттеп қорытындылайды.
  3.  Ұлы жібек жолының мәдениеттің өркендеуіне тигізген ықпалын анықтап, қорытынды жасап үлгілеу.

Сабақтың түрі:Аралас сабақ

Әдіс-тәсілдері: ББҮ әдісі, тарихи домино ,іздену,ойталқы, жеке, топтық жұмыс,

Сабақтың көрнекілігі: видеоролик, интерактивті тақта, Ұлы жібек жолының картасы, суреттер, кеспе қағаздар

Пайдаланатын технология: СТО технологиясын қолдану

Пәнаралық байланыс: география, дүниежүзі тарихы

Оқушы әрекеті:

  • Мұғаліммен амандасады, топтарға бөлінеді.
  • Жаңа тақырыпқа болжау айтады, білетіндерін еске түсіреді.
  • Топта талқылап, тізбектейді, салыстырады, айырмашылықтарын табады.
  • Постерге идея тоғыстырады және сынып алдында қорғайды.
  • Жаңа сабаққа байланысты тапсырмалар орындайды.

Сабақтың барысы:

 І. Ұйымдастыру кезеңі(3 мин)

  • Оқушыларды түгендеу, сабаққа ынтасын қалыптастыру
  • Сыныпты топтарға бөлу.(сурет бойынша топқа бөлінеді).

1топ: географшылар

2 топ: саудагерлер

3 топ: Мәдениеттанушылар

 ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (7 мин)

1.Миға шабуыл

1.Қыпшақ халқының қалыптасуы қай ғасырларда жүзеге асты?

2.Қыпшақтардың этникалық құрамы

  1. Қыпшақтардың негізгі тайпасының елбөрілі немесе бөрілі деп аталуы себебі неде?
  2. Қыпшақ тілі қандай тіл тобына жатады?

5.Ақсүйек шонжарлар кімдер

6.Қыпшақ даласы қай аймақтарды қамтыды

7.Негізгі шаруашылығы

8.Қыпшақтардың басқару жүйесі қандай болды?

9.Қыпшақ даласы қай аймақтарды қамтыды

2.Тарихи диктант

  • Қыпшақтардың …… VII-VIIIғ ғ қалыптаса бастаған.
  • Қыпшақтардың батыс бірлестігі ……. Тайпадан тұрады. Хандық биліктің орталығы …….. деп аталды.
  • Күші және беделі басым оң қанаттың ордасы Жайық өзені бойындағы …….. қаласының орнында болса, ал сол қанаттың орталығы Сырдария бойындағы ……… қаласында орналасты.
  • Орыс деректерінде қыпшақтарды ……… деп, ал венгрлер …… деп атаған. Қыпшақтар негізінен ……. шаруашылығымен айналысқан.

ІІІ. Жаңа білімді меңгерту(20мин)

  1. Интерактивті тақтадан «Ұлы жібек жолы» суреті көрсетіледі. Оқушылар не білетіндерін жарыса айтады.

Олай болса бүгінгі біздің жаңа сабағымыз «Ұлы жібек жолының пайда болуы және оның қызметі» деп аталады.Ендеше барлығымыз мына видеороликті қарайық.(Ұлы жібек жолы туралы видеоролик көрсетіледі). Осыдан кейін оқушылар постер қорғауға дайындалады.

  1. 1 топ: географтар-Ұлы жібек жолының пайда болуы

2 топ: саудагерлер-Ұлы жібек жолының шаруашылықтың дамуына тигізген әсері

3 топ: мәдениеттанушылар-Ұлы жібек жолының мәдениет дамуына тигізген ықпалы

Постер қорғап, өз ойларын айтады.

  1. IV. «Тарихи домино» ойыны(3мин)
Жібек жолы халықтар арасындағы
сауданың дамуына ғана зор
үлесін қосып қойған жоқ.
ол Шығыс  пен Батыс
елдерінің арасындағы халықаралық дипломатиялық
қарым- қатынастың дамуына да
өзінің үлкен пайдасын тигізген

Қай топ бірінші болып осы сөздерден сөйлем құрастырып шығады сол топ бағаланады.

Дұрыс жауабы: Жібек жолы халықтар арасындағы сауданың дамуына ғана зор үлесін қосып қойған жоқ. Ол Шығыс пен Батыс елдерінің арасындағы халықаралық диплломатиялық қарым-қатынастың дамуына да өзінің үлкен пайдасын тигізген.

V. Қорытынды. «Көш керуен» ойыны. Оқушылар сұрақтарға жауап береді.(3мин)

р/с сұрақтар а ә Б
1 Жібек жолы қайдан басталады Жапония Қытай жеріндегі Хуанхэ өзенінің аңғарынан Қара теңізден
2 Жібек сатуда Қытаймен бәсекеге түскен ел Иран Ауған Соғды
3 Ұлы жібек жолымен алғашқы сауда байланысы қашан жасалған Б.з.б 2-1ғ Б.з 4ғ Б.з 5ғ
4 Жібек жолы арқылы таралған діндер шаман Буддизм, манихей,христиан Заорастризм
5 Жібек жолының арқасында көп елге тараған әлі күнге базарларда сатылып жүрген өнім Болгар бұрышы қияр  Алма
6 Қытайдан әдемі фарфордан жасаған ыдыстары Қазақстанның қай қалаларынан табылған. Яксарт, құлан Жент, Сүткент Талғар, Испиджаб
7 Жібек қай ғасырда бүкіл Еуразияға әйгілі болды? Тараз Қарашық  Құлан
8 Алғашқы кезде сауда жолында елшіліктер арасында ақша, құнды сыйлық орнына жүрген аса бағалы тауар? Ясы Тараз Алмалық

VI. Қорытындылау.(5мин)

Сонымен, Осынау тарихи жолдың жібек саудасына байланысты «Жібек жолы» атанғаны түсінікті. Ал, «ұлы» сөзінің қосылуы жолдың кең байтақ Шығыс пен Батысты байланыстырып жатуынан. Бұл жол Қытайдың Хуанхэ өзенінен  бастау алады екен. Сауда жолы арқылы көптеген асыл тұқымды жылқылар, барыс пен арыстандар, жүзім түрлері, шабдалы, қауын т.б сатылған.

VII. Үйге тапсырма (4мин)

Ұлы жібек жолын картаға түсіру

VIII. Бағалау (Топ басшыларына бағалау парақшасын беру)

Дереккөз: bilimainasy.kz

Ұқсас материалдар: 

  1. Қазақстан тарихынан тест тапсырмалары (І нұсқа)
  2. Қазақстан тарихынан ҰБТ тапсырмалары (ІІ нұсқа)
  3. Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы (сабақ жоспары)
  4. Ноғай Ордасы (сабақ жоспары)
  5. Әбілхайыр хандығы (сабақ жоспары)
  6. Түрiк қағанаты (552—603 жж.) тақырыбы бойынша сабақ жоспары
  7. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына жалпы шолу (сабақ жоспары)
  8. “Ұлы Жібек жолының” халықаралық қатынастардағы орны (сабақ жоспары)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ