Күнделікті тұрмыста жиі айтылатын тыйым сөздер

0
1505
Иллюстрация: Freepik.com

Қазақ халқының тәрбие құралдарының бірі – тыйым сөздер. Бұл сөздер есі кірген балаларды жаман әдет, жат пиғыл, орынсыз қылық, теріс мінездерден сақтандырып отырған.

Тізені құшақтау – жалғыз қалудың, қолды төбеге қою – жұрттан безінудің, үлкеннің жолын кесу — әдепсіздіктің, асты төгу – ысыраптың белгісі деп таныған және ондай ерсі істерге қатаң тыйым салған.

Мұндай тыйым сөздер ел ішінде көп. Оның бәрін қамти алмағанмен, кейбір үлгілерін беруді жөн көрдім.

Дастарханды, тамақты баспа.

Малды, ыдысты, тамақты теппе.

Түнде үй сыпырма, тырнағыңды алма.

Үлкендердің жолын кеспе, сөзін бөлме.

Бүйіріңді таянба, жер таянба, иегіңді таянба.

Бетіңді баспа.

Тізеңді құшақтама.

Өтірік жылама.

Қолыңды қусырма.

Жақын адамға пышақ сыйлама.

Аққуды атпа.

Нанды жерге тастама, үстіне басқа зат қойма.

Мойныңа белбеу жіп салма.

Бейуақытта жылама, ұйықтама.

Адамға қарап түкірме, есінеме.

Нанды бір қолыңмен үзбе.

Тамақты сораптап ішпе.

Қолыңды төбеңе, желкеңе қойма.

Өтірік күлме, өтірік ауырма, өтірік сөйлеме.

Түрегеп тұрып немесе жатып тамақ ішпе.

Көп ішінде қатты сөйлеме, қатты күлме.

Жұрт алдында құлағыңды, мұрныңды шұқыма.

Мақтаншақ болма, тәкәппар болма.

Әйелге күш көрсетпе.

Тәңертеңгі асты тастама.

Бала бетіне үрлеме.

Тырнағыңды тістеме.

Пышақты шалқасынан қойма.

Таңдайыңды қақпа, басыңды шайқама.

Көп сөйлеме.

Ата-анаңа қарсы келме.

Дініңді сатпа, ұлтыңды сатпа, арыңды сатпа.

Ұрлық қылма, зорлық қылма.

Әдепсіз сөзді айтпа, өтірік айтпа.

Кісі төсегіне отырма.

Шақырмаған жерге барма.

Саусағыңды аузыңа салма.

Үлкеннен бұрын отырма, жатпа.

Жұлдызды, адамды санама.

Басқа материалдар:

  1. Тіл жаның, тіл — қаның, тіл-арың, тіл — әнің (Әдеби ойын – сайыс)
  2. Жасай бер, Ана тілім — Қазақ тілі! (Тақырыптық кеш)
  3. Тіл — біздің тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз (Әдеби ертеңгілік)
  4. Тіл өнері мен сөз құдіреті туралы мақал-мәтелдер
  5. «Жас математик» интеллектуалдық сайысы
  6. Математикадан «Ғажайыптар әлемі» сайысы
  7. «Физика» декадасына арналған «ХХI-ші ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалдық сайысы
  8. «Білімді информатик» сайысы
  9. Жасанды интеллект деген не?
  10. Информатика пәніне қатысты глоссарий
  11. Бұлттық технологиялар туралы толық мәлімет
  12. «Заман шындығы» бөлімі бойынша қазақ әдебиетінен тест тапсырмасы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ