\r\n\r\nМазмұны\r\n\r\nКіріспе………………………………………………………………………………………………………….3\r\n\r\nІ – тарау Венгрия халқы және қазіргі әлеуметтік – экономикалық жағдайы\r\n\r\nІ.1 Халқы және оның орналасу ерекшеліктері……………………………..5\r\n\r\nІ.2 Өнеркәсібінің салалық құрылымы………………………………………….7\r\n\r\nІ.3 Венгрия мемлекетінің қазіргі әлеуметтік – экономикалық жағдайы…..9\r\n\r\n ІІ – тарау Қазақстан Республикасы мен Венгрия Республикасының қарым – қатынастары\r\n\r\nІІ.1 Қазақ – Венгер саяси – экономикалық байланыстары…………………..11\r\n\r\nІІ.2 Мәдени – ынтымақтастық қатынастары……………………………………18\r\n\r\nҚорытынды………………………………………………………………………..21 Пайдаланған әдебиеттер\r\n\r\n \r\n\r\nКіріспе\r\n\r\nРесми атауы: Венгрия Республикасы\r\n\r\nАстанасы: Будапешт ( 1,76 млн адам)\r\n\r\nТерриториясы: 93 мың.км2 (Еуропа бойынша 16 орын )\r\n\r\nАқша бірлігі: форинт\r\n\r\nӘкімшілік – территориялық бөлінуі : 19 облысқа бөлінеді. Будапешт ерекше қала статусына ие\r\n\r\nМемлекет басшысы: президент ( 5 жыл сайын сайланады ).\r\n\r\n Венгрия — Еуропаның орталығанда орналасқан мемлекет . Жер ауымағы 93 мың. км2 . Халқы 10,8 млн. адам. Астанасы — Будапешт. Венгрия негізінен, Орта Дунай жазығында орналасқан ел. Жерінің 60% дан астам бөлігі жазық, қалған бөлігі таулы қырат. Жазық жерлері ауыл шаруашылығына қолайлы, таулы аймақтары қалың орман. Мұнда дүние жүзіне әйгілі курортты аймақ – Балатон көлі орналасқан. Климаты қоңыржай. Қаңтар айындағы орташа температурасы -2 — 4°С , шілдеде 20-22°С. Жауын — шашын мөлшері 450 – 900мм . Жазы ыстық қысы суық болғанмен де елдің шығысында құрғақшылық басым. Дунай мен Тиса аралығындағы жерлер өте құнарлы болғандықтан, жүзімдіктер мен шабындықтар алып жатыр. Венгрияның солтүстігінде Карпат таулы аймағында ормандар территорияның 1/8 бөлігін алып жатыр.\r\n\r\nШекаралас елдерге қарағанда Венгрия жазықты ел болып табылады. Оның территориясын Орта Дунай және Венгер таулы қыраты алып жатыр. Биік жазықтар мен қыраттар елдің шығысына тән. Батыс бөлігі ұсақ таулы қыраттармен сипатталады. Ең басты массивтері: Мечек, Бакондық орман (700 м ) төменгі жағында балатон көлі болып табылады. Венгрия бес елмен шектесіп жатыр. Солтүстігінде Чехия және Словакия, оңтүстігінде Югославия, батысында Австрия және солтүстігінде Румыниямен шектесіп жатыр. Ең маңызды қалалары Будапешт, Дебрецен, Мишкольц, Сегед, Печ болып табылады. Будапешт елдің астанасы ғана емес, табиғатының әсемдігі, ескі тарихымен және мәдени орталығымен ерекше көзге түсіп отыр. Ал Печ қаласы туристердің көңіл көтеретін орталығы болып табылады.\r\n\r\nІ – тарау Венгрия халқы және қазіргі әлеуметтік – экономикалық жағдайы\r\n\r\nІ.1 Халқы және оның орналасу ерекшеліктері\r\n\r\n Венгрияда 10,8 млн. адам тұрады. Халқының 90% венгрлер. Қалғандары неміс, араб, хорват, румын, еврей және 1,4% — ы сыған этникалық тобынан тұрады. Мажарлар — Венгрияның байырға халқы. Венгрияда ( 10,8 млн. ), Румынияда ( 2 млн.), Словакияда ( 730 мың) , Югославаияда ( 400 мың ), Австрияда ( 50 мың ), сондай- ақ Батыс Еуропада ( 200 мың) , АҚШ- та ( 85 мың), Канадада ( 100 мың ), Латын Америкасында ( 200 мың) , Австралияда ( 85 мың) адам тұрады. Жалпы саны 16 млн. адам. Венгрлер еуропалық нәсілдің тұран өтпелі тобына жатады. Фин- угор тілдер тобының венгр тілінде сөйлейді. Жазуы латын әліпбиіне негізделген. Венгрлердің басым көпшілігі католиктер, кальвиншілдер, аздап лютерандықтар да кездеседі. Венрлердің көне тарихы мен этногенезі ғылымда шешімін таппаған даулы мәселелердің бірі. Венгр халқының негізін шамамен б.з.б 5 мың жыл бұрын Батыс Сібірдегі вогул ( лансы), остяк ( ханты ) жұрттары мен Орал бойын мекендеген угорлар және түркілер құраған. Б.з.б 1 мыңжылдықтың ортасында Солтүстік- батыс Сібір мен Оңтүстік- батыс Орал аралығында көшіп – қонып жүрген Венгр тайпалары кейін Тобыл мен Мұғалжар — Еділ бойы төңірегінде көне Венгр мемлекетін ( Манга Хунгария ) құрған. Үнемі батысқа қарай жылжумен болған олар тарихта Леведия ( Еділ мен Дон арасында ), Етелкөз ( Днепр мен Дунайдың төменгі ағысы арасында ) аталған өңірлерде қыпшақ, оғыз, бұлғар т.б түркі тайпаларымен , түркі тілді аварлармен этникалық, саяси, әскери байланыстар жүргізген. Осы кезеңде венгр ұлтының қалыптасуында басты міндет атқарған хетумадьяр, медьяр, тарман, кери, кеси, ньек болды. Мұнан кейінгі кезеңдерде Венгрлер герман тайпаларыман, византиялықтармен, Дунай бұлғарларымен араласқан.\r\n\r\nВенгрияның ұлттық құрамын венгрлер ( немесе мадьярлар ) құрайды. Халықтың орналасуының орташа тығыздығы 1 шаршы шақырымға 113 адамнан келеді. Венгрия Еуропада сирек қоныстанған елге жатады. Елдің астанасында халықтың 1/5 бөлігі тұрады. Будапештте 1,9 млн. адам. Тұрады. Ол халықтың орналасу жағдайына байланысты Мишкольцтен 12 есе көп. Будапешттен басқа Мишкольц, Дебрецен, Печ , Сегет қалаларында 100 мыңнан астам халық тұрады, Мемлекеттік тілі венгр тілі.\r\n\r\nВенгрияның оңтүстігінде 1 шаршы шақырымға 150-185 адамнан келсе , ең сирек қоныстанған оңтүстік аймағында 60 адамнан тұрады. Немістер, хорваттар, румындар, словактар, сербтер мен славянда халықтың 1% құрайды. Басты ұлттық мейрамдары 20 тамыз, Ұлы Иштван күні болып табылады.\r\n\r\nВенгрлердің көп бөлігі шекаралас елдерде қоныстанған. Соның ішінде ең көп бөлігі Румынияда 2 млн. адам болса, ең аз қоныстанған еле Австралияда 85 мың адам. Қазақстанда венгрлердің саны 674 – тен 440- қа дейін қысқарды.\r\n\r\nІ.2 Өнеркәсібінің салалық құрылымы\r\n\r\nВенгрия аграрлы- индустриалды елден, индустриалды — аграрлы елге айналды. Басты табиғат ресурстары Орта Венр таулары мен Карпат таулы қыраттарында орналасқан. Бұл аймақтарда боксми, қоңыр көмір, марганец, мұнай және темір рудалары шоғырланған. Еуропаның басқа елдерімен салыстырғанда Венгрия минералдық шикізатпен энергетикалық ресурстарға бай емес.\r\n\r\nВенгрия боксит өндіруден Еуропада алдыңғы қатарда тұр. Халықаралық еңбек бөліндісінде Венгрия боксит пен алюминий өндіруден көзге түсіп отыр. Венгрия электротехника, радиотехника, дәрі – дәрмек шығаруда маманданған. Венгрия басқа елдерден шикізат пен мұнай, темір рудасын, көмірді. Жанармай, табиғи газ және электроэнергиясын алады.\r\n\r\nПайдалы қазбалар елде әркелкі орналасқан. Өнеркәсіптің жақсы дамығаны ауыр индустрия. Жетекші орында тау – кен өнеркәсібі, соның ішінде көмір ( 1990 жылы 31,5 млн. т ) жетті. Өңдеуші өнеркәсіпте машина жасау ( 1990 жылы 2,5 млн. т болат балқытылды ) жақсы дамуда. Ең ірі қара металлургия комбинаты Дунауйварош қаласында ( Будапешттің оңтүстігінде ) орналасқан. Химия өнеркәсіптің ішінде азот тыңайтқыштарын өңдеу Мишкольц қаласында орналасқан. Сонымен қатар азық — түлік өнеркәсібі ( ұн, қант, консерві ) және тоқыма жасау салалары жақсы дамыған. Будапешттің өнеркәсібінің салалары әртүрлілілігмен ерекшеленеді. Солтүстігінде машина жасау, электротехника, тоқыма және азық – түлік дамыса , астананың оңтүстігінде ЖЭС – тер мұнай өңдеу зауыттары іске қосылған.\r\n\r\nВенгрияда жаңа зауыттар мен фабрикалар көбінесе үлкен емес кіші қалаларда шоағырланған. Елдің батысы мен оңтүстігінде кішігірім өндіріс орындары мен маңызды өнеркәсіп аудандарына айналды. Батыс бөлігінде орналасқан Орта Венгр таулы аймағында қоңыр көмір. Боксит және марганец, алюминий және мұнай өңдеу зауыттары, Дьерс машина жасау өнеркәсіп кешендері орналасқан. Солтүстік орта таулы аудандарында қоңыр көмірді барлау бірнеше есеге өсті.\r\n\r\nЖергілікті жердің темір рудасын пайдаланатын металлургия зауыты Мишкольц пен Озда қалаларында орналасқан. Ең ірі азот химия комбинаттары Казинцбарцикте , ауыр машина жасау кешендері Лимикольц қалаларында жұмыс істеуде.\r\n\r\nОңтүстік батыс бөлігінде Печ қаласында тас көмір мен уран рудасының көп қоры шоғырланған.\r\n\r\n \r\n\r\nІ.3 Венгрия мемлекетінің қазіргі әлеуметтік – экономикалық жағдайы \r\n\r\nВенгрия территориясы мен халқы жағынан үлкен ел болмаса да , машина жасау құрылғылары, дәрі- дәрмек пен басқа да тауарлардың сапасы жағынан дамыған елдерден озып шығады. ХХ ғасырға дейін Нобель премиясын иеленген он екі венгр ғалымы болды.\r\n\r\nВенгрия 1990 жылдан бергі саясаты бойынша Еуропада ортақ интеграция құру және жаңа көрші елдермен тату- тәтті өмір сүру болып табылады. 1994 жылы Венгрия НАТО- ның « Әлем үшін » атты форумына, ал 1999 жылы НАТО- ның толыққанды мүшесіне айналды.\r\n\r\n1991 жылы Венгрия Еуропалық Одақтың ассоциациясына енсе, 2004 жылдың мамырында ЕуроОдаққа қабылданды. Көрші елдермен байланысты кеңейту үшін Румыния және Австралиямен байланыс орнатты. Венгрияның сыртқы саясатында ерекше орында тұрған АҚШ, Гармания, Франция, Австрия.\r\n\r\nВенгрия — индустриалды — аграрлы мемлекет. Экономикалық және әлеуметтік дамуы жағынан Шығыс Еуропа елдері ішінде ең жоғары көрсеткіштерге ие. 2006 жылы ЖІӨ 164млрд. ақш долларын құраса , ал жалпы адам басына шаққанда 17733 долларын құрады. Сыртық сауда балансы 173 млдр. доллар құрады. Орташа жалақы 590 АҚШ долларына тең болды. Жеке меншік секторында жалпы ішкі өнім 80% болса, шетелдік капиталдың үлесіндегі венгрлік табыс 30% құрады. Венгрияның қарамағында 200 – ге жуық фирмалары болса, 180 – ге жуығы жеке меншік немесе толығымен шетел қарамағында. Коммуникация және байланыс бойынша 90% , банк – қаржы 70% , энергетика 60%, шетел кариталының үлесіне тиесілі.\r\n\r\n1990 — 2006 жылдар аралығында Венгрияға 30 млрд. АҚШ долларын шамасында шетел инвестициясы тартылды. Венгрия басшыларының экономиканы көтеру шаралары оң нәтиже берді. Соның ішінде банк ісі, қонақ үй саласы, шетел капиталын тартуда көп жетістіктерге жетті. Венгрияның 2004 жылы ЕуроОдаққа кіруінің нәтижесінде , одақаралық шешім бойынша көп көлемді ақша бөлініп, экономикасының дамуына септігін тигізді.\r\n\r\n Қазақстан Республикасы мен Венгрия Республикасының қарым – қатынастары\r\n\r\n ІІ.1 Қазақ – Венгер саяси – экономикалық байланыстары \r\n\r\n Қазақстан тәуелсіздігін алған кезден бастап – ақ Шығыс Еуропа елдерімен жан – жақты қатынаста болуына көңіл бөле бастады. Ол халықаралық байланыстардың негізінде Таяу және Алыс шетелдердің бәрімен өзара тиімді саяси, әлеуметтік — экономикалық , мәдени қатынстарды орнатуға ұмтылуда.\r\n\r\nБіздің елімізбен дәйекті байланыстарды дамытуға бірталай мемлекеттер ықылас білдіруде. Оған себеп болатын ең алдымен , қыруар қазба байлықтарымыз, сонымен қатар бұрынғы Кеңес империясының ыдырауымен мүлде жаңа саяси жағдай пайда болды. Қазіргі Қазақстан жері Еуропаны Азия – Тынық мұхит аймағымен байланыстыратын сыртықы саяси және стратегиялық тиімді кеңістікті алып жатыр. Бұл байланыстырушы буын мүмкіндігі де республикамызға септігін тигізуге тиіс. Елімізді қазіргі кезде д. ж. 117 мемлекет таныды . Олардың 105 – мен дипломатиялық қарым -қатынастар орнатылды . Шетелдерде 26 елшілік ашылып , Алматыда 40 елшілік пен миссия , халықаралық және ұлттық ұйымдардың 16 өкілдігі жұмыс істейді.\r\n\r\nШығыс Еуропа бүкіл Еуропаның 822 мың .км2 алып жатыр. Халқы 96 млн адам. Бұл аймақты инфрақұрылымы , коммуникациясы, ортақ саудасы үлкен мүмкіндіктерге ие. Осындай елдердің біріне 2004 жылы Еуропалық Одақтың мүшелігіне енген Венгрия Республикасы жатады. Қазақстан мен Венгрия арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылы 23 наурызда бекітілді. 1993 жылы қыркүйекте Венгрияда Қазақстанның елшілігі ашылды. 2007 жылы екі ел арасындағы диполматиялық қатынастардың 15 жылдығы аталды. Екі ел арасындағы достық қарым — қатынстар 1994 жылы желтоқсан айында Н.Назарбаевтың іс — сапары нәтижесінде анықталды.\r\n\r\n1997 жылы Венгрияның президенті А. Генц Қазақстанға лағаш іс – сапармен келді. Көптеген проблемаларға тоқталып өтіп, екі ел президенттері он бес мемлекеттік маңызы бар құжаттарға қол қойды. Ең басты саяси кездесу 1994 жылы Н.Назарбаевтың Будапештке келуі еді. Келісімсөздер барысында достық және әріптестік негіздер қалыптастыратын құжаттарға қол қ ойды. Сонымен қатар Қазақстан мен Венгрия арасындағы инвестиция мен конвенцияның мүлтіксіздігін талқылады. Осы құжаттар екі ел арасындағы түрлі қатынастарды нығайтуда ерекше рөл атқарды. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы мен Венгрия Республикасы арасындағы ортақ және тұрақты байланыстар жалғасуда. Оның басты мысалына ҚР президентінің 2007 жылы Венгрияға сапарын айтуымызға болады.\r\n\r\nКеліссөздер барысында Қазақстан мен Венгрия ең басты медицина және фармацвтикаға, өнеркәсіп және энергетикаға, ауыл шаруашылығына, кіші және орта бизнеске жаңа технологиылар мен туризмге, спортқа көп көңіл бөлінді. Венгрия Қазақстанға тек шикізат пен ресурстарымен ғана емес, сонымен қатар экономикалық тұрақтылығымен қызықтырады. Соңғы 12 жылдың ішінде Венгрия ауыл шаруашылығы мен машина жасауда жақсы көрсеткіштерге жетті. Қазақстан басшылары экономикалық дамуда Венгрияның саяси дамуын көп айтып мысалға келтіреді. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев кезекті отырысында экономиканың дамуы үшін Венгрия, Канада және Австралия сияқты елдердің іс- тәжірибесіне терең уңілу керектігін айтқан болатын.\r\n\r\n Қазақстанның түрлі пайдалы қазбаларға бай болуы, құрлықтағы стратегиялық жағдайы, арзан жұмыс күшінің болуы , білім және мәдениеттің терңдігі тұрақты саяси жағдайының болуы Венгрияны әртүрлі әріптестік жағдайда қызықтырып отыр. Венгрия Қазақстанды егемен және тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасып әлемдік қоғамдастықтың толық құқылы мүшесі, оның ажырамас бөлігі болып отыр деп көрсетті. Ол Қазақстанды табиғат ресурстарына бай мемлекет деп қана қоймай, сонымен қатар тең құқықты елге жеткендігін айтты.\r\n\r\nЕкі ел арасындағы сауда- экономикалық байланыстарды дамыту барысында 1993 жылы Будапештте Қазақстанның сауда- өнеркәсіп орталығы ашылды. Бұл орталық екі елді кіші және орта бизнесті дамытуда көп жұмыс жүргізді. Бұл орталық көптеген бизнес кездесулерді ұйымдастырып, инвестиция тарту шараларын да қарастырды.\r\n\r\n1998 жылы 25 қарашада Қазақстандық және Венгриялық ортақ « Барс қоры » ұйымдастырылып, экономикалық, ғылым және мәдениетке, спортқа , екі ел арасындағы салт — дәстүрлермен тансу шараларды ұйымдастыруы үшін құрылған беделді қордың бірі болып саналады. Қордың арқасында көптеген мерейтойлар мен іс- шаралар жүргізілді.\r\n\r\nҚордың көмегімен ҚР президенті Н.Назарбаевтың « ХХІ ғасыр тоғысында » атты кітабы венгр тіліне аударылды. Ә. Кекілбаевтың « Аңыздың соңы » атты әңгімесі 1999 жылы 15 сәуірде автордың қатысуымен Будапештте салтанатты тұсаукесері болды. « Барс » қоры Қазақстандық « Цесна » және Венгриялық « Стил » фирмасының әріптесі болды. Ортақ есеппен құрылған мекеме 1997 жылы Аламыты қаласындағы сыра зауытының қуатын жылына 2,7 млн. кВт- қа дейін күшейтті. Осы қордың арқасында Венгриялық ұлттық тағамдарды даярлайтын « Үш минут » атты мейрамханасы Алматы қаласында ашылды.\r\n\r\n« Барс » қоры Қазақстанға онкологиялық ауруларға қарсы салатын дәрі-дәрмектің 30 мың данасын Венгриядан тасымалдады. 1999 жылы қордың көмегімен Венгрияның Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанның ең басты 6 хирургын тәжірибе алмасу мақсатымен өз елдеріне шақырды. Екі ел арасындағы достық қатынастардың нығаюына ат салысқан « Барс » қорының президенті А.Галл « Достық » иегері ретінде марапатталды. 1999 жылдың 31 наурызында Венгрияның сауда — экономикалық бөлімінде «Қазақстан Республикасыынң Инвестициялық мүмкіндіктері » атты конференциясы өтті. Конференцияға Қазақстаннан экология және табиғат ресурстары мамандары қатысты. Венгрия тарапынан 100 мекемелердің басшыларымен басқа да мамандар қатысты. Венгриялық қатысушылап екі ел делегаттары сұрақ — жауаппен алмасып, конференция өз мақсатына жеткендігін көрсетті.\r\n\r\n1995 жылы Алматыда екі елдің сауда – экономикалық жағдайына байланысты проблемалардың шешудің бірінші отырысы өтті. 1996 жылы ақпан айында Будапешт қаласында екінші ресми отырыс өтті. Конференция барысында Қазақстанның бұрынғы премьер – министрінің орынбасары Есимов нақты әріптестікті кеңейту мәселесін талқылады. Венгрияның « Мол », « Ведепсер », « Раба » фирмалары қазақстандық әріптестермен тікелей байланыс орнатты . Қазақстанда атақты «Гедеон Рихтер» және « Ведепсер » сияқты венгр фирмаларының өкілеттілігі ашылды .\r\n\r\nҚазіргі кезде Қазақстанда 50 ден аса бірлескен ортақ мекемелер жұмыс жасауда. Бұл екі ел құрылыс жабдықтары мен ауыл шаруашылығы өнімдерін бірлесіп шығаруда. Сонымен қатар мұнай өнеркәсібі мен энергетика саласында байланыстарын нығайтуда.\r\n\r\nҚР Статистика Агенттігіндегі мәліметтерге жүгінсек екі елдегі сауда айналымы 2006 жылы 150,8 млн. АҚШ доллары болса, 2007 жылы 114,4 млн. АҚШ долларын құрады. Қазақстанның экспортының көп бөлігін өңдеуші өнеркәсіп пен табиғи газ болса, импортын азық – түлік пен темекі және шарапты құрайды. Мысалы, Қазақстан Венгриядан полиэтиелен қабын, жиһаз, көкөніс консервілері дәрі– дәрмектер, қағазды импорттаса, экспортқа фосфор, антрацит, минерал тыңайтқыштар ,стирол, көмір, кокс нитрат және фосфат шығарады. Венгрияның азық – түлік тауарларын Қазақстанның көптеген дүкендерінен көруге болады.\r\n\r\nЭкономикасыынң дамуында ауыл шаруашылығының үлесін де нскеруіміз қажет. Венгрия, өсімдік және мал шаруашылығында жаңа технологияларды пайдалануда. Мысалы, 1997 жылы Карцаг қаласының мэрі Фазекаш бастаған өкілділік Жамбыл облысының Мерке қаласына ат басын тіреді. Екі ел тараптары мал шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы жайында тәжірибе алмасты. 1998 жылы Мерке қаласының өкілдері мен облыс әкімі С.Жылқышиевпен бірге Карцаг қаласына аттанды.\r\n\r\n1998 жылы 21 – 28 қараша айында Кечкемет қаласында Тараз қаласының әкімі Сартпаевпен бірге Венгрия мэрі түрлі ұйымаралық және қалааралық мәдениет пен туризм мәселелерінің байланыстарын қарастырды. Сонымен қатар Өскемен және Сояновпен, Шымкент және Будапешт қалалары университеттері арасында байланыс орнады.\r\n\r\n2000 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Б. Сапарбаевпен бірге Венгрияда бизнес кездесу өтті. Кездесуден кейін Қазақстандық халықтың эстрадалық әншілердің орындауында халық әндері орныдалып Құрманғазы мен Дәулеткерейдің күйлері шертілді.\r\n\r\nКеліссөздердің барысында , сауда кондитерлік бұйымдарды және теріні өңдеу салаларын дамыту бағыттары талқыланды .\r\n\r\n2001 жылдың 12 наурызы аралығында Астана әкімі Жақсыбековтың Будапешт қаласында сапары нәтижесінде екі елдің астаналарының кең ауқымды байланыс орнатуы жөнінде бизнес форумы өтті .\r\n\r\nІІ.2 Мәдени – ынтымақтастық қатынастары\r\n\r\n2002 жылы Будапешт мэрі Делескидің Астанаға ат басын бұрып, Астанада Венгрияның мәдени күніне қатысып әншілердің өнерін тамашалады . Бұл мерекенің соңында Назарбаев Будапешттің мэрі Делески мырзаға «Астана» орденін тапсырды .\r\n\r\nҚазақстанның мәдениет күндері Венгрияда 1996 жылы Карцаг қаласында өткен болатын . Мереке күндері Қазақстанның суретшісі Сәкен Гумаровтың көрмесін венгр халқы тамашалап , нағыз қазақ даласының табиғатына тәнті болды . Сонымен қатар үлкен алаңда киіз үйлерді қаз қатар тігіп , қазақтың кең даласының өмірін , мәдениетін көрді . Қазақтың халық әндері мен күйлері шырқалып , ұлттық тағамдар даярланды .\r\n\r\nБұл мерейтойда көптеген Венгриялықтар қатысып , мәдениетіміз бен салт – дәстүрімізді , күйлеріміз бен суретшілерімізді көріп ризашылықтарын білдірді . Мәдениет күндерін Қазақстандық кино топтың белгілі режиссерлары Вовнянко, Таукелов, Аранышев қатысып « Біз Еуразиялықтармыз » атты деректі фильм түсірді.\r\n\r\n1997 жылы 25 наурызда Будапешттің « Дуна Палота » сарайында Ауезов күні аталды. Қазақстаннан Әмірханов бастаған топ ұлы ақынның « Абай жолы » кітабының мазмұндамасымен таныстырды. А. Қастеев пен С. Мырзалиевтің суреттері көрмеге қойылды. Қазақстанның белгілі әртістері Қ.Құлышев , Б. Сәмединова , С. Оспанов, Р. Стамғазиев қазақтың әндері мен күйлерін шырқады. Дәл осы уақытта Венгрияға « Ертөстік балалар қоры » Дебрецен қаласында өнерін көрсетті. Венгрияның арнайы шақырылуымен Қазақстанның күйтабақшысы Аубакированың және әнші М. Мұхамедқызының концерттік бағдарламасы өтті.\r\n\r\n2000 жылы Будапештте Қазақстанның мәдениет ісінің орынбасары Д.Қасенов іс– сапармен келді. Мәдени шаралар ұйымдастырылып қазақтың әндері мен билері орындалды, сонымен қатар қазақтың ұлттық тағамдары бауырсақ , ет , шелпек пісірілді. Будапешттегі батырлар алаңында ұлттық киім киген қыз бен жігіт арасындағы айтыс – жарыстары өтті. Бұл шаралар әрине екі елдің нағыз достық қарым– қатынасының берік екендігін және тарихи тамырының берік екендігін көрсетті.\r\n\r\n2007 жылы 27 қарашада Н. Назарбаев Венгрия Республикасына сапары кезінде Венгрия қыпшақтары одағының өкілдерімен кездесті . Бұл шара Венгрия Мемлекеттік Жиналысының ғимаратында өтті. Кездесуде ел басына « Венгрия қыпшақтары Одағының Құрметті Көсемі » деген атақ берілді. Оны Венгрия Мемлекеттік Жиналысының депутаты, Карцаг қаласының мэрі Шандор Фазекаш салтанатты жағдайда табыс етті.\r\n\r\nҚыпшақтар одағы 1990 жылы құрылған екен. Бүгінде Венгрияда , дәлірек айтқанда Карцаг және Надькуньшакта бұдан 750 жылдай бұрын Қазақстан аумағының Еуропаға қоныс аударған кунь – қыпшақтардың 100 мыңға жуық ұрпағы тұрып жатыр. Айтуларына қарағанда , жағдайлары жақсы Қазақстанмен байланыстары ойдағыдай. Араларында бизнеспен , кәсіпкерлікпен айналысатын адамдар да жетерлік .\r\n\r\n– Біздер, Венгриялық куньдер , өзімізді Орталық Азиядан шыққан қыпшақтардың ұрпағымыз деп есептейміз, яғни қазақ пен мажар тегі бір , тарихи тамырлас туысқан халықтармыз. Ана тілімізден айырылып , қазіргі венгрлермен ассимиляцияға ұшырағанымызға қарамастан , ккөпшілігіміз әдет – ғұрып, мәдениет пен этностық жағынан қазақстандық бауырларға бүйрегімізі бұрып тұрады , – деді Шандор Фазекаш .\r\n\r\nБұл сөздерді Шандор Фазекаш мырза таза қазақ тілінде айтты. Жоғарыда Венгрия қыпшақтарының одағы 1990 жылы құрылғандығын айиқан едік. Ал одақтың басшысы, яғни төрағасы ондағы қыпшақтардың жалпы жиналысында сайланады екен. Венгриялық бірқатар сарапшылар мұны Венгрия аумағындағы демократиялық негізде өткен тұңғыш сайлау деп есептейді.\r\n\r\nҚорытынды\r\n\r\n1991 жылдың 25 желтоқсан айында Венгрия Республикасы Қазақстан Республиксының мемлекеттік тәуелсіздігін мойындады. 1992 жылы 23 наурыз айында екі ел арасында дипломатиялық қатынстар орнады.\r\n\r\n1992 жылы наурыз айында ҚР – да Венгрия Республикасының елшілігі ашылды.\r\n\r\n1993 жылы қыркүйекте Венгрия Республикасында Қазақстан Республикасының елшілігі ашылды. ( 1997 жылдың ақпан айында Карцаг қаласында Қазақстанның Құрметті Елшілігі ашылды )\r\n\r\nҚазіргі таңда Қазақстанда 58 қазақ – венгер бірлескен кәсіпорындар ашылды. Бұл кәсіпорындар негізінен өнеркәсіп тауарларын, құрылыс материалдарын, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеумен және делдалдық пен маркетингтік жұмыстармен айналысады.\r\n\r\nҚазақстандық нарықта « Адите » ( құрылыс материалдары ), « Келет » ( коммерциялық қызметтер көрсету ), « Эмбаведойл » ( пайдалы қазбалардың өндіру мен өңдеу ), « Казхунер », « Атырау – Бюкк », « Жарық » ( өнеркәсіп тауарларын және жүн өнімдерін өндіру ) сияқты танымал кәсіпорындар жұмыс жасауда .\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nПайдаланған әдебиеттер\r\n
- \r\n
- Слука А.Е Территориальные экономические диспропорции в странах Европейского союза и их динамика Вестник., М 1996г., 356 б [ 75- 81с]
- 2. Международные экономические отношения. Т.1-2.М., Новости,1991г., 235б [113-115 с]
\r\n
\r\n
\r\n3.Токаев К «Казахстанская дипломатия впервые итоги, новые задачи» Мысль, 1995 г., 285б [ 94-98 с]\r\n\r\n4.Родионова И.А., Холина В.Н\r\n\r\n«Политическая картина мира » М,1995 г., 213б [ 56 – 58с]\r\n
- \r\n
- 5. Алтухов В. О смене порядков в мировом общественном развитии // МЭНО. 1995 г., 420 б., [ 218-222с]
- 6. Хлюпкин В. Казахстан в геополитическом измерении //
\r\n
\r\n
\r\nМысль 1996г., 210 б [ 98-101с]\r\n
- \r\n
- Сборник « Казахстан и страны мира » Алматы., 2005 г 325 б [ 88-91с]
- Морозов А.А «Казахстан — 10 лет независимости.» Этапы развития Алматя., ЦВПА 2002 г 387 б [ 297-301с]
- «Страны и народы» Популярная энциклопедия С.- Петербург., Дельта 1997
- Лаппо Г.М «География народов» М., ВЛАДОС., 1997 г 187 б [ 57- 63с]
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n \r\n\r\n