«Үкілі қыз» атты қыздар арасындағы сайыс жоспары

0
2474

Мақсаты:

1. Қазақ халқының ұлттық өнерін, салт — дәстүрін дәріптеуге үйрету;

2. Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту.

3. Көпшілік алдында өзін — өзі ұстай білуге, әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа, инабаттылыққа, кішіпейілділікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: гүл, шарлар,«Қыз өссе — елдің көркі»,« Күнсіз гүл өспес, күтусіз қыз өспес», «Өнерлінің он саусағы тең, өнерсіздің бір саусағы кем» деген сөздер жазылған плакаттар.

1 — жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, аяулы аналар, көрікті әпке — сіңлілер. Сіздерді 8 — наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Мерекелеріңіз құтты болсын! Құттықтау сөзін мектеп директорына беріледі.

2 — жүргізуші:

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ол  — бәйтерегі өмірдің,
Ана деген — алтын қазық, алтын бақ.

1 — жүргізуші:
Ана деген — асыл жандар болаттай,
Ана деген — мөлдір жандар бұлақтай,
О, адамдар, қадірлей біл ананы,
Жат қылыққа ақыл — ойды тонатпай.

2 — жүргізуші: 8 — наурыз — Халықаралық әйелдер күні! Мереке құтты болсын, қымбатты аналар! Сіздерге арналған ән шашуды қабыл алыңыздар! Ән:« Анашым»

1 — жүргізуші: Құрметті де ардақты аналар! Адамға өмір нәрін себуші құдірет иесі сіздер! Біз мәңгілік сіздердің алдарыңызда борыштармыз. Бүгінгідей мерекеде балапандарыңыздың қызметін, құрметпен қабыл алыңыздар! Бүгінгі ән, би, бәрі де сіздер үшін! Бүгінгі « Үкілі қыз» атты сайысымыз сіздерге арналады.

2 — жүргізуші:
Армысыздар, әлеумет кеш қонағы,
Бүгін бізде мереке аса мәнді.
Қуанып зер салайық, ей халайық!
Аруларды қошеметтеп қарсы алайық.
Бүгінгі байқауға қатысушы аруларымызды ортаға шақырамыз.

1 — жүргізуші:
Мінезі ашық, жарқын, жүзі жылы,
Түрінен көрінеді ішкі сыры.
Жанель де келді міне өнерлі қыз
Аспаннан шашылғандай күннің нұры.

2 — жүргізуші:
Жас ботаның көзіндей мөлдіреген,
Қызғалдақтай құлпырған кезі ме екен?
Ортаға шықты міне Меруерт те
Көктемдегі бәйшешектей уілдеген.

1 — жүргізуші:
Қыз баланы құрметтеген қазағым,
Аруларға ақындар жыр жазады.
Қошеметпен шақырайық ортаға,
Сайысқа келген өнерлі қыз Аруна.

2 — жүргізуші:
Атына ақылы сай аруым бар,
Қарасаң қанша үзіліп қанбас құмар.
Іңкәр ару көрсетші өнеріңді,
Тамашалап көңілденіп отырғандар.

1 — жүргізуші:
Алдыңызға келді міне Алинаң,
Өскенінде қуантады ел жұртын.
Сүйкімді кішіпейіл, қарапайым
Белсенділікпен білімге құштар әрдайым.

2 — жүргізуші:
Қандай әсем көрікті үлбіреген,
Билейді ән әуенімен тебіренткен,
Аяулы атты аруым шықты ортаға,
Дайындықпен сайысқа бүгін келген.

Жүргізушілер:
Той деп бүгін көңіл бүгін тасады,
Той деп бүгін халқым шашу шашады.
Мектептегі бүгін болар сайыстың,
Әнші шығып әнмен бетін ашады.

Ән: « Үкілі кәмшат».

1 — жүргізуші: Енді бүгінгі байқаудың шарттарымен таныс болыңыздар.

1. Таныстыру;
2. « Өнерлі өрге жүзер»( өз өнері)
3. Сұлулық сыры.( сән үлгісі)
4. Ертегілер еліне саяхат.
5. Шаш сәні.( шашты сәндеу)

2 — жүргізуші: Ал, қанеки арулар! Айтыңдаршы, осы сіздер қандайсыздар?

Арулар:
— Талабы биік таудаймыз,
— Мың бұралған бишіміз.
— Біз шеберміз, ақылдымыз,
— Парасаттымыз, ізгі нұрмыз,
— Үлкенге ізеттіміз,
— Кішіге қамқоршымыз,
— Жақсылықты ұнатамыз,
Жамандықтан тез қашамыз.

1 — жүргізуші:
Әділдікпен баға берер аруға,
Әділдікпен қара қылды жаруға.
Әділ қазы алқаларын сайлайық,
Кішкентай аруды таңдап бүгін алуға,- деп, бүгінгі кешіміздің бағасын беретін қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

2 — жүргізуші:
Ақ тілеуі ата — ананың аялаған,
Баласын шапағаты саялаған.
Ежелден қыз өсірген, қайран қазақ,
Ақ батасын арудан аямаған,- деп ауылымыздың үлкен әжесі аруларға бата беріп, содан кейін сайысымызды бастаймыз.

1 — жүргізуші:
Гүл көңілін қуаныштан өрілді,
Жанарыңнан жалын нұры төгілді.
Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен,
Көпшілікке таныстыршы өзіңді.
Бірінші кезең бойынша аруларымыз өздерін таныстырады.

Таныстыру.

2 — жүргізуші: Әділқазылар алқасының бағасына назар аударайық. Сөз кезегі сіздерде.

1 — жүргізуші:
Бастап бүгін арулардың сайысын,
Аруларды бар қазағым танысын.
Өнерлі өрге жүзер ендеше,
Ару боп өс туған жердің бағы үшін.
Бүгінгі аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді.

2 — жүргізуші: Әділқазылардың бағасына назар аударайық. Сөз кезегі сіздерде.
Ән: « Анаға сәлем».

1 — жүргізуші:
Білектей арқасында өрген бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын,- деп кезекті сұлулық сырына береміз. Арулар сән үлгісін көрсетеді.
« Сән үлгісі»

2 — жүргізуші: Әділқазылар алқасы әділ бағаларыңызды беріңіздер. Сөз кезегі сіздерде.

1 — жүргізуші:
Шыққаннан соң сахнаның төріне,
Білімділер тек биіктерден көрінер.
Арулармен бірге саяхат жасайық,
Ғажайыптар ертегілер еліне.
Бүгінгі аруларымыз « Ертегілер еліне саяхат» жасайды.

2 — жүргізуші: Сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз. Аруларымыздың ұпай сандары қандай екен?

1 — жүргізуші:
Бойларыңда от бар екен байқадым,
Жүректерде шоқ бар екен байқадым.
Әрқашанда осы шоқты өшірмей,
Жалындатып, шарықтаңдар әрдайым! – дей келе келесі кезекке жол береміз.
« Шаш сәні» аруларымыз шашты сәндеу үлгісін көрсетеді.

2 — жүргізуші: Осымен сайысымыздың тапсырмалары да аяқталды. Қазылар алқасы қыздарымыздың 5 тапсырма бойынша алған ұпай сандарын санап шығарғанша, әнге кезек береміз.
Ән: « Ғажайып ертегілер».

1 — жүргізуші:
Келді бүгін қыздарымыз байқауға,
Сыналып үлкендерден үлгі алуға.
Салты бар өнерлі осы орында,
Берер деп әділқазы әділ баға,- деп сөз кезегін қорытындылауға береміз.

Қорытындылау.

Басқа материалдар:

  1. 8-Наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік
  2. «Мереке күніңмен!» атты 8-наурызға арналған сценарий
  3. 8-наурыз құтты болсын , Анашым! атты мерекелік сценарий
  4. Шуағын шашқан-«Аялы алақан» (ашық тәрбие сағаты)
  5. «Әлемді тербеткен- Ана»
  6. “Ана- тіршілік тірегі” балабақша ертеңгілігі
  7. Аналар мерекесі (сценарий)
  8. «Аяулы менің анашым!» 1-сыныпқа арналған мерекелік  ертеңгілік
  9. Анашым — әкем, Қуанышым қос — шынарым (ашық тәрбие сағаты)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ