«Ұлттық рухтың қызғыш құсы». Жанболат Башарұлының мерейтойына арналған кеш сценарийі

0
1056
Иллюстрация: Freepik.com

 

Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар жыр сүйер қауым!

 

Мен қазақ ұлымын,

Ұлы дала болған менің тұғырым.

Ғасырлардың дауылымен алысып,

Сахарада өтті менің ғұмырым – деп тебірене жырлаған ардақты ақын ағамыз аймаққа белгілі қаламгер Жанболат Башарұлының 65 жас мерейтойына  арналған «Ұлттық рухтың қызғыш құсы» атты  поэзия  кешіне қош келдіңіздер!

Жүргізуші: Қазақ әдебиетінің шығармашылық мәртебесін көркейту жолында өзінің саналы  өмірін түгелдей руханиятқа арнаған, біздің қаламыздың «Балқаш өңірі» газетінің редакторы, ақын-жазушы, Қазақстан журналистер Одағының мүшесі, «Қаламгер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

Ол киелі сөз өнерін жанына серік етіп, туған тілімізді қызғыштай қорғап келе жатқан ұлт жанды азаматтардың бірі және бірегейі. Ендеше осы поэзия кешінің иесі айтулы қаламгер, алаштың азаматы Жанболат ағайды сахна төріне шақырайық.

  Оқушылар: Ж. Башардың өлеңдерін оқиды.

                            1.(Наурызым менің).

                            2.(Қызғаныштың қызыл иті).

Жүгізуші:

 

Аймаққа белгілі қаламгер Жанболат Башарұлы 1949 жылы Ақтоғай ауданындағы Сартерек ауылында дүниеге келген. Е.А. Букетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінің түлегі. Журналистік еңбек жолын Балқаш қалалық телестудиясында қатардағы редакторлықтан бастаған.

Қалалық «Балқаш өңірі» газетінің редакторы, облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі, қалалық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы болып абыройлы қызмет істеді.Телестудияда қызмет істеген жылдары Балқашта алғаш рет «Қос тіл-қос қанатың» атты хабар ұйымдастырып,туған тіліміздің толғақты мәселелерін көтеріп, қоғамдық пікірдің қалыптасуына ықпал жасады.

Ұлттық балабақшалар мен ұлттық мектептердің ашылуына ұйытқы болды. Републикалық «Қазақ тілі» қоғамының алғашқы құрылтайына Балқаштан делегат ретінде қатысты. Қазіргі күні қалалық «Балқаш өңірі» газетінің бас редакторы болып жемісті еңбек етуде.

Туған жер туралы өлең оқылады («Далам менің – кием менің»)
Жүргізуші:

 

Бүгінде 65 жасқа толып отырған ақын ағамыз, көсемсөз шебері  Жанболат Башарұлы  «Үкілі үміт» 1999ж., «Далам менің – кием менің» 2001ж., «Көкше көлдің самалы» 2004ж., «Самғау» 2006ж., «Үркер туғанда» 2009ж., «Пешене» 2012ж., «Шандоз» 2011ж. кітаптарының авторы.

Құрметті жыр сүйер қауым, ағамыздың қолынан тағы бір көркем дүние оқырмандарға жолдама алып отыр. Жанболат Башардың бұл жаңа кітабының аты – «Кепиет».

  2.Жаңадан шыққан кітабы туралы сұрақ.

Ж.Башар кітабы жайлы бір ауыз сөз айтады.

Жүргізуші:

 

Поэзия кеші салтанатсыз өтуі мүмкін емес. Ақынға арналған ізгі тілектерде осы кеште айтылуға тиісті. Ақының ақын ардақтаған халықтың қашанда жұлдызы жарық. Олай болса арнайы ақынның мерейтойына ақ тілегін арнап келген құттықтау сөзі айтылады.
Жүргізуші:

 

Сонымен бүгінгі кеште ән де, жыр да, арнау да айтылса ол ақынға деген сый құрмет болар. Ендеше келесі  кезекті әнге берсек.
Ән
Оқушы өлең оқиды («Сенім туралы жыр»)
Жүргізуші:

 

Құрметті қонақтар бүгінгі осы қаламгер ағамыздың мерейтойына қаламдас достары, тілектес, ниеттес әріптестер келіп отыр енді сөз кезегін сол кісілерге берсек.
Жүргізуші:

 

Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар деп ұлы Абай атамыз айтпақшы, құдіретті ән, керемет күшке ие. Олай болса әсем әнге кезек берсек.
Ән
Жүргізуші:

 

Күншілдер өледі кеудесін от қарып,

Батырлар өледі парызын атқарып.

Бұзықтар өледі пышаққа құлшынып,

Сұлулар өледі құшаққа тұншығып.

Тұлпарлар өледі соңында шаң қылып,

Ақындар өледі бәріне таң қалып – деп әйгілі іақын Қадыр ағамыз жырлағандай елдің мұның жоқтап, күннің нұрын, жердің гүлін жырға қосқан осы поэзия кешінің иесі Жанболат ағайға сөз берсек

Жанболат Башар сөз сөйлейді
Жүргізуші: Cұрақ

 

1.Жазушы болу оңай емес. Ертеңнен кешке дейін мақала жазасыз, әлде кімдердің қол жазбаларын қарайсыз. Газеттін қара жұмысынан кейін өлең жаза алмай қалған кезініз болған жоқ па?

Мұны сұрап отырғаным кейбіреулер «Газеттегі жұмысын шығармашылығына кері әсерін тигізді» деп жатады…

  2.Ақын-жазушы ретінде әлі дайын емеспін деген тақырыптарыңыз бар ма?
  3.Өлең «мінезді» болу үшін не керек?
Жүргізуші:

 

Тіршілікте кездесетін пендешілік пен адамгершіліктің кезек қауышуы, құс тұмсығындай қысқа ғұмырда адам артында қалар мұра – ізгі жол қайырым, мейірім, шексіз арман ақын сөзінің арқауы.
Оқушы өлең оқиды («Тәңір өзі сыйлаған»)
Жүргізуші: «Ұлттық рухтың қызғыш құсы» поэзия кеші осымен өз мәресіне жетті.  Келесі кездескенше сау саламат болыңыздар!

 

 Басқа материалдар: 

  1. «Поэзия, менімен егіз бе едің?». Мұқағали Мақатаевтың мерейтойына арналған кеш сценарийі
  2. 1 наурыз –Алғыс айту күні. Тәрбие сағат
  3. «Алғыс айту – парызым!» атты тәрбие сағаты
  4. Ашық сабақ: Наурыз — Ұлыстың ұлы күні
  5. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  6. Есте сақтау қабілетін арттырудың 7 құпиясы
  7. Зейгарник эффектісі. Есте сақтауды қалай арттыруға болады?
  8. Математика формулаларын қалай тез есте сақтауға болады?
  9. Физика пәнінен формулаларды қалай есте сақтауға болады?

ПІКІР ҚАЛДЫРУ