М.Дулатов автор ретінде «Бақытсыз Жамал» романындағы үстем тап өкілдерін жақтаушы ма, әлде даттаушы ма?

0
2523
Иллюстрация: Freepik.com

«Бақытсыз Жамал» романы — қазақ әдебиетіндегі тұңғыш рет роман жанрында анықтама алған туынды.

Бұл шығармаға арқау болған XX ғасырдың басында қазақтың кез келген ауылында, кез келген шаңырағында өтуі мүмкін, әркімге таныс ортақ сипаттары бар жалпылық мәнді жайттар. Романның негізгі мәселесі сол замандағы Жамал сияқты қыздардың тағдырын, сонымен қатар өмірдің құбылыстарын қамту.

Туындыдағы үстемтап өкілдерін жазушы автор ретінде даттаушы деп білемін. Себебі, шығарма тақырыбының өзінде Жамалдың бақытсыз екені көрсетілген. Сонымен қатар, билік үшін қыз тағдырын аяқ асты ету, оның ішкі сезімдерімен санаспау, бір-бірі үшін жаратылған екі жасты айыру оқиғаны шиеленістіре түседі.

Романның сюжетіне тоқталатын болсақ, ең алдымен Жамалдың бақытсыздығы әкесі Сәрсенбайдың билік үшін көмектеседі деген ішкі есеппен Байжанмен құда болуынан басталады. Содан кейін қыздың өмірінде әртүрлі оқиғалар мен азапты күндері, бір-бірімен сабақтасып, махаббат жолындағы күресі суреттеледі.

Қаншама тосқауылға төтеп беріп, қиын кезде қасында болған жақын адамының дүние салуы Жамалдың еңсесін түсіріп, жасытады. Ол жалғыз қалғандықтан, еріксіз Байжанның босағасын аттап, сол шаңырақта зорлық көреді. Ақыр аяғында өмірдің қиын да ащы өткелдерінен өткен бақытсыз қыз боранды түнде адасып, қайғылы махаббаттың уын ішіп өмірден өтеді.

Міне, шығарма желісі бойынша жағымсыз кейіпкерлерді даттау автордың басты қалам тартқан түпкі ойы деп есептеймін. ХІХ-ХХ ғасырларда халқының қамы үшін ширығып, жан беруге даяр болған қаламгер Міржақып Дулатовтың өмірлік мақсаты — алаштың азаттығы мен отарлық езгіден құтылуы болса, роман жазудағы мақсаты — қазақ қыздарының еркіндігі мен адамның өзін-өзі билеуі.

Сонымен қатар, сол уақыттағы қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүр мен мінез-құлқын, кемшіліктері мен өр қылықтарын баяндайды. Қазіргі заманмен салыстыратын болсақ, ақынның өмірлік мақсаты да, романдағы мақсаты да орындалды. Бүгінгі таңда қазағымыз тәуелсіз, оған ешбір мемлекет билігін жүргізе алмайды. Сол сияқты қыздарымыз да өз-өзін билей алады, бейбіт заманда оларға ешкім де зорлық көрсете алмайды!

Ұқсас материал: 

  1. Үкілі Ыбырайдың «Қалдырған» өлеңіндегі астарлы ойды талдап жазыңыз
  2. Сал-серілердің (әнші-ақындар) өлеңдеріндегі қыз сипатын жазыңыз
  3. Жаяу Мұсаның қиянатқа жазылған “Ақ сиса” өлеңіндегі оптимистік ой-толғамдарға дәлелдер келтіре жазыңдар
  4. Әнші-ақындардың өлеңдеріндегі серілік табиғатын талдап жазыңыз
  5. Ш.Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасындағы Еңліктің қазақ қызына кереғар мінездерін талдап жазыңыз
  6. Асқар Сүлейменовтың өмірі мен қызметі
  7. «Қаһар» романы туралы. Шығарманың тілдік ерекшелігі
  8. Ғасырлық туынды. Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы туралы
  9. «Абай жо­лы» ро­ман-эпо­пея­сы туралы түсінік (І том)
  10. Мәди Бәпиұлының «Қарқаралы»,«Қаракесек» өлеңдері арқылы ақын өмірінің көрінісін талдап жазыңыз
  11. Ақан серінің «Құлагер» өлеңіндегі Құлагердің сипатын талдап жазыңыз
  12. Әсет Найманбайұлының «Салиха-Сәмен» поэмасы мен ғашықтық жырларындағы жігіт сипатын талдап жазыңыз
  13. А. Байтұрсыновтың «Қазақ салты» өлеңіндегі қазақ халқының психологиясын талдап жазыңыз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ