М. Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі әже туралы ойларын әдеби туындылардағы әжелер бейнесімен байланыстыра отырып, талдап жазыңыз

0
1449
Иллюстрация: Freepik.com

Әже. Әже ата – ананың анасы, үйдің үлкені, мейірімі мол, құшағы кең, ақылы сара, өзі дана, немере мен шөберелердің сүйікті жаны.

Десе де қазақ әдебиетінде әже жайлы өлең жазып, прозаға қосу ХХ ғасырда қолға алынды. Оған себеп – бірінен соң бірі жалғасқан тарихи әлеуметтік жағдай.

Әжелер өнегесі мен олардың тәлім – тәрбие ұрығын себуші, ұлттық салт – дәстүрді кейінгі ұрпаққа аманаттаушы ретінде ешкім қайталай алмайтын бейнесі XVI – XVIII ғасырларда – ақ айқындалып, ХХ ғасырдағы қазақ прозасында, поэзиясында анық көрініс табуына елеулі әсер етті.

Ел тарихында бір рулы елге ана болып, ел бірлігін сақтап келген Домалақ ана, Абайдың әжесі Зере секілді әжелердің бейнесі аңыз – әңгімелерде, әдеби шығармаларда сомдалған. Әжелер туралы жазылған өлеңдер де көп. Әнге айналғандары қаншама?!

Мәселен, М.Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе», Қ.Мырзалиевтың «Асыл әже», Н.Нәжмеденовтың «Әжеме», Ербол Бейілхан «Әже», С.Жиенбаетың «Таба нан» тағы басқа әже тақырыбындағы өлеңдері.

М.Мақатаетың «Ақ кимешек көрінсе» деген әже туралы өлеңіндегі әже туралы ойлар жоғарыдағы аты аталған туындылардағы әжелер бейнесімен байланысы қандай? Аталмыш шығармалардағы әжелер – «Әлемдегі әженің бәрі бір ме?!» деп Мұқағали ақын айтқандай, таққа отырып ел басқармағанымен, ерінен бұрын сөз бастамағанымен, барлық тәрбиенің, барлық құндылықтың бастауында тұрады.

Әжелер өнегесі – ұрпақтан – ұқпаққа ұласып, ғасырдан – ғасырға жалғасатын тәрбиенің таусылмас қайнар көзі болып саналады. Обал, сауап, ынсап, парыз, аманат, борыш, қанағат секілді ұғымдар маңызының айқындалып, бала санасына терең сіңуіне әже ықпалы зор екендігі сөз болады. Өз жұртының дәстүрін күзеткен әжелерге деген сағыныш, ерекше құрмет анық байқалады.

Көнеден жаңаға бет алған әжелер образы қазақ халқының салт – дәстүрімен, тәлім – тәрбиесімен тығыз байланысты. Болашақ ұрпақты тәрбиелеуде әженің орны, әженің рөлі айтарлықтай.

Ұқсас материал: 

  1. С.Мәуленовтің «Түбірлер», «Құлын» өлеңдеріндегі автор ойын талдап жазыңыз
  2. М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасындағы сөз бен мінез (характер – адамның ішкі сипаты) жасаудағы шеберлігін дәлелдер арқылы талдап жазыңыз
  3. І.Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасындағы «Бай-бай, Құлагерім!..» жақтауындағы ақын мен тұлпар өмірі ажырамас тұтастық па?
  4. С.Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңіндегі нағыз досқа тән қасиеттерге өз көзқарасыңызды танытып, сыни талдау жасаңыз
  5. «Абай жо­лы» ро­ман-эпо­пея­сы туралы түсінік (І том)
  6. Мәди Бәпиұлының «Қарқаралы»,«Қаракесек» өлеңдері арқылы ақын өмірінің көрінісін талдап жазыңыз
  7. Ақан серінің «Құлагер» өлеңіндегі Құлагердің сипатын талдап жазыңыз
  8. Әсет Найманбайұлының «Салиха-Сәмен» поэмасы мен ғашықтық жырларындағы жігіт сипатын талдап жазыңыз
  9. А. Байтұрсыновтың «Қазақ салты» өлеңіндегі қазақ халқының психологиясын талдап жазыңыз
  10. М.Дулатов автор ретінде «Бақытсыз Жамал» романындағы үстем тап өкілдерін жақтаушы ма, әлде даттаушы ма?
  11. М.Жұмабаевтың «Толқын» өлеңін адам өмірімен байланыста қарауға бола ма? Көзқарасыңызды дəлелдеңіз
  12. Үкілі Ыбырайдың «Қалдырған» өлеңіндегі астарлы ойды талдап жазыңыз
  13. Сал-серілердің (әнші-ақындар) өлеңдеріндегі қыз сипатын жазыңыз
  14. Жаяу Мұсаның қиянатқа жазылған “Ақ сиса” өлеңіндегі оптимистік ой-толғамдарға дәлелдер келтіре жазыңдар
  15. Әнші-ақындардың өлеңдеріндегі серілік табиғатын талдап жазыңыз
  16. Ш.Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасындағы Еңліктің қазақ қызына кереғар мінездерін талдап жазыңыз
  17. Асқар Сүлейменовтың өмірі мен қызметі
  18. «Қаһар» романы туралы. Шығарманың тілдік ерекшелігі

ПІКІР ҚАЛДЫРУ