Мамандықты дұрыс таңдаңыз (Қызықты тест)

0
427
Иллюстрация: Freepik.com

Алдымен туған күніңізге байланысты жеке кодыңызды анықтаңыз. Түрлі мамандық тобы белгілі бір санмен байланысты.

Мәселен, туған күніңіз: 25.12.1983
Күні: 25=2+5=7
Айы: 12=1+2=3
Жылы: 1983=1+9+8+3=21=2+1=3
25.12.1983=(2+5)+(1+2)+(1+9+8+3)=7+3+3=13=1+3=4
4 саны – сіздің жеке кодыңыз
Егер сізде екі таңбалы сан шықса, онда оларды өзара қосып, бір сан алу керек. Мәселен: 23=2+3=5

Нәтижені жеке код бойынша қараңыз

 1. Қызмет саласы: Түрлі дәрежедегі бастықтар. Шығармашыл жандар. Ұйымдастырушылар. Жауапкершілік танытып, нәтижеге қол жеткізе алатын белсенді, қызу жұмыстар.
Мамандықтар: Банк қызметкері, менеджер, хатшы, дәрігер, мемлекеттік қызметкер, қоғам қайраткері, зергер, әртіс, суретші.
Мақсат: Өзіне сай келетін істі табу.

 2. Қызмет саласы: Өзгелерге қамқорлық көрсетіп, көмек беруге байланысты мамандықтар. Қоғамдық қызмет көрсету саласы.
Мамандықтар: Дәрігер, қоғамдық қызметші, өнер қайраткері, саяхатшы, ойшыл, үй ханымы, фермер, актер.
Мақсат: Сезім мен қиялды дамыту. Сүйікті және танымал болу тілегі.

 3. Қызмет саласы: Медицина, техникалық мамандық, өздігімен жұмыс істеу қабілеті. Ойлау жүйесі белсенді түрде жұмыс істейтін кез келген сала сәйкес келеді.
Мамандықтар: Менеджер, әскери қызметші, кеден қызметшісі, хирург, спортшы, кәсіпкер, журналист, администратор.
Мақсат: Күш пен қуатты түгелімен жұмыс жолына арнау.

 4. Қызмет саласы: Майда бөлшектерге аса назар аудару қажет кез келген жұмыс, өндіріс, бақылау мен қорғауға байланысты жұмыстар.
Мамандықтар: Аналитик, журналист, мұғалім, администратор, сатушы, емші, ақпараттық қызмет, дәрігер, құрылысшы.
Мақсат: Ақпаратты жинақтау, саралау, тапсыру, үнемі ізденісте болу.

 5. Қызмет саласы: Халықаралық ақпарат алмасумен байланысы бар жұмыс. Өзінің ұйымдастырушылық қабілетін көрсету орны.
Мамандықтар: Заңгер, жарнама агенті, қаржыгер, мемлекеттік шенеунік, психолог, жазушы, аудармашы, ғалым, мұғалім, кәсіпкер, менеджер.
Мақсат: Ақиқатқа, жоғары білімге ұмтылыс.

6. Қызмет саласы: Адамдармен араласуды қажет ететін өнер мен қызмет салалары. Оқу орындарындағы, қоғамдық ұйымдардағы жұмыс, медицина.
Мамандықтар: Косметолог, дизайнер, елші, адвокат, дәрігер, ресторатор, фотограф, банк қызметкері, музыкант, суретші, жазушы, әртіс, зергер.
Мақсат: Бұл әлемге сұлулық пен үйлесім әкелу.

7. Қызмет саласы: Қоғамдық ортадағы жауапты қызметтер. Шыдамдылықты қажет ететін жұмыс.
Мамандықтар: Кеңесші, стилист, риэлтор, құрылысшы, заңгер, психолог, сатушы, банк қызметкері, фермер, шахтер, администратор, құқық қорғау қызметкері, дәрігер, тарихшы, шенеунік, дизайнер.
Мақсат: Тәуелсіздікке қол жеткізу үшін өзін дамыту.

8. Қызмет саласы: Шығармашылық жұмыспен байланысты іс. Басқару қабілеті көрінетін жұмыс.
Мамандықтар: Маркетолог, қаржыгер, өнертапқыш, атомдық энергетика маманы, қоғамдық қызметкер, механик, инженер, мұғалім, биші, дәрігер.
Мақсат: Демократия, адамның еркіндігі мен құқықтарын қорғау.

9. Қызмет саласы: Қиял мен түйсікті қажет ететін кез келген қызмет. Өзіңді жақы көрсетуге мүмкіндік беретін сала.
Мамандықтар: Фармацевт, химик, ғалым, сазгер, ақын, актер, емші, мұнай саласының қызметкері, теңізші, жеке детектив, қоғамдық қызметкер, психолог, заңгер.
Мақсат: Шынайы руханилыққа қол жеткізу.

Басқа материалдар:

  1. Тест: Өлең жолдары арқылы авторын тани аласыз ба?
  2. Ақша, ақша…. Әлем елдері қандай валюта қолданады? (Тест)
  3. Талапкер назарына: копирайтер деген кім?
  4. Ұстаздарға арналған тренинг: «Педагогтардың кәсіби жануы»
  5. «Көтеріңкі көңіл-күй-жанға қуат береді» сергіту тренингі
  6. Талапкер назарына: логистик, кадастр деген кім?
  7. «Сәттілік серік болсын» атты әлеуметтік-психологиялық тренинг бағдарламасы
  8. Сабақтас құрмалас сөйлемдер және оның танылуындағы проблемалар
  9. Сабақтас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық түрлері және олардың жасалуы
  10. Келер шақ көсемше етістіктің қатысуымен құрылатын сабақтас құрмалас сөйлемдер
  11. -майынша, -ғалы, -гелі формалы көсемше қатысып құрылатын сабақтас құрмалас сөйлемдер

ПІКІР ҚАЛДЫРУ