«Менің ұстазым» тақырыбында шығарма

2
35085
ұстаз туралы шығарма

Ақырын жүріп, анық бас, 

Еңбегін кетпес далаға 

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға,-

деп ұлтымыздан шыққан ұлы Абай атамыз айтпқшы,шынында да ұстаз болу екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс.

         Ұстаз! Ұстаз – деген ұлы тұлға. Оның ұлылығы мінез-құлқында, адаммен қарым-қатынасында, баланың балалығын қабылдай білетін жылы жымиысында, әрбір іс-әрекітінде жатқан жоқ па?

         Ұстаз – біздің екінші анамыз. Анамыз бізге өмір сыйлап, өмір-өзен ағысында батыл қадам басып кетуімізді арман етсе, ұстазымыздың арманы да осы емес пе? Жылдың 364 күнінің 270 күнін ұстаздарымыздың жанында өткіземіз. Олардың тәлім мен тәрбиесіне қанығамыз, «ғылым» атты асау тұлпарды жүгендеуді де осы ұстазымыздан үйреніп-білеміз. Қөзімізді тырнап ашып, алтын ұя-мектебімізге шауып келгенде, бірінші көретініміз де осы – ұстазымыз. Әсіресе, ұстардың ішінде сынып анасының, яғни сынып жетекшісінің еңбегі елеулі. Сынып жетекші ол тек білім теңізінде жүзетін кеменің капитаны ғана емес, ол оқушының танометрі іспетті. Әр оқушының мінез-құлқын жетік меңгерген, әр ата-ананың тілін тап баспай табатын ұлы тұлға.

Қазақ тарихында мәңгі ізін қалдырған ұлт зиялыларын «ұлы тұлға» демейміз бе? Ол ұлыларымыз да ұстаз алдын көрген ғой. Оларға ұлылық, әрине, ұстаздарынан дарыған. Ұстаз деген –ұлылардың ұлысы, аналардың анасы. Саналы оқушылық өмірімде сан ұстаздың алдын көрдім. Олардың әрқайсысынан өз бойыма ізгілікті сіңіре білдім. Сондықтан ұстаздарымды бір-бірінен бөліп-жару, анау-андай, мынау-мындай еді деуге қақым жоқ. Айтпаймын да. Дегенмен, сынып жетекші деген ыстық екен. Сынып жетекшің жанында болса өзіңді қамқоршың, қорғаның бардай сезінесің. Байқаусызда әлдекімнен ескерту алып, оны сынып жетекшің біліп қалса, өзімді қоярға жер таппаймын. «Әттеген-ай, мына кісіні орынсыз ренжіттім бе? — деп қысыламын. Ол сынып жетекшім — Данагүл Тілеукенқызы  деген шәкірттік махаббатым шығар. Данагүл Тілеукенқызы қашан көрсең, сыныбы үшін құрақ ұшып, жүгіріп жүреді. Сынып жетекшіміз  бізге «мынау бала ғой» деп қарамайды, керісінше «сендер бала емессіңдер, азаматсыңдар, сендер Отан алдында, отбасы алдында, тіпті бір-бірлерінің алдында тәрбиелі, білімді болуға борыштарсыңдар» дейді. Және де ол кісі біз шүлдірлеп орысша сөйлесіп тұрсақ, әжептәуір өкпелеп, өз ана тілдеріңді өздерің қадірлемесеңдер, өзге ұлт өкілдеріне қай бетімізді айтамыз?» — дейді. Және де:

Алыстан алаш десе, аттанамын,

Қазақты қазақ десе, мақтанамыз.

Болғанда әкем-қазақ, шешем-қазақ

Мен неге қазақтықтан сақтанамын,-деген өлең жолдарымен шегелеп сөзін тоқтатқанда, қәдімгідей өз тілімізді өзіміз шұбарлағанға ұялып қаламыз.

Менің ұстазымнан үйренгенім де, үйренетінім де көп. Шәкірттік өмірде осындай ұстаздың алдын көргенім үшін қуанамын. Алдағы ұстаздар мерекесіне өз ұстазыма жүрегімді жарып шыққан төмендегідей өлең жолдарын арнаймын:

Ұстаздықтың ауыр жүгін көтеріп,

Оңашада ойға баттың, ой өріп.

Алдыңыздан қанат қақты сан ұрпақ

Еңбегіңіз жүрді кілең өтеліп.

Жүректерге білім нәрін мың құйып

Жанарыңда тұратындай күн күліп,

Болашаққа бағыт-бағдар сілтейсің

Адалдықты әр ісіңмен білдіріп.

 

Мерекеңіз құтты, мерейіңіз үстем болсын, сүйікті мұғалім!

Керей Азамат Жантасұлы

№23 жалпы білім беретін орта мектептің оқушысы

Дереккөз: kargoo.gov.kz сайты

Martebe.kz ақпараттық білім порталының мақсаты Ұстаздар мәртебесін көтеруге бағытталған. Сондықтан біздің сайтымызда Ұстаздар тақырыбының жиі қозғалуы заңдылық. Оқырмандардың назарына сайтымыздағы «Ұстаз» тақырыбындағы таңдаулы материалдарды ұсынамыз.

  1. Ұстаздар туралы 10 таңдаулы қанатты сөздер
  2. Ұстаз — ұлы тұлға (шығарма)
  3. «Менің ұстазым» тақырыбында шығарма
  4. Ұстаздар күнінің шығу тарихы
  5. Ұстаздар туралы өлеңдер топтамасы
  6. Ұстаздар күніне құттықтау сөз
  7. Әлемдегі ең керекті мамандық (Ұстаз туралы шығарма)
  8. Сүйікті ұстаз (Шығарма)
  9. ҰЛТ боламын десең, ұстазыңды түзе
  10. Ұлы ұстаз өнегесі
  11. Өмірқұл Айниязов: Ұстаздың үстінен шағым айту — біздің санамызда болған емес…

2 ПІКІРЛЕР

  1. Ұстаздарымызды әрқашан құрметтеп, мәртебесін асырып жүрейік! Рахмет сіздерге

ПІКІР ҚАЛДЫРУ