Натурадан құстың жұмыр мүсінін жасау

0
1862
қарлығаш

Мақсаты: Оқушылар  құстардың түрлеріне тән сипаттамалық ерекшеліктері,пропорциялар туралы білімді меңгеру.

Міндеті:  Құстардың нобайларын әр түрлі көзқарастан, әр түрлі қалыптарда орындау барысында форма сипаты мен қозғалыс пластикасын анықтау мен жеткізу шеберлігін қалыптастыру

а) білімділігі: оқушылыр іздену тақырыптық шешімін өз бетінше шағармашылық   іздену жолдарын орындау. Берілген форматқа сүйене отырып нобайда құстың   композициялық орналасуын анықтау.

б) дамытушылығы: оқушылар ойластырылған сюжетіне сәйкес, турлі қалыптарда әртүрлі көз қарастардан,  құстардың набойларын орындау барысында форма сипаттарын қозғалысын беру. Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру.

в) тәрбиелігі: оқушыларды көзбен елестетуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Бейнелеу   өнеріне деген қызығушылығын, сүйіспеншілігін арттыру.

 Сабақты өту әдісі: практикалық жұмыс.

 Сабақта қолданылатын әдістер: 

-ауызша / әңгіме,баяндау/

-ойындар.

-көрнекіліктер/суретшілер картиналарынан иллюстрациялар, сурет үлгілері түрлі-түсті графикалық тәсілімен/

-амалғы жұмыс/ эскизбен каркас жасау/

-аудио-таспалар,компакт дискілер, интернет-сайттарды қолдану/

Қолданылатын көрнекіліктер:

методикалық таблицалар, мүсін үлгілері.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру  кезеңі

Оқушыларды түгелдеу, сабаққа дайындықтарын  тексеру.

Өткен тақырып бойынша оқушылардың білімдері төмендегі сұрақтар арқылы анықталады.

Мүсін дегеніміз не?
Мүсіннің  қандай түрлерін білесіңдер?
Мүсін дегеніміз – тас, ағаш, металл, саз балшық және ермексаздан сомдалған бейнелер.
Жұмыр мүсін және бедерлі мүсін.
Мүсіннің барлық жағынан көрінетін түрін жұмыр мүсін деп атаймыз.
Жазықтық бетінен жартылай шығыңқы түрін бедерлі мүсін деп атаймыз.
Жұмыр мүсін
Бедерлі мүсін

Слайд — шоу – құстар мүсіндерін көрсету.
Сұрақ-жауаптардан  соң оқущылардың білімдері анықталып қысқаша қорытындылады. Оқушылардын жауаптары бағаланады

  Ой қозғау   (Жұмбақ)
Бейбітшілік құсы деп, айтады оны барша жұрт. (көгершін)
Қайталап әнімді, көктемде ән салам. (көкек)
Су бетін сызып, аққұман жүр жүзіп. (аққу)
Қос қанатын иіп ап,
Жарға келіп қонады.
Қара киім киіп ап,
Балшықтан үй соғады. (қарлығаш)
Бір құс бар, үлпілдеген жүні жұмсақ,
Тұяғы бейне болат алмас пышақ.
Тұмсығы имек көрмейді күндіз көзі,
Шарықтап көкті кезіп, түнде ұшады. (үкі)
Биік шыңда тұрады,
Қалықтайды төбеңде.
Көз тастайды қырағы,
Қонбайды ол төменге (бүркіт)
Барлығының жауабын таптыңыздар. Енді осы жұмбақтардың жауабын не деп атаймыз.
Құстар. Олай болса жаңа сабағымыз Құстарды мүсіндейміз.

Жаңа сабақ
Құс суретінің көшірмесі мен фотосуреттеріне қарап, құстар жайлы, құстардың пайдасы туралы әңгімелесу.
Жер бетінде қанша құс бар? Өте көп, тек біздің еліміздің өзінде ғана құстардың мыңдаған түрлері кездеседі.
Олар ауылда, қала, тауда, су қоймаларында – барлық өңірде тіршілік етеді. Құстар адамға пайда әкеледі. Құстар болмаса, зиянкес жәндіктердің кесірінен егін шықпай қалады.
Слайд – құс фотосуреттерін көрсету.

рисунок

 

Өткен сабақтарда мүсін өнерімен танысып, мүсін жайлы түсінік алдық.

Бейнелеу өнері өмірді қолымен ұстап, көзбен көргендей етіп көркем бейнелер арқылы баяндайды.

Шағын  пішінді монументтік станоктық скульптура-дөңгелек, скульптураның  түрлері олардың әр қайсысы өзінше әсерлі. Монументтік мүсіндеу-бұл ұлы адамдарға немесе тарихи оқиғаларға орнатылған асқақа келістіде мәнерлі, және анималистік жаныр өз бойына үлкен жалпы адам заттың  идеяаны жинақтаған ескерткіштер.

Оқушыларға бүгінгі сабақта   құстардың әр түрлі қозғалыстағы  композициялық  іздеу жолдарын нобай салу арқылы құрастыру.

Оқушылар нобойларды салу арқылы композициясын  құру. Оқушылар өздерінің шығармашылық композицияларының мәнін ұғынуды алдын-ала және масштапты нобойларды және болашақ туынды өлшеміндегі нобойларды жасау барысында бастайды

Мұнда олар кейіпкерлердің психологиялық сипаттамасы мен сюжетті жеткізуімен қаңқасының формасын және плинт өлшемін, мүсіндік композициясының пластикалық және динамикалық құрылымын ойластырады. Оқу шырмашылық міндеттерін шеше отырып, оқушылар мүсінге тән көлемдердің, массалардың тепе-теңдігінің  кеңістіктегі қозғалысты кескінің мәнерлілігінің, композициясының бүтінділігінің арақатынастарын жеткізеді.

Оқушылар фигура саны 2-3 ұлғайтылған «Құстар, .» тақырыбындағы мүсіндік композициясымен ерекше жұмыс жасайды. Бұл туындыларды стилизация арқылы беру, мүсіннің мәнерлігі, қозғалыста ғы көңіл-күйді жеткізу қажет. Осы тақырыптарға сүйене отырып қаңқаны конструкциялау бойынша мұқйят  ұқыпты жасау міндеті беріледі.

Құзыреттілік тұрғыдан қарауға сәйкес қазіргі замандағы білімде  оқушыларда оқу-танымдық, практикалық және шығармашылық қызмет барысында өз дегенін іске асыруды және оқушылардың өзіндік дамуын көрсететін білімнің тиімділігін  айқындаитын басты құзыреттіліктер қалыптасу керек, яғни, меңгерген білімді, шеберлік және машықтарды практикалық тапсырмаларды өз бетінше шешу үшін паидалану қабілеттілігін қалыптастыру.

Оқушыларда жұмыста шыдамдылық дамуы тиіс, өйткені, шығармашылық табыстарға қол жеткізу – көп уақыт жұмсауды,еріктің күш-жігерін және зеиінді шоғырлауды талап етеді.

Оқушыға қойылатын талаптар:

  • Эскиз бойынша плинтке орындау
  • Елестету және еске түсіру арқылы фигуралардың сюжеттік өзара байланысын  және пластиканы, көңіл-күйін сипаттарын,пропорцияларын  жеткізуімен
  • Жеткізуімен жұмыстарын орындау.

Сергіту сәті:  (Ойын)

Құс бейнін құрастыру

Мақсаты

Геометриялық  пішіндер  жайлы  білімдерін  бекіту, құс бейнесін құрастыруын  үйрету.

Ойын  мазмұны

Балаларға  геометриялық  пішіндер  үлестіріледі.  Балаларға геометриялық  пішіндерден  әр түрлі  бейнедегі  құстарды  құрастыру тапсырмасы  беріледі. Содан кейін әр бала құрастырылған құстардың атын және оларды қандай геометриялық пішіндерден жасағанын айтуы тиіс.

 Өзіндік жұмыс

Оқушыларға методикалық таблицадан сурет үлгілерінен және мүсіншілердің жұмыстарынан пайдалана отырып, жұмыстарының пропорциясы мен конструктивтік тепе-теңдіктерін анықтау.Сабақ барысында оқушыларға жеке көмек көрсетеді..

  1. Сабақты қорытындылау:

Оқушылардың практикалық бейнелеу қызметінде алынған білімдерді шеберліктерді және мүмкіндіктерді паидалануды және шығармашылық дамуды бағалау мен сараптама жүргізіледі. Оқу барысында балаларды байқағыштық, шығармашылық елес-қиял және өзінің бай мүмкіндіктерімен мүсіндік бейнелік түсінігі дамиды.

Оқушылардың жасаған нобойларына қарай отырып, қаңқаға ауыстыру, өмірді көре білу және мүсін құрастыру үшін одан қызықты материалдарды алуды үйрету. Оқушылардың жұмыстарын жеке-жеке тексере отырып анализ жасау. Оқушылардың бүгінгі жұмыстарына бағаларын қою.

  1. Үй тапсырмасы: Құстар мен жануарлардың  фигураларын жасау.

рисунок

  1. Мүсінде кіші жұмыстарды  қандай материалдан  жасайды.
  2. Мүсінде қолданылатын құрал.
  3. Сомдалған бейнелерді жасайтын адамды кім деп атайды.
  4. Тегіс заттың бетіне бедер түсіру мүсін түрінің атаүы

5     Фигураның жартысы сыртқа шығып туратын түрі не деп аталады.

  1. Мүсінді жасау жолы қалай аталады.
  2. Мүсін жаныры
  3. Адам фигурасы жасауды қалай атайды.
  4. Фигураның жартысынан көбі сыртқа шығып туратын түрі не деп аталады
  5. Мүсін жасаудаағы табиғи жұмсақ материалды ата.

Дереккөз: internet-konkursy.com

Ұқсас материал: 

  1. Қадыр Мырза Әлінің «Кәрі қыран» шығармасы (сабақ жоспары)
  2. Қадыр Мырза Әли шығармаларының тақырыбы қандай?
  3. Ерболат Әбікенұлының өмірі мен шығармашылығы
  4. «Өмірзая» романының сюжеті туралы
  5. Жарасқан Әбдірашев қаламынан қандай шығармалар туындады?
  6. «Атау-кере» ро­ма­ны («Қау­іп­ті бу­дан») туралы
  7. Оралхан Бөкейдің шығармашылық әлемі қандай?
  8. Талас­бек Әсем­құ­лов­тың өмірі туралы мәлімет
  9. Тұманбай Молдағалиевтың өмірі мен шығармашылығы
  10. Ғасырлық туынды. Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы туралы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ