Оқушы мен студент оқуы тиіс 3 кітап

0
1484
Иллюстрация: Freepik.com

Кеінгі жылдары жастардың кітап оқуға деген қызығушылығы артып келе жатқанын байқаймыз. Бұл – көңіл қуантарлық жайт. Көбіне шетел кітаптарының орыс тіліндегі нұсқасы кеңінен тараған, әрі қолжетімді.

Кітапқұмарлар арасында классикалық жанрдан гөрі, заманауи әдебиет бөліміндегі кітаптар көбірек сұранысқа ие. Ендеше, әр оқушы мен студент оқуға тиіс кітаптар топтамасын назарларыңызға ұсынамын.

Мортенсон Г, Релин Д. О. «Три чашки чая»

Кітап желісі шынайы оқиғаға негізделген. Автор Грег Мортенсонның әлемді қалай өзгертпек болғаны жайлы баяндайды.

Шыңды бағындырмақ болып,нәтижесінде бейтаныс ауылға тап болғаннан соң, кейіпкердің өмірі күрт өзгерген болатын. Америка азаматы өзінің тыныш өмірінен, әйелі мен балаларынан уақытша алыстап, Пәкістан мен Ауғанстандағы халыққа қол ұшын созу үшін қолдан келгенінің бәрін жасайды.

Әйел адамның білім алуына мүмкіндік бермейтін бұл елдердегі таптаурындармен күресті.Мұндай үлкен өзгеріс енгізу оған оңайға соқпады.Оған үнемі мұсылман елдері басшылары тарапынан қауіп төніп отырды. Осыған қарамастан, көптеген адамның ойын басқа арнаға бұру оның қолынан келді.

Ол ешқандай да миллионер немесе белгілі бір шенеунік те болмаған.Грег – қарапайым дәрігер, бүгінгі күннің батыры. 2010 жылдың өзінде-ақ Ауғанстан мен Пәкістанның шеткі аудандарына 145 мектеп салдырған. Онда 64000 бала білім алады, оның ішінде 52000-ы қыз балалар.

Бүгінде аталмыш кітапты әлемнің 48 тіліне аударған,әр елде оқырмандардың жүрегінен орын табуда.Өмірлік ұстанымы «адамдарға көмектесу» деп білетін Грегтің атқарған қызметтері,қиындықтармен бетпе-бет келуі толығымен баяндалатын бұл оқиға желісі кімде-кімді болсын бей-жай қалдырмасы анық.

12 книг для духовного развития — вдохновение, опора и поддержка на пути

П.Коэльо «Заир»

«Заир — алдымен еміс-еміс ойға келетін сәттер,
кейін сен одан басқа ешнәрсені ойлай алмай қаласың.
Мендік Заирдың есімі бар, ол — Эстер».

Пауло Коэльоның «Алхимик» атты кітабын оқыған ба едіңіз? Көңіліңізден шыққан болса, осы кітап та сіздің санаңызды жаулап алары анық.

Заир – Бразилиялық жазушының өзіндік философиялық, психологиялық мәні бар көркем шығармасы. Кітапты оқып шыққан әр оқырман өзіне белгілі бір тұрғыда рухани азық алары мәлім. Оқиға желісі Еуропа мен Орталық Азияда, оның ішінде Қазақстанда өрбиді.Басты кейіпкер, Эстер, біздің елімізге қалай тап болғаны бәріне де қызық шығар.

Одан бөлек, «Заир» сөзі не мағына береді? Ең алғаш кітапты қолына алғанда оқырманды осы сұрақтар мазалайды. Негізінен, XVIII ғасырда «Заир» сөзі ислам елдері мәдениетінде пайда болған. Бұл – көзге көрінбейтін,бірақ сезіне алатын ерекше құбылыс.Аталмыш сөздің кітаптағы оқиға желісімен қандай байланысы бар екендігін туындымен толық танысқан соң біле аласыздар. Оқиға желісі сізді тұңғиық ойға жетелейтінін толық сеніммен айта аламын.

Пауло Коэльо «Заир» | Perfection Life - Авторский блог Прокопенко Ирины

М.Әуезов «Абай жолы»

Шетелдік классикалық туындыларды оқығанның айыбы жоқ. Дегенмен,өз еліміздің ауыз толтырып айта алатын классикасын оқуға кеңес беретін едім. Әлем тілдеріне аударылып, оқылып жүрген Абай шығармалары оқырмандардың жүрегінен орын тапты.

Философ Абай өмірдің қандай ауыр соқпақтарынан өтті?Өз заманында қандай мәселелермен күресті? Жанында кімдер болды? деген сұрақтар мазаласа,жауабын дәл осы туындымен таныса отырып таба аласыз.Қазақи дәстүр,қазақи тәрбие,сол замандағы адамдардың танымы,байлардың қаталдығы,шенін пайдаланып қара халықты қанауы – бұның бәрі де көркем шығармада толығымен баяндалады.Абайдың биографиясына айналған шығармада «Еңлік Кебек» пьессасының қалай дүниеге келгендігі суреттеледі.

Роман эпопеяда көп кейіпкер жасырын прототиппен аталады.Олардың барлығы өмірде болған адамдар.Кейбірі, бүгінде біз оқып жүрген шығармалардың авторлары, яғни ақын-жазушылар.

Осындай құпияларға толы,зерттеуді,ізденісті талап ететін туындыны оқып шығуға тиіспіз. Аталмыш туынды жайлы бүкіл әлем бойынша рецензиялар жазылды,кішкене кезімізден әбден құлаққа сіңіп кеткен «Абай жолы». Адамдардың аузында жүрген туындыны,төл әдебиетімізді неге оқымасқа? Халық айтса,қалып айтпайтыны анық қой.

Қандай кітапты қолға алсаңыз да,оның өз оқырманына берері мол.Содан түйгеніңізді өзіңізге өмірлік азық етіп пайдалана аласыз.Ең бастысы,шын ықыласпен,бар ынтамен оқу.Кітап оқуды әдетке айналдырыңыз.Ол әдет сізге жан-жақты болуға,қызықты тақырыптарда әңгіме қозғауға өз септігін тигізеді. «Кітап оқитын адамдар, теледидар қарайтын адамдарды басқарады» деп бекерден-бекер айтылмаған шығар.

Әуезов М.: Абай жолы. 4тт.: купить книгу по низкой цене в интернет-магазине  Meloman | Алматы

Дайындаған: Гүлманат Райымбаева
Тұран университеті
Журналистика мамандығы
3 курс

Басқа материалдар:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ