Қазіргі заманғы білім мен дағдыны ақылы курстарға бармай-ақ, смартфонның көмегімен меңгеріп, өзіңізді үнемі дамытып отыруға болады. Оқушы мен студентке арналған ең пайдалы 10 қолданбаны топтастырып отырмыз. Оларды Google Play мен App Store-дан тегін жүктеуге болады.
1. «Pocket» бағдарламасы
Интернеттен қызықты әрі қажет ақпартты көріп қалдыңыз делік. Бірақ, оқуға уақыт тапшы. Осы сәтте сол қажет жазбаңызды «Pocket»-ке сақтап қоясыз. Кейін өзіңізге ыңғайлы уақытта оқи бересіз. Офлайн түрде де жұмыс істей береді. Компьютер, планшет, смартфонда кіру ыңғайлы.
2. «Puzzle Alarm Clock»
Бұл қосымша оятқыштың рөлін атқарады. Қазіргі оятқышыңызды өшіріп қойып, ұйықтап қалып жүрсеңіз осыны пайдаланып көріңіз.
Бұл оятқышты өшіру үшін жұмбақтың шешімін тауып, математикалық есеп шығарып,логикалық тапсырмалар орындау қажет. Егер мұны орындамасаңыз, айыппұл салынады.
3. «Lock my phone»
Помодоро әдісімен сабақ оқитындарға таптырмас қосымша. Уақыт белгілейсіз, сол уақытта телефон бұғатталып тұрады. Бұғатталған соң, оны ашу оңай емес.
Мысалы, ұялы телефонның кесірінен түнімен ұйықтамайтын әдетіңіз болса, міндетті түрде «Lock My Phone»-ды орнатыңыз. Уақытты белгілейсіз. Ұйықтайтын уақытыңызда ол блокқа түсіп қалады. Одан кейін оны таңға дейін аша алмайсыз.
4. «Focus Lock»
Егер өз уақытыңызды тиімді пайдалана алмайтын болсаңыз, онда сізге осы қосымшаның пайдасы көп. Бұл арқылы көп пайдаланатын қосымшаны уақытша бұғаттап қоя аласыз. Одан кейін оны белгіленген уақыттан соң ғана аша аласыз. Осылай бар назарыңыз бен зейініңізді маңызды істерге арнаңыз.
5. «Way Of Life»
Бұл қосымша арқылы күнделікті жақсы әдетіңізді қалыптастыруға мүмкіндік бар. Өзіңізге үнемі есеп беріп жүресіз. Күнделікті болып жатқан прогресті байқайсыз. Яғни, тұрақты болуға дағдыланасыз!
6. «Notion»
Бұл Evernote және Google docs қосымшаларының қосындысы десек болады. Белгі жасауға, файл мен материалдарды сақтауға, тізім жазуға қолайлы. Құжаттарды жабыстыруға, таблица құруға, тағы басқа ыңғайлы жобаларды істеуге мүмкіндік бар.
7. «Экранное время и самоконтроль»
Бұл қосымша өзіңізді үнемі бақылап, уақытты үнемдеуге септігі зор. Мұнда ұялы телефоныңызды күніне неше рет ашып-жабасыз, әр қосымшаға қанша минут кіресіз бәрі бақылауда болады. Тіпті, лимит қойып қоюға да болады.
8. «Photomath»
Егер математика пәнінен қиналатын болсаңыз, сізге көмекке осы қосымша келеді. Мұнда қиналған есебіңізді суретке түсіріп берсеңіз болды. Әрі қарай есептің шығару жолын көрсетіп, жауабын анықтап береді.
9. «HandWriter»
Компьютермен терілген мәтінді адамның жазбасына ұқсастырып көшіріп беретін қолданба. Кейде сабақты оқып, үлгере алмай жатсаңыз, осы қосымшаны пайдаланып көріңіз.
10. «Duolingo: Учим языки бесплатно»
Шет тілін үйренуге арналған қолданба. Ішіндегі тапсырмалар қызықты әрі ойын ретінде болады. ойын арқылы біліміңізді арттыруға керемет мүмкіндік.
Басқа материалдар:
- Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
- SMM маманы деген кім?
- Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
- Web-дизайнер деген кім?
- Таргетологтың қызметі қандай?
- Контекстолог деген кім
- Копирайтер деген қандай мамандық?
- Контекстолог деген кім?