«Поэзия, менімен егіз бе едің?». Мұқағали Мақатаевтың мерейтойына арналған кеш сценарийі

0
2090

 

Мақсаты: Өскелең ұрпақты халықтың рухани мұрасына тарту болып табылады.  оқу мәдениетін дамыту мен қолдау, тарихи және рухани мұрамызды сақтау, ана тілімізге деген қамқорлық қатынас, ұлттық әдебиеттерге деген оқырмандар қызығушылығын арттыру.
  (Зал безендірілген.

Сазды әуен орындалып тұрады)

Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар, жастар!

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Поэзия менімен егіз бе едің?» атты поэзия кешіне қош келдіңіздер!

Жүргізуші: ХХІ-ғасырдың алғашқы он жылын артқа салдық Ал осыдан сексен бес  жыл бұрын қазақ жырының бұрын көрінбеген жаңа қатпарларын ашып, қара өлеңді әрбір қазақтың сырласына, мұңдасына айналдыра білген қыран қанат тау ұлы Мұқағали ақын дүние есігін ашқан. Қазір асыл сөзді ардақтап, қара өлеңді қастерлеген әрбір қазақ «Қасым» деп дем алып, «Мұқағали» деп тыныстайтын күнге жеттік. Бұл да болса, еліміз тәуелсіздігінің, жеріміз бүтіндігінің, рухымыз біргелігінің белгісі.
 «Аққу» күйі. Экранда  М.Мақатаевтың   өмірі мен шығармашылығы жайлы слайд көрсетіледі
«Аққулар ұйықтағанда» көрінісі
Жүргізуші:

 

«Поэзия!

Менімен егіз бе едің?

Сен мені сезесің бе,

неге іздедім?

Алауыртқан таңдардан сені іздедім,

Қарауытқан таулардан сені іздедім,» –

деп жырлаған Мұқағали ақын шындығында да поэзиямен егіз дүниеге келген сияқты.

Қазір оның туғанына сексен бес  дүниеден озғанына бірнеше  жыл өткен кезде, ой көзімен қарасақ, қазақ поэзиясы дегенде, Мұқағали есімі бірден ауызға ілінетін, көз алдымызға шашын артқа қайырған тау тұлғалы ақын бейнесі елестейтін, тіпті оның сонау жиырмасыншы ғасыр қойнауында жазып кеткен мұңды, сырлы жырлары тілге бірден оралатын күнге де жеттік. Ақын рухы – ұлт рухының ажырамас бөлшегі. Қазақ қазақ болғалы ұрпақ жадында өзіне өзі сөзден ескерткіш сомдаған біртуар ұлылар бар.

Данышпан Абай, абыз Жамбыл, отты Махамбет, жұлдыз Сұлтанмахмұт, тұңғиық Мағжан, Құлагер Ілияс, дауыл Қасым сияқты тұлғаларымыздың асыл ой, жауһар сезімге суарылған жырлары қазақ халқының рухани әлемін байытқан үстіне байыта түсті.  Солардан кейін қара өлеңнің көш керуенін қара нардай алға сүйреген биігіміздің бірі әрі бірегейі Мұқағали екендігі Ай мен Күндей ақиқат.

Жүргізуші:

 

Мұқағали Мақатаев – ешқашан ортаймайтын, ешқашан сөнбейтін мол қазына қалдырған ақын. Арамызда ақын жоқ, бірақ жыры, шығармалары қалды, жыр сүйгіш ұрпақтары қалды. Енді сөз кезегін соларға берейік. Ал енді біздің «Кәусар» әдеби жастар  ұйымына жаңадан қосылған таланттарымыз бар, ортаға шақырайық Арнурова Айша, Арнурова Хадиша, Қалымбетов Әбдіғали және Нұрсұлтан,   Мұқағали ағаларының өлеңдерін  оқып береді.
Жүргізуші:

 

Жайлап жатыр ақырын,

Зал толы жырдың достары

Тыңдамақ абзал ақыны,

Ардақты оның ел-жұрты

Ақын ше? Ақын келмеді.

Бос күтті төрде бір орын

Күмбірлеп залды кернеді

Сөз алып сонда жыры оның

-деп Тайға таңба басқандай жазып кеткен ойлары, бүгінгі, болашақ ұрпақтың бәріне айтылған ақыл-өсиет. Бұл ғақлияны әрбір қазақ жүрегіне үкі етіп тақса да артық етпейді. Отанды сүюдің, оған құлай берілудің – асқақ үлгісі бұл. Ақиық ақынымыздың өлеңдеріне жазылған әнге кезек берейік

Ән
Жүргізуші Мұқағали қойнауына талай сыр бүккен сайын далаға, оның сылдырап аққан суына, самал желіне, мақпал түніне бала кезден-ақ ғашық болып өссе керек. Алдарыңызда ақынның шын зергерлік өнермен өлшенетін өлеңдерінен «Кәусар»   әдеби жастар ұйымының ақындары  үзінді оқиды
Жүргізуші:

 

 

 

Сонымен қатар өздеріңіз білесіздер, Мұқағали өлеңдеріне ән жазылып, оны көптеген әншілер орындауда. Мысалы: «Мұзарт» тобы «Көзің сенің», «Бала ғашық»,  «Нұрмұқасан» тобы  «Бақытыңды жырлайды» атты әндерді орындайды. Ал енді әнге кезек берейік.
Жүргізуші:

 

Қорыта келе айтарымыз, «Ғасыр ақыны» атанған Мұқағалидің  барлық еңбегі тұтастай алғанда, өткен ғасырдың екінші жартысындағы қазақ елінің рухани дүниесін, тұрмыс-күйін, арман-мүддесін, тарихи тұрғыдағы ұлттық портретін шыншылдықпен хаттаған асыл мұралар қатарына жатады. Өлеңмен де, өмірмен де бүкпесіз қауышып, қалтарыссыз сүйген ақын жүрегі соңғы деміне дейін кіршіксіз сезім өртінде өтті.
Жүргізуші: «Жүрегінің түбіне кір жасырмай» айтып кетті, армансыз ақтарылып кетті. Мұқағали Мақатаев- қазақтың қарапайым тілінің нәрі мен мәнін Абай, Қасымдардан кейін түсініп жазып, түсіндіріп өткен ақын. «Сөз өнерін дертпен тең» көрген парасатты қаламгер. Ақынның әр өлеңінде,әр шумағында бүкпесіз, ақжарқын көңілмен сазды сыр төгіп отырғандай. Өлеңнің ырғағынан да, тербелісінен де ақынның қимылын, дауысын, мәнерін естіп, мінез-құлқын танимыз.
  Ақынның өз дауысы. (видеодан үзінді) 
Жүргізуші: Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рақмет.

 

Ұқсас материалдар:

  1. «Тәңіртаудың Мұзбалағы» (М. Мақатаев оқулары, 5-9 сынып оқушылары)
  2. Бүгін менің туған күнім, ой , бәле-ай!
  3. Тест: Ақиық ақынның өлеңдерін қаншалықты жақсы білесіз?
  4. Аққудың қанатына жыр жазған ақын (эссе)
  5. «Тіл деген алып мұхит, түбі терең» атты мәнерлеп оқу сайысы
  6. Мұқағали есімінің қазақ жастарының жүрегінде ерекше орын алуының себебі неде?
  7. Мұқағали ақынмен сырласу

ПІКІР ҚАЛДЫРУ