«Тіл деген алып мұхит, түбі терең» атты мәнерлеп оқу сайысы

0
4883
Иллюстрация: Freepik.com

Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт — дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Оқушылардың ой — өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту.

I  жүргізуші:
Қайырлы күн! Ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары!

II жүргізуші:
Армысыздар, өрлі де, асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары!
Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күніне арналған мәнерлеп оқу сайысын ашық деп жариялаймыз!

(Әнұран)

І жүргізуші:
Тілім менің қайыршы емес қаңғыбас,
Тілім тұлпар – қуған желге шалдырмас.
Кенже ұлдай үлкен үйге мұрагер
Жер иесі – менің тілім мәңгі жас.
Әуезов, Абайды өткен дәріс тілі,
Тіл қатқан Тоқтар, Талғат ғарыш тілі.
Қанша Заң қабылдаймыз, жетер енді,
Естілсін мемлекеттік әр істе үні!

ІІ  жүргізуші: Тіл мәселесі – ежелден қашан да өткір, өзекті мәселе. Халқымыздың өз ұрпағын өз тілінде сөйлетудің өзі арман болғанын көріп, өз келешегін өзі шындап уайымдай бастады. Тілді елдік ұранға айналдыра келген ерекше ғасыр сол мәселені қайтадан күн тәртібіне қойып, 22-қыркүйекті – Қазақстан халықтарының Тілдері мерекесі деп жарияланды. Тарих бетіне қалдырды.Ендігі жерде тілімізді сақтап қалудағы жеңісіміз, еліміз бен елдігімізді, жерімізді сақтап қалудағы жеңісімізбен жалғасты.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алғаннан бастап, осы бір атаулы – Қазақстан Республикасы халықтарының Тілдері күнін жыл сайын мерекелеу назардан тыс қалған емес. Күнтізбемізде атаулы, айшықты мерекелер көп.
Алайда Адамзат қоғамынан Тіліміз еншілеген күн-22 қыркүйек.
Бұл – біздің атымызды асқақтатып, айбынымызды көтерген төл мерекеміз.
Слайд.Н.Назарбаев,слайдтар,қанатты сөздер.

І жүргізуші:
Қайта туды қазағымның ай – күні,
Күннен – күнге асар ма екен айбыны?
Жетпіс жылда өтті талай кешуден,
Қатар көріп шаттық, табыс, қайғыны.

Қазақпын мен, қазақтың бөлшегімін,
Қажеті не басқаның өлшемінің.
Қазақ деген жалғыз ұлт мен боламын,
Енді міне жетеді көпке үнім — дей келе, мәнерлеп оқу сайысына қатысушыларды таныстыра кетейік.

Олар: ТОП-169 тобы мен Трд-159 тобының  білім алушылары

Ең алдымен сайысымызды бастамас бұрын әділ — қазылар алқасымен таныстырайын:

Сайысымыз 3 кезеңнен тұрады:(слайдта көрсетіледі)

І кезең. Қазақ тіліне қатысты өлеңдерді нақышына келтіріп, мәнерлеп айту. (қай топ нақышына жеткізіп, мәнерлеп оқып, өлең саны көп болса, сол топ жеңімпаз)

ІІ кезең. Мақал — мәтел сайысы. Мұнда да туған жер, отан, ел тақырыбында айтылған мақал — мәтелдің айтып жарысады
(бұл сайыста әр топ берілген уақыт ішінде көбірек мақал — мәтел табу керек. Қай топ көбірек табады, сол топ жеңімпаз)

ІІІ кезең. Кез — келген бір ақынның өлеңін мәнерлеп жатқа айтып беру керек.

І кезең.
І – жүргізуші:
Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ — ардың,
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың.
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың.
( Әр топ шығып өлеңдерін оқиды.)

ІІ кезең. ІІ – жүргізуші:

Десек те, жаңа өмір, жаңа заман,
Жақсы ғой бірін — бірі бағалаған.
Түйсіксіз тайлақтардан сақта, Құдай,
Тайраңдап алды — артына қарамаған.
Қарағым, ата — бабаң момын халық,
Өтіпті бір — бірінің жолын бағып,
Өсиетін бабаңның орындай сал,
Одан ешкім кетпейді тоныңды алып. — деп Мұқағали ағамыз айтқандай, ендігі кезекті мақал — мәтел сайысына берейік.

ІІІ кезең. Өзгеге көңілім, тоярсың
Өлеңді қайтып қоясын.
Сені айтқанда толғанып,
Іштегі дертті жоярсың — деп ұлы ақынымыз Абай атамыз айтқандай ІІІ кезең өлеңдерге беріледі. Кез келген бір ақынның өлеңінен үзінді оқып беру.
Әділ-қазылар сөз сөйлейді,мадақтамалар береді.

Қорытынды: Тіл – ұлттың жаны, халықтығының асыл белгісі, намысы,тыныс-тіршілігінің көзі, Ата Заңымен қорғалатын, еркіндігінің үні. Оны сендер де құрметтеп, қорғай біліңдер. Ынтымағы жарасқан халықтардың бесігі болған шуақты Қазақстанның бақытты да парасатты, білімді де, еңбекқор ұл-қызы болып өсе беріңдер!

Осымен мәнерлеп оқу сайысымыз аяқталды, назар қойып тыңдағандарыңызға көптен — көп рахмет!

Дереккөз: internet-konkursy.com

Ұқсас материал: 

  1. «Жас математик» интеллектуалдық сайысы
  2. Математикадан «Ғажайыптар әлемі» сайысы
  3. «Физика» декадасына арналған «ХХI-ші ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалдық сайысы
  4. «Білімді информатик» сайысы
  5. Жасанды интеллект деген не?
  6. Информатика пәніне қатысты глоссарий
  7. Бұлттық технологиялар туралы толық мәлімет
  8. «Заман шындығы» бөлімі бойынша қазақ әдебиетінен тест тапсырмасы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ