PPC, pay per click немесе контекстік жарнама

0
1757
Freepik.com

Контекстік жарнама клиенттерді тарту бойынша жылдам нәтижеге жету қажет болған жағдайларда жиі қолданылады.

PPC (Pay Per Click) – өз жобаларыңның іздеу жүйелеріндегі, серіктес сайттардағы жарнамасы. Мұндай жарнама серіктес сайт бетінің негізгі іздеу нәтижелерінен жоғары немесе төмен орналасады. Хабарландыруларды көрсету пайдаланушының
сұранысы мен мүдделеріне байланысты.

PPC артықшылықтары:

• жылдам іске қосылады және тез нәтиже береді (24 сағат);

• жылжыту бойынша жұмыстарды бастауға ыңғайлы;

• маусымдық жобалар үшін тиімді;

• жарнама форматтары (ремаркетинг, Google сатып алу, КМС және т.б.) көп;

• жаңа тауарды тез тексеруге болады;

• сайттың жаңа дизайны мен өзгерістерінің тиімділігін тез тексеруге көмектеседі;

• девайста мақсатты аудиторияны алуға мүмкіндік береді.

PPC маусымдық жобалар үшін немесе қысқа мерзімде өз  брендін жылжыту қажеттігі болған жағдайда өте қолайлы.  Зерттеулер көрсеткендей, контекстік жарнама брендтің танымалдығын 80%-ке арттыруға мүмкіндік береді, сондықтан оны Facebook және Amazon сияқты алыптар да пайдалануды жалғастыруда.

PPC кемшіліктері:

• жұмыс істеу ақылы;

• сапа маман мен талдаушының тәжірибесіне байланысты.

Дереккөз: Информатика: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытының 11-сыныбына арналған оқулық. /Г.И.Салғараева, Л.А.Рсалина, А.Б.Есенкүл

Ұқсас материалдар:

  1. Жобаны алға жылжыту. Насихаттау дегеніміз не?

  2. Өзіңнің Startup-ыңды қалай іске қосу керек? Crowdfunding платформаларының жұмыс істеу қағидалары

  3. Startup түсінігі. Startup-ты іске қалай қосады?

  4. 3D панорама және виртуалды тур жасауға арналған программалар

  5. 3D панорама және виртуалды тур

  6. Өнім­ді өт­кі­зу әдіс­те­рі туралы

  7. Информатикадан глоссарий

  8. Жасанды интеллект деген не?


ПІКІР ҚАЛДЫРУ