Сөйлеу техникасын меңгерудің тиімді жолдары

0
8956
Freepik.com

Сөйлеу мəдениетімен қатар, сөйлеу техникасының да маңызы зор. Сөйлеу техникасы дегеніміз – əдемі үн, шыныққан дем, анық сөз.

Сонымен қатар, мəн-мағынамен байытылған сөйлеу техникасының өзі де – үлкен өнер.
Сөйлеу техникасы адамның ішкі жан дүниесін сөз құдіреті арқылы ашып, тек қана жаттап алу емес, терең оймен, үлкен сезіммен сезіну болып табылады.

Студенттерге жеңіл жаттап алатын əрі тез ұғынатын баяндау тəсілімен жазылған, диалогы аз, ойы тұжырымдалған түрлі жанрдағы шығармалардан беріледі. Көркем шығарманың құдірет күші оқырманының ішкі жан дүниесін оятады. Студентке пайдасы – оның ішкі есту қабілетін арттыруға жəне эмоциясын қалыптастыруға ықпал ететіндігінде.

Өлең – еркін сөйлейтін жай сөздер тіркесі ғана емес, ырғағы мен ұйқасы белгілі қалыпқа түскен, шумағы мен бунағына дейін белгілі тəртіпке бағынатын нақтылы сөздердің тізбегі. Яғни, Абай айтқандай, «сөздің патшасы, сөз сарасы». Өлеңдегі əр сөз адамның жан дүниесімен, көңілкүйімен, сезім толқындарымен тармақ пен бунақ та, шумақ пен ұйқас та – бəрі де осында туған. Өлеңдегі əрбір тыныс, үн, үзіліс адам жанына əсер етеді. Өлеңнің əр ырғағы мен бунағында көл-көсір сыр ұялап, сезім шалқып жатады. Өйткені, өлеңдегі əрбір дыбыстың мəні сөз мəнін əрі толықтырады,
əрі ауыстырады.

Мəнерлеп оқуға ең қажеттісі дауыс техникасымен дұрыс жаттығу керек. Ол төмендегідей шығармашылыққа шыңдайды.

  • Шығармашылық диапазонын кеңейтеді; 
  • Əрбір рөлді шебер етеді;
  • Іштей белсенділікке жəне жігерлілікке үйретеді;
  • Тіл мəдениетін толық меңгеруге мүмкіндік береді.

Мəнерлеп сөйлеу үлкен өнер болып табылады. Кейіпкердің ойын, жүрек сезімін, толғанысын өз сөзіндей етіп жеткізу, сөйлеу ережелеріне нұсқан келтірмей, драматургтың ой-тебіренісін айна-қатесіз көрермен құлағының құрышын қандырардай етіп жеткізу – ең қиын нəрсе.

Білімді əрі мəдениетті адамдар үшін бабына келтіріп дұрыс сөйлеу, сауатты жазу қандай міндет болса, сөздерді дұрыс əрі нақышына келтіріп айту мəнерлеп оқу үшін де сондай маңызды. Ал, өз дауысын меңгеруі оның тынысына, сөйлеу мөлшерінің
қызметіне, интонацияға, сөйлеу шапшаңдығына, паузаға, дикцияға байланысты.

Сөйлеу техникасын жете меңгерген адам драматург туындысының қасиетін, оның асыл құнарын тап басып жеткізуді қамтамасыз  ете алады.

Дикция – тыныс, дауыс, орфоэпия, ауызекі сөздің логикалық интонациялық
заңдылықтары. Міне, осының бəрі – сөйлеу шеберлігінің маңызды да қажетті
қырлары.Сөйлеген кезде сөздің ішіндегі, сөздердің аралығындағы дыбыстар бірбіріне əсер етіп отырады. Яғни, бір-бірінің ыңғайына көніп, өзгеріп айтылуы да мүмкін. Сондықтан да, дыбыстар үндестігін сақтау сөйлеп тұрған адамның  құлағына жұмсақ тиіп, сөзіне əуенді үн береді.

Проза – қазақ əдебиетінде кейінірек туған, бірақ, орасан зор шапшандықпен дамыған сала.

Көркем əдебиет тілі екі түрлі екендігі белгілі:

  •  Еркін құбылыстағы тіл, яғни, проза – тікелей, тура айтылған сөз;
  •  Белгілі бір тəртіпке бағынған, тізбекке түскен тіл.Орындаушы мен кейіпкердің арасындағы алшақтық жойылып, қимылдары, күлгені жəне жылауы секілді көңіл-күйді білдіретін сəттері шынайы шығуы тиіс. Көркем шығарма болсын, өлең шумақтары болсын, олардың мəтіндерімен нақты жəне толық жұмыс істеу қажет. Өйткені, сөздерді айтқанда əртүрлі себептерден болып жататын қателіктер, сондай-ақ жайсыздықтардың бірі – қазақ тілінің фонетикалық заңдылықтары тəртібінің бұзылуы болып табылады.

    Ең қажеттісі – сөз техникасын меңгеру. Яғни, сөзбен жұмыс істеу. Дауысты жəне дауыссыз дыбыстармен жаттығулар жасау өте пайдалы.Мысалы, алдыңғы сөз дауысты дыбыспен аяқталатын болса, келесі сөздің басындағы дауыссыз дыбыстар ұяң дауыссыз дыбыстарға айналады.

    Мысалы: Ай қабақ – Айғабағ,
    Алматы қаласы – Алматығаласы.

    Сөз басында келген дауысты дыбыстар алдындағы қатаң дауыссыз дыбыстарды ұяң дауыссыз дыбыстарға жұмсартады. Сөйтіп, қатаң дауыссыздар ұяң дауыссыз дыбыстар болып естіледі.

    Мысалы: Қожақұл – Қожағұл, Сексеуіл – Сегсеуіл.

    Қазақ тіліндегі ұ, ү, о, ө еріндік дауысты дыбыстары сөз басында да, бірінші буында да, кейінгі буындарда да кездеседі. Олар ы, і, е езулік дауысты дыбыстары, ұ, ү, ө еріндік дауысты дыбыстарына жуықталып айтылады. Мысал келтіретін болсақ, өнер – өнөр, күшік – күшүг. Екі сөзде немесе сөз тіркесінде дауысты дыбыстар қатар келсе, онда соңғы дауысты дыбыс алдыңғы дауысты дыбысты жұтып қояды.

    Мысалы: Келе алмады – Келалмады,
    Көре алмады – Көралмады. 

Дереккөз: Мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту, Ахат Н.А, Серкешбаева Г.Н, Бейсембина А.Е, Казбекова Н.С

Басқа материалдар:

  1. Көпшілік алдында сөйленетін сөздің ерекшелігі 
  2. Пікірталас мәдениетіндегі сөз қолданыстар

  3. Пікір алмасу (дискуссия) дегеніміз не?

  4. Сөзталас дегеніміз не?

  5. Эс­се жә­не оның түр­ле­рі

  6. Ғылыми стильдің тілдік амал-тәсілдері

  7. Шешендік өнер тарихы

  8. Қазақ әдебиеті бойынша тақырыптық тест жинағы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ