С.Жүнісовтің «Заманай мен Аманай» повесіндегі табиғат күшіне адамдар қарсы тұра алды ма?

0
795
Иллюстрация: Freepik.com

Сәкен Нұрмақұлы Жүнісов 1934 жылы 11 ақпанда Көкшетау облысы, Қызылтау ауданы, Кішкенекөл ауылында туған.

Қазақстанның Халық жазушысы (1996). Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1957). Біз бүгін жазушының «Заманай мен Аманай» повесіне тоқталамыз. Алдымен әңгімеден үзінді келтірейік.

…Бұлардың елден алып шыққан азықтары кеше біткен. Қанша үнемдеп, қысып ұстағанмен, қоржын түбінде қалған бір уыс малтадан басқа тіске басар түгел таусылған. Бір мезгіл ауыздарына салып сорып, шаймен алдарқатқан малта да азайып, енді талғажау етер құрттың өзін соңғы талшық санап, үнемдей бастаған.

Екеуі тағы да біразға дейін үнсіз жатты, күндізгі ұзақ жүрістен талып, өлердей шаршаса да, жаланған аштық ішті бүріп, бұрап, көзге тірелген ұйқы ашылып кетті. Аманай қанша шыдап, бағайын десе де болмады. Орнынан тұрып, қараңғыда сипап іздеп, бас жақтарында жатқан қоржын ішінен екі малта алып, орнына қайта жайғасты да, біреуін аузына салып, екіншісін әжесінің қолына апарды.

— Мә, әже, сенің де қарның ашты ғой.

— Жоқ, жемеймін. Шөл келтіреді, денемде қызу бар, өзің же, балам. Үңгірге кіргенде тұла бойы құрысып, тоңып, басы зеңіп, қатты ауырлап қалған Балзияның денесі түнге қарай ысып, күйіп, барған сайын қызуы күшейе түсті.

Өзінің әбден зорығып титықтаған әлсіздігін сезіп, енді ауырса, қайтып тұра алмасына көзі жеткен әже тілі сөзге келіп тұрғанда немересіне соңғы аманатын айтуға бекінді. — Аманай, жалғызым — деді Балзия даусы жарықшақтанып.

— О, не әже? – деді солпылдатып малта сорғанын қоя қойып. Аманай әже сөзіне құлақ түрді.

— Бұдан әрі жүруге енді шамам жоқ…… Әл бітті. Осы жерде қалатын шығармын… Егер олай — бұлай боп кетсем, мені қойшы, дәмім таусылған адаммын, осы жерде біреу-міреу тауып алар….

— Неге, әже? Неге қаласың?

– Тұла бойы әлде бір қорқыныштан тітіркеніп кеткен Аманайдың аузына басқа сөз түспеді.

— Жаман айтпай, жақсы жоқ, балам, тыңдап ал. Мұқият тыңда. Сөзімді бөлме. Менің сөзімді түгел тыңда ұғып ал.

— Балзия бұл жолы әр сөзін шегелеп, ұғымды етіп жеткізе айтуға тырысып бақты.

— Біз соңғы асуға келдік. Бұл асудың арғы жағында, өзіңе талай айтқан Жетісу жері — жалпақ ел бар. Ол — сенің ата мекенің. Алтын бесігің. Оған жетсең, жамандық көрмессің, бағың да, көзің де ашылар. Ендігі тіршілігің сол жерге байланысты. Ол жерде Атымтай атаңның, бүкіл ел — бабаңның зираты, белгісі жатыр. Оған жететін бұдан әрі екі жол бар.

Қолайлысы — төте жол. Ол бағана өзіңе көрсеткен биік шыңның бауырындағы Қылкөпір дейтін жалғыз аяқ қия соқпақ. Осы арадан күндіз көрсең көрінеді. Соны бетке алып жүре бер. Қия жолдан ассаң ар жағы ылғи еңіс…. Ол жақ бөктерінде малшылар да, аңшылар да кездесіп қалуы мүмкін.

Олардан енді қорықпа. Кездесе қалсаң, жайыңды айт. Еліме келе жатырмын де. Әкем аты — Заманай, атам аты — Атымтай дерсің. Қайда барсаң да осы атаңның аты арқылы сенің кім екеніңді ел түсінеді…. Енді бір-ақ күн жүрсең, жетіп те қаларсың. Ит — құстан сақ бол…. Не көрсең де енді еліңмен бірге көр. Ертең ер жеткенде бәрін ұғасың. Әзірше…. жолың болсын…. Енді дорбаңдағы малтаны екі қалтаңа бөліп салып ал. — Аманай әже сөзін

түгел ұқпаса да, алыстан мұнартқан сағымдай, әлде бір жұмбақ тіршілікті сезетін сияқты. Бірақ жалғыз кету, әжені тастап кету дегенді мүлдем түсінбейді. Бұлай болар деп тіпті осы жарты ай бойғы жол үстінде әсте ойлап көрген емес. Ойласа да түсінбес еді. —

Әже мен сенсіз ешқайда бармаймын,- деді әлден уақытта Аманай даусы бұзылып, жыларманға келіп.

— Мен енді жүре алмаймын дедім ғой. Мені аясаң, алдағы елге тез жет. Қайтып келіп мені алып кетерсің, әйтпесе екеуміз де осы үңгірде мәңгі қаламыз…. Түсін мұны, Аманай сен енді Атымтай ұрпағынан жалғыз азаматсың. Қорықпа. Жол жүруді үйрендің ғой… Бұдан әрі екеуі де ұзақ үнсіз жатты.

Аманай ішін бұраған аштығын да ұмытқан тәрізді. Басына келген неше бір шым-шытырық ойдың жетегінде, көп уақытқа дейін ұйқылы-ояу Аманай ұйқыға кеткен. Бұл үзіндіні оқи отырып, туған жер, атамекен әр адамның тағдырын құрайтынын түсінеміз. Тек одан барлық алғаныңды көңіл сүзгісінен өткізіп, бал жинаған арадай жүрегіңе құя білуің шарт деген ойға келесің.

Ұқсас материал: 

  1. М.Мақатаевтың «Дариға-жүрек» шағын поэмасындағы Дариға-жүрек кім?
  2. М. Шахановтың «Ғашықтық ғаламаты» өлеңіндегі ғашықтық сезімге қатысты көзқарастарға өз пікіріңізді білдіріп, талдап жазыңы
  3. М. Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі әже туралы ойларын әдеби туындылардағы әжелер бейнесімен байланыстыра отырып, талдап жазыңыз
  4. С.Мәуленовтің «Түбірлер», «Құлын» өлеңдеріндегі автор ойын талдап жазыңыз
  5. М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасындағы сөз бен мінез (характер – адамның ішкі сипаты) жасаудағы шеберлігін дәлелдер арқылы талдап жазыңыз
  6. І.Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасындағы «Бай-бай, Құлагерім!..» жақтауындағы ақын мен тұлпар өмірі ажырамас тұтастық па?
  7. С.Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңіндегі нағыз досқа тән қасиеттерге өз көзқарасыңызды танытып, сыни талдау жасаңыз
  8. «Абай жо­лы» ро­ман-эпо­пея­сы туралы түсінік (І том)
  9. Мәди Бәпиұлының «Қарқаралы»,«Қаракесек» өлеңдері арқылы ақын өмірінің көрінісін талдап жазыңыз
  10. Ақан серінің «Құлагер» өлеңіндегі Құлагердің сипатын талдап жазыңыз
  11. Әсет Найманбайұлының «Салиха-Сәмен» поэмасы мен ғашықтық жырларындағы жігіт сипатын талдап жазыңыз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ