Сабақта қолданылатын қызықты ойындар

0
30391
Иллюстрация: Freepik.com

«Қане, қайтала!»

Ойын шарты: мәтінді оқып шыққаннан кейін қолдарына қалам мен қағаз алып, сұрақтар құрастырады. Сұрақтарын өз іштерінен сайланған жүргізушіге өткізеді. Барлықтары сұрақ құрастырып болған соң, жүргізушіден кез келген парақты алып, жауабын ойластырады. Жауаптарын талдағаннан кейін, мәтін тәртібі бойынша орналастырады. Содан кейін өздерінің жауаптары бойынша құрастырылған мәтінді мазмұндап береді. Ойын соңында өз мәтіндерін берілген үзіндімен  салыстырады. Ойын қорытындысы бойынша ең белсенді оқушы анықталады.

 «Қарама-қарсы бағалауға негізделген диалог»

 Бұл — «ой қозғаудың» түрі. Оның негізгі ұстанымы мынадай: идеялар «Ой қозғау» тәсіліндегідей ұжымдық тұрғыдан келтірілгенде, оларға қарама-қарсы идеялар да құрастырылып отырады.

Бұл тәсілді қолданғанда төмендегідей кезеңдерді ұстану қажет:

Бірінші кезең.

  • Диалогқа қатысушылар топтарының құрамын белгілеу.

Екінші кезең.

  • Проблеманы (мәселе, сұрақ, жағдаятты) талдау тобының құрамын белгілеу.
  • Шешімін қажет ететін мәселені құрастыру.
  • Құрастырылған мәселе мен тәсілді қалайша қолдануға болатындығын қатысушыларға хабарлау.

Үшінші кезең.

  • Идеяларды бірлесе отырып, тура «Ой қозғау» тәсілі бойынша жинақтау. Талқылауда шығармашылық пен бірін-бірі сыйлау атмосферасын құрастыру қажет.
  • Алдын-ала дайындалған идеялар тізімін оқуға рұқсат етілмейді: барлық ойлар осы жерде туындауы қажет.
  • Әр қатысушының бірнеше рет сөз алуына болады, алайда оның үздіксіз бірнеше рет сөйлеуіне рұқсат етілмейді.

Төртінші кезең:

  • Проблеманы талдау тобы туындаған идеяларды жүйелейді. Жүйелеу барысында келтірілген идеялардың тізімі жасалынады.
  • Әрбір идея басқа да толықтырушы немесе қосалқы идеяларды айқындау мақсатында талданады.

Негізгі және қосалқы, толықтырушы идеялар топтамаларға (кешендерге) біріктіріледі. Олардың ұқсас қасиеттері мен ерекшеліктері зерттеліп, проблеманы шешудің жалпылама мәселелері анықталады.

Бесінші кезең:

  • Идеяларды «жоққа шығару»: бұл жерде «ой қозғау» оларды жүзеге асыруда қандай кедергілер бар екендігін анықтауға бағытталған.

Алтыншы кезең:

  • Айтылған сын мен сыни ескертпелерді бағалау.
  • Іс-тәжірибеде қолдануға мүмкін идеялардың қорытынды тізімін дайындау. Тізімге сыннан өткен идеялар мен оларға қарама-қарсы келтірілген идеялар жазылады.

Қарама-қарсы бағалауға негізделген диалог қатысушыларды үш топқа бөлген жағдайда тиімді әрі нәтижелі болады: 1) идея туындатушы; 2) проблемалық жағдаятты талдау және идеяларды бағалау, 3) қарама-қарсы идеяларды келтіру. Біраз уақыт жұмыс жасағаннан кейін топтардың рөлдерін алмастырып отырған да орынды.

 «Қарама-қарсы саптар»

Оқушылар екі сапқа бөлініп, бір-біріне қарама-қарсы тұрады, екі минут ішінде олар қарсы тұрғанмен әңгімелеседі, бір-біріне таныстық сұрақтарын қояды. Берілген уақыт аяқталған соң, мұғалім бір саптың оң жаққа, ал екінші саптық сол жаққа бір қадам жылжуын сұрайды. Оқушылардың жұптары өзгеріп, олар басқалармен сұхбаттасады (шетте тұрғандар саптың басына оралады).

Осылайша оқушылар бір-бірімен танысып шыққанша жылжи беруге болады.

«Қар көшкіні»

Оқушылар шеңбер құрайды, мұғалім да оқушылар арасынан орын алады. Әрбір қатысушы өз есімін атап, оған бастапқы әріптен басталатын бір сын есімін (эпитет) қосады. Мәселен, «Айнаш» есімі «А» әрпінен басталады, яғни Айнаш өз есіміне «алғыр» (немесе «ақылды», «айбынды», «асқақ», «айлалы», «арынды»т.б) сиақты сын есімді қосады. Келесі оқушы да дәл осылай өз есімін атайды, оған сын есім қосады да, алдында тұрған барлық оқушылардың есімдері мен эпитеттерін қайталап шығуы керек: «Алғыр Асан,  думанды Дәмеш,сабырлы Сейітжан, әділ Әбілғазы, реңді Рызуангүл, жалынды Жомарт! Ал мен-берекелі Бақытпын!».

Бұл тәсілді қолданғанда оқушыларға мұқият тыңдау мен зейін қою қасиеттерін іске қосу қажет. Мұғалімнің танысуды өзінен бастауына болады, ал егерде ол оқушыларға өзінің жады мен есте сақтау қабілетін көрсеткісі келсе, онда ең соңында жауап береді.

«Қар үйіндісі»

Біріншіден, оқушылар  жеке  жауап берулері керек. Кейін жұбы ақылдасып, олардың екі  жауабын бір жауап етіп үйлестіреді. Кейін жұптар басқа жұптармен бірігіп, үдерісті қайталайды. Осылайша  төрт жауап бір жауап болып біріктіріледі.

 «Қателескен мұғалім»

Мұғалім мәтінді оқу барысында қате жібереді. Оқушылар тыңдап отырып, қателескен тұсты бірден тауып, дұрыстау керек. Мұғалім қате жіберетін болғандықтан, оқушылар асқан қызығушылықпен мәтінді қалт жібермей тыңдайды.

Мұнан соң қате басылған әңгімені оқушыларға таратылады. Енді «Жаңсақ басылған мәтін» ойнына ауысады.

«Қатені тап»

Ойын шарты:

Үш топқа өз қалаулары бойынша бөлінеді. Әр топ өз тапсырмасын алады. Тапсырманы орындауға белгілі уақыт беріледі.

1-топ тапсырмасы: ертегінің кез келген үзіндісін сурет арқылы беру. Суретте міндетті түрде 1-2 қате болуы керек.

2-топ тапсырмасы: ертегіден бір үзіндіні шашыраңқы сөздер ретінде жазу керек.

3-топ тапсырмасы: ертегі мазмұны бойынша бірнеше сұрақтар құрастыру керек. Сұрақтарда 1-2 қате болуы керек. Тапсырмалар жазылып болған соң, топтар бір-бірінің қателерін тауып, түзетулері керек. Түзетулерді арнайы параққа жазуға болады:

Топ №

Тапсырмасы Қателері Тексерген топ

 

 «…қатысты 10 сөзді атаңыз»

Оқушылардан нақты бір тақырыпқа, ұғымға қатысты 10 сөз атауды сұраңыз.

«Қашықтықтан басқару»

Оқушыларды  кінәмшіл, эмоционалды немесе қайшы  келетін  тақырыптардан  қашықтықта  ұстау  үшін әңгіме, драма, рольдік  ойынды және  т.б. қолданыңыз. Мысалы, жоғалту (айрылу) кезіндегі  сезімдерін  ашық талқылауды  сұрағанның  орнына, одан да  жоғалтқан  жас  жігіт  атынан  айтылған  әңгімені  қолдануға  болады, сосын оқушылардан  оның  не  сезінгенін талқылауды  сұрауға  болады.

«Қолыңды төмен ұста»

Оқушыларға жауап беру үшін емес, сұрақ қою үшін қол көтеруге рұқсат беретініңізді айтыңыз. Одан кейін мұғалім жауап беретін оқушыны таңдайды, осылайша, барлығы оқитынын тексереді.

 «Қорқынышты-керемет сурет»

Қатысушыларға бір парақ қағаз бен бір фломастерден таратылады. Алдымен «керемет сурет» салу тапсырылады. Содан соң оң жағындағы оқушыға беріп осы бейнені 30 секундта «қорқынышты суретке» айналдыру тапсырылады. Ал келесі орындаушы мұны «керемет» суретке айналдырады. Шеңберді айналып, сурет иесіне қайтып келеді де, жаттығу талқыланады.

 «Қос шеңбердегі комплименттер»

Оқушылар екі шеңберге (ішкі және сыртқы) бөлініп, бір-біріне жүзін қаратып тұрады. Ішкі және сыртқы шеңберде бір-біріне бет қаратып тұрған оқушылар  кезектесіп бір-біріне комплимент айтуы керек. Содан кейін ішкі шеңбердегілер оң жаққа бір адым жасап, алдында алмасып тұрған басқа оқушымен  комплименттермен алмасады.

 «Қос шеңбер ішінде танысу»

Оқушылар екі шеңберге (ішкі және сыртқы) бөлініп, бір-біріне жүзін қаратып тұрады. Ішкі және сыртқы шеңберге бір-біріне қарап тұрған оқушылар бір-бірімен әңгімелесіп,танысады. Берілген уақыт өте оқушылар жұптарымен алмасады: ол үшін бір шеңбердің оңға немес солға бір қадам жасауы керек.

 «Қорқыныштан арылу»

Мақсаты: қорқыныштан, абыржудан арылу, күтілетін стрестік жағдайға дайын болу.

Орындалуы: «Жайбарақат күйге түсіңдер, ашық күн астында, жасыл құрақта отырмын деп есептеңдер. Аспан кемпірқосақпен көмкерілген, оның бір бөлігінің сәулесі сендерге тиесілі. Ол мыңдаған күн сәулелерінен де жарық….оның сәулелері сендердің бастарыңа шуағын шашып, бүкіл денелеріңе тарайды, денелеріңді тазартады, айықтырады. Сендердің барлық реніштерің мен өкпелерің, барлық жағымсыз ойларың, болжамдарың сол сәуленің ішінде жанып кетеді. Денелеріңнің барлық ауру бөлшектері қара түтінге айналып, желмен ұшып кетеді. Сендер қорқыныштан арылдыңдар, сендердің көңілдеріңе қуаныш пен жарық ұялады!»

«Құндылықтар спектрі»

Бұл форматта  оқушылар  топтары  келісіп  немесе келіспей арандататын мақұлдауларға  жауап  берулері  керек. Бірнеше әдістері: оқушылардан  жіптің қасына келіп  өздері  келісетін  мақұлдаудың қасына келіп тұруды  сұрайды, сондай-ақ,  басында  оқушылардан мақұлдауды  топта  талқылауды, кейін топтың атынан, жіптің  немесе  сызықтың, олар  келісетін  жағына, өз  ұстанымдарын  түсіндіре  отырып,  карточканы  орналастыру сұралады.

  • Ортақ проблемамен жұмыс істеу үшін, барлық оқушылар өз сұрақтары немесе тапсырмаларына  сәйкес сарапшы топ болып, қайта топталады. Талқылау  соңында  әр  оқушы өз сұрағы бойынша сарапшыға айналады, себебі сарапшы  топта  басқа  оқушылармен  ол сұрақты талқылады.
  • Бастапқы топ қайта  құрылады. Тарату  басталады. Бастапқы  топқа  соңғы  тапсырма  беріледі.  Бұл  шешім  немесе  жаңа  тапсырма болуы  мүмкін.  Бұл жаттығудың шешуші  мәні — тапсырманы  аяқтау  үшін оқушылардың  бастапқы  топтың  біріккен «даналығын»  құруы  болып табылады.

 «Құпия»

Мұғалім барлық қатысушылардың уысына құпиялап бір зат салады (түйме, моншақ, түйреуіш, сағат секілді… сабақтың тақырыбына сай немесе осы заттардың бас әріптерінен бүгінгі тақырып шығатындай болса да болады)

Бір оқушы ортаға шығып басқалардың  қолындағы затты сұрақ қою арқылы құпияны ашуға тырысады. Құпиясы ашылған оқушы ортаға шығып әрекетті жалғастырады.

«Құпия зат»

Оқушыларға затты көрсетіңіз. Олардан оның не екенін жəне сабақпен

қалай байланысқанын анықтауды сұраңыз.

«Құпиясы жоқ қабырға»

Шәкірттің өлең, сурет, қолөнер т.б. шығармашылық туындылары көпшілік назарына ұсынылып отыруын қамтамасыз етеді. Сабақтағы бала еңбегі көп алдына шығарылып, асықпай танысуға, тіпті жазбаша пікір қалдыруға мүмкіндік береді.

 «Құрастыр және жауап бер»

Емтиханға дайындалғанда оқушылар өз сұрақтарын құрастырады да, сосын соларға жауап беріп жаттығады. Бұл оларды бағалау құрылымы туралы және өзі жұмыс істеп отырған материал туралы тереңірек ойлауға жетелейді. Нысан және функция!

 «Құрастыр, сосын жауап бер»

Оқушыларға жауап бергенге дейін өз ойларын жинақтауға мүмкіндік беріңіз

  • жауап алдындағы 30 секундтық үнсіз ойлау;
  • жұптағы 2-3 минуттық миға шабуыл;
  • жауап бермес бұрын бірнеше ойларыңды жаз;

өз көршіңмен болжамды жауапты талқыла.

«Құсты құтқар»

Нұсқау: «Қолыңда кішкентай құстың дәрменсіз балапаны бар деп елестет. Қолыңды алақаныңды жоғары қаратып соз. Енді оны жылыт: баяу қимылмен бір-бір  саусақтарыңды алақаныңа жұмылдыр, балапанды алақаныңа тығып қой, оны деміңмен жылытуға тырыс. Алақаныңды кеудеңе бас, балапанға өзіңнің демің мен жүрек жылуыңды бер. Енді алақаныңды аш, балапан аса бір қуанышпен ұшып кеткенін бақыла. Оған қапаланба, қуанышпен шығарып сал: ол саған әлі қайта оралады!»

«Қызығушылықты ояту»

Оқушы ұстаздың тереңнен ойластырылған әдіс-тәсілдеріне сүйене отырып, жаңа ұғымдарды, түсініктерді игеруге қадам жасап, қызыға жұмыс істеп, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі.

 «Қызыл табан»

Мақсаты: Балаларды ұжыммен жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа, шыдамдылыққа, әдептілікке үйрету.

Ойынның шарты түсіндіріледі. Осы сыныптағы бір адамның табанына «қызыл табан» белгісі жапсырылған. Ол белгі кез-келген адамда болуы мүмкін. Қай топ сол адамды бірінші тауып, әуелі әдепті сөздер көмегімен табанын көрсетуін сұрап, дәл тапса, солар ұтады.

«Қысқа аутотренинг»

Әрбір қатысушы ыңғайлы орналасады. Жүргізуші: Біркелкі демалыңдар! Бойларыңды еркін ұстаңдар! Сендер аяқтарыңда,қолдарыңда жағымды ауырлықты сезінесіңдер… Қабақтарың ауырлай бастады… Біркелкі, терең демалыңдар… аяқтарыңда, қолдарыңда жағымды ауырлықты сезінесіңдер. Қабақтарың одан әрі ауырлай бастады… Біркелкі, терең дем алыңдар… Сендер аяқтарың мен қолдарыңды сезінбейсіңдер. Сендер ауада қалықтайсыңдар. Сендердің көз алдарыңа өмірдегі ең бір керемет оқиғалар келеді. Сендер өздеріңді сергек сезінесіңдер. Қазір мен үшке дейін санаймын. «Үш» сөзінде көздеріңді ашыңдар, сендер белсенді, сергек, балғын сезінесіңдер. Бір, екі, үш…

«Мағынаны тану»

Ойлау мен үйренуге бағытталған әрекет мағынаны тану (түсіне білу) деп аталады. Мағынаны ашып, мәнін тану үшін оқушы бұл кезеңде жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жүмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады (арнайы мәтіндер, тапсырмаларды, түрлі амалдарды қолдана беру, әртүрлі әдістерге сәйкестендіру, т.т.).

 «Мағынасы қандай?»

Ойынның мақсаты: Оқушыларды сөздердің мағыналарын ажырата білуге үйрету.
Ойынның шарты: Өлең жолдарына сүйеніп, қарамен жазылған сөздердің мағыналарын табу.
Қайыпбайдың, қарашы,
Қандай ерке баласы.
Нан жемейді нансаңыз,
Тек қант пен бал – асы.
* * *
Тұр уылжып жемістер,
Еңбек қызды егісте.
Күз – береке,
Күз – ырыс,
Тер сіңіріп,
Жеміс тер!
* * *
– Үй бола ма ауласыз?
Қоршап таста бау – бақты, –
Деп ем,
Інім:
Аула сыз
Тартады, – деп зар қақты.

«Мадақтау»

Оқушылар сынып ішінде ары-бері жүріп, бір-біріне мақтау мен комплимент айтады: «Бүгін тіпті құлпырып кетіпсің ғой!», «Мен сені шыншылдығыңмен әділеттілігің үшін өте сыйлаймын!», «Сен өте әдепті жансың!», «Маған сенімен бір топта жұмыс жасау ұнайды!»т.б.

Бұл жұмысты шағын топ ішінде де ұйымдастыруға болады.

 «Мамандық таңдау»

Мақсаты: Баланың мамандықтар туралы білімін кеңейте отырып, еңбек ету арқылы өз мақсатына жетуге болатындығын ұғындыру.

Ортаға әр түрлі мамандықтар аты жазылған қағаздар тасталынады. Әр бала бір-біреуден алады. Әркім өзіне тиесілі мамандық бойынша: шағын көрініс, тақпақ, қысқаша монолог, сипаттама т.б. жасап, мамандықты барынша дәріптейді, презентация жасайды. Ойын соңында «Ең жақсы презентация» марапатталады. Барлық қатысушыларды қамту мақсатында әр түрлі марапаттар ұйымдастыруға болады.

«Мәтінмен жұмыс»

Тапсырмалар:

  • мәтінді бірнеше бөліктерге бөлу;
  • әр бөлікке атау беру;
  • әр бөліктің негізгі ойын білдіретін сөйлемдерді анықтау;
  • кейіпкерді сипаттайтын сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді табу;
  • мәтіндегі барлық кейіпкерлерді кезегімен атап беру;
  • мәтіндегі оқуға орын алған жерлерді атау;
  • мәтінді аяқтаудың нұсқасын ұсыну.

 «Мен кіммін?»

Оқушылардың маңдайларына жапсырма қағазға сабақта өтілген тұлғалардың аты жапсырылады. Жұптас көршісіне сұрақ қою арқылы өзінің қай тұлға екенін табу керек.

Мысалы: «Мен жазушымын ба? Менің «Ақбілек» деген романым бар ма?..» Көршісі тек «иә, жоқ» деген жауаптар айтады.

Басқа материалдар:

  1. Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер
  2. Менің педагогикалық тұлғалық орным (жас мамандарға арналған тренинг)
  3. Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдермен психологиялық тренингтер жинағы
  4. Ұстаздарға арналған тренинг: «Педагогтардың кәсіби жануы»
  5. Балаларды тәрбиелеудің психологиялық қағидалары
  6. Ата-ананың психологиялық құзіреттілігі – бала саулығының кепілі
  7. «Сәттілік серік болсын» атты әлеуметтік-психологиялық тренинг бағдарламасы
  8. Бірінші не көрдіңіз: түлкі ме, дельфин бе? 
  9. 4-5 жастағы балаларға арналған бинарлық сабақ
  10. Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдермен психологиялық тренингтер жинағы (Карточкалар иерархиясы)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ