Әсет Найманбайұлының «Салиха-Сәмен» поэмасы мен ғашықтық жырларындағы жігіт сипатын талдап жазыңыз

0
1229
Freepik.com

Әсет Найманбайұлы — асқақ үнді, әсем ырғақты әндер шығарған сазгерлігіне қоса әдеби қорымызға көркемдігі жоғары мол мұра қосқан ақындығымен де қосқан ақындығымен де оқшауланатын тұлға.

Оның шығармаларының қазақ мәдениеті мен әдебиетінің тарихынан алатын орны ерекше. Ақынның мол мұраларының бірі-қисса-дастандары. Шығармаларында ең көп жырлаған тақырып-сертке беріктік, уәдеге адалдық. Әсет дастандарында махаббат, байлық, мансап, зұлымдық, адамгершілік бірдей қатар орын алып, шытырман оқиғалардың дамуы да, шешілуі де қызықтырып отырады.

Сондай дастандарының бірі моңғол өмірінен алып жырлаған «Салиха-Сәмен» дастаны. Дастанның сюжеті Салиха мен Сәменнің арасындағы махаббатқа құралған. Ясукей батыр деген моңғол ханының қызы Салиха жас шамасы өзімен қатарлас көркімін де, батырлығымен де ел сүйсендіріп жүрген Сәмен деген жігітке сыртынан көріп-ақ ғашық болады.

Сәмен де Салиханға ғашықтығын жеткізеді. Екеуі бірін-бірі шын ниетпен ұнатып, қосылуға уәделеседі. Бірақ қыздың әкесі аса қатал болады. Қосылуға рұқсат бермейтінін біліп, оған айтудан жасқанады. Тек жасырынып қашып кетуді ойлайды. Ол үшін ешкім бара алмайтын және тығылғанда таба алмайтын жерді іздейді.

Салиха жігітке: «Сен үшін жаным құрбан», — деп уәде береді. Сөйтіп, екеуі тауға қашады, үңгірге тығылады. Бірақ көп ұзамай қолға түсіп, ақыры қосыла алмай өледі. Дастанды аңыздық желі де, халықтың наным-түсінік те қатар көрініс тауып отырады. Оқиғасы тартымды, тілі шұрайлы, көркемдігі жоғары. Енді осы дастанның басты кейіпкерлерінің бірі Сәменге тоқталсақ. «Ажары жай оғындай жалындаған, Туыста қас-қабақты ер тұлғасы.

Сабырлы, терең ойлы маңғаз еді, Жетпеген қатарына тең құрдасы. Сағымдай садақ жетпес жылдамдығы, Қырмызы қыз мінезді, қымбат басы. Денесі тең сандалдың терегіндей, Кең біткен иығының екі арасы. Шалқақ төс, бура санды, бұлшық етті, Бар еді батырлықтың әр саласы. Жау десе жабырқанып жатпайтұғын, Таңдаулы батыр болған ер-қолбасы»,-деген өлең жолдарынан Сәменнің батыр болғанын байқаймыз. Осы дастан арқылы Әсеттің шебер суретші екенін аңғаруға болады.

Дастандағы Сәменнің бейнесі көптеген ғашықтық жырлардағы батырлар бейнесі ұқсас. Батырлар жыры мен ғашықтық жыры бір-бірімен байланысы, қатарласа дамыған. Сюжеттік құрылымдардың бір типті болып келуі, образдыр жүйесіндегі біркелкілік, өлең құрылысы мен бейнелеуіш құралдардың біртектілігі секілді белгілер жырдың екі түрінде де кездеседі.

Қорытындылай келе, Әсеттің көпқырлы дарын иесі екенін айтқым келеді. Оның асқақ әндері мен алуан тақырыпты өлендері, қисса-дастандары халықтық өнерімізді дамытуға, сонымен қатар халқымыздың мәдениетін көтеруге өз үлесін қосқаны және қоса беретіні күмәнсіз, деп ойлаймын.

Ұқсас материал: 

  1. Үкілі Ыбырайдың «Қалдырған» өлеңіндегі астарлы ойды талдап жазыңыз
  2. Сал-серілердің (әнші-ақындар) өлеңдеріндегі қыз сипатын жазыңыз
  3. Жаяу Мұсаның қиянатқа жазылған “Ақ сиса” өлеңіндегі оптимистік ой-толғамдарға дәлелдер келтіре жазыңдар
  4. Әнші-ақындардың өлеңдеріндегі серілік табиғатын талдап жазыңыз
  5. Ш.Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасындағы Еңліктің қазақ қызына кереғар мінездерін талдап жазыңыз
  6. Асқар Сүлейменовтың өмірі мен қызметі
  7. «Қаһар» романы туралы. Шығарманың тілдік ерекшелігі
  8. Ғасырлық туынды. Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы туралы
  9. «Абай жо­лы» ро­ман-эпо­пея­сы туралы түсінік (І том)
  10. Мәди Бәпиұлының «Қарқаралы»,«Қаракесек» өлеңдері арқылы ақын өмірінің көрінісін талдап жазыңыз
  11. Ақан серінің «Құлагер» өлеңіндегі Құлагердің сипатын талдап жазыңыз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ