Персия жерінде тақ үшін күрес басталады. Кир өлер алдында түс көреді, түсінде елді жаулап алатын Дарийға жолығатыны аян болады. Ахемен әулетін жеңіп, Дарий Кирдің орнын басады. Жан-жағын жайпап, бүкіл жерді қуырып, кеткен жері қуанатын қалге келеді.
Дарийдың барлық жорықтарының ішінде Кир патшаның басын кесіп, парсылардың бірі қалмай қаза табуы. Персияның сүйегіне басылған таңба, бетіне түскен шіркеу болатын. «Жеңілмейтін әскер, әлем әміршісі, мәңгілік патшалық» деген лақап тараған парсы патшалығы әлемге әйгілі болатын.
Дарий Кирдің қызы Атоссқа үйленген еді. Қыз болғанымен жаны жауынгер әкесіне тартқан болатын. Сондықтан Атосс әкесінің кегін алу үшін Парсы патшайымын соғысқа аттануына жол сілтейді. Өзің әлі жассың, саған атақ та, даңқ та, ұлы жорықтар да керек деп намысын қайрап соғысқа аттандырады. Дарий скифтерге жорыққа атануды ойлайды.
Тарихшылардың нақты деректерінде Дарий біздің д. д.522 жылы 10 желтоқсан күні қызыл қанға батырып, шамамен 55 000 адамды құрбандыққа шалған. Осы соғыста маргиандық сақтарға ұлы сақ ордасының жасақтары да қосылып, айқасқа қатысқан. Алайда жеңіліс тапқан. Әскердің қатары кеміп отырған. Сақтар әскер қатарын батыстағы жорықтармен толықтырып отырған. Дарий «өлмейтін он мың» деп атаған.
Дарий сақ еліне жорық жасауға жоспар құрады. Кирдің бітірмей кеткен көпір-өткелді қайтадан жасап, Сырдарияның төменгі ағысына қарай барып, сақтардың ұланғайыр даласына алтын көпір салу, әскердің қысылып-қымтырылмай өтуіне жол ашу, азық-түлікпен кеме арқылы және құрлық арқылы да қамтамасыз ету. Ол Кирдің қателігін қайталамауды ескрді.
518–517-жылдары ұлы сақ ордасына аттанады. Дарийдің 300 мыңға жуық нмнесе 700 мың қолы болды деген дерек бар. Дарий сақтардың басын қоспай бұтарлап талқандауды ұйғарды. Сақтар Омар (Омаргх), Тамыр (Тамир), Сакесфар үшеуі өзара кеңес құрады. Дарийге қарсы шығу жоспарын жасайды.
Бірақ сақ жеріне төтесінен шабуыл жасаған Дарий әскері Скунһа патшаны қолға түсіріп, оның әскерінің киімін киіп, келесі сақ жауынгерлерінің қаннен қаперсіз отырған үстінен түсіп, бүкіл сақ жауынгерлерін қырып салады. Осындай екі жасақтың ойран болғанын сақ патшалары Тамыр мен Омар және Сакесфар үшеуі өзара ақылдасады. Осы жерде Шырақ батыр өзінің басын бәйгіге тігеді. Ол өсиет қалдырады «Еркек тоқты құрбандық, мен басымды қылыштың жүзіне төсеймін. Бір өтінішім, артыма қалған балаларымды аман-есен сақтап, астына мал салып бересің, үрім- бұтағым кемістік көрмесін патша ағзамдар. Парсыларды ел ізіне түсірмей, сілікпесін шығарып еліне қайтарам» дейді.
Шырақ өмір бойы мал соңында жүргендіктен даланың ой шұңқырын жақсы білетін. Патшалар балаңның парызын орнындаймыз деп уәде беріп жолға салады.
Олар үшін ең басты нәрсе-ұзатпай өкшелеп келе жатқан Дарий әскерін елін қан қақсатпай алып шығу болатын.
«Мені осы арада тәнімді қылышпен тілгілеңде де, жолға тастап кетіңдер» деп ақыл беріп, сақ жауынгерлерінің жасырылуына жол береді. Сөйтіп Дарий әскері қансырап жатқан Шырақ парсылардың алдына өзі шығады. Міне мені қалай қылыштады мен қайтсемде кегімді аламын деп жар салады.. «Өлмегенге өлі балық кездеседі» дегендей. Жарасы жазылған соң Дарий әскеріне жол көрсетеді. Олардың алған бағытын өзгертеді. «Құдықтарға у салынған, шөптер ді өртеп кеткен, ол жақта ауыз су жоқ, мен төтесінен бастап апарамын» деп сендіреді.
Қазақтың мидай шөл даласына бастап барады. Шырақ күн жүреді, түн жүреді, ұзақ жүреді. Даланың шеті көрінбейді, жүре-жүре сілелері қатып, шығысы, батысы- төрт құбыласы түгел жеті күндік жол болатын бетпақ далаға алып келеді. Парсылар аштан бұралып, жол-жолда қалады. Дарийдың тағаты таусылып, сенімді қолбасы Ранасбат қылышын қынабынан суырып алып, Шыраққа тұра ұмтылады.
Шырақ тәкаппарлықпен Ранасбатқа қарсы қарап: «Жеңіске жетті деген осы! Ата жұртымды жаулап алмақ болып Дарий I-патша бастаған қанқұйлы жауды жалғыз өзім шөлге қамап, дымын құртып тұрмын. Төрт жақтарың бетпақ дала, бастарың ауған жаққа жүре беріңдер. Бірақ айтпады деме жеті күнге дейін шөл даладан көз ашпайсыңдар. Аштық пен шөл азабын көресіңдер. Ал менде ешбір арман жоқ. Қаным кіндігім кесілген туған жерде төгіледі, денем осында көміледі»-деген екен.
Ашуға булыққан Ранасбат қылышын жарқ еткізіп, қылша мойнын Шырақтың құмға ұшырып түсіреді.
Қай жақтан келіп, қай жаққа барарын білмей дағдарған қалың әскер шөл мен аштыққа ұрынып, шетінен өле бастайды. Қаншамасы шалажансар көмусіз қалады.
Дарий әскері көк тәңіріне сыйынып, ауыз су сұрайды. Сөйтіп жаңбыр жауып, әскер жауынгерлері торсықтарына су толтырып аман қалады. Дарийдың тәңірге сыйынғанда айтқаны енді сақ еліне аяғымды аттап баспаймын деп, жаяулатып еліне оралады.
Шырақ-ерлік пен елдіктің шырағы болады. Өзі үшін өлімнің, елі үшін өмірдің жолын жүрді.
Дереккөз: Тarih.spring.kz
Тарих пәні бойынша басқа да ақпараттар:
- Істімі (Есмеми) туралы мәліметтер
- Зарина (Сара) деген кім?
- Бумын қағанның өмірі мен қызметі
- Аттила (Еділ) патшаның өмірі туралы деректер
- Анақарыс немесе Анахарсис туралы мәлімет
- «Ежелгі Қазақстан» тақырыбы бойынша тест сұрақтары жауабымен
- Тас ғасырының тарихи хроникасы
- Сақтар. Олардың қоғамдық құрылымы мен мәдениеті
- Ежелгі Египеттің тұрмыс-тіршілігі