Солтүстік Америка (сабақ жоспары)

0
1115
Иллюстрация: Freepik.com

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Солтүстік Америка материгінің жер бедері, пайдалы қазбалары, климаты, ішкі сулары, халқы және елдері, негізгі ірі мемлекеттері жөнінде алған білімдерін қорытындылау;

Дамытушылық: Солтүстік Америка материгі бойынша білімдерін пысықтау және тереңдету, ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту, өзіндік және шығармашылықпен орындау қызығушылықтарын арттыру;

Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, жауапкершілікке, бірбіріне көмектесуге тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтары: Солтүстік Американың физикалық картасы, интербелсенді тақта.

Сабақ түрі: сайыс-сабақ

Әдіс-тәсілдер: дәріс, сұхбат, өзіндік жұмыс.

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылар «Канада» және «АҚШ» топтарына бөлінеді.

Сабақтың барысы:
1. «Кім шапшаң?» викториналық сұрақтар
2. «Тапқыр достар» кезеңінде сәйкестігін табу.
3. «Ең…ең…ең…» (географиялық сергіту).
4. «Білім кемесі» кезеңінде жағдаяттық сұрақтар.

5. «Сен білесің бе?» кезеңінде әр топ өз елдерімен таныстырады.
6. Миға шабуыл (тест сұрақтары).
7. «Білгенге маржан» кезеңінде сөзжұмбақ шешу.
8. Қорытындылау, бағалау.

І. «Кім шапшаң?» Викториналық сұрақтар

1. Материкте қандай ірі өзендер бар? Миссисипи,Макензи,Миссури
2. Ұлы көлдер жүйесіне кіретін көлдер. Жоғарғы,Мичиган, Гурон, Эри,Онтарио
3. Солтүстік Американы қандай климаттық белдеу кесіп өтпейді? Экваторлық
4. «Сьерра» терминінің мағынасы қандай? Испан тілінен аударғанда «ара» деген мағынаны білдіреді.
5. Солтүстік Американың тұратын халықтары бір сөзбен айтқанда… америкалықтар
6. Жалпақ жапырақты орман ағаштары. Каштан, платан, орман жаңғағы
7.Флорида түбегінің оңтүстігінде орналасқан қорғауға алынған аймақ. Эверглейдс батпағы
8. «Прерий» сөзінің мағынасы қандай? «Шалғын» деген мағынаны білдіреді.
9.Тайга зонасының жануарлары. Барибал, гризли аюы,канада сілеусіні,бұлан.
10.Кордильера тауының ең биік шыңы. Мак-Кинли, 6193 м.

ІІ. «Тапқыр достар» кезеңінде сәйкестігін табу.

1. Йеллоустон        тау                        2. Сахара       мемлекет
3. Кордильера       парк                     4. АҚШ             шөл
5. Мак-Кинли       өзен                      6. Аппалач        ұшақ
7. Канада            тау шыңы               8. Каньон         қала
9. Өлім аңғары    ағаш                     10. Чикаго         тау
11. Миссисипи    астана                   12. Боинг          каньон
13. Секвоя         мемлекет               14. Тас              көмір аң
15. Оттава         ең төмен нүкте     16. Барибал         пайдалы қазба
17. Тундра         шалғын шөп         18. Джаспер        аң
19. Прерий        зона                    20. Қойөгіз             қорық

ІІ. «Ең…ең…ең…» (географиялық сергіту).

1 Ең үлкен арал    Гренландия
2 Ең биік сарқырама  Анхель
3 Ең ұзын тау Кордильера
4 Ең үлкен материк Еуразия
5 Ең үлкен мұхит Тынық
6 Ең кіші мұхит Солтүстік Мұзды
7 Ең биік нүкте Мак-кинли
8 Ең дамыған мемлекет АҚШ
9 Ең биік ағаш Секвоя
10 Ең ыстық жер Өлім аңғары
11 Ең үлкен тау мұздығы Хабборт мұздығы
12 Ең ұзын жер асты үңгірі Флинт-Мамонт
13 Ең үлкен әрі терең каньон Колорадо
14 Ең күшті жел Ураган
15 Ең суы мол өзен Миссисипи

ІV. «Білім кемесі» кезеңінде жағдаяттық сұрақтар.
1. Халықтар өзендерден «алтын ағып» жатқанын естіп, оңай олжалы болу, байлыққа кенелу үшін өзендерге барып алтынды сүзіп алған. Дүниенің түпкір-түпкірінен ағып келеді. Алайда бұл жер өте ыстық,тамшы суға тапшы болады. Қай жер туралы айтылған? (Ол заман тарихта қалай аталған? («Өлім аңғары», «Алтын дүрбелең» заманы).

2. Әлемдегі ең ұзын тау торабына келдіңдер, таулар шексіз бір-бірімен жалғасып жатыр, шыңдары ерекше болып көрінеді. Бұл қай тау, шыңдары қалай аталады, мағынасы қандай? (Кордильера тауы, ұзындығы 9000 км, «сьерра» сөзі испан тілінен аударғанда «ара» деген мағынаны білдіреді).

3. Бұл жерді ашқан саяхатшы Үндістанды аштым деп ойлайды. Халқы жабайы, келімсектерді ұнатпайды. Кейін осы саяхатшының ашқан жерін басқа саяхатшы зерттеп, Үндістан емес екендігін дәлелдейді, соның құрметіне дүние бөлігіне саяхатшының аты беріледі. Бұл қай саяхатшы, халқы кімдер, материкке кімнің аты беріледі? (Христофор Колумб, үндістер, Америго Веспуччи).

4. Бұл сарқыраманың шатқалға құйылуы аспанға шашыраған су тамшыларында жиі пайда болатын кемпірқосақ сан құбылып, алыстан көз тартады, сарқыраманың гүрілі 25 км қашықтықтан естіледі. Бұл сарқырама қалай аталады, мағынасы не? (Ниагара сарқырамасы,  үндістер тілінде «гүрілдеуік су» деген мағынаны білдіреді).

5. Жер шарының түкпірінен келген көптеген халықтардың атамекеніне айналған мемлекет. үндістер тілінде «қоныс», «қауымдастық» дегенді білдіреді. Бұл қай ел? (Канада).

V. «Сен білесің бе?» кезеңінде әр топ өз елдерімен таныстырады.

VІ. Миға шабуыл (тест сұрақтары).

1. Солтүстік Америка ежелгі қай материктің құрамында болған?
а) Америка ә) Лавразия б) Гондвана в) Еуразия

2. Солтүстік Америкадағы ірі тау жүйесі:
а) Колорадо ә) Йеллоустоун б) Аппалач в) Кордильера

3. Қойөгіз тіршілік ететін табиғат зонасы:
а) тундра ә) шөлейт б) арктикалық шөл в) тайга

4. Солтүстік Америкадағы жауын-шашын аз жауатын жер:
а) Өлім аңғары ә) Үлкен алап б) Гренландия аралы в) Колорадо

5. АҚШ халқының саны:
а) 275 млн адам ә) 280 млн адам б) 300 млн адам в) 450 млн адам.

6. Боинг ұшағын шығаратын АҚШ қаласы:
а) Детройт ә) Нью-Йорк б) Лос-Анджелес в) Сиэтл

7. Канада елінің мемлекеттік туында қандай ағаш бейнеленген?
а) шырша ә) балқарағай б) үйеңкі в) қарағай

8. Солтүстік Американың ең биік шыңы:
а) Робсон ә) Мак-Кинли б) Эльберт в) Сьерра-Невада

9. Материктің солтүстіктегі шеткі нүктесі:
а) Мерчисон мүйісі ә) Марьято мүйісі б) Ханзада Уэльс мүйісі в) Сент-Чарльз мүйісі

10. Дүние жүзіндегі ең үлкен арал:
а) Мадагаскар ә) Жаңа Гвинея б) Жаңа Зеландия в) Гренландия.

VІІ. «Білгенге маржан» кезеңінде сөзжұмбақ шешу.

1. Дүниежүзіндегі ең үлкен, ең терең каньон (Колорадо).
2. Ең биік нүкте (Мак-Кинли).
3. Биіктігі 100 м асатын биік ағаш (секвоя).

4. Ең үлкен мұздық (Хабборт).
5. Солтүстік Американы Еуропадан бөліп жатқан бұғаз (Беринг).
6. Биік тау жүйесі (Кордильера).
7. Үлкендігі жөнінен қай материктен кейінгі орында? (Африка).

VІІ. Қорытындылау, бағалау

Дереккөз: «Ұстаз» ғылыми әдістемелік журналы

Басқа материалдар:

  1. «Жас математик» интеллектуалдық сайысы
  2. Математикадан «Ғажайыптар әлемі» сайысы
  3. «Физика» декадасына арналған «ХХI-ші ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалдық сайысы
  4. «Білімді информатик» сайысы
  5. Жасанды интеллект деген не?
  6. Информатика пәніне қатысты глоссарий
  7. Бұлттық технологиялар туралы толық мәлімет
  8. «Заман шындығы» бөлімі бойынша қазақ әдебиетінен тест тапсырмасы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ