Сонда да, онда да жалғаулықтары ұйымдастырған құрмалас сөйлемдер

0
723
Иллюстрация: Freepik.com

Сонда да, онда да қарсылықтың қатынасты экспрессивті етіп көрсету үшін жұмсалады.

Бұл екі жалғаулық білдіретін қарсылықтық қатынастың сипаты бөлек-бөлек.

Сонда да құрған құрмалас сөйлемнің компоненттері мынандай қарсылықтық қатынасты білдіреді.

а) Бірінші компонент болған, болатын бір оқиғаны, болжамды хабарлайды.

ә) Екінші компонент бірінші компонент хабарлаған оқиға, болжамның райына қарамай жүзеге асқан оқиғаны хабарлайды.

Қасиетті адамдар жоқ деседі, сонда да, я менің ойымша, Әсия жұртқа сол әулиенің өзі болады. (Ш.Айтматов).

Туысқан ағайын аузы біріксе, алысқа шығып жүрген Айдын, әншейіндегі  мықтылық ру шебінің ішінде бос сөз екеніне сонда көзі жетті, сонда да «бермеймін, көнбеймін» деді (М.Әуезов).

Сонда да экспрессивтік мағына қосу үшін бірақ жалғаулығымен қатар жұмсала береді.

Екі мың метр биіктіктен парашютсыз түсіпті, бірақ сонда да тірі қалған (Ә.Әбішев).

Онда да жалғаулығы ұйымдастыратын құрмалас сөйлемнің компоненттері мына сипаттағы қарсылықтық қатынасты  білдіреді.

а) Бірінші компонент бір оқиғаның шектеулі мөлшерде іске асқанын, көрінгенін хабарлайды.

ә) Екінші компонент ол оқығаның қосымша шектелісі бар екенін хабарлайды.

Осы қауырт жұмыста Байжан Гүлнармен анда-санда бір-ақ кездесті, онда да кешқұрым ғана (С.Мұқанов). Ділда Абайды бетін ашпай сығалап қана қалған еді, онда да бір сәт қана көрген (М.Әуезов). Қызымды жұмысқа – сақманшыға қиналып жібердім, онда да бригадир өтінген соң (А.Нұрманов).

Жалғаулықтың эмоционалдығы оқиғаның шектелуін екі дүркін етіп, күшейтіп беруінде.

Бұл құрылымда екінші компонент көбіне толымсыз болып қатысады.

Сонда да, онда да сілтеу есімдіктердің (сол, ол) анафористік қызметте жұмсалуынан дамыған. Септік жалғаулы есімдіктер демеулікпен бірігіп (со-нда+да, о-нда да) екінші компоненттегі оқиғаны бірінші компоненттегі оқиғаға сілтеу арқылы байланыстырған. Сілтеу есімдіктер негізінен  жеке  затқа сілтей, соны білдіру үшін жұмсалады. Жалғаулыққа сонда да, онда да конденсациялық (мағынасын нығыздау) арқылы ауысқан.

Дереккөз: ҚазҰУ, филология факультетінің дәрісі

Ұқсас материал:

  1. Синтаксис пәні, оның зерттеу объектісі: сөз тіркесі, сөйлем, синтаксистік тұтастық
  2. Ыңғайластық салалас құрмалас сөйлемдер
  3. Баяндауышқа тән белгілер, баяндауыш түрлері, жасалу жолдары, логикалық баяндауыш ұғымы
  4. Сөйлемге тән белгі. Пікір мен сөйлемнің арақатынасы
  5. Қазақ әдебиетінен ҰБТ сұрақтары (І нұсқа)
  6. Қазақ әдебиетінен ҰБТ сұрақтары (ІІ нұсқа)
  7. Тест: Ақиық ақынның өлеңдерін қаншалықты жақсы білесіз?
  8. Эс­се жә­не оның түр­ле­рі
  9. Қазақ тілі бойынша тақырыптық тест сұрақтары
  10. Ғылыми стильдің тілдік амал-тәсілдері
  11. Қазақ тілі пәні бойынша бөлімді қорытындылауға арналған тест тапсырмалары
  12. Қазақ тілі пәні бойынша бөлімді қорытындылауға арналған тест тапсырмалары
  13. Қашаған Күржіманұлының өміріне байланысты тест сұрақтары
  14. Қазақ әдебиеті бойынша тақырыптық тест жинағы
  15. Екі негізді сөйлемдердің топтастырылу парадигмасы
  16. Алайда жалғаулығының қатысуымен құрылатын қарсылықтық салалас құрмалас сөйлемдер


ПІКІР ҚАЛДЫРУ