Байланыстырушы қайталамалардың қатысуымен құрылған қарсылықтық құрмалас салалас сөйлемдер

0
696
Иллюстрация: Freepik.com

Қарсылықтық салалас сөйлемдерді ұйымдастыратын қайталамалар екі түрде ұшырайды:

  1. Еркін (лексикалық) қайталамалар.
  2. Анафористік тұрақты қайталама (сөйтсек).

Еркін қайталамалар ілгергі компоненттің баяндауышы болып жұмсалған сөзді қайталап жасалады. Ол сөз қарсылықтық бағыныңқы сөйлемнің келгенмен, келсе де типті баяндауышының формасын алады. Осы ретпен ол бірінші компонентті екінші компонентке қарсылықтық қатынасқа түсіріп байланыстырады.

Қазір арам шөп басып кетті. Оған оқушыларды салған болды. Құйтымдай балалар жұлды, жұлғанмен не пайда, тамырымен жұлмаған соң (А.Нұрманов.) Сіздің қолыңыз босай қоймас, босай қойғанмен бұл жұмыс сізге ауыр тиер (Ә.Әбішев). Аға бұған күніге жем береді, берсе де жылқы жөнді қон алмай тұр (Ж.Тиесов). Ол жігіт қайда екен? Бір-ақ рет көрдім, бір-ақ рет көрсем де есімде қалды – жанып тұрған от еді (М.Тиесов).

Аталған байланыстырушы қайталамалар қарсылықтық жалғаулықтармен селбесіп келеді.

Енді соңғы әндерді есітіп қалуға ауылдың бар адамдары әсіресе құмартатын, бірақ құмартқанмен шеткі қоңыр үй-малшы, жалшылар үйінен сол әнді тыңдауға талпынған талай жандар бара алмай, өкініш пен күйікте қалған (М.Әуезов).

Байланыстырушы қайталамалар қатысып құрылған қарсылықтық салалас құрмалас сөйлемдердің арнаулы атқаратын коммуникативтік қызметі бар.

Сөйтсем қатысып құрылған құрмалас сөйлемнің компоненттерінің арасындағы қарсылықтық қатынас мынандай болады.

а) Бірінші компонент бір обьект жөніндегі ізденуді, тануды мақсат еткен іс-әрекетті білдіреді.

ә) Екінші компонент ол іске кедергіні не қарсы нәтиже ретіндегі оқиғаны  хабарлайды.

Біз жолға ерте шығайық деп келістік, сөйтсек көлік дайын болмапты (Қ.Сегізбаев). Мұқырға асыға көшіп  келдік, сөйтсек бізге үй дайын емес екен (Ә.Асқар).

Сөйтсек оқиғаның тосын, күтілмеген санатын білдіріп модальдық мағына да үстейді.

Дереккөз: ҚазҰУ, филология факультетінің дәрісі

Ұқсас материал:

  1. Синтаксис пәні, оның зерттеу объектісі: сөз тіркесі, сөйлем, синтаксистік тұтастық
  2. Ыңғайластық салалас құрмалас сөйлемдер
  3. Баяндауышқа тән белгілер, баяндауыш түрлері, жасалу жолдары, логикалық баяндауыш ұғымы
  4. Сөйлемге тән белгі. Пікір мен сөйлемнің арақатынасы
  5. Қазақ әдебиетінен ҰБТ сұрақтары (І нұсқа)
  6. Қазақ әдебиетінен ҰБТ сұрақтары (ІІ нұсқа)
  7. Тест: Ақиық ақынның өлеңдерін қаншалықты жақсы білесіз?
  8. Эс­се жә­не оның түр­ле­рі
  9. Қазақ тілі бойынша тақырыптық тест сұрақтары
  10. Ғылыми стильдің тілдік амал-тәсілдері
  11. Қазақ тілі пәні бойынша бөлімді қорытындылауға арналған тест тапсырмалары
  12. Қазақ тілі пәні бойынша бөлімді қорытындылауға арналған тест тапсырмалары
  13. Қашаған Күржіманұлының өміріне байланысты тест сұрақтары
  14. Қазақ әдебиеті бойынша тақырыптық тест жинағы
  15. Екі негізді сөйлемдердің топтастырылу парадигмасы
  16. Алайда жалғаулығының қатысуымен құрылатын қарсылықтық салалас құрмалас сөйлемдер


ПІКІР ҚАЛДЫРУ